1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж. 2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,269 бет 1. Ұғым дегеніміз не?
2. Деректанудың өзекті категориясы не болып табылады?
3. Деректерді жіктегенде неге сыныптау деп қарастырамыз?
№28 дәріс Тақырыбы: Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихының деректері Дәрістің мазмұны: Қазақ ғалымдары мен зерттеушілерінің еңбектерінде деректанушылық ой әр түрлі дәрежеде кеңес өкіметінің кезінде де көрініс тапты. Әрине, әкімшілік партиялық билікке негізделген, тоталитарлық жүйе кезінде қалыптасқан саяси жағдай тарих ғылымының, оның ішінде деректану ғылымының да дамуына кері әсер еткендігі белгілі. Күні бүгінге дейін халқымыздың іргелі төл тарихының өз дәрежесінде жазылмауы, елімізде деректану ғылымының қалыптасып, жұмыс істей алмауымен тікелей байланысты.
Қазақтардың жаңа тарихының кезеңі Ресей мен Батыс Еуропа, Шығыс Қытай және мұсылман деректемелерімен қатар дәстүрлі қазақ деректемелері – шежіренің өзінде баяндалған. Қазақ шежірелерінің материалдары деректеметанушылық талдау жасаған кезде құнды тарихи мәліметтер болып табылады. Алайда қазақ шежірелеріне ұзақ уақыт бойы тиісінше ғылыми-зерттеушілік көңіл бөлінбей, тарих ғылымының деректемелік ізденістері шеңберінен тыс қалып келді, өйткені бел алып тұрған тоталитарлық жүйе мен идеологиялық цензура ұлттық тарихи деректемелерді пайдалануға тыйым салды. Кеңестік тарихнама мен деректеметанудың қазақтардың тарихи деректемелері ұмыт қалдырылған кездегі кемшілігі де осыдан шығады. Тарихшылар үшін деректемелердің бұл санатын ғылыми проблемалар шеңберіне енгізу қауіпсіз де болған жоқ, өйткені ғалымдарды (мысалы, Е. Бекмахановты, Ә. Марғұланды) тікелей қудалау жәйттері де болды, олар кеінгі тарихшыларды қазақтардың тарихи деректемелерін ғылыми талдау мен зерттеу проблемасын орағытып өтуге мәжбүр етті.
1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж. 2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,269 бет 1. «Қасым ханның қасқа жолына» қандай ережелер енді?
2. «Есім ханның ескі жолына» қандай қосымшалар қосылды?
3. «Жеті жарғы» сол кездегі қазақ қоғамын жан-жақты сипаттай алған заң болды деп бағалауға бола ма?
№29 дәріс