А. А. Досмаканбетова «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың экологиялық жабдықтары»


Ортадан тепкіш күштердің әсерімен газдарды тазалау



бет10/41
Дата13.12.2021
өлшемі1,68 Mb.
#125891
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41
Байланысты:
344266 2
344264
Ортадан тепкіш күштердің әсерімен газдарды тазалау. НИИОГАЗ циклонының корпусы тік цилиндр, ал түбі конус пішінді болады (5.13 сурет). Шаңды газ қүбырша арқылы циклонның жоғарғы жағына үлкен жылдамдықта (20-30 м/с) жанамалап кіреді. Корпустың ішінде шаңды газ ағыны төмен қарай циклонның ішкі қабырғасында спираль бойынша қозғалады. Мұндай қозғалыста ортадан тепкіш күш пайда болады. Бұл күш әсерінен газдағы шаң бөлшектері циклонның ішкі қабырғасына қарай қозғалады, сосын қабырғаға соқтығып өзінің кинетикалық энергиясын жоғалтады да ауырлық күштің әсерінен төменге шаңжинағыш түседі. Мұнда шаң тұнады, ал тазаланған газ спираль бойынша айналу қозғалысын жалғай отырып, жоғары қарай көтеріледі де орталық құбыр арқылы аппараттан шығады.


1-корпус; 2-конусты түп; 3-қақпақ; 4-шаңды газ кіретін құбыр; 5-шаң жинағыш; 6-орталық құбыр


1.3 сурет. НИИОГАЗ циклоны
Батериялы циклон. Егерде газ өнімділігі өте жоғарғы керек болса, онда батареялы циклон пайдаланады. Бір корпустың құрамында қабаттаса бірнеше циклон элементтері орналасқан (d - 250 мм – ге дейін) жалпы саны 120 болады. Барлық элементтері жоғарыдан бір уақытта шаңды газ беріледі, олар бұранды қалақ арқылы айналып өтеді. Бұл қалақтар циклонның шығу құбыршаларына бекітілген. Бөлу процесі жекеленге циклондармен бірдей ортадан тепкіш күш арқылы бөлінеді. Батареиялы циклонның қүрылысы (5.14 сурет). Шаңды газ бір уақыттың өзінде газ таратушы камера арқылы барлық элементтерге бірдей таралады және оларда тазаланып, элементтердегі газ шығарушы құбырлар арқылы жалпы камераға, сосын орталық құбыр арқылы циклонан шығады. Барлық элементтерден түскен шаң бөлшектері аппараттың төменгі бөлігіндегі бункерге жиналып сыртқа шығарылады. Шаңды газ элементтерге корпус мен орталық құбыр арасындағы сақиналы кеңістіктің үстінен кіреді. Сақиналы кеңістікке газға айналмалы қозғалыс беретін винт орналасқан. Кеңінен қолданылатын батареялы циклондардардың элементтерінің диаметрі 100,150 және 200мм болып жасалады.

1-корпус; 2-газдытарату камерасы; 3-торлар; 4-циклонды элемент; 5-бункер
1.4 сурет. Батареялы циклон
Шаңды газ мөлшері көп және бірнеше жай циклондарды қолдану тиімсіз болған кездерде батареялы циклондар пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет