А. А. Какимова Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер


Студенттерге қойылатын талаптар



бет3/4
Дата18.03.2017
өлшемі0,53 Mb.
#11792
1   2   3   4

Студенттерге қойылатын талаптар:

Студент білуі тиіс:

  • қоғамның әлеуметтік құрылымын ажырата білу;

  • тәжірибелік сабақтар кезінде жұмыс тәжірибесін қалыптастыратын әлеуметтік технологияларды үйрену;

  • өзі жеке әлеуметтік бағдарламалар жазу және қорғау;

  • басқа елдер қоғамдары әлеуметтік құрылымын білу;

  • қазақстан қоғамы әлеуметтік құрылымын толық талдай білу;

  • басқа елдер әлеуметтік құрылымы ерекшеліктерін Қазақстанда пайдалану жолдарын сараптай білу.

Сабаққа қатысу:

Сабаққа міндетті түрде қатысу керек. Босатылған сабақтар оқу-әдістемелік кешенде көрсетілген сабақтың толық көлемінде қосымша жұмыспен өтеді.



Аудиториядағы тәртіп :

Сабақ уақытында төмендегі іс-әрекеттерге рұқсат етілмейді:



  1. Ұялы телефонмен сөйлесуге;

  2. Сабақтан сұрануға;

  3. Бос әңгіме құруға;

  4. Басқа біреуге кедергі келтіріп, тапсырманы автоматты көшіруге.

Сабақ уақытында студенттің төмендегі іс-әрекеті есепке алынады:

1.Өз пікірін дәлелдесе;

2.Сабаққа белсенді қатысса;

3.Берілген тапсырманы уақытынан бұрын орындаса.



1.8 Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары.

1.8.1 1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

1. «Қоғамның әлеуметтік құрылымы» пәнінің зерттеу заты, объектісі және категориялары.



  1. Әлеуметтік топтар қоғамның әлеуметтік құрылымының элементі.

  2. Әлеуметтік құрылымды зерттеудің марксистік тұжырымдамасы

  3. Макс Вебердің әлеуметтік құрылым теориясы

  4. П.Сорокиннің әлеуметтік мобилділік және әлеуметтік құрылым теориясы

  5. Әлеуметтік стратификацияның қазіргі заманғы әлеуметтік теориялары

  6. Социологиядағы «әлеуметтік мобилділік» ұғымы

1.8.2 8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

1. Батыс социологиясы әлеуметтік мобилділік туралы. Ресей және Қазақстан социологиясындағы әлеуметтік мобилділік теориясы.



  1. Әлеуметтік-демографиялық құрылымды әлеуметтік стратификацияның бөлігі ретінде қарастыру.

  2. Халықтың этникалық құрылымы әлеуметтік құрылымның элементі ретінде.

  3. Қоғамның кәсіптік құрылымы

  4. Қоғамның позитивтік емес құрылымы

  5. ТМД-дағы жоғары немесе бай тап.

  6. ТМД-дағы орта таптың қалыптасуы

8. ТМД-дағы кедей таптың қалыптасуы
1.8.3 Емтиханға дайындық сұрақтары.

1. «Әлеуметтік құрылым социологиясы» социологиялық білімнің саласы ретінде.

2. Пән құрылымы және социогуманитарлық пәндермен байланысы. Пәннің міндеті мен мақсаты.

3. Әлеуметтік құрылымның даму динамикасын зерттеу әдістері.

4. Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация: олардың ұқсастықтары мен ерекшеліктері.

5. Қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеудің әдістемелік мәселелері.

6. Қоғам құрылымы, оның табиғи және әлеуметтік жіктелуі.

7. Әлеуметтік топтар және олардың қалыптасу үрдістері. Таптар, әлеуметтік страталар, қабаттар және топтар.



  1. К.Маркс буржуазиялық қоғамның таптық-әлеуметтік құрылымы туралы.

  2. К.Маркстің әлеуметтік стратификация, таптық күрес жайлы көзқарастары.

10. Буржуазиялық қоғамның негізгі, басты таптары. Пролетариаттық тап күресінің түпкі мақсаты.

11. М.Вебердің таптар мен таптық күресті мойындауы. М. Веберше таптар мен оның белгілері.

12. М.Веберше страталар әлеуметтік құрылымның элементі ретінде.

13. Мәртебе, даңқ, партиялылық страталарға бөлудің белгілері ретінде.

14. М.Веберше үш тап: меншігі барлар табы, кедей және орта тап.

15. Орта тап баюды көздеуші, өз өмір сүруін меншіктің, кәсіптік білімнің арқасында қамтамасыз етуші әлеуметтік қабат ретінде.

16. П.Сорокиннің қоғамның жіктелуі туралы.

17. Қоғамның жіктелуінің түрлерін көрсету: экономикалық, кәсіптік, саяси.

18. П.Сорокиннің әлеуметтік стратификация ұғымына анықтама беруі.

19. Батыс социологиясындағы әлеуметтік стратификацияның негізгі теорияларын топтастыру.

20. Батыс социологтарының көрсетуі бойынша дамыған елдердің әлеуметтік құрылымы.

21. Қазіргі заманғы Батыс социологтарының еңбектеріндегі стратификацияның негізгі белгілері /Т. Парсонс, Э. Гидденс, С. Липсет, Р. Ротмен және т.б./.

22. Әлеуметтік –экономикалық индекс қоғамның топтарға қысым көрсетуінің өлшемі ретінде.

23. Әлеуметтік мобилділіктің кең және тар мағынасы.

24. Әлеуметтік мобилділіктің мәні, оның механизмдері және түрлері мен нысаны.

25. Әлеуметтік мобилділіктің түрлерін топтастыру. Мобилділікті орын ауыстыру ретінде қарастыру.

26. Әлеуметтік мобилділік туралы Б. Барбердің, Д. Миллердің, С. Липсептің теориялары. 27. Ресейде әлеуметтік мобилділік теориясының дамуы.

28. Қазақстандағы әлеуметтік мобилділік теориясының дамуы. М.С. Аженов, М.С. Садырова және т.б.

29. П. Сорокиннің әлеуметтік мобилділіктің түрлерін топтастыруы.

30. Әлеуметтік мобилділік нанымдары.

31. Әлеуметтік мобилділіктің функционалдық, құрылымдық, мәдени тұжырымдары.

32. Әлеуметтік мобилділіктің даралықтардың функционалдың орын ауыстыруы ретінде, үрдіс ретінде, мамандықтарды жіктеудің нәтижесі ретінде зерттелуі.

33. Мобилділікті қозғалыс ретінде қарастыру. Н.А. Аитов, О.И. Шкаратан, Т.И. Заславская теориялары.

34. Тұрғындарды жынысына, жасына байланысты бөлу.

35. Әлемнің түрлі елдеріндегі демографиялық жағдайға мемлекеттің араласуы.

36. Демографиялық үрдістерді басқару мүмкіндіктері.

37. Демографиялық мобилділік - әлеуметтік мобилділіктің түрі.

38. «Этнос», «халық», «ұлт» және өзге әлеуметтік-этникалық категориялар және олардың мағынасы.

39. Этникалық құрылым әлеуметтік құрылымның бір бөлігі ретінде.

40. Этникалық құрылымның өзге әлеуметтік элементтермен, соның ішінде таптыұ, әлеуметтік-топтың құрылымдармен өзара әрекеті.

41. Қазақстанның көпұлттық құрылымы.

42. Адамдардың кәсібі бойынша бөлінуі кәсіптік стратификацияның бір түрі ретінде.

43. Қазақстанның кәсіптік құрылымындағы ерекшеліктер.

44. Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен кәсіптік құрылымы арасындағы өзара әрекет.

45. Халықтың моралдық тұрғыдан төмендеп, азғындап кеткен топтары –жезөкшелер, маскүнемдер, нашақорлар, бомждар, ұрылар мен тонаушылар.

46. Халықтың өте кедей бөлігі: мүгедектер, көпбалалы аналар, жалғыз басты аналар, баспанасыздар.

47. Қылмыстық топтар. Қылмыстық апатының және қылымыстық топтардың әлеуметтік табиғатының өзгеруі.

48. Ұйымдасқан қылмыс және оның түрлері.

49. Жоғары таптың құрылымы және саяси-әлеуметтік, экономикалық компоненттері.

50. Мемлекеттік және мемлекеттік емес бюрократияның билеуші тобы.

51. Бай бизнесмендер, банкирлер, кәсіпкерлер, кәсіпорын басшылары, фирма иелері, акционерлер, жоғары табыс табуға мүмкіндігі барлар.

52. Орта таптық экономикалық және әлеуметтік портреті.

53. Орта таптың қалыптасу шарттары: экономикалық/нарықтық/, саяси /саяси реформалар/, әлеуметтік /өмір сүру деңгейі/.

54. Орта таптың қалыптасуында экономикалық дағдарыс басты кедергі ретінде. Орта таптың психологиясы мен идеологиясы.

55. Кедей тап құрылымының мәні.

56. Қазақстандағы кедейлік деңгейі.

57. Кедейлік әлеуметтік құбылыс ретінде.

58. Кедейлік пен күресудің мемлекеттік бағдарламасының керектігі.

1.9 Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары (реферат, баяндама, курстық жұмыс т.б.)

1. Қоғамды жүйе ретінде философиялық-социологиялық тұрғыдан түсіндіру.

2. Әлеуметтік құрылым қоғамның элементі ретінде «жүйе», «элемент», «құрылым» ұғымдарының арақатынасы.

3. Әлеуметтік таптық құрылымдардың тарихи типтері.

4. Әлеуметтік таптық құрылымның өзгеруінің негізгі себептері.

5. Қоғамның страталарға бөлінуінің белгілері.

6. Әлеуметтік қабат және оны зерттеу ерекшеліктері.

7. Қазақстан қоғамының өзгеруі жағдайындағы әлеуметтік топтардың типологиясы.

8. А.Смитт, Д. Рикардо жаңа буржуазиялық қоғамның таптары және таптық күрес жайлы. 9. Антогогистік қоғамдағы негізгі емес топтар.

10. Марксизм таптарды және әлеуметтік теңсіздікті жою туралы.

11. Қоғамның әлеуметтік-таптық құрылымына кеңестік марксистердің көзқарасы.

12. Әлеуметтік стратификацияның негізгі белгілері.

13. П.Сорокиннің әлеуметтік топтардың маңыздылығының өлшемдеріне баға беруі.

14. Топтардың қарапайым, кумулятивтік, күрделі конглемераттық, ашық және жабық түрлері.

15. П.Сорокиннің тапқа кәсібі жағынан, меншіктік жағдайы, құқықтарының көлемі бойынша ұқсас тұлғалар жиынтығы ретіндегі анықтамасы.

16. П. Сорокиннің тұлғаның, даралықтың, топтың мәртебесіне анықтама беруі. Жоғары, орта, төмен мәртебелер.

17. Көш-қон мобилділіктің түрі ретінде.

18. Нақты және потенциалдық мобилділікті үйлестіру мәселесі.

19. Әлеуметтік мобилділікке сипаттама беру: жылдамдығы, қарқындылығы. Қадамдары, аралықтары, мобилділіктің жиынтық индексі.

20. Экономикалық дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізген Еуропа елдеріндегі демографиялық жағдай.

21. Орталық Азия мен Қазақстандағы демографиялық жағдай.

22. Демографиялық дағдарыс, құлдырау, демографиялық жарылыс адамзат дамуының қалыпты жағдайынан ауытқу ретінде.

23. Жастар мен әйелдер әлеуметтік-демографиялық портреті.

24. Этностар арасындағы қарым-қатынастарды басқару мәселелері.

25. Тіл мәселелері.

26. Ұлтаралық жанжал, оның себептері мен алдын-алу жолдары.

27. Түрлі этностарды бір мемлекеттің аясына біріктіруші құндылықтар.

28. Унитарлы мемлекеттегі экономикалық жағдай және оның ұлтаралық қарым-қатынастарға ықпалы.

29. Әлеуметтік топтардың кәсіптік мүдделерінің екінші бір әлеуметтік топтардың көзқарастарымен сәйкес келуі не сәкес келмеуі.

30. Беделді, беделі төмен, беделі жоқ мамандықтар және олардың елдің әлеуметтік, техникалық, экономикалық дамуына тәуелділігі.

31. Кәсіптік мобилділік - әлеуметтік мобилділіктің бір түрі.

32. Сыбайлас жемқорлық пен парақорлық.

33. Қылмыстық қатыгез түрлерінің көбеюі.

34. Қылмыспен мақсаттытүрде күресу механизмдері.

35. Байлардың табыс жинау көздері.

36. Экономикалық және қаржылық дағдарыс жағдайындағы баю мүмкіндігі.

37. Дамыған елдердегі орта таптың сипаттамасы.

38. Дамушы елдердегі орта тап.

39. Посткеңестік қоғамда орта тапты қалыптастыру алғышарттары.

40. Орта тап және әлеуметтік-саяси тұрақтылық.

41. Қазақстанда орта таптың қалыптасуы мен құрылуының ерекшеліктері.

42. Бүгінгі Қазақстанда орта тапты дамыту алғышарттары.

43. Кедей таптағы страталар.

44. Жұмыссыздық экономикалық және әлеуметтік құбылыс ретінде.

45. Қазақстанда жұмыссыздық деңгейінің өсуінің себептері.

46. Жұмыссыздықты төмендетудің мүкін шарттары.

47. Көп балалы отбасылар кедей топ ретінде.

48. Ауылдағы кедейліктің ерекшеліктері.


2. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ

Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы

Кафедра: Саясаттану және әлеуметтану

Оқытушы: Шайхиев Т. Т.

Пән: Қоғамның әлеуметтік құрылымы

Кредит саны: 3







Әдебиет атауы


Барлығы


Ескерту


кітапханада


кафедрада


Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі


1

2

3

4

5

6

7

1

Смелзер Н. Социология М., 1994 г

бар

жоқ

10%

жоқ

Тапсырыс берілді

2

Аитов Н.А. Основы социологии. А., 1997 г.

бар

жоқ

70-80%

жоқ




3

Социология. Словарь-справочник . Том 1-4. Под ред. Осипова Г. М., 1990-1991 г.г.

бар

жоқ

70-80%

жоқ




4

Казаринова Н.В. и др. Социология. М., 2002 г.

бар

жоқ

20-30%

жоқ




5

Харчева В. Основы социологии М., 2000 г.

бар

жоқ

20-30%

жоқ




6

Тощенко Н.Т. Социология. Общий курс. М., 2000 г.

бар

жоқ

40-50%

жоқ




7

Радугин А.А. Социология . Курс лекций. М., 1995 г

бар

жоқ

60-70%

жоқ




8

Социологический словарь Минск., 1991 г

бар

жоқ

20-30%

жоқ




9

Аитов Н.А. Социальная структура населения стран СНГ Уфа, 1995 г

бар

бар

20-30%

жоқ




10

Шынтемірова Б., Шайхиев Т. Әлеуметтану. Орал 2005

бар

бар

100%

бар




11

Социология. Ред.басқ. Тұрғынбаев Ә.Х. Алматы, 2001 ж.

бар

бар

100%

жоқ




12

Современная западная социология М., 1990 г

бар

жоқ

20-30%

жоқ




13

Краткий словарь по социологии М., 1989 г

бар

жоқ

60-70%

жоқ




14

Аженов М.С., Бейсенбаев Д. Социальная стратификация в РК Алматы, 1997 г

бар

жоқ

20-30%

жоқ




15

Оксфорд сөздігі. Әлеуметтану. Ред-ған Годон Маршалл. Алматы, Қазақстан-2002 ж

бар

жоқ

60-70%

жоқ




16

Основы социологии. Отв. Ред. Эфендиева А.Г. М., 1994 г.

бар

жоқ

70-80%

жоқ




17

Кравченко А.И. Основы социологии. М., 2000 г

бар

жоқ

70-80%

жоқ






3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ.

3.1 Үй тапсырмасы:

Үй жұмысының орындалуы міндетті және оқытушы белгіленген уақытта тапсырылуы тиіс. Уақытында тапсырылмаған үй жұмысы қабылданбайды. Сіздің өте жақсы орындаған бес үй жұмысыңыздан Сіздің жалпы бағаңызға әсер ететін баға шығарылады.



3.2 Жеке семестрлік тапсырмалар:

Жеке семестрлік тапсырмалар міндетті орындалуы тиіс. Семестрлік жұмыстар дұрыс орындалғанда, студент ол жұмысты қорғауы тиіс. Жұмыста қателер табылған жағдайда, ол студентке қайта қарауға қайтарылады. Тапсырмалардың әрқайсысы бөлек бағаланып, қорытынды бағаға әсерін тигізеді.



3.3 Өзіндік жұмыс:

Сабақта орындалып, сабақ соңында тапсырылады. Сабақтан соң қабылданбайды және бағаланбайды.



3.4 Коллоквиум:

Коллоквиум топқа жеке қойылған кесте бойынша тапсырылады. Қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

Семестр кезінде 7- ші және 15 аптада 2 аралық бақылау өткізіледі.

3.6 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі:




Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Реферат

Тақырып бойынша негізгі баяндама

Семинар тақырыбына байланысты

3 апта

5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Реферат және баяндама

2

Оппонент болуы

Баяндама жасау

Семинар тақырыбына байланысты

4 апта

5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Семинарда жауап беруі

3

ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау

(барлығы 12 тапсырма)



Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру

Семинар тақырыбына байланысты

ОЖСӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде


Тақырып бойынша

1 – 4% дейін (аралық бақылау түрі ретінде)



Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру

4

Жазба жұмыс түрінде аралық бақылау

Ойлау қабылетін тексеру

Бірінші жұмыс 1 – 4 тақырыптарға байланысты

Екінші жұмыс 5 – 11 тақырыптарға байланысты



№4 семинар

№10 семинар



Тапсырмалар саны бойынша әрбір жұмыс 8% бағаланады

Жазба жұмысын тексеру

5

Емтихан

Білімді кешенді тексеру







Тест





4. ГЛОССАРИЙ

1. Әлеуметтану – қоғам мен ондағы әлеуметтік қатынастарды ғылыми сұрыптау, адамдарды ұйымдастыру нысандары, әлеуметтік топтар мен әлеуметтік өзгерістер туралы ғылым.

2. Психологиялық дефинициялар – жеке даралық және топтық сана-сезімге негізделген адамдар мінез-құлқын анықтайтын түсініктер.

3. Әлеуметтік құрылым - әлеуметтік институттар, әлеуметтік ролдер мен мәртебелер жиынтығы.

4. Әлеуметтік институт – қоғамдағы белгілі бір фундаменталды тұтынысты қанағаттандыру үшін осыған сәйкесті әлеуметтік функцияны іске асырудың стандартталған формасы.

5. Әлеуметтік рол – жеке адамның қоғамдық құрылымда атқаратын қызметі.

6. Әлеуметтік мәртебе – жеке адамның қоғамдық құрылымдағы әлеуметтік жағдайы. Кейбір мәртебелер оған туғаннан тән, мысалы ұлты. Кейбір мәртебелер әлеуметтендіру (оқуы, тәжірибе жинақтауы) арқасында алынады, мысалы банк президенті.

7. Әлеуметтік топтар – бір деңгейдегі әлеуметтік жағдайдағы адамдар топтары.

8. Кішкене әлеуметтік топтар – жеке таныстық не мүддемен біріккен топтар, мысалы оқу тобы не достар компаниясы.

9. Үлкен әлеуметтік топтар - әртүрлі әлеуметтік негіздерде бірігеді, мысалы жас мөлшеріне орай (қарттар, жастар); ұлтына орай (қазақтар, орыстар); кәсібіне орай (инженер, оқытушы); экономикалық (акционер, рантье); діни (мұсылман, христиан); саяси (либерал, консерватор, демократ).

10. Әлеуметтендіру – бұл даралықтың мәдени нормалар мен әлеуметтік ролдерді игеруі. Әлеуметтендіру үрдісі өмірге келген кезінен бастап қартайғанша созылады.

11. Әлеуметтік бақылаушы – нормалар мен ролдерді даралықтың дұрыс игеруін бақылап отырады. Ол жан-жақты: үйде ата-ана бақыласа, мектепте – мұғалім, көшеде – тәртіп сақшысы, жұмыста - әкімшілік, күнделікті өмірде – мемлекет бақылап отырады. Бақылау механизмдерінің дәлдігі – қоғамның тұрақтылығы мен көркеюінің кепілі болып табылады.

12. Әлеуметтік стратификация – қоғамдағы әрбір әлеуметтік рол немесе мәртебе бір-бірімен құқықтар мен міндеттер арқылы байланысқан әлеуметтік теңсіздік. Әлеуметтік теңсіздіктің мұрагерлік арқылы берілетін және қоғамдық қатынастар арқылы берілетін түрлері болады.

13. Жеке адам - әлеуметтік өмірдің саналы және жауапты объектісі.

14. Әлеуметтік прогресс – адамзат қоғамының жабайылық жағдайдан өркениет шыңына шығу жолындағы ғаламдық үрдіс.

15. Әлеуметтік реформа - әлеуметтік өмірдің белгілі бір аймақтарын бөліктеп дамыту, өмір сүріп тұрған әлеуметтік құрылыстың негізіне тиіспей-ақ бірқатар өзгерістер енгізу.

16. Нуклеарлық отбасы – бұл ата-ана мен олардың балаларынан тұратын отбасы.

17. Зайыптық отбасы – бұл тек ерлі-зайыптылардан тұратын отбасы.

18. Кеңейген отбасы – бұл үй иелерінің әке- шешесі, апа-ағасы, іні-қарындасы, ата-әжесі, үйленген балалары қосылған отбасы.

19. Отбасын жоспарлау орталықтары – барлық елдерде құрылған, жас жұбайларға отбасылық проблемаларды шешуге көмектесетін орталықтар.

20. Жеке адам - әлеуметтік өмірдің саналы және жауапты объектісі.

21. Әлеуметтік прогресс – адамзат қоғамының жабайылық жағдайдан өркениет шыңына шығу жолындағы ғаламдық үрдіс.

22. Әлеуметтік реформа - әлеуметтік өмірдің белгілі бір аймақтарын бөліктеп дамыту, өмір сүріп тұрған әлеуметтік құрылыстың негізіне тиіспей-ақ бірқатар өзгерістер енгізу.

23. Мәнер – қоршаған адамдардың не оң, не теріс бағасына ие болатын адам мінез-құлқының сыртқы нысаны.

24. Этикет – ерекше бір әлеуметтік шеңберде қабылданған мінез-құлық ережелерінің жүйесі.

25. Құлық – сол қоғамда бар және адамгершілік бағаға ие мінез-құлық нысандары.

26. Әлеуметтік құндылықтар – барлық адамдар үшін үлгі, эталон болып табылатын ең көрнекі әлеуметтік ережелер.

27. Әлеуметтік моделдеу – белгілі бір мінез-құлық түрін қайталау.

28. Жас мәртебесі – адамның өз жасына сай қоғамда алатын орны.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет