Өнеркәсіптік қатты қалдықтарды дайындау және өңдеу
Өнеркәсіптік ластаушылардан қорғау әдістері
Тікелей қоршаған ортаны қорғауға бағытталған биотехнология әдістері соңғы кезде карқынды түрде дами бастады.
Экологиялық биотехнологиялардың негізгі дамыған бағыттарына мыналар жатады:
- ақаба суларды биологиялық жолмен тазалау;
- қатты қалдықтарды биологиялық әдістермен өңдеу (ақаба судың
түбіне жиналатын ұсақ тозаңды тұнбаны пайдаға асыру, қатты
тұрмыстық қалдықтарды өңдеу, қауіпті өнеркәсіп қалдықтарын
зиянсыздандыру мен жою);
- ауаны ароматты заттектерден биологиялық жолмен тазалау;
- қоршаған ортадағы ксенобиотиктерді (тірі организмдерге жат
химиялық заттектер) биодеградациялау;
- органикалық химия қалдықтарымен және мұнаймен ластанған
топырақты биологиялық жолмен рекультивациялау;
- органикалық қалдықтарды және биомассаны пайдалану арқылы
қалпына келетін энергиямен, шикізат көздерімен қамтамасыз ету
(биогаз және екінші реттік отын түрлерін алу, органикалык
тыңайткыштардың трансформациясы және т. б.);
- аурулар мен ауыл шаруашылық мәдени дақылдарының зиян-
кестерімен күресуге химиялық пестицидтерге альтернативті
қауіпті емес нәтижелі биологиялық шараларды жасау.
Улы қалдықтарды зиянсыздандыруға физикалық әдістер де қолданылып жүр, атап айтқанда, әртүрлі сәуле түрлерімен (мысалы, ультра күлгін сәулесі) күрделі молекулалардан құралған органикалық сұйық қауіпті заттарды жай молекулалардан тұратын зиянсыз зат түріне айналдыруға болады.
Экологиялық аттестация жөне төлқұжаттау объектілердің (территориялар, территориялық-өндірістік жүйелер және шаруашылық объектілер) табиғатты қорғауға бағытталған іс-әрекетіне құжаттарға сүйене отырып экологиялық-экономикалық сипаттама беру болып табылады.
Экологиялық төлқұжат - объектілердің немесе өнеркәсіп кәсіпорындарының нормативті-техникалық құжатының жаңа түрі.
Кәсіпорынның экологиялық төлқұжатында көрсетілетін мәліметтер:
- кәсіпорында қолданылатын технологиялар;
- пайдаланылатын ресурстардың (шикізаттың, отынның, энергияның) сандық және сапалық сипаттамалары;
- шығарылатын өнімнің сандық сипаттамасы;
- қоршаған ортаға тасталатын шығарындылардың (төгінділердің,
қалдықтардың) сандық және сапалық сипаттамалары;
- кәсіпорында қолданылатын технологияларды шетелдік және
отандық жақсы технологиялармен салыстырудың нәтижелері.
Экологиялық төлқұжатта берілетін мәліметтер табиғатты қорғауға бағытталған мынадай мәселелерді шешуге арналған:
- шығарылатын зиянды заттектердің (төгінді, қалдықтар) және
өнімнің қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығына тигізетін
әсерін бағалауға және табиғатты пайдалануға төленетін төлемнің
мөлшерін анықтауға;
- қоршаған ортаға тасталатын зиянды заттектерге негізделіп
кәсіпорын үшін шекті рауалы шығарынды (төгінді) нормасын
белгілеуге;
- кәсіпорынның табиғатты қорғау шараларын жобалауға және
олардың тиімділігін бағалауға;
- кәсіпорынды қайта құруға арналған жобаларды сараптауға;
- кәсіпорынның коршаған табиғи ортаны қорғауға, ұтымды
пайдалануға бағытталған зандарды сақтауын бақылауға;
- табиғи және материалдық ресурстарды, энергияны және
қосымша өнімдерді тиімді пайдалануды жолға қоюға.
Территорияның экологиялық төлқұжатына қосымша картографиялық мәліметтер және территорияның жалпы картасы қоса беріледі. Құжаттың соңында экологиялық жағдай туралы қорытынды, басқаша айтқанда, территорияның экологиялық аттестациясы жасалады. Төлқұжатта экологиялық тепе-тендікті бұзбай және табиғат игіліктерін қоса пайдаланатын бір шаруашылықтың басқа шаруашылық салаларына зиян келтірмей алатын және қолданылатын аумақтағы табиғи ресурстардың мүмкіндік көлемін, сонымен қатар табиғи жүйенің сыртқы әсерден туған өзгерістерге төтеп беріп, қайтадан бұрынғы қалпына келу қабілеттілігін есепке алу да қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |