А. А. Карабалина Теориялық және қолданбалы психология кафедрасының



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата09.04.2020
өлшемі1,13 Mb.
#62060
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
ЗАҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ


Өзі -өзі бақылау сұрақтары: 
1. Тергеуді жүргізудің әлеуметтік-психологиялық жағдайлары. 
2. Тергеу кезіндегі жәбірленушінің психологиялық ерекшеліктері. 
3. Куәгер мен жәбірленушінің  куәлік етулерінің психологиясы. 
 
 
 
 
 
 

76 
 
Дәріс 11. 
Тақырыбы: 
Ұйымдасқан 
қылмыстың 
әлеуметтік-психологиялық 
мінездемесі. 
Мақсаты:  Ұйымдасқан  топ,  әлеуметке  жат  бейресми  топтар  мен  бірлестіктер 
мәселесін анықтау. 
Сабақ жоспары: 
1.  Әлеуметке жат бейресми топтар мен бірлестіктер мәселесі. 
2.  Жанұя ұйымдасқан қылмыстың бастапқы бірлігі ретінде. 
3.  Ұйымдасқан топ ұғымы. 
 
4.  Қылмыстық топ пен қауымдастықтағы лидерлік мәселесі. 
 
Дәріс тезистері:  
Әлеуметке  жат  бейресми  топтарға  заңсыз  құрылған  топтар  жатады.  Бұл 
топтарға  жастар  арасындағы  құқық  бұзушылық  топтар,  секта,  көптеген  теріс 
діни  ағымдық  ұйымдар,  яғни  адамды  ақиқаттылықтан  адастыратын  топтар 
жатады.  Қылмыстық  мінез-құлыққа  ықпал  ете  алатын  тұлғаның  қоғамға  жат 
көзқарастары бағыттары, қоғам қолдамайтын мұқтаждықтары мен мүдделерінің 
түбі  әлеуметтік.  Осы  жерде  бірден  тұлғаға  ықпал  ететін  сыртқы  ортаның  екі 
деңгей  болатын  айта  кеткен  абзал,  олар:  микроорта  және  макроорта.  Екеуінің 
арасындағы  бөліну  шартты.  Микроорта  -  ол  тұлға  тікелей  байланысқа  түсетін 
қоғамның  институттары  (жанұя,  достар,  өзге  де  топтар).  Адам  макрортаны 
микроорта  арқылы  ғана  бойына  сіңіреді,  өйткені  ұстап  көруге  болатын 
макрорта  болмайды,  макроорта  микрорталардың  жиынтығы  ғана  емес,  ол 
тұтастай  алғандағы  қоғамды,  тіпті,  қоғамда  бұрын  өмір  сүргенмен  қазір  жоқ 
әсер  етуші  инститтуарды  да  білдіреді.  Мысалға,  Робин  Гуд  шет  ел  аңызынан 
алынған  персонаж,  ол  өмірде  жоқ,  бірақ  жалпы  қоғамдық  көзқарастарды 
қалыптастыруға  ықпал  етуші  тұлға.  Мысалға  1994  жылы  Ресейде  жатып 
интернет  жүйесі  арқылы  АҚШ-тың  беделді  банк  жүйесіне  сақтандару 
құралдарын  бұза  олтырп  еніп,  әр  мемлекеттердің  басқа  банктеріндегі  есеп-
шоттарға  ондаған  миллион  АҚШ  доллары  көлеміндегі  қаржыны  бірнеше 
сағаттың көлемінде аударып жіберген, кейіннен Ресейге де көп мөлшерде ақша 
аударған. Оны жасаған 24 жасар Ресей азаматы АҚШ-та ұсталып, сот алдында 
жауап  бергенде,  судьяның  «Бұл  істі  не  үшін  жасадың?»  -  деген  сұрағына 
мектепте  төменгі  сыныпта  оқып  жүргендегі  әңгімесін  баяндап  берген.  Онда 
мұғалім  бұлардан  өскенде  кім  болатындығы  туралы  сұрақ  қойып,  кезек  бұған 
келген  ол:  «Ол  мамандықтың  қалай  аталатынын  білмеймін,  бірақ  ондай 
мамандықтың бар екенін білемін, ол - байлардан ақшаны алып кедейлерге бөліп 
беретін мамандық деп жауап берген» Жауап берген оқушылардың ішіндегі ең 
дұрыс жауап деп мұғалім осы болашақ «хакердің» жауабын тапқан. Бұл әрекет 
аңыздағы Робин Гудтің әрекетіне сай келеді. Ондай қасиеттерді ол макрортаны 
құраушы  Робин  Гудті  көргесін  емес,  тікелей  байланыстағы  микрортаның 
айтуымен  сіңіреді.  Кәмелетке  толмағандарды  тәрбиелеуде  бейнефильмдердің 
маңызы  зор.  Сұралғандардың  90%-і  бос  уақыттарында  кинотеатрлар  мен 
үйлерінде кино көретіндігін мәлімдеген.  

77 
 
Микроортаның ішінде тұлғаның өмірге келген алғашқы күндерінен ықпал 
ететін  ол  -  жанұя.  Бала  жанұяны  дүниенің  кіндігі  деп  есептейді,  әр  түрлі 
қылықтарды  жанұя  мүшелірінің  мінез-құлқымен  салыстара  отырып  қана 
«жақсы  -жаман»  деп  бағалайды.  Өз  оң  -  солын  таныған  соң  ғана  көңіл 
көкжиегін  кеңейте  бастайды,  жанұя  мүшелерінің  әрекетінің  де  қате  екендігін 
түсінеді,  бірақ  ол  кезде  тым  кеш  болуы  мүмкін,  өйткені  қалыптасып  қалған 
қасиеттерін  өзгертіп,  өзін  өзі  қайта  тәрбиелеу  қиын,  ал  оны  сыртқы  күштер 
тарапына  қайта  тәрбиелеу  мүлде  қиын.  Әдетте,  жанұядағы  спирттік 
ішідіктермен әуестену, жанжал, жанұя мүшелерінің моральға жат, заңға қайшы 
әрекеттері  сияқты  келеңсіз  жағдайлар  қатты  әсер  етеді,  бірақ  бұл  да  ең  негізі 
емес, ең негізгі нәрсе жанұя мүшелерінің арасындағы эмоционалдық байланыс, 
бетпе - бет ашық әңгімелесу. Конфликтілік атмосферада өскен оқу-әдістемелік 
кешен  балалардың  үлгілі  отбасында  тәрбиеленген  кәмелетке  толмағандарға 
қарағандағы құқық бұзушылыққа деген тәуекелі 4-5 есе жоғары болған. Толық 
емес  немесе  ажырасқан  отбасылардың  криминогендік  маңызы  бар. 
Зерттелгендердің  32%-де  ата-анасының  біреуі  болмаған.  Олардың  19,4%-і 
некеден  тыс  туғандар.  Отбасылардың 17,4%-де  әке-шешесінің  арасында үнемі 
жанжал  болған,  16,1%-де  олар  уақытша  ажырасқан.  Басқа  бір  зерттеулерге 
қарағанда «Жасөспірімдерге теріс ықпал жасаған не?».- деген сұраққа: 7,5%- і - 
туыстарымның  жасаған  қылмысы,  14,1%-і  -  отбасы  мүшелерінің  ішімдікке 
салынуы, 2,3%-і - үйдегі жанжал, көзге шөп салу, 73,6%-і - көшенің ықпалы, - 
деп  жауап  берген.  Сұралғандардың  үштен  бір  бөлігі  ғана  әке-  шешесінің 
беделін 
сыйлаған. 
Мұғалімнің, 
ұстаздарының 
беделін 

2,3%, 
жаттықтырушылардың, үйірме жетекшілерінің беделін  - 4%, жұмыс істеген не 
оқыған  ұжымының  беделін  -  3,7%-і,  ата-аналарының  -  37,5%-і  сыйлаған. 
В.Н.Кудрявцевтің  пікірінше  адамның  өмір  салты  дұрыс  болмаса,  ол  адам 
бұзылады, оны қылмысқа бейімдейтін жағдай туады.  
Ұйымдасқан  топ  –  қылмыстық  құқықта  -  қылмысқа  қатысу  нысаны, 
мұнда қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен 
адамдардың  тұрақты  тобы  жасайды.  Ұйымдасқан  топтың  міндетті  белгілері  - 
алдын  ала  сөз  байласу  және  тұрақтылық.  Ұйымдасқан  топтың  тұрақтылығы  - 
оның мүшелері арасында тұрақты байланыстың болуы және бір немесе бірнеше 
қылмысқа  дайындалу  мен  оны  жасау  әрекетінің  айрықша  әдістерінің  болуы. 
Ұйымдасқан  топты  құрған  не  оған  басшылық  еткен  адам  осы  қылмысты 
ұйымдастырғаны не оған басшылық еткені үшін, сондай-ақ осы қылмыс оның 
қаскүнемдік  ниетімен  жасалса,  Ұйымдасқан  топ  немесе  қылмыстық 
сыбайластық  (қылмыстық  ұйым)  жасаған  барлық  қылмыс  үшін  қылмыстық 
жауапқа  тартылады.  Ұйымдасқан  топтың  немесе  қылмыстық  сыбайластықтың 
(қылмыстық  ұйымның)  басқа  қатысушылары  қылмысқа  қатысқаны  үшін, 
сондай-ақ  өздері  дайындауға  немесе  жасауға  қатысқан  қылмыстар  үшін 
қылмыстық  жауапқа  тартылады.  ҚР  Қылмыстық  кодексінде  көзделмеген 
жағдайда  Ұйымдасқан  топ  құру  қылмыс  жасау  үшін  құрылып,  қылмысты 
жасауға  дайындалғаны  үшін  қылмыстық  жауапқа  апарып  соқтырады. 
Ұйымдасқан  топтар  –  екі  не  төрт  адамнан  тұрады.  Ұзақ  уақыт  көздеген, 

78 
 
қылмыстық  мақсаттары  бар  ынтымақтастығы  бар  тұрақты  топ  болғанымен 
күрделі  құрылымы  қатаң  тәртібі  мен  лидері  жоқ.  Қылмыстық  тәсілдері  үнемі 
бірдей  әбден  ойластырылған.  Шешімді  бірлесіп  қабылдайды,  бірлесіп  істейді: 
ұрылар,  тоңаушылар,  көз  бояушылар,  пәтер  тоңаушылар,  жас  жетпеген 
жасөспірімдер  жатады.  Бұл  топтың  топтық  қылмыстық  әрекетінің  мерзімі  үш 
жылдаң  аспайды.  Құрылымдық  (күрделі)  ұйымдасқан  топ  -  қарапайым  түріне 
қарағанда  өзінің  тұрақтылығымен  сипаттталады.  5-10  немесе  одан  да  көп 
адамдардан  тұрады.  Қылмыстық  әрекеттері  үзіліссіз:  зат-  мүлік  тонаушылар, 
зарлаушылар.  Анықталған  ортақ  мақсаттары  жалғыз  адамға  «лидерге» 
бағынушулық  талап  етеді.  «Лидер»  немесе  «главарь»  қылмыстық  топтың 
бағытын,  қылмысты  жоспарлау,  даярлану,  әркімнің  атқаратын  қызметін 
анықтайды.  Бұл  топтың  мүшелері  ерекшеленген  идеяларды,  қалыптасқан 
қылмыстық  дәстүрлерді,  сенімдерді,  мақсатқа  жетудегі  жалпы  криминалдық 
әдіс-тәсілдерді  басшылыққа  алады.  Сондай-ақ  басқа  да  қылмыстық  топтармен 
тығыз  байланыс  жасайды:  Жалған  құжат  жасаушылармен,  техникалық 
жұмысшылармен,  ұрланған  заттарды  сатып  алушылармен.  Автомобильдерді, 
пәтерлерді  шеберлікпен  тонайды,  ұрлықты,  тонауды,  ұруды,  рэкеттік  істерді 
кәсіптік  шеберлікпен  орындайды.  Ұйымдасқан  қылмыстық  топтар-  бірнеше 
қылмыстық  топтардан  тұрады.  Мысалы:  Москва  пен  Подмосквьедегі 
Солнцевская,  люберетская,  долгопруденская  топтары  300-500  дейін  белсенді 
мүшелері  бар.  Қылмыстық  әрекетті  орындаудағы  тәсілдеріне  қарай  екіге 
бөлінеді: 
Команда  (бригада)  -  өздерінің  жергілікті  тұрақты  территориялық 
белгілеріне қарай бөлінеді. 
Община  -  көбінесе  сырттан  келген,  жергілікті  жердің  тұрғындары  емес 
(Закавказьеден,  Азербайджан,  Чечня,  Грузия,  Дагестан)  келген  адамдардан 
тұрады.  Кейбір  лидерлері,  қажетті  капиталды  жинағаннан  кейін  «жасыру» 
әрекетіне  көшеді.  Коммерциялық  құрлымдарды,  банктерде  директор  немесе 
гинеральдық  жетекші  қызметкері  болады.Бандиттік  (құрылым)  ұйымдар- 
қоғамдық,  мемлекеттік  мекемелерде,  жеке  адамдарға  басымдылық  көрсетуге 
ұйымдасқан қарақшылық топ. Басқа ұйымдарға қарағанда айқын түрде қарулы 
басқыншылық  жасайды.  Құрамында  он  адамнан  аспайды.  «Главарьға»  қатаң 
бағыну  мен  тәртіп  ережелерін  сақтаумен  ерекшеленеді.  Жәбірлеуде  өте 
қатаңдық  қолданады.  Қылмыстық  әрекеттердің  негізгі  ұмтылысы:  ақша, 
валюта,  қару-жарақ,  алтын,  қымбат  тастар,  антиквариат.  Қылмыстық 
әрекеттерінде  жауыздық-  зорлық  әдістермен  қатар  қолдарына  түскендерді 
қинауда  қатаң  айуандықпен  жазалайды.  Қарақшылық  ұйымдардың  үш 
категориясы  бар:  Классикалық  (қалыптасқан)  банда-  айқын  түрде  қарулы 
қарақшылық әрекет; Жетілген, білікті банда (специализированная)- ерекшелігі: 
қылмыстың бір түрін орындаудағы қылмыстық іскерлікпен дағдыны жетілдіруі
мысалы:  банк,  инкассатор,  үлкен  тонаушылар;  «Заказчики»  -  конкуренттеріне 
басымдылық  көрсету  үшін  қолданылатын  қылмыс.  Мысалы:  «киллер», 
«вышибало»  адамдардан  тұрады.  Белсенді,  ширақ,  конспирациялық  әдіс-
тәсілдерді жетік меңгерген, дене бітімі дамуы жоғары. 

79 
 
Қылмыстық  топпен  қай  елгеде,  мемлекеттке  де  болмасын  экономикалық 
және мәдени дамуына қауіптілік әкеледі. Қылмыстық топтар мемлекеттерде тез 
таралғанымен,  қылмыстық  топтарды  жоюға,  күресуге  ұзақ  уақыт  қажет. 
Мәселен Италия еліне, билік етіп тұрған «мафияға» соң нүктесін қоюға, жоюға 
200-  дей  жыл,  АҚШ-қа  қылмыстық  топтармен  күресуге  50  жылдай  керек 
болды.  И.Н.Сорокотягиннің  ойынша,  дәстүрлі  ұйымдасқан  қылмыстық  топ 
психологиясына кіреді: 
1)  Қарапайым ұйымдасқан топ; 
2)  Қиын ұйымдасқан топ; 
3)  Ұйымдасқан қылмыстық топтама; 
4)  Бандиттік қалыптасу
5)  Қылмыстық қауымдастық; 
6)  Мафия; 
7)  Кәсіби қылмыстық лидерлердің кооперациясы («заңдағы ұры»). 
Қылмыстық  топтарды  зерттеу,  қылмыстың  қалыптасуының  келесідей 
қатысушыларының бар екендігіне тұжырым жасауға мүмкіндік береді: 
«Жалған кәсіпкер» ақшамен, финанспен айналысатын алаяқ қылмыскер; 
«Гангстер» негізгі қызмет түрі рэкет (білікті бопсалау); 
«Гангстерлер» наркобизнес, құмар ойын бизнсі, жөзекшелік т.б. бақылайы; 
«Қарақшы» сауда, жекешелендіру, шикізат сату аумағындағы қылмыстық топ; 
«Жемқорлар» 
құқық 
қорғау 
органдарындағы, 
басқарудағы, 
билік 
органдарындағы мемлекет шенеуніктерінің тобы. 
«Координаторлар»  қылмыс  әлеміндегі  элитасы,  «заңдағы  ұрылыр»  немесе 
авторитет. 
Координаторлардың 
белсенді 
жұмысы 
«мафия» 
болуын 
пайымдайды. 
Лидер  (ағылшынның  «басты»  деген  сөзінен  алғанда)  –  сол  бірлестіктің 
мүддесін  қанағаттандыруға  бағытталған  бірлескен  қызметті  біріктіру 
мақсатында басқаларға ықпал етуге қабілетті адам. Лидерге тән қасиеттер: 
1)  Жауапкершілікке және бастаған ісін аяқтауға күшті ұмтылысы
2)  Мақсатына жету жолындағы күш қайраты; 
3)  Бастамашылдығы; 
4)  Өзіне-өзінің сенімділігі; 
5)  Айналасындағылардың мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал ету қабілеті
6)  Іс-әрекетінің және шешімдерінің салдарын «өзіне» қабылдау қабілеті; 
7)  Топтық фрустрацияға және ыдырауына қарсы тұра алатын қабілеті. 
Бүгінгі  күнде  лидерлік  мәселесі  барлық  ғылымдарда  толыққанды 
зерттелуде. Мәселен, психология лидердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттейді. 
Әлеуметтану лидерлікті әлеуметтік жүйенің негізінде қарастырады. Әлеуметтік 
психология  лидерлікті  әлеуметтік  және  психологиялық  факторлардың  өзара 
қызметтік  процесі  ретінде  зерттейді.  Ал  саясаттану  саяси  лидерлікті  билік 
феномені  ретінде  қарастырса,  заң  психологиясында  лидерлікті  қылмыстық 
топтағы жетекші ретінде қарастырады. 
Криминалды  психологияда  қылмыстық  топтардың  лидерлері  басқару 
стиліне қарай келесідей категорияларға бөлінеді: 

80 
 
1) 
Лидер-шабыттандырушы:  қылмыстық  әрекеттің  мақсаты  мен 
міндетін,  әрекет  нормаларын  анықтайды,  өзінің  бағдарламаларын 
ұсынады. 
2) 
Лидер-ұйымдастырушы:  қылмыстық  топ  әрекетін  ұйымдастырып 
және  басқаарады  барлық  топтардан  пайда  болған  бағдарламаны  жүзеге 
асырады. 
3) 
Аралас  типтегі  лидер:  лидер-шабыттандырушы  және  лидер-
ұйымдастырушы  типтерінің  элементтері  бар  яғни  бір  уақытта,  бағдарламаны 
міндеттепте,  бағдарламаның  орындалуында  ұйымдастырады.  Лидерді  анықтау 
мен әшкерелеу-оңай емес тапсырма. Осы мақсатпен әр-түрлі тактикалық және 
психологиялық тәсілдер мен құралдар қолданылады, тергеу және оперативті іс-
шаралар  жүргізіледі.  Бұл  істің  негізгі  мәні  қылмыстық  топ  және  оның  лидер 
рөлінің психологиялық құрылымын зерттеу. Зерттеу барыснда, қылмыстық топ 
мүшелері  және  лидер  арасындағы  конфликтер  бар  екенін  растайтын  дәлелдер 
жинау керек. Бұл дәлелдемелерді тергеу кезінде, тергеу әрекеттерінде қолдану 
керек. 
 
Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 
1.  Ұйымдасқан қылмыстың психологиялық ерекшеліктері. 
2.  Ұйымдастырылған  қылмыстық    топтың      психологиялық  -  құқықтық 
бағасы.   
3.  Ұйымдасқан қылмыстың әлеуметтік- психологиялық мінездемесі. 
 
Дәріс 12. 
Тақырыбы:Қылмыстық  және  азаматтық  құқықтағы  сот-психологиялық 
экспертиза. 
Мақсаты:  Сот-психологиялық 
экспертизаның 
заң 
психологиясындағы 
маңыздылығын анықтау. 
 
Сабақ жоспары: 
1.  Сот- психологиялық экспертизаның пәні мен компетенциясы. 
2.  Сот- психологиялық экспертизаның құрылымы мен әдістері. 
3.  Сот- психологиялық экспертизаны тағайындаудың міндетті себептері мен 
СПС қойылатын сұрақтар. 
 
Дәріс тезистері: 
Сот  -  психологиялық  экспертиза-  бұл  сот  процесіндегі  шындықты 
қалыптастырудағы дәлелдер көзі болып табылатын бірден бір амал. 
Тергеуші экспертизаны тағайындауға қажетті  негіздерді талдауы (анализдеуі), 
эксперттік  дұрыс  шешім  табуы  қажет  мәселелерді  дұрыс қоя  алуы  қажет.  Бұл 
үшін берілген экспертиза түрінің мақсатын, оның компетенция мүмкіндіктерін 
білуі міндетті. 
Сот-  психологиялық  экспертиза  (СПЭ)  қылмыстық  және  азаматтық 
істердегі  маңызды  айыпталушылар,  арызданушылар,  жауаптылар  мен 

81 
 
куәгерлердің  психикалық  ерекшеліктерін  зерттейді.  Сот-психиатриялық 
экспертизадан 
айымашылығы 
СПЭ 
қалыпты 
норма 
жағдайындағы, 
патологиялық ауытқуы жоқ психикалық құбылыстарды зерттейді.  
Сот-  психологиялық  экспертизаның  пәні  болып-сотәрекеттеррінде 
шындықты 
қалыптастыруға 
маңызды 
индивидтің 
патологиялық 
емес,психологиялық ауытқулары табылады.  
СПЭ  қазіргі  ғылыми  психологиялық  әдістермен  жүргізілуі  керек. 
Сараптамалық  зерттеу  нәтижелері  сенімді  және  верификацияланған,  яғни 
тергеуші  мен  соттың  тексеру  мен  бағалауына  қолайлы  болуы  керек.  ҚПС-ң 
негізгі  міндеті  -  патологиялық  емес  құқықтық  маңызы  бар  психикалық 
аномалияларды ғылыми негізделген тұрғыда диагностикалау болып табылады. 
 
Психодиагностика психологияның саласы ретінде ХІХ ғасырдың соңында 
дами  бастады.  Оның  ең  ірі  көрнекті  өкілдері  Дж.  Кеттл,  Ф.  Гальтон  және  т.б. 
болды.  Оның  дамуына  француз  психологы  А.  Бине  үлкен  үлес  қосты,  ол 
балалардың  ақыл-ой  дамуын  диагностикалау  әдісінің  авторы  болып  табылады 
(интеллектінің даму шкаласы Q). Психодиагностика әр түрлі бағыттар бойынша 
мамандандырылған 
көптеген 
әдістемелерді 
қамтиды. 
Қылмыстық 
сараптамалық  диагностикалауда  психикалық  аномалиялар,  психикалық 
дамудың 
тежелісі 
саласындағы 
мамандар 
жетекші 
рөл 
атқарады. 
Психодиагностиканың  негізгі  әдісі  -  тест.  Қылмыстық  сараптамалық 
диагностикалау  мақсатында  қолданылатын  тесттер  валидті  әрі  өте  жоғары 
сенімді болуы керек. 
 
Интеллект  тесттері  сыналушылардың  интеллектуалды  дағдылары  мен 
біліктіліктерді меңгеру деңгейін анықтауға арналған. Бұл тестер ақыл-ой дамуы 
артта қалғандарды диагностикалау үшін жарамды. Сенсорлық сфера, ойлау мен 
сөйлеу  аномалиялары  патопсихологияда  жасалған  түрлі  әдістер  мен 
әдістемелердің жүйесі арқылы зерттеледі. 
 
СПЭ  тәжірибесінде  тұлғалық  сұрақнама  ММРІ  кеңінен  қолданылады. 
Сұрақнама  психосоматикалық  және  неврологиялық  бұзылыстарды,  әлеуметтік 
құндылықтық қатынастарды, мінез-құлықтың психопатиялық типтерін (фобия, 
маникальды және психопатиялық күй, агрессивтілік пен садисттікке бейімділік 
және  т.б.)  анықтайды.  РФ  психологиясында  ММРІ-дың  үш  бейімделген 
нұсқасы бар (Березиннің, Мирошниченковтың, Л.Н. Собчиктің сұрақнамалары). 
ММРІ сұрақнамасы тұлғаның қылмыстық маңызды сапаларын диагностикалау 
үшін де қолданылады. 
 
Қылмыстық  сараптама  зерттеулерінде  Кеттел  сұрақнамасы  (он  алты 
тұлғалық факторларды анықтайтын) қолданылады. 
 
Қылмыстық  сараптама  тәжірибесінде  сұрақнамалармен  қатар  тұлғаның 
түрлі  мақсаттарын  анықтайтын  проективті  әдістер  кеңінен  қолданылады. 
Проективті  диагностикалық  әдістің  ең  кең  тараған  түрі-  Роршах  тесті  (ол  екі 
жақты симметриялық дақтар бейнеленген он кестеден тұрады). Сыналушыларға 
«бұл  неге  ұқсайды?»  деген  сұрақ  қойылады.  Экспериментатор  тұрақты 
тұлғалық тенденцияларды анықтау үшін теориялық  тұжырымдардың негізінде 
жауаптарды интерпретациялайды. 

82 
 
 
Розенцвейгтің  тестінде  суреттік  ассоциациялар  арқылы  тұлғаның 
эмоциогендік жағдайлардағы мүмкін боларлық реакциялары анықталады. 
 
Тематикалық  апперцептивтік  тест  (ТАТ)  анағұрлым  күрделірек. 
Сыналушыларға  әр  түрлі  интерпретациялар  жасауға  болатын  сюжетті 
картиналар  көрсетәледі.  Сыналушылардың  жауаптарын  талдау  кезінде 
кейіпкерлердің  позицияларын  талдау,  солидаризация,  сюжет  линиясынан 
ауытқу, қабылдаудағы қателіктері ескеріледі.  
 
Кәмелеттік  жасқа  толмағандардың  психикалық  аномалияларын  зерттеу 
үшін  А.Е.  Личконың  құрастырған  патохарактериологиялық  диагностикалық 
сұрақнамасы  (ПДС)  қолданылуы  мүмкін.  ПДС  арқылы  мінез-құлық 
акцентуациялары анықталады. ПДС СПЭ тәжірибесінде де қолданылады.  
 
Психикалық  аномалияның  тұқымқуалаушылық  себептерін  анықтау  үшін 
ғылыми бақылау әдісі, әңгіме әдісі және биографиялық әдіс қолданылады. 
 
Дәлел көзі ретінде СПЭ-ң  қорытындысы белгілі бір формасы, құрылымы 
мен мазмұны бар, заңды тәртіпте жазбаша түрде баяндалуы керек. Қорытынды 
түсінікті  тілде  жазылуы  тиіс,  ал  ғылыми  териндердің  түсіндіресі  келтірілуі 
керек. Қортынды үш бөлімнен тұрады: кіріспе, зерттеу және қорытынды. 
 
СПЭ-ны  тағайындамас  бұрын  оның  себебін  нақты  анықтау  қажет,  яғни 
осы  сараптаманың  қажеттілігін  дәлелдетін  фактілерді  анықтау  керек. 
Сараптаманы ұсынудың негізгі себептері:  
-  Кәмелетке  толмаған  айыпталушылардың  ақыл-ойларының  артта  қалуларына 
байланысты СПЭ. 
-  Жағдай  ісі  үшін  маңыздыларды  дұрыс  қабылдау  қабілетін  анықтау  және 
дұрыс мәліметтер беру үшін жүргізілген СПЭ. 
-  Дәрменсіз  күйдегі  жәбірленушіні  зорлаумен  байланысты  қырмысты  тергеу 
кезіндегі СПЭ. 
-  Кездейсоқ  эмоциялық  аффект  белгілерінің  бар  болуына  байланысты 
жүргізілген СПЭ. 
 
СПЭ-ны факультативті түрде ұсынудың себептері: 
-  Психологиялық  ерекшеліктеріне  байланысты  (психолингвистік  сараптама) 
жазбаша құжаттың авторын анықтау үшін; 
-өзіне-өзі    қол  жұмсаған  адамның  патологиялық  емес  психикалық  күйін 
анықтау үшін; 
- Техниканы қолданумен байланысты болған оқиғаны тергеу. 
Азаматтық сот өндірісіндегі СПЭ. 
 
Азаматтық  үрдістегі  сарапшының  қорытындысы  дәлел  көздерінің  бірі 
болып  табылады.  Азаматтық  істерді  кейбір  жағдайларда  ҚПС  -  шешу  мүмкін 
емес. 
 
Азаматтық сот өндірісіндегі СПЭ компетенттілігіне келесілер жатады: 
-  Сараптама  обьектісін  болып  табылатын  адамның  өз  бітімдерінің  мазмұнын 
түсіну дәрежесін, саналы транзитті шешімдерді қабылдау қабілеттерін анықтау; 
-  Қабілетсіз  субьектінің  шындықты  адеватты  бейнелеуіне  кедергі  келтіретін 
патологиялық емес психикалық аномалияларды анықтау

83 
 
-Ерлі-зайыптылардың  психологиялық  сәйкестілігін,  эпизодтық  конфликтілерді 
жою мүмкіндіктерін анықтау; 
- Нақты тұлғалардың балаларды тәрбиелеу мүмкіндіктерін анықтау; 
-  Балалардың  әрбір  ата-аналармен,  асырап  алушылармен,  қамқоршылармен 
психологиялық сәйкестігін анықтау
-  Куәгерлердің  жағдай  ісі  үшін  маңыздыларды  дұрыс  қабылдау  мүмкіндіктері 
мен ол туралы дұрыс мәлімет беру мүмкіндіктерін анықтау. 
 
Психолог- 
сарапшылар 
мазмұны 
адамдардың 
техникамен 
өзараәрекеттесуі мен тұлғааралық қатынастар болып табылатын барлық істерге 
қатысуы  мүмкін.  Соматикалық  аурулары  бар  адамдардың  психикалық  күйін 
анықтау  үшін  кешенді  қылмыстық  медико-психологиялық  сараптама  талап 
етілуі мүмкін. 
 
СПЭ  соттың  нұсқауымен  тағайындалады,  онда  сараптамалық  зерттеуге 
қатысатын  тұлға,  оның  процестік  дәрежесі  анық  көрсетіледі.  Істің  жағдайы 
қысқаша  сипаталады,  СПЭ  жүргізудің  қажеттілігі  айқындалады,  жауапты 
сарапшылар,  олардың  жұмыс  орындары  мен  шешуге  тиісті  мәселелері  де 
көрсетіледі. 
 
Зерттеу  обьектісінің  шамадан  тыс  көп  жақтылығына,  күрделілігі  мен 
динамикалығына байланысты СПЭ екі- үш маманнан тұратын комиссиялармен 
жүргізілуі  керек.  Психологиялық  диагностикалық  зерттеу  жүргізуде 
практикалық  тәжірибелері,  арнайы  білімі  бар  психологтар  сарапшы  ретінде 
алынады. 
 
СПЭ-ны  ұйымдастыру  келесідей  кезеңдерден  тұрады:  іс  материалдарын 
алдын-ала  қарап  шығу,  зерттеу  обьектісімен  танысу;  сараптамалық  зерттеуге 
мүмкіндік  беретін  жағдайды  анықтау;  экспериментік  зерттеу  немесе  ұзақ 
мерзімді бақылау, психодиагностикалық тесттер қолдану, қорытынды шығару; 
қортындыны сотта жариялау: сарапшылардың сұрақ алуы. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет