Шаң-тозаңды тазалауға арналған аппараттары. Тұндыруды химия және мүнайгаз өңдеу өнеркәсіптерінде шаң-тозаңды, суспензияны және эмульсияны ажырату үшін қолданады. Бұл процесс майда дисперциялық бөлшектерді бөлуді қамтамасыз ете алмайды және тұну жылдамдығы онша үлкен болмайды, сондықтанда біртекті емес жүйелерді бөлуге көбірек қолданады. Тұну процесінің артықшылығы оның аппараттарының жай қарапайымдылығы және энергестикалық шығынды аз жұмсайтындығы. Тұнудың мәні шаң-тозаңды, суспензияны және эмулсияны камера арқылы өткізіп, бөлшектерді сал мақ күш арқылы түбіне тұндыру болып табылады. Тұну кезінде екі негізгі талап сақталуы керек: 1) элемент ағынының аппараттағы бөлу уақытысы, бөлшектердің тұну уақытысымен бірдей немесе көп болу керек; 2) аппараттағы ағынның жылдамдығы, тұну жылдамдығынан едәуір аз болу керек.
1-бөгеттер; 2-шаң; 3-шаңға арналған бункер
1.2 сурет. Тұнбалы газ жүргіш
Бірінші талаптың орындалмауы бөлшектердің тұнып үлгірмеуіне әкеп соғады, ал екіншісінің орындалмауы яғни ағынның жоғары жылдамдығы тұндырылып жатқан бөлшектерді жоғары көтеріп жібереді. Газ ағыны аппарат арқылы үздіксіз өтеді, түбіне тұнған шаң-тозаң онан үздіксіз немесе мерзіммен шығарылып отырады. Бөгеттердің арқасында газ ағынының үйірілуіне байланысты ортада тепкен күш шаң-тозаң бөлшектерінің тұнуына әсер етеді. Жиналан шаң-тозаңды мерзіммен шығарып отырады.
2. Шаңдалған газдарды тазалауға арналған құйынды шаңұстағыштар, циклондар және батареялы циклондар.