А. А. Бейсенбаева ОҚмпи, Шымкент қ., Қазақстан



Дата08.09.2017
өлшемі60,81 Kb.
#30756

ӘОЖ 372. 8:811.111



БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ТИІМДІ ӘДІСТЕР ЖӘНЕ ЖАТТЫҒУЛАР

А.А.Бейсенбаева

ОҚМПИ, Шымкент қ., Қазақстан.
Түйіндеме

В данной статье рассматриваются методы и упражнения, используемые в работе над развитием навыков говорения на английском языке у учеников начальных классов.

Summary

This article deals with the methods and exercises used in developing speaking habbits of primary school pupils.
Шетел тілдерін үйрену, әсіресе

ағылшын тіліқазіргі заманның қажеттілігі.

Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бірі – шығармашылық тұрғыдан бәсекелестікке сай үш тілді жетік меңгерген, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны оқытып – тәрбиелеу деп атап көрсетті. Бұл жерде негізгі ролді білім беру жүйесі алып отыр. Қазіргі қоғам сұранысына сай білімді, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өзін-өзі дамытып жетілдіре алатын жеке тұлға тәрбиелеуге аса назар аударылуда.

Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдиеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру – өзекті мәселелердің бірі.. Тіл мәселесін сөзге тиек ете отырып, Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін айтты. Сонымен қатар ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттың бәсекеге шынайы қабілеттілігі туралы айту қиын болатындығын ескерте отырып, барлық ата-аналарды балаларын үш тілде оқытуға шақырды. Ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен. Осы ретте Білім және Ғылым министрлігінің ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап үйретуге назар аударуы – дұрыс талап. Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік әрі мықты болмақ. Ал осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға ұялататын әрине мұғалім.

Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерді, жаңа технологиялар мен әдістерді барынша қолдануда. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту, білім - білік дағдыларын қалыптастыру, сөйлеуге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында келесі жүргізілетін жұмыстарды жатқызуға болады.

Оқушылардың ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-әрекет ұйымдастыруға болады. Шет тілі пәні бойынша оқушы ереже мен ұғымдар анықтамасын тек жаттап алмай, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық білімді шыңдауға болады.

Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерді, жаңа технологиялар мен әдістерді барынша қолдануда.

Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту, білім - білік дағдыларын қалыптастыру, сөйлеуге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарға төмендегідей әдістерді жатқызуға болады:

1. Ауызша әдіс – теория және фактіге негізделген білімді қалыптастыруда, үй тапсырмасын және жаңа сабақты пысықтауда, ережелерді қайталауда пайдаланылады.

2. Көрнекі әдісті – бақылау қабілетін дамыту, оқылатын мәселеге ықыласын көтеру және оқу материалының мазмұнын көрнекілік арқылы түсіндіруде қолданылады.

3. Іздену әдісі – өзінше ойлануды және зерттеу қабілеттерін дамыту үшін оқушыларды тақырыпты проблемалық оқытуға әзірлеуде қолданылады.

4. Өзіндік жұмыс әдісін – оқу әрекетінде жұмыс істеуде қабілетті дамыту және оқу еңбегінде дағдыны қалыптастыруда жеңіл тақырыптарды өз бетінше дайындауға, дидактикалық материалдармен тиімді жұмыс жасай білуге баулу үшін қолданылады.

5. Ойын әдісі – оқушының сабаққа деген қызығушылығын оятып, белсенділіктерін арттыра түседі, сонымен қатар оқушылардың сөйлеу - білік дағдыларын қалыптастырады.

Сонымен қатар оқушылардың ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-әрекет ұйымдастыруға болады. Шет тілі пәні бойынша оқушы ереже мен ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық білімді шыңдауға болады. Мысалы, белгілі бір мәтін бойынша жұмыс істеу үшін мынадай жаттығулар беріледі 



Мәтін бойынша жұмыс істеу:

1. Мәтінді қатесіз, дауыс ырғағын сақтай отырып оқу;


2. Мазмұнын түсіну;
3. Тірек – сызба сөздері арқылы баяндау;
4. Мазмұнын түсінуі бойынша сурет салып, суреттеу;

Сөйлеуге үйрету жаттығу.

Диалогты сөйлеуде – оқушылар сұрақ – жауап, өтініш айту, нұсқау беру және тағы басқа жұмыстары ретінде қарапайым іс - әрекеттерді жасай алуы тиіс. Балалар бөлік элементтерден жаңа, тұтас жағдай құрай алуы керек. Оқушылар жалпы арнаулы сұрақтарды қоя алуы, әр – түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нәрсемен келісетінін немесе келіспейтіндігін білдіре алуы керек. Оқушылардың сөйлеу қарқынын өсіру қажет және әр оқушы сөйлегенде екі репликадан айтуы қажет.



«Warming up» жаттығу.

Тілдік жаттығудың мақсаты – сабаққа деген бетбұрыс туғызу. Тілдік жаттығу барысындағы мұғалімнің дауысы, сұрақтардың алдын ала ойластырылып тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы мұғалім мен оқушының арасындағы жақсы қарым – қатынас туғызады сабақтың нәтижесін жоғарлатады. 



Шағын шығарма жазу.

Шығармаларды 5 минуттық жазу ретінде өткізу әбден мүмкін. Шығарма тыңдау барысында диалогтағыдай баланың жіберген қателеріне емес, оның идеясына, өмірлік тәжірибесін сипаттай білу қабілетіне көбірек назар аударған жөн.


Тақырыптар түрлері:
«Бүгінгі күннің ең қызықты сәті».
«Қазір мен не ойлап отырмын?»
«Мен білетін адам».
«Менің хоббиім».
«Мен ұнататын нәрсе».
«Мен ұнататын аң». 


«Find the words» жаттығуы.

Балалар сөзді табу тиіс.


Bread
E – is exactly in the middle.
D – is at the end.
B – is one of the letters before e.
R – is between b and e.
A – is between e and b.

«Brainstorming» жұмысы:

суреттеліп берілген белгілерді қолдану арқылы біртұтас әңгіме құрастыру.



Бастапқыда ағылшын тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол ойын элементтері. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолдануға болатынын сабақтың мазмұнына, мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдалуы керек екендігі назарға алынған. М. Жұмабаев:  «Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе» деген.

       Ойын – жас ерекшелікке қарамайды, адамның көңіл-күйін көтереді. Ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, epiк сезім түрлерін де дамытады. Ойын түрлері көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойындар.


Қорыта келе бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін тиімді әдістерді пайдалана отырып жаттығулар орындатудың маңызы зор екендігін байқауға болады. Демек олардың іскерлік сөйлеу дағдыларын белсенді ұйымдастыра отырып, тиянақты білім беру – мұғалімнің ой ұшқырлығына, камуникативті құзіреттілігіне байланысты. А. Байтұрсынов былай деп жазды: «…Мұғаліп қандай болса, мектеп, пән сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім».

ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Зимняя И.А. Психология обучения иностранным языкам в школе. — М.: Просвещение, 1999, — 222б.

  2. Колкер Я.М. Практическая методика обучения иностранного языка. — М.: Академия, 2004, — 264б.

  3. Пассов Е.И. Основы методики обучения иностранным языкам. — М.: Русский язык, 1997, — 216б.

  4. Щерба Л.В. Преподавание языков в школе. — М.: Академия, 2003,- 160б


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет