Толық емес доминанттылық дегеніміз доминантты аллельдін рецессивті аллельді толык бастырмалай алмауы салдарынан реиессивті аллель аз да болса өзінің фенотипін көрсетеді де аралық белгі дамиды.
Бұл қалыпты белгіні қалыптастыруға қабілетті аллел гомозиготаларда қос дозада болатындығымен және гетерозиготалардағы бір реттік дозадан гөрі айқын болатындығымен түсіндіріледі. Мұндай генотиптер экспрессивтілігімен ерекшеленеді. Гендердің осындай өзара әрекеттесуіне мысал ретінде мутантты гендерге арналған гетерозиготаларда және гомозиготаларда клиникалық түрде көрінетін көптеген аурулар болуы мүмкін (талассемия, орақ тәрізді қан жасушаларының анемиясы, цистинурия).
Гетерозигота – гомологты хромосоманың нақты локусында екі түрлі аллелден (түрлі аллелдер: Аа) тұратын жасуша (организм)
Гомозигота – гомологты хромосоманың нақты локусында екі бірдей аллелден (бірдей аллелдер: АА, аа) тұратын жасуша (организм).
Экспрессивтілік - геннің белгілері бойынша экспрессия дәрежесі, ол әртүрлі қоршаған орта жағдайларында жүзеге асады. Экспрессивтілік - белгілі бір геннің бір аллелінің әр түрлі дараларының фенотипінде көріну дәрежесі. Экспрессивтіліктің сандық көрсеткіштері статистикалық мәліметтер негізінде өлшенеді. Мысалы, адамдардағы АВ0 қан топтарының аллельдерінің экспрессивтілігі тұрақты (әрдайым 100%), ал көздің түсін анықтайтын аллельдерінің өзгермелі экспрессивтілігі болады.
114. Аллельді гендердің өзара әрекеттесу түрлері. Кодоминанттылық. АВО жүйесі бойынша адамның қан топтарының тұқым қуалауы. IV қан тобының генотипі. IV қан тобының антигендері мен антиденелері.
Гендердін әрекеттесу деңгейіне қарамастан олардын өзара әрекеттесуінін 2 түрі белгілі: аллельді гендердің әрекеттесуі және аллельсіз гендердің әрекеттесуі.
Аллелъді гендер деп гомологгық хромосомалардын бірдей локусында орналаскан және қарама-карсы (балама) белгілерді аныкгайтын гендерді айтамыз. Аллельді гендердің әрекетгесуіне домшшптылық, рецессивтік, толық емес доминантгылык (түкым куалаушылыктын аралык сипаты), аса жогары доминанпылык, кодоминантгылык (бірлесіп доминанггылык көрсету), аллельдер аралык комплементация (бірлесу), аллельдін біреуінің істен шығарылуы жатады.
Кодоминанттылық (бірлесіп доминанттылық керсету) дегеніміз екі гетерозиготалы доминантты аллельдін бірлесіп бір белгіні дамытуы, ал жеке-жеке олар әр түрлі белгілерді дамытады. Мысалы, адамдардьщ АВ (IV) қан тобынын түкым куалауы. Адамардың АВО жүйесі 3 аллель аркылы — 10, ІА, IB анықталады. Олардын екеуі ІА, IB, 10-ге Караганда доминатгалык байкатады. 10 10 — 0 (I) кан тобын, LA ІА,ІАІ0 — П (А) кан тобын; IB IB,IB 10 - III (В) кан тобык аныктаса, ІА IB - АВ (IV) қан тобын аныктайды.
Қан топтарының тұқымқуалауы. Өзара әрекеттесудің мысалы ретінде қан топтарының тұқым қуалауын айтуға болады. Адам қанының АВ0 жүйесі бойынша 4 тобы бар. Агглютиногендер (A, B, AB) эритроциттердің мембраналарында, ал анти-А (α) және анти-В (β) антиденелері қан плазмасында орналасқан.
I қан тобы (0): эритроциттерде антиген жоқ, плазмада антиА (α) және анти-В (β) антиденелердің екі түрі бар. II топ (А) эритроциттерде - антиген А, плазмада - анти-В антиденелер (β). III топ (В) - эритроциттердегі антиген В, плазмадағы антиА антиденелер (α). IV топ (АВ) - эритроциттерде оның А және В антигендері бар, плазмада антиденелері жоқ. ІV қан тобы - кодоминанттылықтың мысалы, егер доминантты аллельдердің өзара әрекеттесуі белгінің жаңа нұсқасын құраса - IV қан тобы. Сонымен қатар, олар жеке түрде A (II) немесе B (III) қан топтарының түзілуін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |