А. А. Какимова «Есеп және қаржы»


Емтиханға дайындық сұрақтары



бет6/6
Дата10.06.2017
өлшемі1,02 Mb.
#18617
1   2   3   4   5   6

11.4. Емтиханға дайындық сұрақтары:


  1. Кірістер, бюджет кірістерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, мемлекеттік қарыздар бұлар не болып табылады.

  1. бюджеттің түсімдері

  2. бюджет шығыстары

  3. бюджет құрылымы

  4. бюджетфункциялары

  5. барлық жауап дұрыс




  1. Бюджеттің шығыстарына нені жатқызамыз

    1. шығындар, бюджет кредиттері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу.

    2. кірістер, шығындар, мемлекеттік қарыздар

    3. шығындар, бюджет кредиттерін өтеу

    4. В және С варианттары дұрыс

    5. кірістер, бюджет кредиттерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетінтүсімдер, мемлекеттік қарыздар




  1. Бюджет құрылымына қандай бөлімдерді жатқызамыз

  1. кірістер, шығындар, операциялық сальдо, бюджет тапшылығы

  2. шығындар, бюджеттік сыныптама, бюджет функциялары

  3. кірістер, шығындар, орта мерзімді фискалдық саясат

  4. салықтық түсімдер, салықтық емес түсімдер, ресми трансферттер

  5. барлық жауап дұрыс




  1. Бюджет кірістеріне нені жатқызамыз

  1. салықтық түсімдер, салықтық емес түсімдер, ресми трансферттер, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

  2. бюджеттік кредиттер, бюджеттік кредиттерді өтеу

  3. қарыздар түсімі, қарыздарды өтеу

  4. бюджеттік кредиттер, салықтық түсімдер, ресми трансферттер

  5. операциялық сальдо, бюджеттік кредиттерді өтеу, салықтық түсімдер, қарыздар түсімі




  1. Таза бюджеттік кредит беруге нені жатқызамыз

  1. бюджеттік кредиттер, бюджеттік кредиттерді өтеу

  2. қарыздар түсімі, қарыздарды өтеу

  3. салықтық түсімдер, салықтық емес түсімдер,

  4. кірістер мен шығыстар

  5. барлық жауап дұрыс




  1. Қаржы активтерін сатып алу, мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді қандай бюджет құрылымына жатқызамыз

  1. қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо

  2. кірістер

  3. шығыстар

  4. бюджет тапшылығын қаржыландыру

  5. таза бюджеттік кредит беру




  1. Бюджеттің тапшылығын қаржыландыру неден тұрады

  1. қарыздар түсімі , қарыздарды өтеу, бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы

  2. қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо

  3. кірістер мен шығыстар

  4. салықтық түсімдер, салықтық емес түсімдер, ресми трансферттер

  5. бюджеттік кредиттер, бюджеттік кредиттерді өтеу




  1. Бюджет кірістері дегеніміз

  1. салық және басқа да міндетті төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатуға байланысты емес, Бюджеттік Кодекске және ҚР-ның басқа да заң актілеріне сәйкес бюджетке есептелуге тиісті ақша

  2. ҚР-ның Салық Кодексінде белгіленетін салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

  3. бюджеттің бір деңгецінен екіншісіне, Қр-ның Ұлттық қорынан бюджетке түсетін трансферттер түсімдері

  4. ҚР-ның Салық Кодексінде белгіленген, негізгі капиталды, байланысты гранттарды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтындардан басқа түсімдер

  5. В және С варианттары дұрыс




  1. Салықтық түсімдер дегеніміз

  1. ҚР-ның салық кодексінде белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

  2. Бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, ҚР-ның Ұлттық қорынан бюджетке түсетін трансферттер түсімдері

  3. мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңды тұлғаларды өтеусіз және қайтарылмайтын негізде қаржыландыруға арналған төлемдер

  4. барлық жауап дұрыс

  5. қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, ҚР-ның заң актілеріне сай жеке тұлғаларға ақшалай нысандағы төлемдермен байланысты шығындар




  1. Салықтық түсімдер дегеніміз

  1. ҚР-ның салық кодексінде белгіленген, негізгі капиталды, байланысты гранттарды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтындардан басқа, Бюджеттік Кодекске және ҚР-ның басқа да заң актілерінде белгіленген бюджетке төленетін міндетті қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ, ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша.

  2. ҚР-ның Салық Кодексінде белгіленетін салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

  3. қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, ҚР-ның заң актілеріне сай жеке тұлғаларға ақшалай нысандағы төлемдермен байланысты шығындар

  4. Бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, ҚР-ның Ұлттық қорынан бюджетке түсетін трансферттер түсімдері

  5. дұрыс жауап жоқ




  1. Қандай ақшалар негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады

  1. мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша

  2. салықтық және салықтық емес түсімдер,

  3. ресми трансферттер түсімдері

  4. мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша, салықтық түсімдер

  5. барлық жауап дұрыс




  1. Бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, ҚР-ның Ұлттық қорынан бюджетке түсетін трансферттер түсімдері – қандай түсімдер

  1. ресми трансферттер түсімдері

  2. салықтық түсімдер

  3. салықтық емес түсімдер

  4. негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

  5. қарыздар түсімі




  1. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін өздерінің иелігінде қалған ақша кімнің тәртібімен пайдаланылады

  1. Бюджеттік Кодекске және ҚР-ның Үкіметі

  2. ҚР-ның Парламенті

  3. ҚР-ның Президенті

  4. Мемлекеттік мекемелер қызметшілері

  5. барлық жауап дұрыс




  1. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін ақша қайда есептеледі

  1. бюджетке

  2. Мемлекеттік мекемелердің өз иеліктеріне

  3. Мемлекеттік мекемелердің банк шоттарына

  4. 50% мемлекетке 50% мемлекеттің қызметшілеріне

  5. В және D жауаптары дұрыс




  1. Қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаты бұл

  1. бюджет шығындары

  2. бюджет кірістері

  3. барлық жауап дұрыс

  4. бюджет тапшылығын қаржыландыру

  5. бюджеттік кредит беру




  1. Жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер, заңды тұлғаларға субсидиялар, мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар – бұл

  1. бюджет шығындарының түрлері

  2. бюджет кредиттерінің түрлері

  3. бюджет тапшылығы

  4. бюджеттік кредиттер

  5. барлық жауап дұрыс




  1. Мемлекеттік тапшылыққа арналған шығындар дегеніміз

  1. мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің тұтынуына арналған) өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) мемлекеттік органдардың ақы төлеуі

  2. Бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, ҚР-ның Ұлттық қорына трансферттер төлеу

  3. мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар

  4. тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар

  5. барлық жауап дұрыс




  1. Заңды тұлғаларға субсидиялар дегеніміз не

  1. мемлекеттік мекемелерді және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңды тұлғаларды өтеусіз және қайтарылмайтын негізде қаржыландыру

  2. мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар

  3. тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар

  4. барлық жауап дұрыс

  5. ҚР-ның Салық кодексінде белгіленген салықтар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер

  1. Бірыңғай бюджеттік сыныптама негізінде әзірленеді.

    1. ҚР заң актісінің, ҚР Президент жарлығының, ҚР Үкімет қаулысының

    2. ҚР Парламенті заң актісінің, жергілікті бюджет, бағдарламасының

    3. ҚР Қаржы министрлігінің қалыптасуының, бюджет бағдарламаларының, ҚР Президенті жарлығының

    4. Экономика және бюджет министрлігінің қаулылық, ҚР заң актісінің

    5. ҚР Үкіметі қаулысының, әлеуметтік-экономикалық дамауының орташа мерзімдік жоспары

2 Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың құрамы

бюджет түсімінің сыныптамасы, бюджет шығысының функция сыныптамасы, бюджет шығысының экономикалық сыныптамасы



  1. бюджет кірісінің функция сыныптамасы, бюджет түсімінің экономикалық сыныптамасы, бюджет түсімінің функция сыныптамасы

  2. бюджет кірісінің сыныптамасы, бюджет шығысының экономиакалық сыныптамасы, бюджет түсімінің қоғамдық сыныптамасы

  3. бюджет шығысының сыныптамасы, бюджет түсімінің экономикалық сыныптамасы, бюджет түсімінің әлеуметтік сыныптамасы

  4. бюджет кірістерінің сыныптамасы, бюджет шығыстарының әлеуметтік сыныптамасы, бюджет түсімдерінің қоғамдық сыныптамасы

  5. бюджет шығыстарының сыныптамасы, бюджет түсімдерінің әлеуметтік сыныптпмасы, бюджет түсімдерінің экономикалық сыныптамасы


3 Қаржылық деңгейдегі бюджет түсімінің белгілі бір сипаттамалар бойынша ҚР- ның заңына негізделген топтамасы бұл-

бюджет түсімінің сыныптамасы

бюджет шығысының сыныптамасы

бюджет түсімінің функциялық сыныптамасы

бюджет түсімінің экономикалық сыныптамасы

бюджет кірісінің әлеуметтік сыныптамасы




  1. Мемлекет функциясының орындалуын республикада мемлекеттік саясатты іске асыруды бейнелейтін функциялық және ведомствалық белгілер бойынша бюджеттік қаражаттардың жұмсалу бағыттарын айқындайтын барлық деңгейдегі бюджет шығысының топтпмасы бұл-

  1. бюджет шығысының функциялық сыныптамасы

  2. бюджет шығысының экономикалық сыныптамсы

  3. бюджет шығысының әлеуметтік сыныптамасы

  4. бюджет шығысының ведомствалық сыныптамасы

  5. бюджет шығысының қоғамдық сыныптамсы




  1. Бюджет түсімдері сыныптамасының топтамасы мыналардан тұрады.

a) санат, сынып, ішкі сынып, ерекшелік. b) функционалдық топ, функционалдық ішкі топ, бюджет бағдарлама әкімшіліктері

c) санат, сынып, бюджет әкімшілері, бюджеттік бағдарлама, ішкі бағдарлама

d) сынып, ерекшелік, бап, тарау.

e) санат, ішкі сынып, ерекшелік, тарау.


6. Санаттар- бұл

  1. түсімдерді экономикалық белгілер бойынша топтастыру

  2. бюджетке төленетін төлем түрлерін айқындау

  3. түсімдерді олардың түрлері бойынша топтастыру

  4. түсімдерді олардың көздері бойынша топтастыру

  5. бюджетке төленетін түсім түрін айқындау

7. Сыныптар мен ішкі сыныптар



  1. Түсімдерді олардың көздері мен түрлері бойынша топтастырады.

  2. түсімдерді экономикалық белгілер бойынша топтастыру

  3. бюджетке төленетін түсім түрін айқындау

  4. бюджетке төленетін төлем түрлерін айқындау

  5. түсімдерді олардың түрлері бойынша топтастыру

8. Ерекшелік мыналарды айқындайды



  1. Бюджетке төленетін төлем немесе түсім түрін

  2. Түсімдерді олардың көздері мен түрлері бойынша топтастырады

  3. түсімдерді экономикалық белгілер бойынша топтастыру

  4. бюджетке төленетін түсім түрін айқындау

  5. бюджетке төленетін төлем түрлерін айқындау

9. Бюджет шығыстарының функционаллдық сыныптаманың топтамасы мына деңгейлерден тұрады:



  1. функционалдық топ, функционалдық ішкі топ, бюджеттік бағдарламаның әкімшілері, бюджеттік бағдарлама, сыртқы бағдарлама, ішкі бағдарлама.

  2. санат, сынып, ішкі сынып, ерекшелік

  3. функционалдық топ, бюджеттік бағдарлама, әкімшілік, бюджеттік бағдарлама, сыртқы бағдарлама

  4. бюджеттік бағдарлама, ішкі бағдарлама, сыртқы бағдарлама

  5. функционалдық топ, функционалдық ішкі топ, республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшілері

10. Функционалдық топ – бұл



  1. Бюджет шығыстарын салалық белгілер мен функционалдық бағыт бойынша біріктіру

  2. бюджет қаражаттарын функционалдық топ ішінде жұмсалу бағыттарын нақтылау

  3. бюджеттік бағдарламаларды топтау арқылы жасалатын бюджет шығыстарының экономикалық сыныптарын қалыптастыру

  4. бюджет шығыстарын экономикалық белгілер мен бағыттар бойынша біріктіру

  5. бюджет қаражаттарының әлеуметтік топ ішінде жұмсалу бағыттарын нақтылау

11. Функционалдықішкі топ – бұл



  1. бюджет қаражаттарын функционалдық топ ішінде жұмсалу бағыттарын нақтылайды

  2. Бюджет шығыстарын салалық белгілер мен функционалдық бағыт бойынша біріктіру

  3. бюджеттік бағдарламаларды топтау арқылы жасалатын бюджет

  4. бюджеттік бағдарламаларды топтау арқылы жасалатын бюджет шығыстарының экономикалық сыныптарын қалыптастыру

  5. бюджет шығыстарын экономикалық белгілер мен бағыттар бойынша біріктіру

12. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – бұл



  1. бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган

  2. бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуге, бекітуге және орындауға жауапты уәкілетті орган

  3. бюджеттік бағдарламаларды дайындауға, іске асыруға және бекітуге жауапты тұлға

  4. бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, іске асыруға жауапты жеке тұлға

  5. бюджеттік бағдарламаны әзірлеуге, нақтылауға және іске асыруға жауапты жеке тұлға

13. Бюджеттік бағдарлама анықтамасы



  1. бюджеттің мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі шығыстары

  2. бюджеттің мемлекеттік бақылау функциялары мен міндеттерін іске асыру жөніндегі шығыстары

  3. мемлекеттің өз міндеттері мен міндеттемелерін іске асыру үшін бюджет шығыстары

  4. мемлекеттік саясатты іске асыру үшін бюджет шығыстары

  5. бюджеттің бөлу және бақалау функциялары арқылы қаржы саясатын іске асыру үшін бюджет шығыстары

14. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты



  1. бюджеттік бағдарламаны орындау кезінде қол жеткізуге тиіс белгілі бір түпкі нәтиже

  2. бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде қол жеткізуге тиіс белгілі бір қорытындыға келу

  3. бюджеттік бағдарламаны бекіту кезінде қол жеткізуге тиіс белгілі бір нәтиже

  4. бюджеттік бағдарламаның тиімділігін бағалау үшін бюджет жобасын әзірлеу

  5. бюджеттік бағдарламаны атқару кезінде қол жеткізуге тиіс белгілі бір қорытындыға келу

15. Бюджеттік бағдарламаның түрлері:



  1. экономикалық нәтижеге байланысты бюджеттік бағдарламалар, белгілі бір функцияларды атқаратын мемлекеттік басқару деңгейіне байланысты бюджеттік бағдарламалар, іске асыру тәсіліне байланысты бюджеттік бағдарламалар

  2. республикалық және жергілікті бюджетте бекітілген бағдарламалар, бір әкімші іске асыратын бюджеттік бағдарламалары

  3. экономикалық-әлеуметтік нәтижеге байланысты бюджеттік бағдарламалар, бір әкімші іске асыратын жеке бюджеттік бағдарламаның, республикалық және жергілікті бюджетте бекітілген бағдарламалар

  4. ҚР-ның заң актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттік міндеттемелері орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалар, жергілікті бюджет бағдарламалары

  5. белгілі бір шараларды өткізуді көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалар, республикалық және жергілікті бюджетте бекітілген бағдарламалар

16. Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау мынадай үш сатыдан жүргізіледі:



  1. бюджет жобасын әзірлеу кезінде, бюджеттің атқарылуы кезінде, бюджеттің атқарылуын бақылау кезінде

  2. бюджет жобасын дайындау кезінде, бюджеттің орындалуы кезінде, бюджеттің бекітілуі кезінде

  3. бюджетті жоспарлау кезінде, бюджеттік бағдарламаның орындалуы кезінде, бюджеттің атқарылуы кезінде

  4. бюджетті бақылау кезінде, бюджеттік бағдарламаның орындалуы кезінде, бюджеттің атқарылуы кезінде

  5. бюджеттік бағдарламаны іске асыру кезінде, бюджетті нақтылау кесінде, бюджетті бақылау кезінде

12. ОҚУ ЖҰМЫСТАРЫН ПРОГРАММАЛЫҚ , МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ЖҮРГІЗУ

Осы пән бойынша бюджетке қатысты статистикалық деректері бойынша және еліміздің бюджет жаңалықтарын, олардың нәтижелерін кесте түрінде графопроектор,компьютерлік графика арқылы сабақта студенттерге көрсетеміз.


13. АРНАУЛЫ АУДИТОРИЯ,КАБИНЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ

Арнаулы аудитория қарастырылмаған.
Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет