А. А. Досмаканбетова «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың экологиялық жабдықтары»



бет18/41
Дата13.12.2021
өлшемі1,68 Mb.
#125891
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41
Байланысты:
344266 2

5. Газдарды электрлі тазалау.
Шаңды газдарды электрлі тазалау олардың молекулаларын иондауға негізделген. Жоғары кернеулі тұрақты электр тогына жалғанған екі электрод арасында пайда болған электр өрісіндегі ионданған газдың иондары мен электрондары күш сызықтарының бағыты бойынша қозғала бастайды. Зарядталған бөлшектердің жылдамдық векторының бағыты олардың таңбасымен, ал қозғалыс жылдамдығы, яғни кинетикалық энергиясы электр өрісінің кернеулілігімен анықталады. Электродтар арасындағы потенциалдар айырмасы бірнеше ондаған мың вольтке көбейтсе, онда иондар мен электрондардың кинетикалық энергиясы соншалықты көбейеді және газ молекулаларымен соқтығысып, оларды оң зарядты иондар және еркін электрондарға бөледі. Жаңадан пайда болған зарядтар қозғалысы газды тағы иондайды.

Сонымен газ толық иондалады. Мұны соққылы иондану деп атайды. Газ толық ионданғанда электродтар арасында разрядтың пайда болуына жағдай жасалынады. Егер электродтар арасындағы потенциалдар айырмасын одан әрі көбейтсе, онда ұшқынның өтуі, сосын электродтардың қысқаша тұйықталуы пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдай болмау үшін электродтар арасындағы электр өрісі әртекті болуы керек. Толық иондануға жеткілікті болған потенциалдар айырмасында, электродтар арасында көк түсті жарқыраған және шытырлаған «тәжді» разряд пайда болады. Айналасында «тәжді» разряд пайда болған электродтар тәжді электрод, ал қарама-қарсы зарядталған құбыр немесе пластинадан жасалған тұндырғыш электрод деп аталады. Электр өрісінің әсерінен оң иондар тәжді электродқа, ал теріс иондар және ерікті электродтар тұндырғыш электродқа қарай қозғалады. Теріс иондар және электрондар қарсы келген шаң және тамшыларға өздерінің зарядын беріп, оларды тұндырғыш электродқа өздерімен бірге адып келеді. Осының нәтижесінде шаң немесе тұман бөлшектері осы электродта тұнады. Бұл кезде оң иондардың жолына қарағанда теріс иондар мен электродтардың жолы ұзақтау, сондықтан олардың газдағы шаң немесе тұман бөлшектерімен соқтығысу мүмкіндігі көп. Теріс зарядталған иондар, шаң немесе тұман бөлшектері тұндырғыш электродқа келіп, оған өздерінің зарядын береді, сосын электродтан шығарылады. Шаң немесе тұман бөлшектерінің өте аз бөлігі ғана оң иондармен соқтығысып, тәжді электродта тұрады.

Электрсүзгілер электродтардың орналасу формасына байланысты құбыршалы және пластиналы болып бөлінеді.

Құбыршалы электрсүзгі (1.24 сурет). Шаңдалған газ аппаратқа газ жолы арқылы түседі және олар құбыршалы электродтары арқылы өтеді, ішінде тәжделген электродтары бар. Олар орталық рамаға ілінген және изоляторға бекітілген болады. Құбыршалы электродтың ішкі бетіне жабысқан қатты бөлшектерді, сілкігіш аспаптың дірілі арқылы аппараттың төменгі бөлігіне жиналады. Тазаланған газ жоғарғы құбырша арқылы шығып кетеді.



1-газдың кіруі; 2-сілку механизмі; 3-электрод; 4-бункер; 5- электрод тартқыш; 6-ілгіш рама
1.24 сурет. Құбыршалы электросүзгіш
Пластиналы электрсүзгі (1.25 сурет). Электрсүзгінің негізгі элементтері – тәжді және тұндырғыш электродтар. Тәжді электродтар ток көзінің теріс полюсына, ал тұндырғыш электродтар – оң полюсына жалғанады.


1-тәжді электродтар; 2- тұндырғыш электродтар; а-газдың кіруі; б-газдың шығуы; в-камера
1.25 сурет. Пластиналы электрсүзгі
Тұндырғыш электродтар тегіс бетті металл пластиналардан жасалған және олар рамаларға тартылып орнатылған, ал олардың арасына тәжді электродтар тартылып орнатылған. Тәжді электродтар - диаметрі шамамен 2-3 мм болатын сымдардан жасалған. Электрсүзгі бірнеше секцияларға бөлінген. Түтіндігаз электрсүзгінің төменгі жағынан кіріп, пластиналар арасына біркелкі таралады. Электр өрісінің әсерінен шаңдағы оң иондар тәжді электродқа, ал теріс иондар тұндырғыш электродқа қарай қозғалады. Газ электр өрісі арқылы төменнен жоғары қарай өтіп, тазаланып шығады. Құрғақ электрсүзгіден шаң соққылы механизмдер жәрдемімен мерзімді түсіріліп жатады. Мұндай сүзгілер тек қана жоғары кернеулі (100 кВт) тұрақты тоқта жұмыс істейді. Мұндай тұрақты тоқты кернеуі 220-380 вольтты трансформаторлар арқылы алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет