3. Сүзгі бөгеттерінің типтері мен газды ағындарды бөлуге арналған материалдар. Сүзгілерде майдадисперсті бөлшектерді ұстаудың тиімділігі.
Газдарды сүзу арқылы тазалау. Шаңды газдар кеуекті бөгеттер арқылы өткенде шаңдар ұсталып, ал газ өтіп кетеді. Шаңды газдарды тазалау үшін келесідей сүзу бөгеттері қолданылады: иілгіш кеуекті бөгеттер (маталы материалдар, кеуекті резина және т.б.); қаттау кеуекті бөгеттер (кеуекті керамика, кеуекті пластмасса және т.б.); түйіршікті қабат: кокс, түйіршік тас, құм және т.б. қабаттар. Кеуекті бөгеттерді таңдап алғанда төмендегі негізгі факторларды есепке алу керек: тазаланатын газдың химиялық қасиеті, оның температурасы, сүзу бөгетінің гидравликалық кедергісі және шаң бөлшектерінің өлшемдері.
Өндірістерде көп қолданылатын иілгіш кеуекті бөгетті сүзгілерге - жеңді сүзгілер жатады (5.15 сурет). Жеңді сүзгіге шаңды газ желдеткіш газ құбырымен камера арқылы жеңдерге беріледі. Жеңді сүзгісі бірнеше цилидрлі темір камералардан тұрады. Әрбір камерада дөңгелек рамада жеңдер ілінген. Рама электрлі механизм арқылы жеңдерді қағу механизмін жасайды. I, II және IV секцияларында газ тазаланатын, ал II секцияда жеңнің шаңнан тазаланған кезі көрсетілген.
1-жең, 2-сілкіу қүрылғысы, 3-шнек
1-шаңды газ, 11-тазаланған газ, 111- шаң тозаңдар
1.5 сурет. Жеңді сүзгі
Жеңдер тарату торының қысқа құбырларына кигізіліп бекітіледі. Шаң матаның кеекутерінде ұсталады, ал тазаланған газ клапан және құбыр арқылы аппараттан шығарылады. Камераның қақпағына орнатылған таратушы механизм жәрдемімен сүзгінің кейбір секцияларына белгілі бір уақыт ішінде, матада ұсталған шаңды тазалау үшін газды жібермейді. Сондықтан желдеткіштің тегеуріні желдеткіштің тегеурінінен көп болуы керек. Жеңді үрлеумен қатар оны сілкиді. Шаң камераға түсіп шнек жәрдемімен құбр арқылы шығарылады. II секциядағы жеңдер шаңнан тазаланған соң оған шаңды газ жіберіп, келесі секцияға ауа немесе газ жіберіп, жеңдерді шаңдардан тазартады. Бұл операциялардың кезегі және уақыты автоматты құрылғылар жәрдеміен реттеліп тұрады. Жиі қолданылатын сүзу маталарының гидравликалық кедергісі 150-250 мм.су бағанасынан аспайды. Сүзгілерді газдардың тазалану дәрежесі өте майда шаңдар үшін 98-99% аралығында болады.
Газдың температураларына байланысты қолданылатын маталар: t<800С – мата, бөз; t<1100С- жүн; t<130-1400С- полиамидті, полиэтиленді, полипропиленді талшықты жіптер; t<2750С- фторпласт; t<4000С шыны тәрізді талшық жіптер қолданылады.
Мұндай сүзгілердің кемшілігі: 1) маталар тез тозады; 2) маталардың тесіктері бітеліп қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |