- жоспарланған ісін жүзеге асырмай қоймауы, өмірлік тәжірибесі, білімі,
әдеті психикалық тұрғыдан: психо - биологиялық белгілері мінезі мен
қабілеті жатады. Қылмыскердің жеке тұлғасына келесі белгілері бар
жіктеу қатары кіреді. Антиқоғамдық бағыттау тәрбиесінің белгісі
бойынша жеке тұлғаны әр түрлі қарым-қатынасы бойынша бөледі:
- жеке адамның адамгершілігінің негативті қарым-қатынасы;
- тұлғаның әр түрлі әлеуметтік институттарға қарым-қатынасы: жалпы
азаматтық, қызметтері мен әлеуметтік бағалы заттарына жеңілтек,
жауапкершіліксіз қарауы.
Анти әлеуметтік бағытта қылмыскерді 2 типке бөледі: кездейсоқ,
кримогенді. «Кездейсоқ»- бұл бірінші рет қылмыс жасаушы. «Кримогенді» -
бұл біріншіден өзін қоршаған адамдардың әсерінен (жанұясы, достары,
таныстары) екіншіден бұрын әр түрлі заң бұзушы әрекетерге барған.
Үшіншіден, қоғамның бағалы нормативті жүйесінен аластатылуы. Төртіншіден,
мінез-құлқын теріс бағалауға үйреніп кеткен, әлеуметтік-психологиялық
механизмді өзін-өзі қорғауға пайдаланады. Бесіншіден, қылмысты тез аяқтауға
асығып, ереже бойынша қылмысты жеткіліксіз себептермен жасайды.
Тұлғаны психологиялық талдау психологиялық жеке ерекшеліктерді және
биологиялық қасиеттер адамның іс-әрекет механизмінде көрініс береді.
57
Қылмыс жасауға көбіне тұлғаның әлеуметтік жағдайда пайда болатын теріс іс-
әрекеттері себеп болады.
Қылмыскердің көбі қоғамдық ортадан алшақтау, олардың шағын
топтармен де (отбасы, ұжым, достары т.б.) қарым- қатынасы әлсіз. Қылмыстың
себептері:
1) Оларға әлеуметтік норманы игеру қиынға соғады. Сол себепті де ол
оған жат көрінеді. Көптеген қылмыскерлер қандай заң бұзғанын біле тұра не
үшін айыпталғандығын түсінбейді.
2) Бала кездегі ата-ана тәрбиесі. Оны достарынан, ұжымнан және т.б.
топтардан шектеу. Мұның өзі ата-анаға деген қарсылықты тудырады.
3) Кекшіл болып өскен бала қоршаған ортаға қас, дұшпан көзбен
қарайды.
4) Қалыпты ортадан қол үзген адам өзін-өзі ұстаудан, тәртіпті сақтаудан
бас тартады. Өзі сияқты адамдармен араласқан соң олармен бірге топтық
қылмыс жасауға қатысады. Қылмыскер тұлғасы көптеген ғалымдардың зерттеу
объектілеріне айналды. Мәселен, Алфред Адлердің «Туу реттілігі»
теориясында, бірінші реттегі баланың қылмыскер, немесе заңға қарсы
бағытталған тұлға болуы мүмкін деген тұжырым жасап қарастырған. Ал
Ч.Ломброзаның «Туа біткен қылмыскер» теориясына тоқталып кетсек,
қылмыстық құқықта антропологиялық мектептің пайда болуы, алдында аталып
өткендей, қылмыстылықтың қанат жаюымен және "классикалық" мектептің
онымен күресу шараларын ұсынуға шамасы келмейтіндігімен сабақтас болды.
Бұл мектептің негізін қалаушы итальяндық дәрігер- психиатр Чезаре Ломброзо
(1835-1909) болып табылады, ал ол қылмыстылық — биологиялық сипаттағы
құбылыс деп дәлелдеуге ұмтылыс жасады. Ч.Ломброзо қылмыскер — ерекше
биологиялық тұлға, оның өзіндік антропологиялық сипаттары болады, жалпы
адам қылмыскер болып туады және оны түзеу мүмкін емес деп есептеген.
Ч.Ломброзо және оның ізбасарлары қылмыскерлерді жан-жақты сипаттап,
«өлшеп» қылмыскерге тән белгілі өзгешеліктері — қылмыстылық стигматтары
болады дегенге арқа сүйеген. Мәселен, кісі өлтірушілердің шықшыты
шығыңқы, тістері ақсиып тұрады, қаймыжық ерін, дөң мұрын болады деп
болжамдаған. Жыныстық қылмыс жасайтындардың ерні қалың, шашы ұзын
болады және т.б. Ч.Ломброзо және оның жақтастары адам тумысынан
түзелмейтін қылмыскер болып табылады деген «теорияларына» табан тіреп,
ондай құқық бұзушыларға өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, жыныстық
органын шауып тастау және басқа да ауыр жазаларды қолдануды ұсынған.
Антропологтардың пікірінше, көрсетілген шаралар сот тағайындайтын жазаны
алмастыратын болған. Ол ол ма, антропологтар соттарды жойып, оларды
қандай болмасын субъектіге «қылмысты адамның» кейіптерін анықтайтын
және ондайларға қолданылатын қауіпсіздік шараларын шешетін арнайы
әкімшілік органдарымен алмастыруды ұсынған. Әрине, мұндай шешімдердің
тым тұрпайы екендігінде дау жоқ. Бірақ, бертін келе Ч.Ломброзоның және
оның жолын ұстаушылардың (мысалы, Э.Ферри) теориясы өзге де рацистік
теориялармен бірге фашистік Италияда және гитлерлік Германияда кең қанат
58
жайып, нәсілдік және саяси тұрғыдан жаппай қырып жою мен қуғын -
сүргіндерге негіз болғандығына таң қалуға болмайды.
Өзін -өзі бақылау сұрақтары:
1.Қылмыскер тұлғасы түсінігі, оның типологиясы.
2.Қылмыстық мінез-құлықтың әлеуметтік-психологиялық себептері.
3.Қылмыстық мінез-құлыыықтың психологиялық алғы шарттары.
4.Психопатиялық ауытқулар, оның қылмыскердің мінез-құлқына әсері.
5.Қылмыстық топ түрлері, оның құрылымы.
Дәріс 8.
Тақырыбы: Жәбірленуші тұлғасын психологиялық талдау.
Мақсаты: Жәбірлеушінің тұлғасын талдау мен виктимология ұғымының мәнін
ашу.
Сабақ жоспары:
1.Жәбірленуші тұлғасының ерекшеліктері.
2.Виктимділік және виктимді мінез-құлық.
3. Жәбірленушінің субъективті және обьективті мінездемелерін ескере
отырып жіктеу.
Дәріс тезистері:
Жәбірленуші дегеніміз қылмыстың салдарынан материалдық және
моральдық зиян шеккен адам. Жәбірленуші қылмыстың дара элементі болып
табылмайды. Жәбірленуші қылмыстық зандармен қорғалатын қоғамдық
қатынастармен байланысты болатын болса, онда ол қылмыс объектісіне
жатқызылады. Жәбірленушінің психикалық күйі, жүріс - тұрысы «кінәлаудың
доминантасына» бағынышты болады. Оған жағымсыз эмоциялар, психикалық
және денелік ыңғайсыздық, күйзеліс, қақтығыс жағдайы өз ықпалын тигізуі
мүмкін.
Жәбірленушінің көрсетпелері (показания) эмоцияларға, бағалаушы ой-
пікірге толы болады, сондықтан бүкіл ақпараттан шындыққа лайықты
мәліметтерді іріктеп алу өте қиын болады. Бұл ақпаратты жинаудың өзі де оңай
емес, өйткені жәбірленуші әртүрлі әрекетке (немқұрайлық, қарсыластық).баруы
мүмкін
Жәбірленушімен қарым - қатынас құрастырғанда оның қылмысқа ұшырау
себебінен пайда болған негативті эмоциялық күйін ескеру қажет. Стресс,
аффект, фрустрация сияқты күйзелістік жағдайлардың бейнелеу- реттесу
саласы өзгеріп, бейімделу қабілеттер жоғалап, танымдық әрекет бұзылуына
алып келеді. Қозу кеңейі, сигналды жүйелер арасындағы арақатынас бұзылады.
Оқиғаның зақымдаушы әсері уақытты қабылдаудың, уақыт интервалдарын
орынды сезбейтіндігін себептейді.
Жәбілденушінің психикалық күйі өзгеріш болатынын ұмытпаған жөн.
Оқиғаны қайта қарастырған кезде, оны қайта есіне түсіріп, қозу ядролары
бекітіледі. Нәтижесінде тұрақты негативті эмоциялық кешен пайда болады.
59
Ұялу, қорғану, кемсіну, кек алу, агрессия, депрессия, күдіктілік, қорқыныш т.б.
жағымсыз сезімдер туады. Бұл жағдайда психикалық қорғыныс механизмдері
белсене түседі. Тежелу пайда болып, таралып, нәтижесінде ақпараты қорыту
имен жеткізу қабілеті жоғалады.
Жәбірленуші тұлғасы мен мінезін виктимология зерттейді.
Виктимология - бұл жәбірленушіні зерттеу /лат. viktima-жәбірленуші,
грек. logos-оқу/ болып табылады. Виктимология ғылымы деп жәбірленушіні
зерттеумен айналысатын ғылымды айтады.
Виктимділік пен виктимогендік – бұл адамдарда пайда болатын
қылмыстың құрбанына айналуға бейімділіктің физикалық, психикалық және
әлеуметтік қасиет нышандары. Виктимизация- виктимділіктің пайда болу
процесі.
Криминологиялық виктимология айтарлықтай жаңа ғылыми бағыт болып
табылады. Осының салдарынан оның теориялық негізі де, ғылыми аппараты да
әлі күнге дейін толық қалыптаса қоймаған. Криминологиялық виктимологияда
«жәбірленуші», «құрбан», «виктимділік», «виктимизация» категориялары
бастылары болып табылады. Жәбірленуші, құрбан – бұл қылмыстан
физикалық, моральдық немесе мүліктік зардап шеккен адам. Мұнда оның заңда
көзделген тәртіпте қылмыс жәбірленушісі деп танылуы және осы статусын
субъективті түрде ұғынуы маңызды емес. Индивидуалды қылмыстық мінез
генезисіндегі жәбірленушінің ролі қылмысқа тікелей қарсы тұрудан қылмыстық
әрекеттерге бағыттауға дейін бола алады.
Жәбірленуші мінезінің келесі түрлерін ажыратады:
1) Бейтарап, мұнда жәбірленушінің мінезі қылмыстың жасалуына не
ықпал етпеген, не кедергі де болмаған (мысалы, көлік жүргізушісінің
тротуардағы жолаушыны басып кетуіндегі ситуация);
2) Әлеуметтік-қолдаушы (жақсы, игі) мінез қылмыстық әрекеттерге
белсене қарсылық көрсетуде көрініс табады (мысалы, азаматтың бұзақылық
әрекеттерді тоқтатуға атсалысуы);
3) Жәбірленушінің теріс қылықтары моральдық немесе құқықтық
нормалардың бұзылуын туғызады (мысалы, қақтығысты туғызуы, қарсы
мәмілеге түсуі, қылмыстың жасалуына дейінгі кезеңде мас күйінде болуы және
т.с.с.)
Жәбірленушілерді де қылмыскер тұлғасы сияқты жас мөлшеріне қарай,
рөлдің статусына қарай, қылмыскермен қатынасына қарай, адамгершілік-
психологиялық белгілеріне қарай, олардың «кінәсінің» деңгейіне қарай,
олардың мінез-құлқының сипатына қарай топтастыруға болады. Соның бірі
жәбірленушілерді оларға тән белгілеріне қарап топтастыру.
1) Универсалдық тип - бұлар барлық қылмыстың әртүрлі жағдайларда
жәбірленушісі бола алады.
2) Таңдаулы тип - тек белгілі бір қылмыстардың құрбаны бола алады.
Тұрмыстық агрессивтілігі -денсаулығына қарсы қылмысқа, кәсіпкерлік қызметі
- оған қарсы мүліктік қылмысқа сеп болады т.б.
60
3) Ситуациялық тип - олардың виктимдігі орташа, ситуацияға
байланысты қылмысқа сеп болады.
4) Кездейсоқ тип - жол-көлік оқиғасының т.б. құрбаны болу мүмкін.
5) Кәсіби тип - оның құрбан болуы кәсібіне байланысты.
Тағы да бір критерийдің түрі ол - жәбірленушінің мінез-құлқының
сипатына қарай:
1) Белсенді жәбірленушілер - қылмыскерді өздері қоздырмағанмен, оған
көмектесуші: саналы қоздырушылар, абайсыз қоздырушылар т.б.
2) Бастамашы жәбірленушілер - жалпы мінез-құлқы жағымды сипатта
болғанмен, осы әрекеті өзіне зиян келтіруге әкеп соғады: лауазымына қарай,
қоғамдағы жағдайына қарай, жеке қасиеттеріне қарай бастамашыболып
табылатындар.
3) Бәсең жәбірленушілер - әр түрлі себептермен қылмыскерге қарсылық
көрсетпейтін құрбандар: қарсылық көрсетуге объективтік қабілетсіз, қарсылық
көрсетуге объективтік қабілетті.
4) Бейтарап жәбірленушілер- қай жағынан келсең де мінез-құлқы мінсіз
жәбірленушілер: ешқандай да жағымсыз кейіпте болмаған және жәбірленуші
ситуацияны сыни бағамдай алған.
5) Бағамдай алмайтын жәбірленушілер - өмір жағдайын дұрыс, сыни
көзбен бағалай алмайтындар: білім деңгейі төмен, ақылы кем, кәмелетке
толмаған, қариялар, сырқат құрбандар. Сол сияқты осы топқа ешқандай
жастығы, ауытқушылығы және сырқаты болмаса да бағамдай алмайтындар бар.
Мысалға, кешқұрым троллейбуста отырған студент қыздар өздеріне берген
жігіттерді «танысқылары кеп отыр» деп топшалайды. Осылайша, бұлар
көліктен түсіп жатақханаларына қарай кетіп бара жатып, жаңағы жігіттердің де
түсіп қалғанын аңғарады. Танысқысы кеп отыр деген «күдіктері» ақталған олар
енді жаңағы еріп келе жатқанжігіттер тезірек жетіп алу үшін баяу жүре
бастайды. Ал «танысқыш» жігіттеріміз жақындай бере қыздардың құндыз
бөркін ала қашады (тонау). Ситуация шынымен де қауіпті болса, оны дәл сол
күйінде емес, мүлде өңі айналған күйде бағалайтын құрбандар бұлар.
Виктимділік – өз алдына жағымсыз құбылыстар құрбаны болуға бейімділік.
Адам әлі ондай болған жоқ, бірақ оның тұлғасында белгілі бір жағдайларда
ондай ететін белгілі бір қасиеттер бар.
Атам заманнан ғылым пайда болғаннан бастап онда екі түрлі процесс
жүріп жатыр. Бірі - дифференцияция (бөліну) және интеграция (бірігу).
Әуелгіде мифологиядан соң тек философия ғана ғылым болып қалыптасты. Ол
әрі дами келе дифференцияцияға ұшырады, яғни екі негізі бағытқа
(жаратылыстану және қоғамтану) ажырады. Жаратылыстану - астрономия,
физика, химия, биология, ботаника т.б. деп бөлінсе, қоғамтану - тарих,
социология, құқық, филология т.б. деп бөлшектенді. Тіпті олардың
әрқайсысынан да жаңа ғылым салалары бөлініп шықты. Мысалға, құқықтың өзі
де конституциялық, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік т.б. деп бөлінсе,
азаматтық құқықтың өзінен де кәсіпкерлік, міндеттемелік т.б. деп, экологиялық
- жер, су, атмосфералық құқық деп бөлшектеніп кетті. Бұл дифференциация
61
құбылысы бөліну қызық болғандығы үшін жүрмейді, оның зерттеу пәні мен
зерттеу әдісі ажырай бастағанда, неғұрлым нақтылана бастағанда және оған
идеялардың, білімдердің, көзқарастардың қоржыны жеткілікті болғанда жүзеге
асады. Ол - виктимология.
Виктимология туралы үш түрлі көзқарас бар:
1) Виктимологияны криминологияның саласы деп есептейтіндер;
2) Виктимологияны криминологиямен қатар өмір сүретін салааралық
ғылым деп санайтындар;
3) Виктимологияны жалпы барлық құбылыстардың құрбандары туралы
ғылым деп санайтындар.
Осы көзқарастардың қай қайсысы болса да заңды және өмір сүруге
құқығы бар. Мысалға, оны криминологияның ғана саласы деп есептейтін
алғашқы пікірдің қалыптасуы виктимологияның дәл қазір тек қана
криминологияның құрылымында (және өзге ешқандай да ғылымға қатысы жоқ)
тұруымен түсінідіріледі. Әлбетте, тақыр жерден ғылым пайда болмайды, ол
өзге ілімнің қоластынан белгілі бір қажеттіліктер туындағанда бүр жарып
шығады. Сол сияқты виктимология саласының пайда болуы да
қылмыстылықтың себебін анықтау мен оның алдын алу үшін тек
қылмыскерлерді емес, оның құрбандарын, яғни жәбірленушілерді де зерттеу
қажеттілігінен туындаған. Оның негізін қалаушы неміс ғалымы Ганс фон
Хенттинг (1948 жылы «Қылмыскер және оның құрбандары» деген еңбек
жариялаған). Осыған қарағанда виктимология ілімінің мамандары криминолог
ғалымдардың ішінен шығатындығы да заңды да. Бірақ бұл уақытша құбылыс,
ғылым бір орында тұрмай оның жинақтаған көзқарастары мен идеялары
қордаланып тек қана қылмыс құрбандарымен ғана шектелмей өзге де
құбылыстардың құрбандары туралы да жүйелі білім жинақталып, күндердің бір
күнінде виктимологияның криминологиядан бөлініп шығу қажеттігі де
туындайды. Осы кезде жоғарыда айтқан үшінші көзқарас та екінші көзқарас та
жүзеге асады. Бірақ осыған бола дәл қазір осы үш пікірді текетірестіріп,
қызылкеңірдек болудың қажеті жоқ. Ғылым аспаннан түспейді, алдымен оның
алғышарты пайда болады, содан соң ол әлі нақты кесіп айтар ережесі жоқ
болжал күйіндегі теорияға айналады, содан соң ілімге, содан соң нақты
бұлтартпас ережелері бар ғылым саласына айналады. Виктимология да осы
жолдан заңды түрде жүріп келе жатыр. Түптің түбінде, өз алдына бөлек ғылым
болатыны аян. Сол кездерде виктимология кем дегенде мынандай салалардан
тұруы әбден ықтимал:
• Криминалдық виктимология немесе криминологиядағы виктимология
(қылмыс құрбандарын зерттейтін сала);
• Травмалдық виктимология - криминалдық емес травмотизмді зерттейтін
сала;
• Психиатриялық виктимология - психикалық ауытқығандарды олардың
өздері қосқан үлесті ескере отырып, зерттейтін сала;
•
Катастрофалардың,
экологиялық
және
табиғи
апаттардың
виктимологиясы;
62
• Техникалық қауіпсіздік виктимологиясы (еңбек қауіпсіздігін, өрт
қауіпсіздігін т.б. бұзумен байланысты виктимдік мінез-құлықты зерттейтін
сала);
• Саяси жүйе виктимологиясы. Саяси жүйе құрбандарын зерттейді.
• Құрбандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бағдарламалары мен
шаралары, виктимологиялық профилактиканың жүйесін ұйымдастыру.
Криминологияда vіctіma (құрбан) түбірінен тұратын үш түрлі ұғым
қолданылады. Олар - виктимология, виктимизация және виктимділік. Оның
виктимологиясы құрбан туралы ілім екенін айттық, ал виктимизация болса,
адамның қылмыс құрбанына айналу процесін білдіреді. Виктимділік - өзіне тән
қаситтерге не атқаратын қызметіне байланысты тұлғаның қылмыс
жәбірленушісіне айналып кету бейімділігі. Ол бейімділік оның өз мінез-
құлқына да тәуелді бола алады немесе оған тәуелсіз объективті де өмір сүре
алады. Индивидуалдық виктимділік - белгілі бір тіршілік жағдайына
байланысты (ситуацияға) қылмыс жасау үшін жағдай жасауға жәрдемдесетін
жеке индивидтің әлеуметтік, биофизикалық, психологиялық сипаттағы
қасиеттері. Түрлік виктимділік - бірқатар мән-жайларға орай кейбір жеке
адамдардың белгілі бір қылмыс түрлерінің құрбаны болуға бейімділігі (тонау,
зорлау). Топтық виктимділік- демографиялық, психологиялық, биофизикалық
және басқа да қасиеттері ұқсас адамдардың қылмыс құрбаны болуға бейімділігі
(инкассаторлар, күзетшілер, таксистер).
Жаппай виктимділік - адамдардың белгілі бір бөлігінің субъективтік
қасиеттеріне қарай қылмыстан тәни, моральдық, материалдық зардап шегуінің
объективтік мүмкіндігі.
«Қылмыстың құрбаны» – «жәбірленуші» түсінігіне қарағанда кең
ауқымды түсінік. Қылмыстың құрбаны – қалыптасқан заңды тәртіпте
жәбірленуші болып мойындалуынсыз, моральдік, физикалық немесе мүліктік
зиян тартқандар табылады. «Құрбан»- бұл виктимологиялық, «жәбірленуші» –
қылмыстық -процессуалды түсінік. Бұл түсініктер өз ара сәйкес келмеуі мүмкін.
Виктимділік бұл қылмыстық актіге ұрыншақтықтың іске асырылуы, кей
жағдайларда қылмыстың құрбан болу икемділігі немесе болдырмауға болатын
объективті жағдайлардан қашып құтыла алмауы.
Жәбірленуші психологиясы, оның тұлғасының қалыптасу факторларын,
қылмысқа дейінгі, қылмыс кезіндегі және одан кейінгі іс-әрекеті мен
қылықтарын зерттейді. Сонымен қатар жәбірленуші тергеу және адамдарда
моральді- ерік сапаларын тәрбиелеуге қатысты практикалық ұсыныстарды
дайындайды.
Жәбірленуші
психологиясы
қылмыстық
құқықпен,
криминологиямен, әлеуметтік псимхологиямен және тұлға психологиясымен
тығыз байланысты.
Жәбірленушінің әрекетінің қылмыстың шығуындағы рөлі неғұрлым
маңызды болса, соғұрлым аз мөлшерде қылмыскердің тұлғалық антиәлеуметтік
бағдары жедел болады. Тұлғаға қарсы қылмыстарда мұндай тәуелділік
айқындау
болады,
себебі
қылмыстың
жасалуының
психологиялық
механизмінде қылмыскердің эмоциялары үлкен мәнге ие.
63
Жәбірленушінің тұлғасын психологиялық талдау кезінде ескеретін нәрсе,
тұлғаға қарсы қылмыстардың 80% -ын жәбірленушімен туыстық, интимді және
басқа да жақын қатынастардағы адамдар жасайды. Қылмыс осы қатынастардың
нәтижесінде туындаған қақтығыстың аяққы кезеңі болып табылады. Сонымен
жәбірленушінің тұлғасы мен қылмыскерді терең психологиялық зерттеулер
конфликті жзағдайлардың себебін ашуға және оларды жоюдың жолдарын
табуға, яғни индивидуалды профилактиканы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қылмыстық - процессуалды заң бойынша жәбірленуші болып қылмыстың
нәтижесінде моральдік, физикалық немесе заттай зиян тартқан адам табылады.
Егер тұлға қарсы қылмыстың мынадай түрлеріне: кісі өлтіру, денені
жарақаттау, зорлау, ұрлық, тонау, ұрып-соғу, авто транспорттағы оқиғалар
немесе бұзақылыққа қатысты болса, онда бұл алдын-ала іздестірудің және істің
сотта қаралуының басты фигураларының бірі болып саналады.
Қылмыс екі тұлғаның – іздестіру кезеңінде кінәлі болып есептелетін адам
мен жәбірленуші- арасындағы өзара әрекеті кезінде жасалады. Әрине, басты
назар біріншіне аударылады, себебі оның кінәсі анықталып жатса, оның
тағдыры шешіледі. Дегенмен, қылмыстың мұндай нақты жағдайлары,
себептері, шарттары жәбірленуші тұлғасы назарға алынбаған жағдайда
толығымен ашылуы мүмкін емес. Кінәлаушының қылмыстық әрекетері көбіне
жәбірленушінің дұрыс емес, сақтанбау немесе жай ғана жеңілтек әрекеттерінен
пайда болады. Оның қылығы кінәлаушының кінәсіне ықпал ете алады, кейде
тіпті оны жоққа шығарады (қажетті қорғаныс).
Қазірге дейін ғылыми әдебиетте және практикада жәбірленуші
тұлғасының
рөлі
бағаланбай
келді,
себебі
оны
өздерінің
жеке
қызығушылықтарының тасушысы ретінде ғана бір жақты қарастырды.
Жәбірленушінің тұлғалық құрылымы мен оның әрекетіне қылмыстық
ойдың жүзеге асуы тәуелді. Жәбірленушінің тұлғасы мен оның әрекетін
психологиялықт зерттеу алдын-ала іздестіруге және сот кезінде көптеген
сұрақтарды шешуге көмектесетіндіктен де өзекті болып табылады.
Жәбірленушінің тұлғасын зерттеу әдістерін шартты түрде екі категорияға
бөлуге болады:
«Статистикалық аумағы», оған жынысы, жасы, ұлты, қызметтік жағдайы
және т.с.с. жатады; бұл белгілердің кейбірін заң талабына сай анықтау қажет,
олардың кейбіріқылмыстың класификациясына (жыныстық қылмыс кезіндегі
жас, қарсыласу кезіндегі қызметтік жағдай және т.б.) тікелей ықпал ете алады.
«Динамикалық аумағы», яғни қылмыстық оқиғадан бұрынғы және
қылмыстық оқиға кезіндегі жәбірленуші әрекеті, осы әрекеттің қылмыскерлдің
әрекетімен байланысты (мысалы, қорғаныстың интенсивтілігімен бфйланысты
шабуыл интенсивтілігі, жәбірленушіден қашу және т.с.с.).
Жәбірленушінің тұлғасын, әрекетін зертеу перспективті болып табылады.
Қылмыстың
жасалуының
алдындағы
жәбірленушінің
тұлғасының
қасиеттерімен жағдайларын сипаттайтын факторлары болып алкогольді
мастық, тәжірибесіздік, өзімшілдік, ауытқулар сонымен қатар темпераменттің
64
жекелік ерекшеліктері (әлсіз жүйке жүйесі, авариялық жағдайлардағы баяу
реакция) саналады.
Тағы айта кететін жайт, қылмыстың осы топтары бойынша жастық және
жыныстық ерекшеліктер болады: жәбірленуші ер адамдар саны бойынша
жәбірленуші әйелдерден екі есе көп болады, жәбірленушілердің
40% -қа жуығы- балалар мен 18 жасқа дейінгі жас адамдар.
Қылмыс жасалып жатқан кездегі адамның барлық әрекеті сияқты
жәбірленушінің әрекеті де фактордың екі категориясына тәуелді:
қылмыстық шабуыл немесе басқа да ықпал жағдайында сыртқы ортаның
әсері қылмыстық сыртқы әсерге (талып қалудан бастап өзін-өзі қорғауға дейін
немесе қылмыскерге белсенді шабуыл жасау) әр түрлі реакциялар гаммасын
қамтамасыз ететін тұлғаның жекелік ерекшеліктері.
Виктимділікті төмендегідей қарастыруға болады:
– Қылмысқа функционалды тәуелді бір құбылыс;
– Белгілі біреудің әрекет бейнесі
– Индивидуалды (қылмыстың құрдбаны болу мүмкіндігін сипаттайтын);
– Түрлік (қылмыстың белгілі бір топтарының құрбандарнын сипаттайтын);
– Топтық (қылмыс құрбандарының рольдік, әлеуметтік, демографиялық,
– Биофизикалық қасиеттері мен мінездемелерінен анықталатын);
– Массалық;
– Қылмыс құрбандарының характериологиялық және қылықтық
– ерекшеліктері.
Кейбір ғалымдар виктимділіктің екі конструктивті типтерін көрсетеді:
1) Тұлғалық
2) Рөлдік
Криминалды виктиммологтардың субъектілер, объектілер қасиеттерін
зерттеулері мынадай қорытындыға әкелді, виктимділік ұғымын тұлға
белсенділігінің қауіпсіздігінің нормаларынан ауытқу ретінде қарастырылған
жөн. Қауіпсіздік кепілдіктері - әрбір адамның, қоғамның табиғи қажеттілігі.
Жәбірленушілердің әлеуметтік-демографиялық мінездемесі және олардың
жіктелу негізі.
Жәбірленуші қылмыстық құқық, қылмыстық процесс, криминалистика,
соттық медицина, соттық психиатрия ғылымдарының нысаны болып табылады,
бірақ осы пәндердің әр қайсысы оны өзінше қарастырады.
Қазіргі кездегі криминология әзірше жәбірленушіге криминологиялық
жағдайдың элементі ретінде ғана қызығушылық танытады. Жәбірленушідегі
жекелеген виктимділіктің қалыптасуының түп-төркініне тоқталмайды.
Сондықтан виктимология ғылымы пайда болды. Ол қылмысқа әсер ететін
қылмыстық себептері мен жағдайларын жан-жақты әрі тереңірек түсіну
мақсатында жәбірленуші жайлы сан қырлы мәліметтерді жүйелеу және талдау
үшін қылмыс құрбанын (жәбірленушіні) зерттейді.
Жәбірленушінің субъективті және обьективті мінездемелерін ескере
отырып, оны былайша жіктеуге болады:
Жәбірленушіні жынысы бойынша жіктеу.
65
Жыныстық қылмыс механизмінде маңызды рөл атқарады, себебі ол
қандай да бір қылмыстың жасалуының қажетті шарты болып табылады.
Жәбірленуші тек белгілі бір жыныс өкілі ғана болатын қылмыстар да бар.
Мысалы зорланудан жәбірленуші көбіне әйел болуы мүмкін, басқа жағдайларда
балалар мен ерлер. Әрине, қылмыстылық тек осы категориясын қарастырсақ,
онда жыныс бойынша жіктеудің мәні жоқ. Дегенмен, жәбірленуші екі
жыныстың адамы болған қылмыстарды қарастырғанда мұндай жіктеу пайдалы,
себебі әйелдер мен ер адамдардың виктимділігінің ара салмағы мен деңгейін
анықтауға көмектеседі.
Жәбірленушінің жасы бойынша жіктеу.
Әр жастағы жәбірленушілердің психологиялық ерекшеліктерінің
криминогендік мәнділігі виктимді түзуші ретінде,әсіресе жасөспірімдер мен
қарт адамдар да ерекше көрінеді.
Балалық және жасөспірімдік кезеңдегі психофизикалық ерекшеліктер-
қызығушылық, жаңалыққа құмарлық, саяхатшылық, сенім, сендіру,
жағдайларға тез бейімделе алмау, өмірдегі қақтығыстық жағдайлардағы
қауқарсыздық және физикалық әлсіздік – осының бәрі осы жастағы жоғары
виктимділіктің себептері. Осы қасиеттер жәбірленушінің ғана емес, сонымен
бірге қылмыскердің де қалыптасуына жағдай жасайды. Практика көрсетіп
отырғандай, кәмелеттік жасқа толмағандар арасында неғұрлым виктимділер 12-
14 жас аралығындағы жасөспірімдер екен. Бұл жаста өмірлік тәжірибесі жоқ
жасөспірімдерге әр түрлі міндеттерді: ересектердің қамқорлығынан шығу,
басқа жыныстылармен өзара қатынас жасау, белгілі бір уақытта кәсіп таңдау
сияқты міндеттерді шешуіне тура келеді. Дәл осы кезеңде тұлға белсенді түрде
қалыптасады, индивидуумның адамгершілік бет-бейнесі жасалады.
Кәмелетке толмағандардың жоғары виктимділігі негізі себептерінің бірі
ересектердің олардың психикасына негативті ықпалы болып есептеледі. Әрине,
осындай негативті ықпалдар нәтижесінде кәмелеттік жасқа толмағандар кейде
қылмысқа барады немесе жәбірленуші болуы мүмкін. Мысалы: Челябинск
облысының бір қаласында театр студиясының көркемдік жетекшісі мен
режиссері Рутковский көп жылдар бойы жүйелі түрде өзінің оқышысы Оля
Мышкинамен арсыз қылықтар жасап, жыныстық қатынастарға барған. Оля 12
жыл бойы сексуалдық қатынастан тәжірибе жинақтаған. Он алты жасында
Рутковскийдің студиядағы көмекшісі болған.нан кейін, ол оның талабына орай
Рутковскийге жаңа құрбандарды 12-13 жастағы қыздарды әкеліп тұрған.
Мышкина жәбірленушіден қылмыскерге айналған, соның нәтижесінде өз
мұғалімімен бірге қылмыстық іс бойынша сотталды. Виктимологиялық
көзқарас бойынша, бұл мысалдан көрінетіні біріншіден, Мышкина белгілі бір
уақыттан бастап өз еркімен күштеусіз қылмыс жасаған, екіншіден, көптеген
кәмелетке толмаған қыздар қылмыскерге бағынып, болған оқиғаны құпия
ұстаған.
Кәмелеттік жасқа толмағандар көбінесе қылмысқа тез ілігеді,
жезөкшелікпен шұғылданады, маскүнемдікке салынады. Көп жағдайларда
66
жасөспірімдер ересек қылмыскер жағынан күш көрсету, қорқыту ықпалында
болады.
Жәбірленушіні олардың рөлдік статусы бойынша жіктеу.
Белгілі бір қызмет атқаратын немесе қоғамдық әрекетте орын алатын
адамдар басқаларға қарағанда жиі қылмыстың құрбаны болады. Мысалы:
милиция қызметкерлері, күзетшілер, кассирлер, инкасаторлар, әскери адамдар,
яғни қылмыскерге қарсы әрекет жасауға міндетті адамдар сол арқылы өз
өмірлері мен денсаулығына қауіп төндіреді. Виктимділік кірістің орта
деңгейінің өсуіне байланысты артады. Қауіпсіздік шараларына қарамастан, өте
бай адамдарға виктимділіктің жоғары деңгейі сәйкес келеді.
Жәбірленушіні қылмыскерге қатынасына байланысты жіктелуі.
Қылмыстың механизмінде көбінесе шешуші рөлді жәбірленуші мен
қылмыскер болатын қатынас атқарады. Ол туыстық, жұбайлық немесе
интисмдік, көршілік, жолдастық, дұшпандық, қызметтік және т.б. қатынастар
болуы мүмкін. Әлеуметтік байланыстар қылмысқа әкелетін қақтығыстардың
мәнімен қатар, криминогиялық жағдайдың даму динамикасын да анықтайды.
Тұрмыстық қылмысты алатын болсақ, онда қылмыскер мен жәбірленуші
арасындағы тұрақты қатынас анық көрінеді. Осы қатынастарды ескермей,
қасақана жасалған кісі өлтірудің тиімді профилактикасын жүргізу мүмкін емес.
Г.Гентиг айтқандай, көбінесе қылмыскер мен жәбірленуші бір-біріне кілт пен
құлып тәрізді дел келеді.
Жәбірленушіні адамгершілік - психологиялық белгілерібойынша жіктеу.
Қылмыстың механизмінде жәбірленушінің жыныстық азғындау,
ішімдікке салыну, нашақорлық, қанағатсыздық, деспотизм, агрессивтілік,
дөрекілік, қорқақтық, қаталдық, сыншылдықтың болмауы, сыпайылық,
мықтылық, жақсы физикалық дайындық, физикалық әлсіздік, әдептілік, әр
түрлі адамгершілік-психологиялық ерекшеліктері көрінеді. Барлық осы
қасиеттер мінез-құлықта көрініс береді және белгілі бір жағдайларда
қылмыстың жасалуына ықпал етеді немесе кедеогі келтіреді.
Тұлғалық сапалар біркелкі көрінбейді. Сондықтан огбъективті негативті
қасиеттер криминологиялық механизмде үнемі негативті түрде көрінеді деп
айтуға болмайды. Мысалы, қорқақтық тәуекел жағдайларға кіріспеуге
итермелейді, соның арқасында оған мүмкін шұығындар келмейді. Басқа
жағынан алсақ, осындай жағдайда батырлық, тәртіптілік, көмекке келушілік
сияқты жақсы қасиеттері бар адам жәбірленуші болуы мүмкін. Жағымды
қасиеттер көп жағдайда, бірақ ылғи емес, қылмыстың алдын-алуға, оған кедергі
келтіруге көмектеседі. Мүмкін осындай құнды қасситтері бар адам жәбірленуші
ретінде көп көрінеді.
Жәбірленушіні қылмыстың ауырлығына байланысты жіктеу.
Жіктелген топтар кішігірім ауырлықтағы қылмыстан, орта дәрежедегі
қылмыстан, ауыр қылмыстан жәбір көргендерді қамтиды. Жәбірленушілерді
қылмыстың ауырлығынга тәуелсіз келтірілген зиянның ауырлығы бойынша
топтастыруға болады. Бұл жіктеу аналитикалық міндеттерді шешу үшін
пайдалы.
|