ЛЕКЦИЯ 1.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫҢ ЖАЛПЫ
ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Жоспар.
1. Кіріспе. пән, курстың мақсаты мен міндеті.
2.Қоршаған ортаны қорғау бойынша техникалық шаралар.
3.Шаңдардың негізгі қасиеттері және оларды ұстау тиімділігі.
1. Кіріспе. пән, курстың мақсаты мен міндеті.
«Өнеркәсіптік кәсіпорындардың экологиялық жабдықтары» пәнін оқытудың мақсаты - қоршаған ортаны қорғау шаралары, қоршаған ортаны қорғауға арналған жабдықтар мен техникалық құралдарды тиімді пайдалану, өнеркәсіптік кәсіпорындардың табиғи ортаға деген әсер көздерін меңгеру туралы білімдерін қалыптастыру.
Осы пәнді зерделеу нәтижесінде студенттер:
қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша негізгі қағидаларды білуі;
өндірістік саладағы қазіргі замандық экологиялық проблемалар жайында түсінігі болуы;
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған техникалық құрал- жабдықтарды пайдалануда практикалық дағдыларды иеленуі;
атмосфераға шығарылатын газдарды, гидросферадаға ақаба суларды және литосферадағы қатты қалдықтарды тазалау кезінде жүретін процестерді ғылыми тұрғыдан түсіндіре білуі;
қатерлі және зиянды заттардың қоршаған ортаға деген әсерін азайту немесе жою әдістері мен тәсілдерін таңдай білуі;
атмосфераға, гидросфераға, литосфераға өнеркәсіптік қалдықтарды шығарғанда оларды тазалаудың дұрыс әдістері мен тәсілдерін таңдай білуі;
қоршаған ортаға қауіпсіз технологияны таңдай білуі;
өнеркәсіптік кәсіпорындарда құрал-жабдықтармен жұмыс істеу процесінде және авариялар кезінде атмосфераға түсетін зиянды заттарды анықтау әдістерін және шығу жолдарын шешуде;
өнеркәсіптік экологияның теориялық, заңдылық және нормативті-техникалық негіздеріне байланысты сұрақтарды шешуде құзыретті болу керек.
«Өнеркәсіптік кәсіпорындардың экологиялық жабдықтары» пәнін оқығанда баклаврдың:
Достарыңызбен бөлісу: |