А. А. Досмаканбетова «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың экологиялық жабдықтары»



бет8/41
Дата13.12.2021
өлшемі1,68 Mb.
#125891
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41
Байланысты:
344266 2
344264
5. Газдарды электрлі тазалау.

1. Газдарды полидисперсті бөлшектерден гравитациялық және инерциялық камераларда тазалау.

Газдарды гравитациялық тазалау (ауырлық күші әсерінен тұндыру).

Қатты бөлшектердің газды ортадағы және сұйықты ортадағы тұну заңдылықтары бірдей. Газдың тығыздығы сұйықтың тығыздығынан бірнеше есе аз болғандықтан, газдағы тұну жылдамдық сұйықтағы тұну жылдамдықтан өте көп. Сондада газдарды ауырлық күші әсерінен тұндыру процесінің тиімділігі аз, себебі әсер ететін ауырлық күшінің шамасы ортадан тепкіш және т.б. күштермен салыстырғанда аз. Газдарды шаңнан ауырлық күші әсерінен тазалау үшін шаң тұндырғыш камералары қолданылады.

Шаң тұндырғыш камерасы (5.11 сурет). Ішіне көлденең бөгеттер орналастырылған камераға шаңды газ беріледі. Газ сөрелер арасында қозғалғанда шаңдар оның бетіне тұнады.


1.1 сурет. Шаң тұндырғыш камерасы

Сөрелердің ара қашықтығының аз болуы (0,1-0,4), қатты бөлшектердің тұну жолын азайтады. Газды сөрелер арасында біркелкі тарату үшін газдың шығу жолына тік шағыстырушы бөгет орнатылады.Газ бұл бөгетті айналып өткенде инерция күшінің әсерінен (бағыты кенет өзгергеннен) қосымша қатты бөлшектер тұнады. Сөрелер бетіндегі тұнған шаң бөлшектері камераның біржағында орналасқан есіктер арқылы мерзімді уақыт сайын қол күшімен тазартылып тұрады. Газды үздіксіз тазалау үшін екі параллель жұмыс істейтін камералар қойылады: біреуінде газ тазаланады, ал екіншісінде сөрелерді шаңнан тазартады.

Ауырлық күш әсерінен тек өте ірі бөлшектерді ғана тұндыруға болады.Сондықтан шаңтұндырғыш камераларды газдарды алдын ала және ірі өлшемді бөлшектерден (α>100 мкм) тазалау үшін қолданады. Мұндай камералардың газдардың шаңнан тазалану дәрежесі 30-40%-тен аспайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет