А. А. Досмаканбетова «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың экологиялық жабдықтары»


Қоршаған ортаны қорғау бойынша техникалық шаралар



бет4/41
Дата13.12.2021
өлшемі1,68 Mb.
#125891
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
344266 2

2. Қоршаған ортаны қорғау бойынша техникалық шаралар.
Атмосфера маңызды сарқылмайтын экологиялық ресурс екені ақиқат. Қаншалықты сарқылмайтын болса да біз бұл ресурсты тиімді пайдаланып, қорғай білуіміз қажет. Таза күйінде біздің тіршілігімізге өте қажетті айырбасқа жатпайтын ресурс. Ауаның тазалығымен адам баласының денсаулығы байланысты.

Ауаның тазалығы өсімдіктер мен жануарлар әлеміне де, бізді қоршаған басқа да объектілерге қажет. Мысалы, ауа таза болмаса металдардан және басқа материалдардан жасалған конструкциялар, үйлер, ғимараттар коррозия тағы басқа процестерге ұшырап зақымдалады, тез ескіріп істен шығады. Осыған байланысты атмосфераның барлық кабаттарындағы энергия мен ауаның химиялық құрамын сақтауды қамтамасыз ететін шараларды жүзеге асырып, қорғап отыру әр өндірістің міндеті.

Зиянды заттектердің ауадағы мөлшерін азайтудың ең тиімді жолдарының бірі қалдықсыз немесе аз қалдықты өндірістерді және технологиялық процестерді іске қосу, ауа тазалайтын істегі қондырғылардың тиімділігін арттыру, ауаны жарым-жартылай рециркуляциялау арқылы тұйықты ауа айналымдарын енгізу. Осы уақытқа дейін ауаға тасталатын зиянды шығарындылардың көлемін азайту үшін негізгі әдіс газ тазалау жүйесін енгізу болып саналады. Әсіресе жаңадан қолданылуға бағытталған өнеркәсіп агрегаттары шаң және газ ұстайтын кұралдармен жабдықталғаны дұрыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет