Газдарды күкірт диоксидінен абсорбциялық тазалау.
Абсорбция – газдар немесе булар мен газдар қоспаларынан бір немесе бірнеше құрастырушылардың сіңіргіш сұйықпен сіңірілуі абсорбция процесі деп аталады. Абсорбцияда зат газды фазадан сұйық фазаға өтеді. Газды сұйықтан ажыратып алу, яғни абсорбцияға кері процесс десорбция деп аталады.
Газдар немесе булар мен газдар қоспаларынан бір немесе бірнеше құрастырушылардың сіңіргіш сұйықтармен сіңірілуі абсорбция деп аталады.
Абсорбциялық процестерді жүзеге асыратын аппараттарды абсорберлер деп атайды. Абсорбция процесі фазалардың жанасу бетінде өтетін болғандықтан, абсорберлердегі сұйықпен газдың арасындағы жанасу беті үлкен болуы керек. Осы беттің түзілу тәсілдеріне байланысты Абсорберлерді шартты түрде төмендегі түрлерге бөлуге болады: бетті және қабықшалы; саптамалы; барботажды (табақшалы); шашыратпалы.
Бұл табақшалардың барлық конструкциялары, барлық мүмкіндіктеріне қарамастан өзіндік жеткіліксіз жерлері бар. Мысалы, клапанды табақша газдық жүктемелерінің толық диспергирленген газын толық қамтамасыз ете алмайды. Техникалық жағынан берілген конструкцияға жақыны ағысты вертикальды табақша, горизонтальды полотнодан тұрады. Полотнода сұйықтыққа қарсы қойылған вертикальды бөлінгіш бар.
Бетті абсорберлер жақсы еритін газдарды сіңіруде қолданылады (1.11 сурет). Абсорберде газбен сұйықтың жанасу беті аз болғандықтан, бірнеше аппарат тізбектеліп жалғанады да, газбен сұйық бір-біріне қарама-қарсы бағытты ағында өтеді. Сұйық бір аппараттан екінші аппаратқа өздігінен ағуы үшін кейінгі аппараттар бұрынғысынан төмендеу орналасады. Абсорбция процесіндегі жылуды бөліп алу үшін аппараттың ішіне сумен суытылатын ирек құбыр орнатады.
1.11 сурет. .Бетті абсорбер
Пластиналы абсорбер (9.2 сурет). Екі канал жүйесінен құралады: қимасы үлкен канал арқылы бір-біріне қарама –қарсы ағында газ және абсорбент, ал қимасы кіші канал арқылы суытатын су өтеді. Мұндай абсорберлер әдетте химиялық берік және жылу өткізгіш материал графиттен жасалады.
1-газдың кіруі мен абсорбенттің шығуына арналған штуцер; 2-суытқыш су кіретін штуцер; 3-сіңірілмеген газ шығатын және абсорбент кіретін штуцер; 4- суытқыш су шығатын штуцер
1.12 сурет. Пластиналы абсорбер
Қабықшалы абсорберлер бетті абсорберлерге қарағанда тиімділеу және ықшамды 1.13 сурет). Бұл аппараттардың төмендегі түрлері болады: құбырлы; жазық параллельді немесе жазық тімсемді саптамалы; сұйық жабықша жоғары өрлеп қозғалатын.
1-саптамалар жиынтығы; 2-тарату құрылғысы
1.13 сурет. Қабықшалы абсорбер
Құбырлы абсорбер құрылымы бойынша тік қаптама – құбырлы жылуалмастырғышқа ұқсас. абсорбент жоғарғы құбыр торына беріліп, құбырларға таралады да олардың ішкі бетімен жұқа қабықша, күйінде төмен қарай ағады (9.4 сурет). Газ құбырлармен төменнен жоғары қарай қабықша бағытына қарсы өтеді. Құбырлар арасындағы кеңістік бойынша суытатын су немесе басқа сұйық өтеді.
1-құбырлар торы; 2-құбырлар
1.14 сурет. Құбырлы абсорбер
Саптамалы бағаналы аппараттар (1.15 сурет). Әртүрлі пішінді қатты денелермен-саптамалармен толтырылған тік колонналы аппараттардың құрылымы қарапайым болғандықтын өндірістерде кеңінен қолданылады.
Саптамалы колонналарда саптамалар газ және сұйық өтетін таяныш торларға орнатылады. Колоннаның жоғарғы жағынан арнаулы таратушы арқылы сұйық шашыратылып беріледі де, саптамалардың беттерін сұйықтандырып, төмен қарай ағады. Дегенмен, саптамалардың барлық биіктігі бойынша колонна қимасындағы сұйық бірдей таралмайды (колонна орталығынан қабырғаға қарай ағады). Осының нәтижесінен саптамалардың беті жақсы сұйықтанбайды. Диаметрі үлкен колонналардағы саптамаларды жақсы саптамаларды жақсы сұйықтандыру үшін олардың биіктігі 2-3 м қабаттармен (секциялармен) орналастырады. Әр қабаттың (секцияның) ең төменгісінен басқалардың, астына сұйықты қайта таратушылар орнатады. Газдың үлкен жылдамдықтарында саптамалар көтеріліп кетпеу үшін үстінгі жағына тор қойылады. Саптамалы колонналарды абсордция, ректификация, адсорбция, эпстракция процесстері үшін, сондай-ақ газдарды тазалауда, суытуда және ылғандандыруда қолданады.
1-саптама; 2-таяныш тор; 3-сұйық тарататын құрылғы; 4-саптамалар арасындағы сұйықты қайта тарататын құрылғы
1.15 сурет. Саптамалы аппарат
Жоғарыда айтылғандай саптамалы аппараттың негізгі ішкі бөлшектеріне сұйық тарататын құрылғы, саптамалар, таяныш тор және сұйықты қайта тарататын құрылғы.
Саптамалар меншікті бетімен еркін көлем немесе кеуектілікпен және эквиваленттік диаметрмен сипатталады. Саптамалар тиімді жұмыс істеуі үшін олар төмендегі талаптарды қанағаттандырулары тиіс:
Көлем бірлігіндегі беті көп;
Сұйықпен жақсы сұйықтануы;
Газ ағынына гидравликалық кедергісі аз;
Сұйықты біркелкі таратуы;
Сұйықтың және газдың химиялық әрекетіне берік;
Меншікті салмағы аз;
Механикалық беріктілігі жоғары;
Арзан.
Бұл көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын саптамалар жоқ. Мысалы: меншікті беті көбейту аппараттың гидравликалық кедергісіне арттырады.
Өндірістерде пішіндері мен өлшемдері әртүрлі саптамаларды қолданылады (9.6 сурет). Саптамалар әртүрлі материалдардан (керамика, фарфор, шыны, болат, графит және т.б.) жасалынады.
а- жеке сақина, б- ретсіз орналасқан. в- ретті орналасқан сақиналар
1.16 сурет. Рашиг сақинасынан жасалған саптамалар
Өндірісте биіктігі диаметріне тең жұқа қабырғалы керамикалық сақиналар қолданилады. Мұндай саптамалардың өлшемі 15÷150 мм аралығында болады. Кіші өлшемді (d<75 мм) саптамалар колоннаға ретсіз салынады. Үлкен өлшемді саптамалар ретті орналастырылады. Ретті салынған саптамалардың ретсіз салынғынғы қарағанда артықшылықтары бар: гидравликалық кедергісі аз; газдың жылдамдығы көп. Дегенмен, ретті саптамаларды жақсы сұйықтандыру үшін құрылымдары күрделі сұйық таратушы құрылғылар орнату керек.
Хордалы ағаштан жасалған саптамалар үлкен диаметрлі колонналарда қолданылады. Оларды жасау оңай, бірақ меншікті беті және кеуектілігі аз.
Абсорбер аппараттарында тік бағана ішіне бір-біріне белгілі қашықтықта орналасқан көлденең бөгеттер-табақшалардан құралған болады. Мұндай аппараттарда фазалардың жанасу беті, газбен (бумен) сұйықтың бір-біріне қарама-қарсы бағытта ағынды, бір қабат сұйықтан барботажды түрде өтуінің әсерінен пайда болады.
Табақшалардағы сұйықтық деңгейі құйылушы қалқамен реттеледі, оның төменгі бөлігі келесі табақшаға дейін жетеді. Артық сұйықтық құйылушы қалқамен төмен орналасқан табақшаға түседі. Қақпақтың деңгейін, қақпақ пен стаканның жоғарғы ернеуінің арасын өзгертумен реттеуге болады.
Табақшалы аппараттарда сұйық белгілі-бір қалындықта, бір табақшадан екіншісіне жоғарыдан төмен қарай ағады, ал газ (бу) төменнен жоғары қарай табақшаларға орналасқан жанасу құрылғылардың әсерінен сұйықпен езіп (майдалап) әрекеттесіп аппараттың жоғарғы жағынан шығып кетеді.
Табақшалардың түрін таңдау қабылдау кезінде келесідей көрсеткіштер анықталады: оның тиімділігі, газ және сұйық бойынша өнімділігі, жұмысқа беріктілік шегі және гидравликалық қатынасы. Сонымен қатар келесідей шарттар ескерілуі тиіс: шашыранды ұстау мөлшері және табақшалардың ара қашықтығы, метал шығыны және табақша құны, дайындаудың қарапайымдылығы, жылу шығру мүмкінділігі, газ және сұйықтың ластығына әсері және т.б.
Клапанды табақшалар. Мұндай табақшалар соңғы кезде, әсіресе газ жылдамдығы тез өзгеретін жағдайда кеңінен қолданылады. Газ берілмеген кезде клапон өзінің салмағымен тесікті жауып тұрады, газ берілген кезде клапон жоғары көтеріледі, газдың мөлшері көбейткен кезде клапон ең шеткі жағдайға дейін көтеріледі.
а-клапанды табақшалар; ә-клапанды табақшалардың құрылысы; 1-табақша; 2-клапан; 3-сұйық құйылатын бөгет пен құбыр; 4-гидравликалық қақпақ; 5-бағана қаңқасы; 6-клапан қақпағы; 7-клапанның көтерілуіне шектеу
1.17 сурет. Клапанды табақшалар
Табақшаның жұмыс істеу реті мынандай. Төменде жатқан табақшадан көтерілген бу, саңылау арқылы табақша төсенішіне өтеді, сұйықтық төменде өрналасқан табақшаға құйылады. Тіліктің және бағыттаушы қабырғаның көмегімен, бу ағыны үш топқа бөлінеді. Бір бөлігі бағыттаушы қабырғаның ортасында орналасқан тесіктен өтеді, ал бу ағынының қалған екі бөлігі табақша төсеніші мен қалақша арасындағы шеткі саңылаудың арасынан сұйықтық бағытына қарай шығады. Осымен қатар контактке түсетін фазалардың интенсивті өзараәрекеттесуі қамтамасыз етіледі. Бағыттаушы қабырғалардың арасындағы ара – қашықтығын өзгерту арқылы, бу ағыны арасындағы қатынасты өзгертуге болады. Бұл табақша жұмысының берілген сипаттамаларын алуға және жоғары өнімділік кезінде контакттің жоғары эффективтілігін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Тор тесікті табақшалар. Тік цилиндр корпус ішіне көлденең табақшалар орнатылады. Табақшаның барлық беті 2÷8 мм диаметрмен бұрғыланып тесілген. Сұйықтың бір табақшадан екіншісіне ауысуы үшін түп жағында құйылу бөгеті бар құйылу құбыры орнатылған. Газ табақша тесіктерінен майда көпіршіктер түрінде өтіп сұйықта таралады.
Газ жылдамдығы өте аз болғанда, жоғарғы табақшадағы сұйық төменгі табақшаға тесітер арқылы ағып түсуі мүмкін. Бұл кезде масса алмасу процессінің қарқындылығы өте азайып кетеді. Сондықтан, сұйықтың табақшадан ағып түспеуі үшін газдың жылдамдығы мен қысымы сұйық қабатының қысымынан көп болу керек. Тор тесікті табақшалардың құрылымы қарапайым, орнатуы және жөндеуі оңай, гидравликалық кедергісі төмен болады.
1, 2 – құйу, құйылу бөгеттері, 3 – құйылу құбыры, 4 – тор тесікті табақша, 5 – корпусы.
1.18 сурет. Тор тесікті табақшалар
Мұндай табақшалардың бірқатар кемшіліктері бар: тор тесікті табақшалардың тесіктері ластанған сұйықтармен жұмыс істегенде тұнбалармен тез бітіліп қалуы мүмкін.
Қалпақшалы табақшалар. Қалпақшалы табақшаларды ластаған сұйықтармен жұмыс істегенде қолдануға болады. Газ табақшаға келте құбыр арқылы кіоіп, қалпақшаның орларында көптеген жеке ағындарға бөлінеді. Сосын газ табақшадан табақшаға құйылу құбыры арқылы ағып түсетін сұйық қабатынан көпіршік түрінде өтеді. Қалпақшалы табақшалар бетіндегі көбік пен тамшылардың пайда болу қарқындылығы газдың жылдамдығына және қалпақшаның сұйыққа батырылу тереңдігіне байланысты болады. Артықшылығы: ластанған сұйықтармен жұмыс істегенде қолдануға болады.
а-жұмыс істеу тәсілі, ә-капсульді табақшалардың пішіндері; 1-табақша; 2-газ кіретін келте құбыр; 3-дөңгелек қалпақша; 4-сұйық берілетін келте құбыр; 5-гидравликалық қақпақ; 6-колоннаның корпусы
1.19 сурет. Қалпақшалы табақшалар.
Мұндай табақшалардың бірқатар кемшіліктері бар: құрылымы күрделі, гидравликалық кедергісі үлкен, тазалау қиын, қымбат.
Пластиналы табақшалар. Бұл табақшалар басқа табақшаларға қарағанда айырмашылығы – фазалардың бір бағытты қозғалысында, яғни әр табақша бір ағынды принципте жұмыс істейтіндігінде.
1-гидровликалық қақпақ; 2-құйылу бөгеті; 3-табақша; 4-пластиналар; 5-ағызылатын құбыр.
1.1.20 сурет. Пластиналы (сорғалап ағатын) табақша
Мұндай бағаналарда сұйық жоғары табақшадан гидравликалық қақпаға түсіп, құйылу бөгеті арқылы көлбеу пластиналары бар табақшаға беріледі. Пластиналар арасындағы қуыстан үлкен жылдамдықта (20÷40 м/с) шыққан газ ағыны сұйықты майда тамшыларға бөліп, келесі қуысқа және т.с.с. береді. Сонымен, сұйық үлкен жылдамдықта табақшаны бойлап құйылу бөгетінен ағызылатын құбырға қарай қозғалады. Бұл табақшаларда сұйық дисперсті, ал газ біртутас фаза болады да фазалар тамшылар бетінде жанасады. Бұл табақша газ және сұйық мөлшерлерін көбейтуге мүмкіндік береді.
Пластиналы табақшалардың артықшылықтары: гидравликалық кедергісі аз; ластанған сұйықтар мен жұмыс істеуге болады; табақшаны жасауға аз металл шығындалады.
Пластиналы табақшалардың кемшіліктері: сұйықтың аз мөлшерінде тиімділік азаяды; жылуды беру немесе алу қиын.
75>
Достарыңызбен бөлісу: |