А. А. Карабалина Теориялық және қолданбалы психология кафедрасының



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата09.04.2020
өлшемі1,13 Mb.
#62060
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ЗАҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ



 
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 
Теориялық және қолданбалы психология кафедрасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Таумышева Р.Е. 
 
ЗАҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ 
Дәрістер  жинағы 
(«5В050300 - Психология» мамандығының  2 курс студенттері үшін) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ақтобе – 2017 


 
 
Пікір жазғандар: 
 
А.А.Карабалина  –  Теориялық  және  қолданбалы  психология  кафедрасының 
доценті, психология ғылымдарының кандидаты 
 
А.Ж.  Миралиева  -  психология  ғылымдарының  кандидаты,  С.Бәйішов 
атындағы  Ақтөбе  университетінің  педагогика-психологиялық  орталығының 
директоры 
 
 
 
 
 
 
Р.Е. Таумышева - аға оқытушы, психология магистрі. Заң психологиясы. 
–  Ақтөбе:  «Қ.Ж.Жұбанов  атындағы  АӨМУ  «Жұбанов  университеті»  баспасы, 
2017ж. – 128 бет. 
 
 
Дәрістер жинағында заң психологиясы психологияның өзекті мәселелері 
–  даму  тарихы,  негізгі  қағидалар  мен  әдістер,  заңгер  мен  психолог  іс- 
әрекетіндегі  танымдық  үдерістер,  эмоциялық  күйлер  мен  сезімдердің 
психологиялық-құқықтық 
аспектілері, 
құқықты 
қолдану 
іс-әрекетінің 
психологиялық 
жақтары, 
қылмыскердің 
және 
қылмыстық 
топтың 
психологиялық  ерекшеліктері,  арнайы  заңгер  қызметкерлерінің  кәсіптік 
міндеттері, кәмелетке толмағандардың қылмысқа бару себептері және олардың 
виктимділігі,  қылмыстық  мінез  -  құлық  және  бұқаралық  ақпарат  құралдары, 
пенитенциарлық  мекемелер  және  түзету  жұмыстарының  шетел  және  отандық 
үлгілері,  бостандыққа  қайта  бейімдеу  мен  қайта  әлеуметтендірудегі 
психологиялық бағдарлама, психологтың жабық мекемеде қолданатын әдістері 
мен әдістемелері қарастырылған. 
Дәрістер  жинағы  студенттерге,  магистранттарға,  жабық  мекеме 
қызметкерлеріне, психология мен заң ғылымдары байланысымен айналысатын 
зерттеушілерге арналған. 
 
 
 
Қ.  Жұбанов  атындағы  АӨМУ-ның  оқу  әдістемелік  кеңесінің  мәжілісінде 
мақұлданып, баспаға ұсынылды. №5 Хаттама 23 мамыр 2017 ж. 
 
 
 
 


 
КІРІСПЕ 
 
Заң  психологиясы  күрделі  әрі  көп  жоспарлы  курс  болып  табылады.  Ол 
құқықпен  жөнделетін  қарым-қатынас  сферасында  адам  мінез-құлығының 
психологиялық  ерекшелігін,  әлеуметтік  психологиялық  және  заң  тұрғысында 
реттеуге  бағытталған.  Бұл  құқықтық  реттеу  объективті  болуы  үшін  әлеуметтік 
және әлеуметтік-психологиялық заңдылықтармен бағытталған.  
Құқықты  қорғау  қызметінің  мәселелерін  психологиялық  тұрғыдан  зерттеу 
тарихы  жүздеген  жылдарды  қамтиды.  Ол  сот  өндірісі  мәселесі  мен  «сот 
психологиясы»  атауынан  бастау  алады.  Бұл  мәселе  «заң  психологиясы»  ғылымы 
пайда болғанға дейін, атап айтқанда 70-жылдарға дейін сақталып келді. Бұл ғылым 
саласы  атауының  өзгеруі  оның  пәніне  жаңаша  қарауды  талап  етті.  Қоғамды 
құқықтық  тәрбиелеудің,  заңдылықты  нығайтудың,  құқық  қорғау  органдарының 
кадрларымен  жұмыс  істеу  және  оларды  басқарудың,  сотталғандардың  түзелуінің 
психологиялық мәселелерін зерттеуден басталды.  
Қазіргі  уақытта  психологиялық  ғылым  едәуір  түрде  дамып,  адамдар 
қызметінің  барлық  салаларына  енді.  Сондай-ақ,  ол  құқық  қорғау  органдары  мен 
лауазымды тұлғалардың жұмысын жетілдіру үшін де қолданылады. 
Заңгердің  психологиялық  мәдениеті  қарым-қатынастың  жоғары  мәдениетін 
қамтамасыз  ететін  психологиялық  білім,  тәжірибелер  мен  әдістердің  дамыған 
жүйесінің  заңгерлерде  болуын  талап  етеді.  Психологиялық  мәдениет  заң 
саласындағы қызметтердің тиімділігін арттыруға әсер етеді. 
Университеттік  дәрежедегі  болашақ  маман-  психологтарды  кәсіби  даярлау 
мазмұны  –  арнайы  құқықтық  білімдер,  жекелей  алғанда,  заң  психологиясы 
бойынша білімдер жүйесінсіз толық емес сипатта болар еді.  
Бұл  курсты оқып  - үйрену  аясында заң  психологиясының  зерттеу  обьектісі 
туралы  білімдер,  яғни  адамның  басқа  адамдармен,  қоғаммен,  табиғатпен  құқық 
қатынасы  арқылы  реттелетін  іс-әрекетінің  психологиялық  механизмдері  мен 
заңдылықтар жүйесі туралы білімдерді қалыптастыру қажет. 
Осыған  орай,  бұл  курста  құқықтық  сана,  ауытқымалы  және  жүріс-тұрыс, 
сот-  тергеу  әрекеті  мен  сот  өндірісі,  түзету  психологиясы  бойынша  білімдер 
жүйесі берілуі қажет. 
Заң  психологиясы  пәнің  басты  тезисі  -  құқық,  іс  -  әрекет,  жүріс  –  тұрыс 
немесе мінез -құлық субъектісі ретіндегі жеке адам болуы қажет. 
Пәннің  оқу  мақсаты.  Заң  психологиясының  негізгі  ұғымдарын  беру, 
адамның  құқықтық  санасының  қалыптасуының  және  оның  құқықтық  жүріс-
тұрысы мен әрекетінің психолоогиялық заңдықтарын айқындау. 
Пәннің оқыту міндеттері. 
-  Заң  психологиясының  ғылымдар  жүйесі  мен  әлеуметтік  тәжірибедегі  алатын 
орнын нақты айқындау. 
- Заң психологиясындағы түрлі ағымдар мен концепциялармен таныстыру; 
- Студенттерді заң психологиясы бойынша алған білімдерін күнделікті тұрмыста, 
кәсіби іс-әрекетте пайдалануға және осы ғылым саласында өз бетінше терең білім 
алуға үйрету. 
Пререквизиттер:  Заң  психологиясы  пәнін  оқып-  үйрену  мектептегі 
биология,  қоғамтану  және  университеттегі  алғашқы  сатысындағы  пәндер:  құқық 


 
негіздері,  жалпы  психология,  мамандыққа  кіріспе  сияқты  пәндерден  алынған 
білімдерге негізделеді. 
Постреквизиттер: әлеуметтік психология, медициналық психология, еңбек 
психологиясы,  психодиагностика  негіздері,  практикалық  психология,  мамандану 
практикумы.  
Осы  курсты  тыңдағаннан  кейін  студент  келесі  білімдерді,  іскерліктерді 
және дағдыларды игереді:  
білімдер: заң психологиясының объектісі мен пәнін, оның негізгі салалары, 
құқықтық  жүріс-тұрыстың  зерттеу  әдістерін  әлеуметтенудің  нәтижесі  ретіндегі 
және құқықтық мәдениеттің психологиялық бөлшегі ретіндегі адамның құқықтық 
сана-  сезімі  туралы, заңгерлердің  кәсіби  әрекетінің  психологиялық  ерекшеліктері 
туралы, қылмыстық психологияның, әлеуметтік-психологиялық профилактика мен 
түзету психологиясының негізгі аспектілері туралы; 
іскерліктер: 
заң 
психологиясының 
негізгі 
ұғымдарымен 
және 
категорияларымен,  оның  концептуалды  ізденістерімен,  психодиагностикамен 
және психологиялық кеңес беруді талдау жұмыстары барысында қолға алу
дағдылар: заң психологиясы бойынша алынған білімдерін психодиагностика 
мен  психологиялық  кеңес  беру  практикасында  пайдалана  білу,  психологиялық 
сараптаудың  түрлі  формаларын  жүргізгенде  оларды  жетік  білу,  құқық  сақтау 
саласындағы  практикалық  жұмыстардың  түрлі  формаларына  қатысуға  қабілетті 
кәсіби  психологтың  дағдылары  болуы  керек  (психопрофилактика  мен  түзету, 
сараптау процедуралары және т.б.). 
Осымен ұсынылған пән бойынша алынған білімдер студенттің маман иесінде 
жоғары теориялық, ғылыми және практикалық дайындықтың денгейін қамтамасыз 
етеді. Себебі  дәрістер  адамдардың  құқықтық  және құқыққа  қарсы  жүріс-  тұрысы 
мен  әрекеті  туралы,  заң  бұзу  мен  қылмыстың  психологиялық  себептері  туралы, 
қылмыскерлердің  тұлғалық  типологиясы  туралы  және  құқықтық  қатынастар 
саласындағы адамды сынаудың психологиялық тәсілдері мен әдістемелері туралы 
мәселелерді қамтиды. 
Заң  психологиясы  субьектінің  психология  ғылымының  зерттелінген 
мәселелер  айналымы  бойынша  және  тәжірибелік  бағыттылығымен,  заң 
ғылымдарымен  байланысқан  бір  саласы  болып  табылады.  Қазақстан 
Республикасының  заңдылықтарының  фундаменталды  жаңаруымен,  азаматтардың 
бостандығы  мен  қорғалуын  күшейтуге  бағытталған,  жұмыс  жасап  жатқан 
экономикада,  қылмыспен  күрес,  мектепте  және  отбасындағы  жеткіншектердің 
педагогикалық  және  әлеуметтік  бетімен  кетушілігінің  алдын  алу,  тек  заң 
факультетінің  студентерін  квалификациялық  біліммен  қамтамасыз  ету  ғана  емес, 
сонымен  бірге  осы  курсты  психология  және  педагогика  мамандықтарына  да 
енгізуді талап етті. 
Сонымен  «заң  психологиясы»  пәнін  оқудың  нәтижесінде  «мамандандыру 
практикумы»  курстарын  игеруге,  студенттердің  педагогикалық  және  өндірістік 
практикаларды  өтуіне  және  де  оқудың  келесі  деңгейінде  (магистратура)  едәуір 
саналы, терең және ғылыми тұрғыды өтуге көмек бола алады. 
 
 
 


 
Дәріс 1. 
Тақырыбы: Заң психологиясына кіріспе. 
Мақсаты:  Заң  психологиясының  ғылыми  ерекшеліктері,
 
міндеттері, 
принциптері, әдістері туралы мағлұмат беру. 
Сабақ жоспары: 
1.  Заң психологиясы ғылым ретінде. 
2.  Заң психологиясының негізгі әдіснамасы мен әдістері. 
3.  Заң психологиясының объектілері мен міндеттері. 
 
Дәріс тезистері: 
Қазіргі  кездегі  ғылымның  дамуы,  бір  жағынан  ғылыми  білімдерді 
дифференциациялаумен,  екінші  жағынан  интеграциялаумен,  яғни  бір  саланың 
екіншісіне  енуімен  сипатталады.  Заң  психологиясы  ғылыми  психология  мен 
құқықтық ғылымдардың байланысының заңды құбылысын байқатады. 
Заң психологиясының бастамасы болған психология ғылымы десек, онда 
заң  психологиясын жаратылыстану  ғылымдары  саласына  жатқызуға  негіз  бар. 
Заң  психологиясының  заң  ғылымы  мен  практикасы  төңірегінде  пайда  болуы 
мен  ұзақ  уақыт  дамуын,  қылмыстық  құқық,  қылмыстық  процесс, 
криминалистика,  криминология  және  де  басқа  да  құқық  ғылым  салаларымен 
байланысты  қарастыруға  негіз  бар.  Осы  көзқарас  бойынша  заң 
психологиясының  пәнін  екі  жақты  психология  мен  құқықтық  сипаты  туралы 
айтуға  болады.  А.М.Столяренконың  айтуы  бойынша,  заң  психологиясы  пәнін 
«заң бөлімінен» заң ғылымдары пәні сияқты, ал «психология бөлімінен» - пәнін 
психология  ғылымы  сияқты  түсінуі  қажет.  Ал  бір  жағынан  осылай  қарасақ, 
келесі  маңызды  жағы  -  заң  психологиясының  негізгі  категорияларын 
психология  ғылымының  қолданбалы  салаларынсыз  қарастыру  мәнсіз. 
Азаматтардың  құқықтық  қарым-қатынастағы  психикалық  іс-әрекеттерінің 
спецификасын (ерекшелігін) заң психологиясы зерттейді. Психологияның әрбір 
қолданбалы  салаларында  қарастырылатын  мұндай  категориялар,  «тұлға 
субъектісі» – түсінігі  болып:  - адамның атқаратын кәсіби іс-әрекеті, қоғамдық 
тәжірибесі, өзіндік іс-әрекеті, күнделікті адамның шұғылданатын әрекеті - оған 
және оның психикасына ерекше өзіндік спецификалық талаптар қояды.  
Сол  себепті  заң  психологиясының  пәні  болып  әртүрлі  психикалық 
құбылыстар,  құқықтық  қарым-қатынастағы  тұлғалардың  индивидуалды 
психикалық  ерекшеліктері,  құқық  қолдану  сферасына  қатысты  іс-әрекеттер, 
осындай әрекеттерге қатысушы адамдардың психикасы мен мінез-құлқына әсер 
етуші  құбылыстар  жатады.  Заң  психологиясы  басқа  да  ғылымдар  сияқты,  өз 
алдына жалпы және жеке мақсаттарды қояды. 
Заң  психологиясының  жалпы  мақсаты  болып,  заң  және  психологиялық 
білімдерді  ғылыми  синтездеу  және  құқық  категорияларының  фундаменталды  
психологиялық  маңызын  ашу.  Заң  психологиясының  жеке  мақсаты:  құқық 
қорғау органдарының іс-әрекетінің тиімділігіне бағытталған. 
Осы  мақсаттарды  шешу  үшін  заң  психологиясы  келесі  нұсқауларды 
қарастырады: 


 
1. Құқықтық нормалардың тиімді психологиялық алғышарттарын зерттеу. 
2. Қылмыскер тұлғасы психологиялық тұрғыда зерттеу, қылмысты мінез- 
құлықтың  мотивациясын  ашу,  жекеленген  қылмыстық  мінез-құлық  түрлерінің 
мотивация ерекшеліктерін ашу. 
3. Қылмыстан сақтандырудың әлеуметтік – психологиялық негізін ашу.  
4.  Әр  түрлі  құқық  қорғау  істерінің  психологиялық  заңдылықтарын 
зерттеу. 
5.  Пенитенциарлы  мекемелердің  қамаудан  бостандыққа  шыққандарға 
реадаптация мен ресоциализация мақсатындағы шараларды өңдеу. 
6.  Заң  органдары  сферасында  жұмыс  жасағысы  келетін  кандидаттармен 
кәсіби  кеңес  жүргізу,  кәсіптік  іріктеу,  кәсіптік  бағдарлау  (профориентация) 
барысында юстиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлікті меңгеруінің нұсқасын 
жасау. 
Заң  психологиясының  өзге  ғылымдар  сияқты  өзіндік  зерттеу  міндеттері, 
принциптері, әдістері бар. Заң психологиясының міндеттері мынандай:  
1.  Психологиялық  және  заң  білімдерін  ғылыми  тұрғыдан  жинақтау, 
біріктіру; 
2.  Негізгі  құқықтық  категориялардың  психологиялық  заңгерлік  мәнін 
ашу; 
3.  Заңгерлердің  өз  іс-әрекетінің  негізгі  объектісі  -  адамның  мінез 
құлығын терең түсінуін қамтамасыз ету.  
4.  Түрлі  құқықтық  қатынас  субъектілерінің  психикалық  іс-әрекетінің 
ерекшеліктерін  және  құқық  қолдану  мен  құқық  қорғаудың  әртүрлі 
жағдайларындағы психикалық қалыптарын ашу. 
5.  Қоғам 
өмірін 
құқықтық 
реттеуді 
жетілдіруге 
байланысты 
ұсыныстарды, нұсқауларды жасау. 
Арнаулы  міндеттеріне:  құқықтық  әрекеттерді  қолдануды  жүзеге 
асырудың тиімді ұсыныстары жатады:  
- Психикалық шаралардың құқықтық нормалардағы тиімділігін зерттеу.  
-  Қылмыскердің  жеке  басының  психологиялық  зерттеу,  қылмыстық 
тәртібінің мотивін ашу. 
- Қылмыстың алдын- алудың әлеуметтік психикалық негізін жасау. 

Құқық 
қорғаудың 
әртүрлі 
салаларындағы 
психологиялық 
заңдылықтарды зерттеу. 
-  Түзету  мекемелеріндегі  жазаланғандарды  қайта  тәрбиелеу  мақсаты 
негізінде психологиялық заңдылықтарды зерттеу 
-  Құқық  қорғау  органдарында  кәсіптік  деңгейді,  кәсіптік  бағдарды, 
кәсіптік білім мен біліктілікті жетілдіруге ұсыныстар жасау. 
Құқықтық  психологияда  келесідей  жалпы  ғылыми  және  психологиялық 
принциптер бар. 
Объективті  принцип  –  объективті  шындыққа  сай  ғылыми  жүйені 
қалыптастыру,  бұл  жүйеде  шынайы  бар  жайларды  ғана  көрсету.  Құқықтық 
психологиялық  шындықты  көрсететін  ғылыми  жүйе  жасау  кезінде  ғылыми 
білімге  әсер  ететін  әрқилы  жағдайлардан  (қызығушылық,  өзіндік  көзқарас, 


 
алдын-ала  басқа  пікірге  көндіру,  корпоративті  сыйластық,  зерттеуді 
жүргізушінің  жеткілікті  дәрежеде  дайынсыздығы)  алыс  тұру  үшін  шаралар 
жүзеге асырылуы тиіс.  
Детерминизм принципі – әлемдегі бар себеп-салдар байланысын көрсету, 
құқықтық- психологиялық құбылыстардың себептерін анықтау, сонымен қатар 
құқықтық сферадағы болған келесі жағдайлардың себебі алдыңғы жағдайларға 
байланысты  деп  қарау.  Себеп  қою  –  іс  жүзінде  істің  ең  жақсы  шешілуі  үшін 
қиын  ұсыныстарды  шешудің  маңызды  шарттарының  бірі.  Керісінше  болғанда 
салдардың әсері болады және ешқандай мәселе шешілмейді. 
Қарсылық  қарым-қатынас  және  бірге  жұмыс  жасау  принципі  –  болған 
жағдайлардың қасындағылардың қатыстылығынан және бір-біріне әсер етуінен 
туындайды.  Егер  зерттеліп  жатқан  психологиялық  құбылыс  басқа 
психологиялық  және  психологиялық  емес  құбылыстармен  байланыс  жүйесіне 
енсе, онда бұл құбылыс басқалардың әсерімен айтарлықтай өзгереді басқа кері 
әсер  тұғызады.  Құқықтық-психологиялық  шындықта  жеке  бөлек,  басқа 
жағдайлардың  әсерімен,  шарттармен  байланысы  жоқ  құбылысты  табу  қиын 
және  мүмкін  емес.  Мысалы  бір  құқықтық-психологиялық  құбылыс  бір 
құқықтық норманың әсерінен оған сай жүрмейді, кересінше норманың күшін не 
ұлғайтады, не азайтады. Сондықтан психологиялық құбылыстарды зерттегенде 
құқықтық мүмкіндіктерді де өзгертуі мүмкіндігі бар  екендігіне мән беру керек. 
Жүйелік  принципі  –  соңғыны  дамытады  және  қарапайым  схемелардан 
тұратын  функционизмге  қарсы  тұрады.  Мұның  арасында  психика  да,  оның 
құбылысы  да  жүйелі  олады.  Адамда  әр  түрлі  мінездің  болуы  (өзін  ұстай 
алмауы,  тез  ашулануы,  агрессивті  болуы,  т.с.с.)  қылмыстың  себебінен  болуы 
мүмкін. Қылмысты жасайтын жеке ерекше қасиеттер емес, ол тұлға. Қылмыс – 
әрдайым  тұлғалық  акт,  бұған  адамның  барлық  ішкі  дүниесі  кіреді,  бұл  жерде 
адамның қылмыстық бастауы және ары қарай жүзеге асуы орындалады. 
Даму  принципі  –  бүкіл  адамзат  тарыхында,  барлық  адамның  өмірінде 
және  барлық  психологиялық  актте  табылатын  органикалық  әлемге  лайық 
психиканың динамикасы мен өзгергіштігін көрсетеді. Психологиялық дамудың 
нәтижесінде әр адам әр түрлі. Шешуші кезең әр адамның өмір тарихына және 
өзін-өзі  көрсете  білуіне  байланысты  болады.  Бұл  барлық  адамның  барлық 
психикалық  процестеріне,  жағдайларына  және  ерекшеліктеріне  байланысты. 
Сондықтан барлық адамдармен бір белгіленген көрсеткіштермен жұмыс істеуге 
болмайды. 
Психика  мен  іс-әрекеттің  бір-бірімен  байланысты  принципі  –  бұл  екі 
маңызды  феноменді  бір-бірінен    айыруға  болмайтынын  көрсетеді.  Іс-әрекет  – 
адам  психологиясының  өнімі.  Психикалық  іс-әрекет  –  сыртқы  әрекеттің  ішкі 
жоспардан  бастау  алуы.  Іс-әрекетте  адам  психологиясы  тек  қана  белгілі 
болмайды, сонымен қатар өзгереді де. Адам психикасының ерекшелігі сана өзін 
көрсетіп,  іс-әрекетке  айналғаннан  кейін  өз  мінез-құлқынан  (объект,  шарттар, 
тәсілдер т.б.) керісінше әсер етеді. 
Негізгі әдіснамалық принциптер: 
–  Психикалық құбылыстарға генетикалық тәсіл, олардың дамуын зерттеу. 


 
–  Адам  психикасын  зерттеуде    биологиялық  және    қоғамдық  факторларға 
мән беру. 
–  Психика  мен  іс-әрекеттің  бір-бірімен  тығыз  байланысты  екенін 
мойындау.  
Заң психологиясында тұлғаны, құқық қолдану әрекеттері  
кезінде  пайда 
болатын әр түрлі психологиялық құбылыстарды зерттеудің әдістер жүйесі бар. 
Заң психологиясының әдістері: 
Бақылау әдісі – тергеу барысында, соттың істі қарауы кезінде психиканың 
ішкі көрінулері байқалады.  
Әңгімелесу  әдісі  –  тұлғаны,  оның  ішкі  дүниесін,  сенімдерін,  мақсатын, 
қызығушылығын  тереңірек  тануға  мүмкіндік  береді.  Бұл  әдістің  мәні  –
зерттеушіні  қызықтыратын  сұрақтар  бойынша,  адамдардың  еркімен 
жүргізілетін әңгімелесу (мысалы магнитофонға жазу т.б.). 
Анкеталық  әдіс  –  анонимді  анкета  толтыру,  бұл  зерттелетін  процестер, 
фактілер,  құбылыстар  туралы  неғұрлым  объективті  мәліметтер  алуға 
салыстыру. 
Тәуелсіз  мінездемелерді  талдап  қорыту  әдісі  –  биографиялық  әдіске 
жақын.  Арнайы  құжаттарды  қолдану,  тәуелсіз  мінездемелерге  қажетті 
мағлұматтарды алу: 
1) Мекен-жайынан, оқу, жұмыс орындарынан мінездеме. 
2)  Зерттелуші  адам  бұрын  сотталған  болса,  бұрынғы  қылмыстың  істері 
жайында мағлұматтармен танысу. 
3) Сотталушының жеке ісі, оның колониядағы мінез-құлқы, оның  
айналасындағылармен қарым-қатынасы.  
4) Медициналық картасы, сырқаттары туралы мағлұматтар. 
5) 
Егер  қылмыстық  жауапкершілікке  тартылған  болса,  сот-
психологиялық экспертизасының актілерін қарау. 
Эксперименталды  әдіс  –  психология  ғылымындағы  басты  әдіс. 
Лабораториялық  және  табиғи  болып  бөлінеді.  Лабораториялық  эксперимент 
негізінен  ғылыми  зерттеулерде,  сонымен  қатар  соттық  экспертиза  жүргізілу 
барасында  қолданылады.  Табиғи  экспериментте,  оның  қатысушылары  барлық 
болып  жатқан  жағдайларды,  жалған  ретінде  қабылдайды,  бірақ  зерттелетін 
құбылыс экспериментаторға қажетті жағдайда жүргізіліп, объективті белгілеуге 
ұшырайды. 
Заң  шығарушы  эксперимент  –  заң  шығаруды  жетілдіру  мақсатында 
қолданылады.  Заң  қабылданғанға  дейін  белгіленген  уақыт  ішінде,  шектеулі 
территорияда  немесе  мемлекеттің  барлық  территориясында,  асығыс  және 
жеткіліксіз  шешімдердің  қабылданбауы  үшін  сынақтан  өтеді.  Мысалы: 
Англияда 1965 ж. /1970 ж.31 июльне дейін/ өлім жазасын қолдану тоқтатылды. 
Қалыптастырушы  эксперимент  –  үйрету  процесі  және  кәсіби  дайындық 
барысында,  үйретудің  белсенді  әдістерін  енгізу  жолымен  психикалық 
құбылыстар  мен  проблемалық  құбылыстарды  зерттеу.  Пенитенциарлы 
мекемелердің  жұмыстарында  (еңбек  дағдысы,  жаңа  көзқарастар,  қоғамдық 
қатынастар т.б.) қолданылады. 


 
Ассоциативті  эксперимент  –  алғаш  ағылшын  ғалымы  Ф.Гальтонмен 
ұсынылып,  австрия  психологы  К.Юнгпен  дамытылды.  Бұл  әдістің  мәні, 
зерттелуші  берілген  әрбір  сөзге,    оның  ойына  келген  алғашқы  сөзбен  жауап 
береді.  Барлық    жағдайларда  сөзбен  жауап  арасындағы  интервал,  жауап  беру 
реакциясының уақыты есептеледі. 
Тест әдісі– эксперименттік әдістің түрі. Әр түрлі мәселелерді шешу үшін 
көптен қолданылатын психологиялық сынақ. Мысалы: интеллектуалды дамуды 
тексеру,  балалардың  дарындылық  деңгейін  анықтау,  кәсіби  жарамдылық, 
тұлғалық  қасиеттерді  анықтау  т.б.  Қазіргі  кезеңдегі  психологияда  кеңінен 
тараған бағалау тесттері, проективті және жеке тұлғалық сауалнамалар. Кеңінен 
қолданылатын:  Роршах  тесті,  Мюррейдің  Тематикалық  апперцептивті  тесті 
/ТАТ/, Розенцвейгтің тесті, Тейлор мен Айзенгтің сауалнамасы, Мира-и Лопеца 
тесті, ММРІ  тесті  т.б. 
Заң  психологиясы  –  психологиялық  заңдылықтар  мен  психологиялық 
білімдердің заңгерлік әрекет пен құқықтық реттеудің барысындағы көрінуі мен 
қолдануын зерттейді
 
Заң  психологиясы  күрделі  де  көп  жақтылы  пән,  болашақ  мамандарды 
құқықтық  реттеудің  әлеуметтік-  құқықтық  мәнін  түсіне  білуге,  құқықтық 
реттелетін 
қатынастар 
саласындағы 
адамдардың 
мінез-құлығының 
психологиялық ерекшеліктерін тани білуді қамтамасыз етуге арналған.  
 
Құқықтық  реттеу  қоғамдық  және  әлеуметтік  -  психологиялық 
заңдылықтармен  тікелей  байланысты.  Құқықтық  білім  мен  сана  адам  мінез-
құлығының психологиясымен де тығыз байланысты. 
 
Заң  психологиясы  қылмыскердің  қылмыстық  әрекетінің  мотивациясына 
жүйелі  талдау  жасауға,  құқық  қорғау  және  заң  қызметкерлерінің  кәсіби 
әрекетін ұйымдастыруда құрылымдық мүмкіндікті береді. 
ХХ  ғасырдың  соңында  дербес  білім  саласы  ретінде  пайда  бола  отырып, 
бүгінде  заң  психологиясы  заңгерлік  білім  берудің  құрамды  бөлігіне  айналды 
және «адамдар факторына» негізделген құқықтың барлық салаларын қамтыды. 
Заң  психологиясы,  сонымен  қатар  психологиялық  фактілерді  есепке  ала 
отырып,  құқық  шығарушы,  құқық  қолдаушы,  құқық  қорғаушы  және 
пенитенциарлық іс-әрекеттердің тиімділігін арттырудың мәселелерін де зерттеп 
қарастырады.  
 
Заң психологиясы –  бұл  жеке  адамның  және оның іс-әрекетін құқықтық 
реттеу  жағдайларындағы  түрліше  аспектілерін  зерттейтін  ғылым.  Заң 
психологиясы  –  ғылым  саласы  ретінде  жалпы  және  арнаулы  міндеттерді 
қарастырады.  Жалпы  міндеттеріне:  заң  және  психологиялық  білімдерінің 
ғылыми  негіздерін  жинақтау,  құқықтық  категориялар  негізінде  психикалық 
ерекшеліктерді ашу жатады. 
 
Заң  психологиясы  психология  ғылымының  бір  саласы  болып  табылады. 
Қылмыстық іс жүргізу заңының көптеген ережелерін жүзеге асыру барысында 
да  (кәмелеттік  жасқа  толмағандардың  ақыл-ойының  қалыптылығын 
куәгерлердің  және  жәбірленушілердің  оқиғаны  дұрыс  қабылдап,  айта  білу 
қабілетін  ескеру)  қажетті  психологиялық  білім  көлемінің  болуы,  соттық  - 

10 
 
психологиялық  сараптаманы  тағайындау  талап  етіледі.  Тергеу  -  іздеу 
әрекетіндегі  бастапқы  бейхабар  жағдайларды  ізделінуші  қылмыскердің  мінез- 
құлықтық ерекшеліктерін бағдарға алу шешуші маңызға ие (куәгерсіз жасалған 
қылмыстардың 5% ғана материалдық іздер арқылы, дәйектер арқылы, ал қалған 
бөлігі мінез-құлық көріністері арқылы көрінеді). Қылмысты ашудың теориясы 
мен  тәжірибесінде,  тергеу  әрекеттерінің  стратегиясы  мен  тактикасында 
психикалық  заңдылықтарды  білу  аса  маңызды.  Психологиямен  және 
құқықтанумен  шектесіп  жатқан  заң  психологиясы  жалпы  және  әлеуметтік 
психологияның әдістері мен әдіснамалық қағидаларына сүйене отырып жұмыс 
істейді. Заң психологиясының құрылымы оны зерттейтін мәселелерінің ауқымы 
құқықтық реттеу логикасымен анықталады. Заң психологиясының тәжірибелік 
нұсқаулары  материалды  және  іс  жүргізу  құқықтарының  ережелеріне  сәйкес 
келеді.  Заң  психологиясының  өзіндік  категориялар  жүйесі  бар.  Бірнеше 
бөлімдерін ажырата аламыз: 
1.  Әдіснамалық  (методологиялық)  бөлімі  –  заң  психологиясы  мен  даму 
тарихы мен әдістерін, міндеттерін, жүйесін зерттейді.  
2.  Құқықтық  психология  –  заң  психологиясының  бір  бөлімі-  құқық 
негіздерін  жүзеге  асыруды;  жеке  адамның  құқықтық  әлеуметтенуінің 
психологиялық  заңдылықтарын;  құқықтық  әлеуметтенудегі  ақауларды 
зерттейді.
 
 
3.  Криминалдық  психология  (қылмыстық)  қылмыскердің  жеке  басының 
психикалық  ерекшеліктерін;  қылмыстық  тәртіптің  мотивін;  қылмыскер 
тұлғасының  психологиялық  аспектілерін,  қылмыстық  мінез-құлықтың 
жалпы  мотивациясы  және  де  қылмыстың  жекеленген  түрлерін  (зорлық, 
пайда 
көру 
мақсатындағы, 
кәмелетке 
толмағандар 
қылмысы) 
қарастырады. 
4.  Ізденістік  –  оперативтік  психология  –  заң  психологиясының  тергеу 
бөлімі:  қылмысты  зерттеу  әшкерелудің  психологиялық  аспектілерін 
зерттейді. 
5.  Сот психологиясы  –  сот  психологиялық  экспертиза  мәселелерін,  сот ісін 
қараудың психологиялық аспектілерін зерттейді. 
6.  Пенитенциарлы  психология  –  қылмыстық  жазаның  тиімділігінің 
психологиялық 
аспектілерін, 
қылмыстық 
жазаны 
қолданудың 
психологиялық  аспектілерін  зерттейді.  Жазаға  тартылғандардың 
психологиясы  және  жазаны  өтегеннен  кейін  олардың  ресоциализациясы 
мен  реадаптацияның  психологиялық  негізін,  айыпталғандардың 
психикасы  мен  жазаны  өтеу  орындарындағы  психикалық  негіздерді 
зерттейді. 
Заң  психологиясында  адамның  құқықтық  реттеу  логикасына  сай  келетін 
меншікті  категориялар  бар.  Ол  бес  бөлімнен  тұрады,  әрбір  бөлімнің 
қарастыратын өзіндік ішкі құрылымдары бар.  
Құқықтық  психология:  құқықты  мінез-құлықтың  әлеуметік  реттеуші, 
тиімді  заң  шығарудың  психологиялық  аспектілерінің  факторы  ретінде,  жеке 
адамның  құқықтық  әлеуметтенуі,  құқықтық  маңызы  бар  құбылыстарды 

11 
 
психологиялық 
бейнелеуінің 
ерекшеліктерін, 
құқықтық 
сананың 
психологиясын,  құқықтық  орындаушылық  мінез-құлықтың  психологиясын 
қарастырады. 
Қылмыстық  психология:  қылмыстық  мінез-құлықтың  таралуына 
психологиялық 
факторлардың 
ролінің 
мәселесін, 
жеке 
бастың 
қылмыстануындағы  биологиялық  және  әлеуметтік  факторлардың  ролін, 
қылмыскердің  жеке  басы  туралы  түсінікті  қылмыскерлердың  психологиялық 
түрлері;  қылмыстық  әрекетті  жасаудың  психологиясы,  топтық  және 
ұйымдасқан  топтардың  психологиясын,  кінәлілермен  жауаптылардың 
психологиясын қарастырады.  
Түзетуші  (пенитенциарлық)  психологиясы  :түзетуші  психологияның 
міндеттері, қылмыскерлерді жазалау мен түзетудің психологиялық мәселелері, 
бас  бостандығынан  айырылған  сотталушының  психологиясы,  еңбекпен  түзету 
мекемелері 
жағдайындағы 
өмір 
әрекетінің 
психологиясы, 
қайта 
әлеуметтендіруші  іс-әрекетінің  психологиясы,  қамаудан  босаған  адамның 
әлеуметтік ортаға қайта бейімделуін қарастырады. 
Азаматтық  құқықты  реттеудің  психологиясы:азаматтық  құқықтық 
қатынастардың психологиясы, азаматтық процеске қатысушы жақтардың қалпы 
мен  қатынас  белсенділігі,  азаматтық  істерді  сотта  қорғауға  даярлаудың 
психологиялық аспектілері, азаматтық істерді сотта қарауды ұйымдастырудың 
психологиялық ерекшеліктері, азаматтық іс жүргізудегі адвокаттық іс-әрекеттің 
психологиясы және т.б. қарастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет