А. А. Какимова Қазақ филологиясы кафедрасының отырысында талқыланды


Тақырыбы: Әдебиеттің тектері мен түрлері



бет77/103
Дата06.02.2022
өлшемі1,03 Mb.
#58641
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   103
1. Тақырыбы: Әдебиеттің тектері мен түрлері.
Әдеби жанрлар теориясы.
Әдебиет – сөз өнері. Әдебиет өмір шындғын сөз құдіреті мен адам тағыдыры арқылы көркем бейнелеп танытатын өнердің түрі. Өмір шындығы, болмыс бояуы саналуан әрі күрделі болғандықтан, оны әдебиетте бейнелеудің формалары мен тәсілдері де біреу емес, түрліше болып келуі заңды. Бұл әдеби тәсілдердің, формалардың пайда болуы мен қалыптасуы адамзаттың қоғамдық, көркемдік – рухани тарихымен тығыз байланысты. Жанрдың тарихи категория екендігі осыдан шығады.
Көне грек дәуірінде-ақ әдебиеттің үш негізгі тектері: эпос, лирика, драма пайда болды. Сонымен әдебиет үш текке бөлінеді. Лоар эпос, лирика, драма. Ал осындағы тек, түр, жанр терминдерінің мағына-мәні қолдану аясы қандай.
Көркем әдебиет – арнасы кең, көп салалы өнер. Әдебиет туындыларының құрылыс-қалпы, мағыналық сыйымдылығы, көркемдік сипат-белгілері әр алуан бола береді. Сондықтан әдеби шығармалардың жүйесін тауып жіктеп-топтауға, түр-түрге бөлуге үлкен мән беріледі. Көркем шығармаларды тегіне қарай және бітімі тұлғасы, өмірді бейнелеу өзгешелігі жағынан жіктеп-ажыратып бөлу негізінде жанр деген ұғым қалыптасқан.
Әдеби жанр(француз тек, түр) термин ретінде шартты, екі мағынада қолданылады: 1) әдебиеттің тектері – эпос, лирика, драма; 2) әдеби шығарманың түрлері - әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия т.б.
Әдебиеттің тегі – жанр әдеби шығарма – жанрлық түр деп танылып жүр. Түр дегенде біз эпикалық, драмалық немесе лирикалық шығармалардың белгілі бір формасын, үлгісін ұғамыз. Сонда, мысалы, эпосты – жанр деп білсек, оның шағын, орта және кең көлемді үш түрі белгіленеді де, шағын көлемді эпикалық түрге – очерк, новелла, оқиғалы өлеңдер, орта көлемді эпикалық түрге – повесть, поэма; ал кең көлемді эпикалық түрге - роман, эпопия тәрізділер жатады.
«Эпос жанр» десек, мұнда «жанр» термині «тек» мағынасында қолданылып жүр. Әдетте «эпостық тек» деп те, «Эпос жанр» деп те айтыла береді. Ал, «әңгіме эпос жанрына жатады» дегенде терминнің мағынасы түр деген ұғымды білдіріп тұр. Мұны «әңгіме эпостық тектің бір түрі» деп те айтуға болады.
Сонымен, әдебиеттің тектеріүшеу де, жанрлық түрлері сан алуан.
Эпостық жанр немесе эпикалық тектің түрлері сан алуан: аңыз, ертегі, мысал, очерк, әңгіме, новелла, батырлар жыры, дастандар, поэма, повесть, роман және роман эпопея.
Эпостық туындылар көркем қара сөзбен де, өлеңмен де жазылады. Мұнда өмір шындығы негізінен уақиғалы баяндау арқылы көрсетіледі. Уақиғалар, кейіпкерлердің іс-әрекеттері өмірдегі болтын объективті болмысқалпында алынып, бейнеленеді, жазушы тек баяндап жеткізуші ретінде көрінеді. Бұл жанрдың шығу тегі ауызша поэзиядағы халықтық жыр, эпостық жанрдың роман, повесть, әңгіме сияқты түрлері және сюжетті поэманың жаңа түр пайда болды.
Алдымен шағын көлемді жанрларға тоқталсақ,.. Әңгіме – оқиғаны баяндап айтуға негізделетін, қара сөзбен жазылған шаған көркем шығарма. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері алдымен оқиғаны баяндау әсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, кейіпкер жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіме әдетте бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оқиға айтылады. Бұл жанрдың жеңілдігін емес, қиындығын көрсетеді. Автор уақыт жағынан мейлінше қысқа мерзім ішінде кейіпкерлер өміріндегі беру де болса, бірегей оқиғаны баяндау арқылы оқырманға адамдық болмыс-бітімін айқындап беруі керек.
М.Горкий «шынында жазу өнеріне шағын әңгіме арқылы төселу керек, өйткені ша,ғын әңгіме авторды сөзді үнемдеп қолдануға, оқиғаны қою етіп көрсетуге үйретеді» дейді. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді.
Қазіргі реалистік әңгіменің бастаулары халық ауыз әдебиетінде жатқандығы белгілі. Өйткені сонау көне заманнан-ақ халық өзінің тұрмыс-салты, күнделікті тіршілігі жайлы нетүрлі ауызша әңгімелер туғызып отырған. Одан бергі қазақ әдебиетінде Ыбырайдан бастап, Майлин, Әуезов, Аймауытов, Мүсіреповтың әңгімелері белгілі. «Қыпшақ Сейтқұл», «Шұғаның белгісі», «Қорғансыздың күні».
Әңгімемен көлемі, құрылысы, мазмұны, кейіпкері тануы жағынан алуандас болғанымен, одан өзіндік бірер ерекшелігімен оқшауланатын шағын эпостық жанрдың бірі новелла (итальян сөзі - жаңалық). Новелла – көлемі жағынан әңгімеге теңдес прозалық шығарма, кейде өлеңмен жазылады. Новелланың әңгімеден айырмасы – онда әдеттегіден тыс, өзгеше жағдай, ғажайып оқиға баяндалады. Оқиға желісі таң қаларлықтай қызықты етіп өріледі және тосын күтпеген жерден аяқталады. Гетенің «новелла адам естімеген әрі айырықша оқиға туралы шындыққа сай әңгіме» деуі өте орынды.
Батыс әдебиетінде Дж.Бокачо, Т.мериме, Г.Мопассан, орыс әдебиетінде Гоголь, А.Чехов – новеллалары – осы жанрдағы үздік туындылар. М.Ю.Лермонтов новелла үлгісіндегі жазылған. «Тамбов қазынашысы» деген поэмасының арқауы – атты әскер офицері қаладағы мекеменің қазына сақтайтын қызметшісімен карта ойнап, оның әйелін ұтып алғаны жайлы оқиға. Қазақ жазушыларынан бұл жанрда елеулі еңбек еткен Ғ.Мүсірепов, С.Ерубаевтан басталады. Ғ.Мүсіреповтың анна туралы новеллалары «Ашынған ана», «Ананың анасы», «Ананың арашасы», «Ақлима» төл әдебиетіміздегі осы жанрдың озық үлгілері санатында.
Поэма – эпикалық жанрдың орта, көлемді түрі / грек – туынды, шығарма деген мағынада/. Поэма – оқиғаны өлеңмен баяндап айтатын, кейде жыр – толғау түрінде келетін көлемді шығарма. Сюжет ті оқиға желісін ширақ өрістетіп, кейіпкерлердің іс-әрекетін бейнелеуге негізделеді, ал сюжетсіз поэмада лирикалық сарын басым болады, көлемі жағынан шағындау болады. Туу, даму тарихы тұрғысынан қарағанда поэманың әдебиетте қалыптасқан негізгі екі үлгісі бар. Оның біріншісі – түп негізі көне дүние әдебиетінде туып, жетілген гректердің халық эпосы «Илиада» мен «Одиссея» мен халықтардың ауыз әдебиетінде кеңінен орын алған дәстүрлі батырлар жыры, уақиғалы эпостық поэмалар. Мыс, «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Манас жыры» т.б. Екіншісі – жазба әдебиетте кездесетін, өлеңмен жазылған сюжетке құрылған көлемді шығармалар. Мәс, Абайдың «Ескендір», Мағжанның «Батыр Баян» атты т.б. поэмалары. Қазақ әдебиетінде поэма әбден қалыптасқан, Жан-жақты дамыған жанр.
Орта көлемді эпикалық түрге жататын повесть көһлемі мен мазмұны, құрылысы жағынан өзгеше жанр. Повесть (орыс. баяндау) – оқиғаны баяндап айтуға негізделетін қара сөзбен жазылған, көлемді шығарма, эпикалық жанрдың орташа түрі. Көлемі жағынан повесть кейде ұзақтау келіп, кішігірім романға жақындаса да, ол композициялық құрылысының жинақылығы, оқиға желісінің біркелкі өрістеп, байсалды түрде баяндалатынымен ерекшеленеді. Жалпы кез-келген әдеби туындылар секілді повеске де бір өлшеммен қарауға болмайды. Қазақ әдебиетіндегі М.Әуезовтың «Қараш-Қараш оқиғасы», «Қилы заман», Ғ.Мүсіреповтың «Кездеспей кеткен бір бейне» Ж.Аймауытовтың «Күнекейдің жазығы» Ш.Айтматовтың «Жәмилә», «Құс жолы» повестері – үздік көркем туындылар. Сондай-ақ аға буын жазушылармен бірге қазақ повесін С.Мұратбеков, С.Жүнісов, Ә.Кекілбаев, Ә.тарази, Қ.Жұмаділов, М.Мағауин, Д.Досжанов, О.Бөкеев, Д.Исабеков т.б. қаламгерлер дамытты.
Эпикалық жанрдың ең күрделі, жоғары түрі – роман. Роман (француз, неміс- орта ғасырларда латын тілінде емес, роман тілінде қарасөзбен жазылған шығармаларды атаған. Кейін келе-келе тілдің атауы ғана қалып, сюжетті кең көлемді, баяндауға құрылған шығармаларды роман деп атайтын болған. Роман – сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт, ол тірлік кешкен орта ауқымында, Жан-жақты мүсіндейтін, басқа прозалық жанрларға қарағанда ұзақ уақытта, байтақ кеңістікті қамтитын көлемді эпикалық шығарма.
Роман жанрының басталуы ежелден бері, сондай-ақ орта ғасырлардан өрбіген деп саналады. Оған дәлел антикалық дәуірдегі Апулейдің «Дафнис және Хлоя», Петорнидің «Сатирикон» және рыцарлық роман ретінде Эшенбахтың «Тристан мен Изольда» шығармаларында романның кейбір белгілері болғаны айтылады. Осындай туындылар кейінгі кезеңдегі роман жанрының табиғатына жақындайды.
Бірақ ежелгі дәуірдегі аталмыш шығармалардан романға лайық мазмұндық және формалық шарттарды толық табу қиын. Романның нақты көрінуі Қайта өрлеу дәуірінің соңғы кезеңінде байқалады.
Ол кезеңде роман жекелеген кейіпкерлер өмірін арқау еткен эпос секілді еді. Эпоста көсемдер, әскербасылар, ел басқарушылар туралы немесе басқа да тарихи және аңызға айналған қаһармандар туралы баяндалатын. Ал романда қарапайым адамдардың тағдыры, іс-әрекеті айтылады. Эпоста кей-кейде ойдан шығарылған оқиғаларға арнап қалам тартқан. Сондай-ақ эпос кең халықтық өмірді қамтысы, роман өз кезеңінің , өз уақытының нақты тарихи оқиғаларын сөз еткен. Эпоста көбіне батырлық характерлер берілсе, романда кәдімгі болған жайлар айтылып отырады.
Сөйтіп бұрынғы эпостар көлемді жанрлар немесе шағын комедиялық жанрлар болып келсе, енді орталық жанр – роман әдебиетте өз жаңалығымен пайда болады. Романның көркем табиғаты туралы Гегель және басқалар пікір айтқан.
Роман кейіпкері неізінен қоғам өмірімен байланыста алынады. Сөйтіп, ол кейіпкерлер арқылы жалпы қоғамдық-әлеуметтік өмірдің қыр-сырын, асипатын байқау қиын емес. Мәселен, Сервантестің, Бальзактың, Флобердің, Стендальдің, Диккенстің, Толстойдың, Тургеневтің т.б. романдарында кейіпкерлер арқылы заманның, қоғам өмірінің терең қатпарлары ашып көрсетіледі. Сондықтан да роман жаңа кезеңнің эпосы секілді. ХҮІІ ғасырдың соңына қрай психологиялық проза дамыды. Ал одан бұрын ХҮІ ғасырда мемуарлық әдебиеттің пайда болуы романның қалыптасуына едәуір әсер етті. Оларда жолсапар жағдайлары және басқа да өмірбаяндық оқиғаларға қатысты нәрселер баяндалып отырады. Айталық Д.Дефоның «Робинзон Крузосы» осының айғағы.
ХҮІІІ ғасырда роман екі бағытта: бірінші - әлеуметтік, тұрмыстық, екінші психологиялық бағытта көрінді. ХҮІІІ-ХІХ ғасырларды әдебиеттің романтикалық характері романға басқаша ықпал етті. Дегенмен сол кезде тарихи роман формасы жетіледі. Скотт, Гю№го, Гоголь романдары бұған дәлел. Сондай-ақ Х!Х ғасырда романның классикалық түрлері пайда бола бастады. Стендаль, Лермонтов, Бальзак, Диккенс, Тургенов, Мопассан жер жүзілік аренаға шықты.
Ал ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыс романдары – Толстой мен Достоевскиийдің туындылары әдеби творчествоға айырықша әсер етті. ХІХ ғасырды орыс әдебиетінің алтын ғасыры деп атаулының негізгі бір себебі осы роман жанрдың өркендеуіне, орыс өмірінің алуан күрделі проблемаларын тереңінен қамтып, үздік көркемдікке, реалистік шеберлікте танытқан Гончаров, Тургенов, Достаевский, Толстой т.б. романдарының әлемге кеңінен танылуына тікелей байланысты. В.Г.Белинский «Поэзияны тегі мен түрүріне қарай бөлу» атты еңбегінде романды «біздің заманымыздың эпопеясы» деп атайды. Міне осы кезденбері қарай роман жетекші жанрға айналып қана

8 дәріс. Көркемдік әдіс. Әдеби бағыт, ағымдар. Әдеби мектеп.


Көркемдік әдіс – белгілі бір дәуірде көптеген жазушылардың шығармаларында қолданылатын, өмір шындығын суреттеу ерекшелігі, сонны айқындайтын негізгі принциптер. Әдебиеттте, сондай-ақ көркемөнердің басқа салаларында бір бағыттағы жазушылардың, өнер қайраткерлерінің творчествосы идеялық нысанасы жағынан да ұқсас, жақын келетінін байқаймыз. Бір заманда өмір сүріп, бір қоғамдық ортада қызмет еткен көптеген жазушылардың көркемдік әдісінде ортақ-сипат белгілер аз емес екенін олардың тақырып таңдау, белгілі жанрлық түрлерді қолдану, адамның бейнесінсуреттеу өзгешеліктерінен анық көруге болады. Мұндай өзгеше сипат-белгілерді көбінесе белгілі әдеби бағыт, әдеби ағым аясында қарайды. Ал көркемдік әдіс одан әлдеқайда кең мағынада алынып, жазушының өмірді бейнелеуде нақтылы болған яки болатын жағдайларды, өмір құбылыстарын тірек етуі немесе өмірдің өзі қандай болуы қажет деген өз ой-түсінігіне сүйенуі – осы екеуінің қайсысына көбірек мән беретініне сәйкес сипатталады. Бұл пікір алғаш Аристотельден бастап орнығып, кейін Белинский оны соңғы дәуірлердегі әдебиет тарихына сүйене отырып дәлелдеді. Көркем әдебиет пен өнердің бүкіл даму тарихында әр дәуірде әр түрлі нақтылы сипат алып, үнемі бой көрсетіп келе жатқан негізгі екі көркемдік әдіс – романтизм мене реализм деуге болады. Әрине, өмір құбылыстарын осы айтылған екі тұрғыдан қарап түсіну, бейнелеу бір-біріне түгелдей қарама-қайшы нәрсе, олардың арасында ешбір байланыс, жалғастық жоқ деп санау қате болар еді. Оның бірі бар жерде, аз ба көп пе, екіншісі жалғаса жүреді. Бірақ қай жағы басым болса, негізгі сипаты соған сәйкес анықталады. Ал басқа көптеген әдеби ағым-бағыттар қалайда осы екі негізгі әдісті ңбіреуін тірек етеді немесе оларды басқа бір қырынан толықтыруға, кейде, тіпті, солармен жарыса басқа бір жанама тәсілдер табуға тырысады.


Романтизм – ХҮІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында пайда болған. (роман деген сөзден шыққан, яғни түпкі мағынасы өмірді кітаптағыдай, ой-қиялмен ұштастырып суреттеу) - әдебиеттегі, көркем өнердегі өмірдің жарқын, жағымды жақтарын көбірек алып, көтере суреттейтін көркемдік әдіс. Романтизмнің өзіне тән ерекшеліктері көп: суреттеулер шындық қиялға негізделеді, қияли шындықтың өзі осы шақтыкі емес, не өткен, не келер шақтікі; шығарманың идеялық-көркемдік арқауында асқақ арман, көтеріңкі пафос жатады; автордың тілі де тым бояулы, мейлінше лепті, оқыс әсерлі келеді.
Орыс әдебиетінде және дүние жүзі әдебиетінде, көркем өнердің әр түрлі салаларында соңғы ғасырларда мол тараған әдіс – романтизм орыстың декабрист ақындардың (К.Ф.Рылеев, В.К.Кюхелбекер, А.И.Одоевский т.б. творчествасында орын алса, екінші жағынан, Н.В.Жуковский секілді ақындардың шығармашылығынан мол көрінеді. Алдыңғы топтағы жазушылардың творчествосында романтизмнің озат сипат-белгілері қалыптасты. Ал Жуковскиийдің шығармаларынан романтизмнің осал жақтары да анық сезіледі. Романтизмге тән басты ерекшелік айналадағы өмірге сын көзімен қарау, шарқ ұрып іздену, қиялға берілу болса, революционре жазушылар творчествосында ол жаңашылдықпен, алға ұмтылуымен ұштасты. Ал енді болашақққа үміт артпай, алға ұмтылумен. Ал енді болашаққа үміт артпай, артқа қарайлаудан романтизмнің осал, кемшіл жақтары байқалады. Романтизмнің озат, өршіл қасиеттері Лермонтов поэзиясынан, Пушкиннің алғашқы кездегі өлең дастандарынан айқын аңғарылады. Бұл көркем әдістің ұтымды, өнімді жақтарын А.М.Горкий өз шығармаларында жаңа сипат- белгілерімен толықтырып қолдана білді. Қазақ әдебиетінде асқақ роматикалық толғаудың ақыны Махамбетті, Мағжан поэзиясындағы роматикалық сарынды айтуға болады.
Роматизм түгел алғанда әдебииетке жаңа тақырып, жаңа кейіпкерлер әкелді, сөз өнерін көптеген көркемдік ерекшеліктерімен байытты. Азаматтық лирикалық, тақырыптық, идеялық ауқымын кеңецтіп, романтикалық поэманың озық үлгілерін туғызды. Романтизмнің құнды, ұтымды жақтары оған ілесе өркендеген реализмге үлкен тірек болды. Алайда романтизмді реалистік әдіске қарсы қойып, оған алыс-жақындығы тұрғысынан қарап бағалау дұрыс болмас еді. Романтизмнің бағалы жақтары, өзіндік артықшылықтары да, сонымен бірге осалдығы өз табиғатынан туындайды. Романтизм мен реализмді екі түрлі көркемдік әдіс деп қарасақ, олар бірін- бірі толықтырып, біріне –бірі нәр Бере алатынын есте сақтаған жөн. Қазақ әдебиетінде романтикалық сарын мысалды М.Жұмабаевтың (Батыр баян) шығармасында көрініс тауып, өте әдемі, өте әсерлі болып шыққан.
Реализм (латынша realis – заттылық, шындық)-әдебиет пен өнердегі кең қанат жайған өмір құбылыстарын бар қалпында, нақтылық сипат-белгілерін сақтай отырып, жинақтап, тұжырымдап, шыншылдықпен бейнелеуді мақсат ететін көркемдік әдіс. Реализм әдісі суреткерден өмір құбылыстарын, маңызды қоғамды мәелерлерді, күнделікті тұрмыстағы сан-алуан жайларды мейлінше кең қамтып, әлеуметтік өмірдің қайшылықтарын терең ашып көрсетуді, қарапайым адамдардың бейнесін сипаттауға жете назар аударуды талап етеді. Егер романтизм әдісі көбінесе сирек кездесетін ерекше жағдайларға көңіл аударса, реализм айналадағы нақтылы өмір құбылыстарын толық көрсету қажеттігін мойындайды. Реалистік принцип жаңа дәуір әдебиеті мен көркем өнерде жаңа еш сипатқа ие болып, әдебиеттің халықтық демократияшылдық принциптерімен жалғастық тапты. Реализм өмірде болатын, үнемі кездесетін нақтылы жай-жағдайларды, адамның іс-әрекеттерін бейнелеуді басты міндет санайды дегенде, әрине, мұны оған алға ұмтылушылық, алыс арманға, асқақ қиялға бойұрушылық мүлде жат деп түсіну дұрыс болмайды. Мысалы, Махамбет поэзиясын алсақ, онда романтикалық асқақ арман, алға ұмтылу, күрескерлік әуен қандай күшті болса, реалистік нақтылық, қоғамдық өмірдің, қайшылығын ашып көрсетер шыншылдық та соншалық айқын.
Реалистік әдістің негізгі өзгешелігі өмірдегі типтік жағдайларды кеңінен қамьып, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де, жинақталған көптеген құбылыстарға ортақ сипаттарында нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежедегі көркем образдар, бейне-тұлғалар жасау дейміз.
Реалистік әдіс орыс әдебиетінде Пушкин творчествосы арқылы биік дәрежеге көтерлілді. Пушкиннің «Евгений Онегин», «Капитан қызы» романдары, көптеген лирикалық өлеңдері осы әдістің орыс әдебиетінде берік орын алуына мүмкіндік туғызды. Реализм әдісі одан әрі М.А.Гончаров, И.С.Тургенев, Л.Толстой, А.П.Чехов шығармаларында кеңінен өріс алды. Қазақ әдебиетінде реализм әдісі Абай поэзиясында жоғары сатыға көтерілді. Абайға жалғас шыққан қазақ әдебиетінің ірі өкілдері Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов т.б. реализм әдісін өркендетіп, дамыта түсті.
Реализмнің тууы, қалыптасуы және дамуы туралы пікірлер де әр алуан: біреулер бағыт ретінде ХVІІІ ғасырда туды десе, біреулер ағын ретінде ХІХ ғасырда қалыптасты деседі. Ал әдіс ретінде дамуын қадағалаушылар оны ғасырлар тереңіне әкетіп, бір-біріне тұтасқан түр-түрге бөледі. Көне дүние (антика) реализмі, ояну дәуірінің реализмі, Ағарту кезінің реализмі, Қайта өрлеу кезеңінің реализмі, Сыншыл реализм, Социалистік реализм.
Сыншыл реализм- әдебиеттегі көркем әдіс, оның басты ерекшелігі - өмірді шыншылдықпен бейнелеп, адамдардың тағдырын, олардың типтік мінез-бітімін, характерін типтік жағдайда көрсете отырып, қоғамдық өмірдегі қайшылықтарды, кемшіліктерді қатты сынға алу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет