А. А. Досмаканбетова «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың экологиялық жабдықтары»



бет6/41
Дата13.12.2021
өлшемі1,68 Mb.
#125891
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
344266 2
344264
ŋ=(Сқш)/Сқ
бұл жерде Сқ және Сш - газдағы тазалауға дейінгі және тазалаудан кейінгі қоспалардың массалық мөлшері.

Тазалау аппараттарының ең маңызды сипаттамасы болып аэро-динамикалық қарсылық шамасы (газ ағымының кірердегі және шығардағы қысымдарының арасындағы айырмашылығы) саналады. Тазалау сапалығы, электр энергиясының шығыны, газ тазалайтын агрегаттарды істетуге жұмсалатын қаржы көлемі және т. б. осы көрсеткішке тікелей байланысты.

Газды шаңнан тазалағанда есепке алынатын шаңның физикалық-химиялық сипаттамаларына жататын көрсеткіштер: оның тығыздығы, фракциялық құрамы, адгезиялық қасиеті, дымқыл тартқыштығы, сулануы, электрлік қасиеті, өзінен-өзі жану және жарғыштық қоспалар түзу қабілеттілігі.

Шаңдар дисперсиялылығына қарай бес топқа бөлінеді: 1) өте ірі дисперсті, диаметрі d50 > 140 мкм бөлшектерден тұратын шаңға; 2) ірі дисперсті, d50= 40-140 мкм; 3) орта дисперсті, d50= 10-40 мкм;4) ұсақ дисперсті, d50= 1-10 мкм; 5) өте майда дисперсті, d50=

Шаңды кұрғақ әдіспен ұстау үшін шаңтұндырғыш камералар, инерциялык шаңұстағыштар, жапқыш (жалюзиялық, ) аппараттар, циклондар, ротациялык және құйын тәрізді щаңұстағыштар, сүзгіштер және электрсүзгіштер қолданылады.

Газды дымқылды әдіспен шаңнан тазалау үшін қолданылатын жабдықтарға Вентури скрубберлері, көбік аппараттары, бүріккіштік (форсункалық) скрубберлер және т. б. жатады.

Көптеген химия өнеркәсіптері үшін шығарылатын газдарды тазалау ең маңызды технологиялық мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан газды әртекті жүйелерді ажырату химиялық технологияның өте жиі кездесетін негізгі процестерінің бірі. Газдар төмендегі мақсаттарда тазаланады:


  1. Газ қоспаларынан қымбат бағалы заттарды бөліп алу үшін.

  2. Газдарды өңдеу процесіне және аппараттардың беріктігіне зиянын тигізетін заттарды бөліп алу үшін

  3. Қоршаған ортаны және ауаны зиянды заттардан қорғау үшін.

Қатты заттарды майдалағанда, тасымалдаанда, қатты отындарды жаққанда және т.б. жағдайларда бөлшектерінің өлнемдері 3-70 мкм шаңдар пайда болады. Бұлар конденсацияланғанда өте майда бөлшекті (размері 0,001-1 мкм) түтін және тұмандар (мысалы, мұнай түтіндері, күкірт қышқыл тұманы және т.б) пайда болады.

Газдарды тазалауда төмендегі тәсілдер қолданылады:



  1. Ауырлық күші әсерінен тұндыру (гравитациялық тұндыру);

  2. Ортадан тепкіш және инерция күштері әсерінен тұндыру;

  3. Газдарды құрғақ бөгеттері арқылы өткізіп сүзу;

  4. Газдарды сұйықтар жәрдемімен тазалау;

  5. Электростатикалық күштер әсерінен тұндыру.

Іс жүзінде бір ғана тазалау аппаратында қажетті болған тазалау дәрежесін қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан көбінесе әртүрлі аппараттары бар екі немесе көпсатылы қондырғылар қолданылады.

Мәселен алдымен ірі бөлшектерді тұндыру камераларында, сосын майда бөлшектерді электрлі сүзгіде тұндырады.

Әрбір аппарат газдың тазалану дәрежесімен η (пайызбен) сипатталады және ол төмендегіше сипаталады:
η = (G1-G2) / G1*100% = (V1х1 - V2х2) / V1х1*100%
мұнда G1 және G2- тазаланбаған және тазаланған газдағы қатты бөлшектер мөлшері, кг/с; V1 және V2 –тазаланбаған және тазаланған газдың көлемдік мөлшері, м3/с; х1 және х2 –қалыпты жағдайға келтірілген тазаланбаған және тазаланған газдардағы қатты бөлшектердің ұлесі, кг/м3.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет