А. А. Какимова Қазақ филологиясы кафедрасының отырысында талқыланды


Тақырыбы: Әдебиеттану ғылымына кіріспе



бет63/103
Дата06.02.2022
өлшемі1,03 Mb.
#58641
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   103
Тақырыбы: Әдебиеттану ғылымына кіріспе
Дәріс мазмұны:
1. Әдебиет дегеніміз не? Әдебиет туралы ғылым және оның салалары.
2. Суреткер табиғаты

  1. Әдебиет – қоғамдық сана (Әдебиеттің халықтығы)

Әдебиет дегеніміз не?
Әдебиет деген сөздің түп төркіні арапша ( ) атаудан шыққан – сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді. Әдебит дегеніміз не? Әдебиет - өнер. Өнердің түрі көп, кескін өнері, мүсін өнері, сәулет өнері т.б. Ал әдебиет қандай өнер? Әдебиет – сөз өнері. Әдебиетшінің құралы – тіл. «Сөз әдебиеттің құрлылыс материалы» (Федин).
Өнердің көп салаларының ішіндегі ең бір қадірлісі әрі қасиеттісі – көркем әдебиет. Сөз өнері сурет пен музыка секілді жалпыға бірдей жетімді деу қиын. Сөз -бояу немесе сияқты дыбыс емес, барлық халыққа бірдей түсінікті бола алмайды. Әр ұлттың өзгеден ерекше өз тлі бар; әдеби шығарма сол тілде ғана туады. Бұл – көркем әдебиеттің халықаралық өрісіне бөгет екені рас. Бірақ әдебиеттің тілі музыка тілінен гөрі нақты, театр тілінен гөрі затты: симфонияны тыңдаушының бәрі нақты түсіне бермейді, теат сахнасында жүріп жатқан спектакльдің ертеңгі ұрпаққа мұра болып қалғандай қолға ұстар затты дерегі бола бермейді, ал әдебиетте екеуі де – нақтылықта, заттылықта бар. Бейнелеу, сәулет, мүсін өнерлері затты болғаныме жансыз, қимлсыз, ал әдебиет кез-келген шындықты қимыл қозғалыс үстінде құбылта, құлпырта көрсете алады. Сондықтан, сөз өнері – бар өнердің басы, «өнер атаулының ең қиыны және күрделісі» (Бальзак), «ең жоғары түрі» (Белинскиий) десе артық болмас. Қазақ халқы «өнер алды – қызыл тіл» деген білгір тұжырымы да тегін айтылмаған.

    1. Әдебиеттану – сөз өнерін зерттейтін ғылым, яғни әдебиет туралы ғылым.

Әдебиет жоқ жерде әдебиет туралы ғылым болуы да мүмкін емес. Әдебиеттануға кіріспе пән арқыл әдебиеттің табиғатына тән ең бір қарапайым қағидалар, алғашқы түсініктер талданып, тексеріледі. Одан арғы күрделі мәселелердің бәрі әдебиеттанудың өзге салаларының үлесіне қалады. Әдебиет туралы ғылым негізгі үш түрлі салаға бөлінеді: әдебиет тарихы, әдебиет теоиясы, әдебиет сыны.
Әдебиет тарихы бүкіл адам баласының тарихында көркем әдебиеттің қалай пайда болғанын, қайтіп қалыптасқанын, одан бергі даму-қалыптасу жолдары, ерекшеліктері қандай, қай кезеңдерде қандай өкілдері болды және олардың шығармашылығы әдебиеттің дамуына қаншалықты үлес боп қосылды, т.б. осы тәрізді мәселелерді жан-жақты қарастырады.
Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыпьтайды. Әдебиеттің өзіне тән ерекшелігін оның қоғамдық қызметін, көркем шығарманы талдаудың прициптері мен методикасын, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен көркемдік әдіс меселелерін түп-түгел тек әдебиет теориясыан ғана танып-біле алады.
Әдебиет сыны - әдебиеттану ғылымының негізгі салаларының бірі. Сын әдебиеттің айнасы. Көркем әдебиет өзінің қандай күйде екенін сыны арқылы ғана көре алады. «Сын - әдебиеттің өзін-өзі тану құралы» (Белинский). Әдеби сын көркем әдебиет пен бірге пайда болып, онымен бірге дамиды. Әдебиеттің ілгерілеуіне алғышарттар, жағдайлар жасап, жақсысын асырып, жаманына шырылдап, ылғи да басы-қасында бәйек болып жүретін» де осы сын.
Әдебиет туралы ғылымның жоғарыда аталған негізгі үш саласы (теориясы, тарихы, сыны) өзара тығыз бірлікте болады.
Әдебиттану ғылымның негізгі салаларымен бірге жанама тараулары да бар. Текстология, историография, библиография.
Текстология - әдеби туындылардың мәтінін зерттейді. Текстология көркем шығарманың тұрақты түп нұсқасын белгілейді, баспа тарапынан кеткен әріп, еміле қателері болса да ұқыппен түзеп отырады. Автор тарапынан тыс қысқарған немес орынсыз өзгертілген жерлері болса, қалпына келтіріледі.
Историография - әдебиет теориясының, тарихының, сынының ғасырлар бойғы тарихи дамуы туралы дәйектемелер мен деректер, мәліметтер мен материалдар жинағы.
Библиография – көркем әдебиеттің өзіне және әдебиет туралы ғылымға байланысты көрсеткіштер мен анықтамалар, шолулар мен сілтемелер жиынтығы. Бұл да ғылыми мақсат үшін крек. Әдебиет пен әдебиеттану тарапындағы қандай арнаулы зерттеулер болсын, оған қажет материалдардың бәрін библиографиялық көрсеткіштер арқылы іздеп тауып, пайдаланады.


  1. Каталог: dmdocuments
    dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
    dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
    dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
    dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
    dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
    dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
    dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
    dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
    dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет