А. А. Досмаканбетова «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың экологиялық жабдықтары»



бет21/41
Дата13.12.2021
өлшемі1,68 Mb.
#125891
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41
Байланысты:
344266 2

Топырақты ластауыштардың түрлері:

Топырақты ластайтын компонентерге қарай топырақтың ластануының түрлері: физикалық, химиялық және биологиялық болады.

Физикалық ластану радиоактивті заттектермен байланысты. Мысалы, уран рудаларын ашық әдіспен алғанда, жер қыртысында активтілігі жоғары сәулеленетін сұйық және қатты қалдықтар қалады.

Биологиялық ластану - ауру тудыратын және де басқа жағымсыз жағдайға итеретін микроорганизмдердің қоршаған ортада болуы. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және тағы басқада ауру қоздырғыштары 2-3 тәулік бойында сақталса, ластағыштармен елсіреген қоздырғыштар бірнеше ай мен жылдарға дейін сақталып, едәуір аумаққа таралады.

Химиялық ластану - топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы.

Топырақты ластайтын көздерге өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындылары, көлік, ауылшаруашылығында қолданылатын шөпжойғыштар мен минералды тыңайткыштар, қалдықтар, жылу энергетика кешені, атмосфералық жауын-шашын, апатты жағдайда тасталатын шығарындылар, әскери-өндірістік кешендері жатады.

Түсті металл кендерін алу, байыту және таза металдар алу процестерінен шыққан өнімдермен және қалдықтармен топырақ көп ластанады. Ауыр металдардан топырақтың ластануының зардабы тұрақты болып келеді. Түсті металлургия кәсіпорындарының маңындағы топырақта қорғасын мен басқа ауыр металдардың мөлшері нормадан 10-20 есе асып отырған жерлер белгілі.

Ауылшаруашылығында улы химикаттар көп қолданылатын және өндірісі дамыған аймақтарда улы заттектер ана сүтінде, қанның құрамында болатыны байқалған. Топырақ көптеген аурулардың (ботулизм, дизентерия және т. б.) қоздырғыштарын сақтайтын ортаға жатады.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет