4. Ылғал әдіспен газдарды майдадисперсті бөлшектерден тазалауға арналған жабдықтар.
Газдарды сұйықтармен тазалау. Таза газ алу үшін шаңды газдарды бу немесе басқа сұйықтармен жуып тазалайды. Тазаланатын газдың ылғалдануы және суытылуы мүмкін болса және ажыратылатын сұйық немесе қатты бөлшектер бағалы болмаса, онда бұл тәсілді қолдану тиімді болады. Егер ұсталатын бөлшектер сұйықпен жақсы сұйықтанбаса, онда олардың сұйықтануын көбейту үшін сұйыққа бетті-әрекетті заттар қосады. Мұндай тәсілдің тиімділігін арттыру және ұсталған зиянды немесе бағалы затты сұйықтан ажырату үшін пайда болған шламды (сұйықпен ұсталған шаңның қоспасы) тұндырғышта, мөлдірленген сұйықты қайтадан газды тазалауға береді.
Бұл тәсілдің кемшілігі: көп мөлшерде шламның пайда болуы; бұл шламның аппаратты коррозияға ұшырауы; шламды келешекте тазалау қажеттігі.
Бұл процесс мынадай апараттарды жүргізіледі: бос және саптамалы, ортадан тепкіш, Вентури скруббер, көбікті (барботажды) аппараттар, саптаманың жалғансұйылу қабатындағы аппараттар.
Бос және саптамалы скрубберлер көлденең қимасы дөңгелек немесе тік төртбұрышты бағаналы аппараттар болады. Бос скрубберде шаңды газ төменнен жоғару қарай 0,8-1,5 м/с жылдамдықта қозғалады (5.16 сурет). Скруббердің жоғары жағынан шашыратқыштар арқылы шашыратылып берілген сұйық аппараттың биіктігі бойынша бөлшектермен бірге төмен қарай ағады.
1-корпус; 2-форсунка
1.6 сурет.. Бос скрубберлер
Тазалау процесінің қарқындылығын және жылдамдығын көбейту үшін саптамалы скрубберлер жиі қолданылады (1.7 сурет). Саптамалар газ бен сұйықтың жанасу бетін көбейтеді. Көбінесе кокс, кварц, хордалы және сақиналы саптамалар қолданылады (5.18 сурет). Бос скрубберлердің тазалау дәрежесі 60-75 % болса, саптамалы скрубберде 70-85%.
1-корпус; 2-форсункалар; 3-шашырату құрылғылары; 4-тірек торлары; 5-саптама; 6-шлам жинағыш
1.7 сурет. Саптамалы скруббер
Әртүрлі пішінді қатты денелермен-саптамалармен толтырылған тік бағаналы аппараттардың құрылымы қарапайым болғандықтын өндірістерде кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |