А. А. Досмаканбетова «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың экологиялық жабдықтары»


Шаңдардың негізгі қасиеттері және оларды ұстау тиімділігі



бет5/41
Дата13.12.2021
өлшемі1,68 Mb.
#125891
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
344266 2
344264
3. Шаңдардың негізгі қасиеттері және оларды ұстау тиімділігі.
Аэрозольды (шаң тұман) ұстайтын жүйелердің топтастырылуы оларда жүретін процестердің ерекшеліктеріне негізделген. Ауаны тазалауға арналған құралдар 4 негізгі топқа: кұрғақ және ылғалды шаң ұстағыштарға; маталы сүзгіштерге және электрсүзгіштерге бөлінеді.

Шаңның түріне, оның физикалық-химиялық қасиетіне, дисперсиялық құрамы мен жалпы ауадағы мөлшеріне, шығарындының температурасына, қажетті тазалау дәрежесінің деңгейіне байланысты осы құралдардың ішінен белгілі бір үлгісі таңдалады.

Құрғақ шаң ұстағыш аппараттарында қалқыма бөлшектерді тұндыру (ұстау) әртүрлі механизмдерге; гравтациялық (салмақ күші әсерінен) инерциялык, сыртқа тепкіш және сүзгіштік негізделген.

Ылғалды шаңұстағыштарда қалқыма бөлшектер сұйықтармен, көбінесе сумен түйістіру арқылы тұндырылады. Электрлік тазалау әдісі жоғары қуатты электр майданында газды иондандырып, зарядталған шаң бөлшектерін электрсүзгіштердің электродтарында тұндыруға негізделген. Газды оның құрамындағы газ және бу тәрізді қоспалардан айыру үшін абсорбция, адсорбция, қатализдік және термиялық әдістер кеңінен қолданылады.

Экологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ, тазалайтын құралдардың негізгі маңызды көрсеткіші тазалаудың нәтижелілігі:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет