Өзін -өзі бақылау сұрақтары:
1. Сотталушы психологиясы және бас бостандығынан айырылу жағдайларына
бейімделу мәселелері.
2. Сотталғандар ұжымының әлеуметтік-психологиялық құрылымы.
3. Сотталғандармен тәрбие жұмыстары процестерінде психологиялық әсер ету
әдістері.
Дәріс 15
Тақырыбы: Әйелдер қылмыстық әрекеті
Мақсаты: Әйелдер қылмысының ерекшеліктері мен мотивациясын анықтау.
Сабақ жоспары:
1.
Әйелдердің қылмыс жасау себептері.
2.
Эмоционалдық тәуелділіктен құтылу.
Әйелдердің қоғамдық өмірдің үлкен алаңына шығуы, яғни, олардың
көптеген қызмет аясындағы кенеттен өскен әлеуметтік белсенділігі
«мемлекеттік мүлікті ұрлау», «пара алу», «тұтынушыларды алдау» т.с.с.
қылмыстар санының көбеюіне әкеліп соқты. Олардың көпшілігі қоғамдық
тамақтандыру, сауда-саттық, денсаулық сақтау мен білім беру, әлеуметтік
қамсыздандыру саласында жұмыс істейді. Аталған қызмет саласында
жұмысшылардың негізгі санын құрай отырып, олар материалдық
құндылықтарға еркін түрде қол жеткізеді. Мұндай қылмысқа әйелдер тек
жанұясы мен балалары үшін барады, бірақ кейбір зерттеулер мұндай
әрекеттерге ауыр материалдық жағдай немесе мұқтаждық қана емес, «менде
бола берсе екен» деген құнығушылық итермелейтіні көрсетеді. Кәмелетке
толмаған жас қыздардың қылмыстық әркеттері алаңдатарлық халде, олардың
жасайтын қылмыстының жартысынан көбін ұрлық құрайды, сонымен қатар
зорлық пен пайдакүнемдік сипаттағы, кісі өлтіру, қарақшылық, тонау,
бұзақылық секілді қылмыстар салмақты орынды алып отыр. Мұнда кәмелетке
толмаған қыздар жеңіл жолмен байып кетуді, әлеуметтік сатының ең жоғарғы
дәрежесіне жетуді көздейді. Алайда, құқыққа қайшы әдістер арқылы мұндай
мақсатқа жету ешқашан да қоғамдық қолдауды таппайды.
Жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген отбасында тәрбиеленіп жатқан
бойжеткендердің құнды игіліктерге қол жеткізуі өте қиын екені баршамызға
мәлім. Сондықтан да әрқашан тұрмыстық қысымда болу сезімі – оларды ұрлық
пен тонау қылмысын жасауға, жезөкшелікпен айналысуға итермелейді.
Әйелдер қылмыстылығын қоғам өмірінен тыс қарастыруға болмайды,
себебі бұл қылмыстылықтың себептері осы өмірдің бір бөлігін құрайды. Ер
адамдарға қарағанда, әйелдер жағымсыз мән-жайлардың торына тез түсіп, өмір
сүру жағдайының теріс жаққа бет бұруын көп көтере алмайды. «Адам қайғысы
– заман қайғысы» деп атам қазақ тегін айтпаған, сондықтан әйел адамдарға
әлеуметтік жағынан қолдау көрсету басты міндеттеріміздің бірі деген ойдамыз.
96
Нәзік жандылардың барлық жағдайларда да қолы бос болмауына
байланысты туындайтын қайшылықтарға да тоқталып өту керек, яғни, бұл
әйелдердің өндірістегі және үй тұрмысындағы жұмыстарының қарбалас келуі.
Үйіндегі еңбегі мен өнеркәсіптегі жұмысы ресми түрде тең деп танылғанымен,
сонда да соңғысы бағаланады. Сондықтан, әйелдің кәсіби қызметін атқаруы мен
үйдегі және бала-шағасының алдындағы міндеттерін орындауының қарбалас,
қатар келуі үнемі қайталанатын болса, бұл жағымсыз салдарға әкеліп соғуы
мүмкін, яғни, әйел адам шамадан тыс жұмыс істегендіктен, ол өзін шаршаңқы
сезініп, жүйке жүйесі бұзылады. Осының салдарынан отбасы мен балалары
оның ашу-ызасын келтіріп, кейін ол өз жанұясын өзінің қиыншылықтары үшін
кінәлай бастайды.
Сонымен қатар, әйел қылмысының себепті заңдылығын экономикалық
тұрғыдан болатын тежеулерден көруге болады. Ерлерге қарағанда, әйелдердің
айлық жалақысы әлі де төмен. Осы және басқа да факторлар міндетті түрде
отбасы жағдайының нашарлауына алып келеді, сөйтіп бірте-бірте әйел адамның
өзінің, балалары мен жақындарының тағдыры үшін ішінен қобалжи бастауы,
мазасыздануы байқалады. Ал мұның өзі қылмысты тудыратын жайға айналуы
мүмкін.
Қылмыстық әрекеттердің себеп-салдары жөнінде ғалымдар әр алуан
пікірде. М.Н.Гернеттің көптеген еңбектерінде ер адамдар қылмысы мен әйел
қылмысының арасындағы өзгешеліктерге көңіл бөлінген. Оның айтуы
бойынша, неғұрлым әйелдің жағдайы ерлердің жағдайынан төмен болып
өзгешеленетін болса, соғұрлым әйел қылмысы көбірек болады, ал егер қылмыс
мөлшері тепе-теңдікте болса, мұндай қоғамға қайшы құбылыстың саны азаяды.
Ал, Ломброзоның пікірінше, әйел ағзасының даму дәрежесі ер адамға қарағанда
төмен болғандықтан, әйелдер қылмыс жасауға бейімдірек болады деген.
Ломброзоның ізбасарының бірі П.Н. Тарновская да адамның қылмыс жасауы
биологиялық ауытқуларға байланысты деген тұжырымдарын қолдаған. Бірақ
кейін өмір сүру жағдайының нашарлығы, нашар үлгі мен сапасыз тәлім-тәрбие
деген себепті мән- жайларды жоғары бағалаған.
XX ғасырдың басында басып шығарылған көптеген әдебиеттерде қылмыс
түрлері мен әйел жасының арақатынасы жөніндегі мәліметтерді атап көрсететін
болсақ, бұрын 18-21 жас аралығындағы қыз-келіншектер ұрлықтың жай және
сараланған түрін, ысырап етушілікті, алдап арбауды жиі жасаған, 30-40 жас
аралығындағылар жеңіл және ауыр дене жарақатын келтірумен ұштасқан
қылмыстарды, бөтеннің мүлкін қасақана түрде жою және т.с.с. қылмыстарды
істеген. Ал елу жастың айналасындағылардың көбі жеңгетайлықпен
айналысқан. Дегенмен де, заман өзгерген сайын қоғамдағы заң мен тәртіп те
өзгеретіні анық. Бұған дәлел, әйелдердің қоғамдағы әлеуметтік белсенділігі мен
мемлекеттік қызметке араласа бастауы себеп болған.
Осыған сәйкес, әйелдердің пайдакүнемдік мақсатпен жасалатын
қылмыстарын зерттеп өткен В.А.Серебрякованың пікірімен келіспеуге
болмайды. Оның пайымдауынша, қылмыстылықты жыныс бойынша ажыратқан
кезде ер адамдар мен әйелдердің әрекеттерін айқындайтын, оларға әсер ететін
97
әлеуеттік факторларға терең түрде көңіл бөлу керек. «Себебі, ер адам мен әйел
формальді түрде тең құқықты болғанымен, әйел жағдайында уақыт таразысына
орай белгілі бір ерекшеліктер байқалады. Ең алдымен әйел адамның көбінесе
өндіріске, тұрмысқа берілгендігі, ер адамдармен салыстырғанда әйел адамның
біліктілігін жоғарылату деңгейінің төмендігі т.с.с. Аталған мән-жайлар әйел
адамның белсенділік дәрежесін анықтайды, олар әйелдің мінез-құлқына,
сонымен қатар қоғамға қарсы мінез-құлық нысандарына да әсер етеді».
Әйелдер тарапынан жасалынатын кісі өлтіру қылмысына ерекше көңіл бөліну
керек. П.Н. Тарновская өзінің зерттеулеріне сәйкес барлық кісі өлтіруші
әйелдерді екі топқа бөлген: бірінші топқа кенеттен сезімінің оянуынан немесе
қызба мінезінен кісі өлтіретін әйелдер жатқызылған, яғни, оларға жыныстық
сана
сезім
мен
ана
махаббаты
салдарынан, пайдакүнемдік
пен
қызғаншақтықтан, кек алушылық пен жек көрушіліктен қылмыс жасайтын
әйелдерді жатқызамыз. Ал, екінші топқа айналасындағыны ұғыну қабілетінің
жетілмегендігінен кісі өлтіретіндер, яғни, көңіл қанағатының жеткіліксіздігіне,
жыныстық жағынан болатын ауытқуларға байланысты, сонымен қатар, жүйке
жүйесі ауыратын әйелдер жатқызылған. Нәрестесін өлтіру қылмысы да көптен
бері көпшіліктің назарын аударып жүрген мәселелердің бірі. Әдетте, өзінің
жаңа туған нәрестесін өлтірген әйел ерекше психикалық жағдайда болады.
Мұндай ауыр қылмысқа көбінесе отбасы мен тұрғылықты мекен-жайы жоқ,
материалдық жағдайы өте төмен қыз-келіншектер барады. Алайда, жоғарыда
аталған себеппен шектеліп қалуға болмайды, себебі қазіргі кезде жыныстық
қатынастың орынсыз босаңсып, ашық түрде орын алуынан қалада болсын,
ауылда болсын некесіз жүкті болу санының артуына әкеліп соғып отыр. Қалада
аборт жасау мүмкіндігі артық болғандықтан, қалалық әйелдер абортқа жүгіну
арқылы өз проблемаларын шешеді. Ал, аборт жасауға мүмкіндігі жоқ кейбір
қыз-келіншектер нәрестесін өз қолымен өлтіруге дейін барады. Сондықтан, өз
баласын өзі өлтірген әйелдерді қатаң түрде жазалаудан бұрын ол осы ауыр
қылмысқа қалай барғанын анықтап, оны терең зерттей талдап психологиялық-
психиатриялық сараптама жүргізу керек.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Әйелдер қылмысының мотивациясы.
2. Әйелдер қылмыстық әрекетінің өзіндік ерекшеліктері.
3. Әйелдердің қылмыстық жазаларын өтеу жолдары.
98
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Заң психологиясы дамуының қысқаша тарихи очеркі.
2. Ғылымның методикалық мәселелері.
3. Құқықтың кейбір нормаларын психологиялық – құқықтық талдау.
4. Заң психологиясының басқа психологиялық және құқықтық ғылым
салаларымен пәнаралық байланысы.
5. Заң психологиясы пәні, оның психологиялық ғылымдар жүйесіндегі
орны.
6. Заң психологияның басқа ғылымдармен пәнаралық байланысы.
7. Заң психологиясының дамуы және құрылу тарихы.
8. Заң психологиясының дамуының қазіргі кездегі жағдайы.
9. Заңгердің кәсіби қызметінің психологиясы.
10. Қылмыстық ниеттің калыптасуы мен жүзеге асуының психологиялық
механизмдері.
11. Қылмыскер тұлғаның психологиялық типтері.
12. Қылмыскер тұлғасын психологиялық талдау.
13. Қарым-қатынас механизмдері және олардың сот-тергеу тәжірибесіндегі
маңызы.
14. Кәмелетке жетпегендердің қылмыстық мінезқұлқының әлеуметтік –
психологиялық сипаттамасы.
15. ҚР ҚК “Кәмелетке жетпегендердің қылмыстық жауапкершілігі” атты 2
бөлімінің психологиялық құқықтық бағасы.
16. Кәмелетке жетпегендерді тергеудің психологиялық ерекшеліктері.
17. Сот мәжілісіне қатысу және кәмелетке жетпегендерді сот өндірісі
бойынша талдау.
18. Сот - тергеу тәжірибесіндегі психологиялық әсер етудің құралдары мен
әдістері және оның ситуативті-құқықтық нәтижелері.
19. Сот-тергеу және кешенді психолого - психиатриялық сараптауда адамның
тұлғалық бітістерін талдау.
20. Перцептивтік процестер: түйсік және қабылдау,
21. Кәсіби қызметтегі (заңгер, практик-психолог, педагог-психолог) оның
ролі.
22. Эмоциялар, сезімдер, психологиялық жағдайлар, азаматтық және
қылмыстық істерде шындықты айқындаудағы оларды есепке алу.
23. Темперамент және мінез, құқық қолдану ісіндегі субьектінің мінез- құлқы
оның әсері.
24. Тұрмыстық және ғылыми - құқықтық психологиялық білімдердің негізгі
айырмашылықтары мен салыстырмалы талдауы.
25. Адамдардың құқықтық санасының өзгеруіне байланысты ғылыми-
психологиялық білімдердің қалыптасу тарихы.
26. Эксперименттік психологияның пайда болуы, жетістіктері және оның
құқық қорғау, құқық жасау, тергеу мен түзету тәжірибелеріне әсері.
27. Қылмыстық мінез-құлықтың әлеуметтік психологиялық себептері.
28. Қылмыскер тұлғасының типологиясы.
99
29. Қылмыскер мінез-құлқындағы әлеуметтік- биологиялық факторлардың
ролі.
30. Ұйымдасқан қылмыстың психологиялық ерекшеліктері.
31. Ұйымдастырылған қылмыстық топтың психологиялық - құқықтық
бағасы.
32. Ұйымдасқан қылмыстың әлеуметтік-психологиялық мінездемесі.
33. Сот- психологиялық және психология –психиатриялық экспертиза
компетенциясы.
34. Эксперт- психологтің СПЭ жүргізу тәртібі.
35. Тергеушінің, соттың, қорғаушының СПЭ қорытындысын қолдану бағасы.
36. Азаматтық - қылмыстық істері бойынша соттың мәжіліске қатысуы және
СПЭ істерін талдау.
37. Заң психология пәнін түсінудің ғылыми методологияға тәуелділігі.
38. Заң психологиясының теоретикалық және қолданбалық міндеттерінің
өзара байланысы.
39. Виктимология – заң психологиясы бағытының бірі.
40. Виктимологиялық зерттеулер бойынша Кеңес кезеңінен кейінгі және
шетел ғалымдарының жұмысы.
41. Жәбірленуші тұлғаны талдау (құжаттық және көркем сурет шығармалары
бойынша).
42. Виктимділік дәрежесі бойынша құрбандық типтері.
43. Белгілі заңгерлердің сөзі (тілі) оны талдау.
44. Қылмыстан зардап шегушілердің адамгершілік - психологиялық
ерекшеліктері бойынша классификациялау.
45. Тақырып бойынша жағдайлы талдау: Кәмелетке жетпегендердің
виктимділігі”.
46. Тұлға және құқықтық әлеуметтену.
47. Заңгердің кәсіби ісіндегі психологиялық процестердің мәні мен рөлі.
48. Эмоциялар мен сезімдер, заңгер қызметінде оларды есепке алу.
49. Тұлғаның жекелік-психолоиялық ерекшеліктері, оларды құқық қолдану
ісінде есепке алу.
50. Топтық қылмыстың мінез- құлық психологиясы.
51. Тергеудің психологиялық ерекшеліктері.
52. Қылмыстан зардап шегушілерді оқытудың психологиялық-құқықтық
негіздері.
53. Қылмысты танудың қалыптасуына әсер ететін түйсік заңдылықтары.
54. Куәгердің
көрсетіліміне
байланысты
қабылдау
касиеті
мен
заңдылықтыры.
55. Қылмыстық іздестірудегі естің ерекшеліктері.
56. Заң психологиясындағы танымның ғылыми принциптері.
57. Сот тәжірибесіндегі мінездің акцентуацияланған қасиеттері.
58. Өткір дау-дамайлы сипаттағы қылмыстағы темперамент типі.
59. Сот психологиялық экспертизасының ғылыми принциптері.
60. Сот психологиялық экспертизаның құзыры.
100
61. Эксперт-психолог шешетін сұрақтар.
62. Сот психологиялық экспертизаның дайындылық жұмысы.
63. Қоғамдық қауіптілік деңгейі бойынша қылмыскер типтері.
64. Қылмыс типтерінің қалыптасуы.
65. Қылмыскердің агрессивиік әрекетінің ақталу тәсілдері.
66. Әрекет сипаты бойынша қылмыскер топтық типтері.
67. Заңгер сөйлеуінің кәсібилігі.
68. Тергеу кезіндегі тергеушінің қолданатын вербалды емес /сөздік/
құралдары.
69. Тергеу әрекетінің әр түрлілігі.
70. Заңгердің кәсіби қызметте жарамдылығын сипаттайтын жағдай.
71. Заңгер қызметінің коммуникативті жақтары.
72. Заңгердің кәсіби тәуелділік факторлары.
73. Дау дамайлы жағдайлардағы түрткілердің психологиялық бағыттылығы.
74. Жалған куәгерліктегі әдістер мен психологиялық тәсілдер.
75. Он төрт жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартуға енетін
қылмыс түрлері.
76. Кәмелетке толмағандарды тергеудің психологиялық ерекшеліктері.
77. Тергеушінің басшылыық стилі.
78. Қорытынды жасаудағы тергеушінің қолданатын ерекшеліктері.
79. Сот ісіндегі психологиялық-құқықтық принциптері.
80. Құқықтық сапа түрлері.
81. Сот талқылауының бөлімдері.
82. Заң психологиясының құрылымдық ұйымдастырылуы.
83. Криминалды психологияның негізін салушылар.
84. Атақты сот сөздерінің авторлары.
85. Тергеп сұраудағы зейінге тән ерекшеліктер.
86. Тергеп сұраудағы эмоциялық шиеленіс жағдайы.
87. Психолог-практиктердің аффектіні жою үшін қолданылатын негізгі
әдістер.
88. Аффектінің диагностикалық белгілері.
89. Сот психологиялық экспертизаны талдап ететін азаматтық істер.
90. Қылмыскер тұлғасының бағыттылығы.
91. Құндылық-
бағдарлау
бағыттылығы
бойынша
қылмыскерлер
категориялары.
92. Жеткіншектер мінез-құлық таптаурындары/стереотип/.
93. Қылмыстық топтың ең жоғарғы түрі.
94. Қылмысқа қатысушылар.
95. Қылмыстық іс құрамы.
96. Шекаралық аномальдық жағдайлар.
97. Жәбірленушінің
мінез-құлқына
байланысты
жағдайлар
классификацифсы.
98. Тергеушілердің іс-әрекет стиль түрлері.
99. Әлеуметке жат бейресми топтар мен бірлестіктер мәселесі.
101
100. Жанұя ұйымдаскан қылмыстың бастапқы бірлігі ретінде.
БАЯНДАМА МЕН МӘНЖАЗБА ТАҚЫРЫПТАРЫ.
1. Заң психологиясы пәні, оның психологиялық ғылымдар жүйесіндегі
орны.
2. Заң психологиясының дамуы және құрылу тарихы.
3. Тұлға және құқықтық әлеуметтену.
4. Заңгердің кәсіби ісіндегі психологиялық процестердің мәні мен рөлі.
5. Эмоциялар мен сезімдер, заңғгер қызметінде оларды
6. есепке алу.
7. Тұлғаның жекелік-психолоиялық ерекшеліктері, оларды құқық қолдану
ісінде есепке алу.
8. Қылмыскер тұлғасын психологиялық талдау.
9. Топтық қылмыстың мінез-құлық психологиясы.
10. Заңгердің кәсіби қызметінің психологиясы.
11. Тергеудің психологиялық ерекшеліктері.
12. Виктимология – заң психологиясы бағытының бірі.
13. Қылмыстан зардап шегушілерді оқытудың психологиялық-құқықтық
негіздері.
14. Соттық психологиялық-психиатриялық экспертиза/сараптама/.
15. Сот ісінің психологиясы.
16. Азаматтық-құқықтық реттеудің психологиялық аспектілері.
17. Заң психологиясындағы кәмелетке толмағандардың мәселелері.
18. Ресоциализация міндеттері мен сотталғанның психологиясы.
19. Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығының әлеуметтік-
психологиялық аспектілері.
20. Сотталғандардың ресоциализация құралдары мен психологиялық-
педагогикалық әдістері.
21. Құқықтық әлеметтендіру дефектілері.
22. Кәмелетке толмағандар виктимділігі.
23. Кәмелетке толмағандарды тергеудің психологиялық ерекшеліктері.
24. Құқықтық ғылымдар мен психологядағы “тұлға” түсінігі.
25. Пенитенциарлық мекемелердің психологиялық аспектілері.
26. Тестілеу аттестациялық сұрақтар.
27. Қылмысты танудың қалыптасуына әсер ететін түйсік
заңдылықтары.\Куәгердің көрсетіліміне байланысты қабылдау касиеті
мен заңдылықтыры.
28. Қылмыстық іздестірудегі естің ерекшеліктері.
29. Заң психологиясындағы танымның ғылыми принциптері.
30. Сот тәжірибесіндегі мінездің акцентуацияланған қасиеттері.
31. Өткір дау-дамайлы сипаттағы қылмыстағы темперамент типі.
32. Сот психологиялық экспертизасының ғылыми принциптері.
33. Сот психологиялық эксепртизаның құзыры.
34. Эксперт-психолог шешетін сұрақтар.
102
35. Сот психологиялық эксепртизаның дайындылық жұмысы.
36. Қоғамдық қауіптілік деңгейі бойынша қылмыскер типтері.
37. Қылмыс типтерінің қалыптасуы.
38. Қылмыскердің агрессивиік әрекетінің ақталу тәсілдері.
39. Әрекет сипаты бойынша қылмыскер топтық типтері.
40. Заңгер сөйлеуінің кәсібилігі.
41. Тергеу кезіндегі тергеушінің қолданатын вербалды емес /сөздік/
құралдары.
42. Тергеу әрекетінің әр түрлілігі.
43. Заңгердің кәсіби қызметте жарамдылығын сипаттайтын жағдай.
44. Заңгер қызметінің коммуникативті жақтары.
45. Заңгердің кәсіби тәуелділік факторлары.
46. Дау дамайлы жағдайлардағы түрткілердің психологиялық бағыттылығы.
47. Жалған куәгерліктегі әдістер мен психологиялық тәсілдер.
48. Он төрт жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартуға енетін
қылмыс түрлері.
49. Кәмелетке толмағандарды тергеудің психологиялық ерекшеліктері.
50. Тергеушінің басшылыық стилі.
51. Қорытынды жасаудағы тергеушінің қолданатын ерекшеліктері.
52. Сот ісіндегі психологиялық-құқықтық принциптері.
53. Сот талқылауының бөлімдері.
54. Заң психологиясының құрылымдық ұйымдастырылуы.
55. Криминалды психорлогияның негізін салушылардың бірі.
56. Атақты сот сөздерінің авторы.
57. Заң психологияның басқа ғылымдармен пәнаралық байланысы.
58. Тергеп сұраудағы зейінге тән ерекшеліктер.
59. Тергеп сұраудағы эмоциялық шиеленіс жағдайы.
60. Психолог-практиктердің аффектіні жою үшін қолданылатын негізгі
әдістер.
61. Аффектінің диагностикалық белгілері.
62. Сот психологиялық экспертизаны талдап ететін азаматтық істер.
63. Қылмыскер тұлғасының бағыттылығы.
64. Құндылық-
бағдарлау
бағыттылығы
бойынша
қылмыскерлер
категориялары.
65. Жеткіншектер мінез-құлық таптаурындары/стереотип/.
66. Қылмыстық топтың ең жоғарғы түрі.
67. Жәбірленушінің мінез-құлқына байланысты жағдайлар классификациясы.
68. Тергеушілердің іс-әрекет стиль түрлері.
69. Виктимділік дәрежесі бойынша құрбандық типтері.
70. Жалған куәгерліктің түрткілері.
103
ГЛОССАРИЙ
Аномия – қоғамда қалыптасқан негізгі құқықтық-адамгершілік ережелерін
сыйламау;
Амбивалетті – эмоциялық жағдайлардың қосарлануы;
Апперцепция – адамның өткен тәжрибесінен қабылдау процесінің тәуелділігі;
Аффект – тез, бірақ күшті және өте қарқынды өтетін психикалық жағдай;
Агрессия – басқаның пікірін күшпен басып тастау үшін шабуыл жасау;
Адаптация – организм функцияларының орта жағдайларына бейімделу;
Азарт – құмарлық;
Амбиция – шамданушылық;
Аутистикалық қылық-әрекет – адамдардан, қоршаған шындықтан
бөлектенуімен, өзіндік фантазия әлеміне енуімен сипатталады.
Акцентуация – мінез-қылықтың екпінденуі
Антиәлеуметтік қылық-әрекет – қылық-әрекеттің антиәлеуметтік, құқыққа
қарсы, аморальды-адамгершіліксіз формасында болатын заңдар мен
адамдардың құқықтарына қысым көрсетілетін әрекеттерді білдіреді.
Аддиктивті қылық әрекет – шындықтан қашу мен қажетті эмоцияларды алу
мақсатында белгілі бір заттарды қолдану немесе арнайы белсенді қылық-әрекет
жасауды білдіреді;
Виктимология – жәбір шеккен адам жайлы ілім;
Галлюцинация – елестетушілі;
Графология – адамның жазу ерекшелігін зерттеп мінез-құлқын білу;
Гангстер – бандиттер тобының адамы;
Деонтология – «деон» (грек.) Міндетті, яғни кәсіби міндетті, міндеттілік;
Доминантты – басыңқы жетекші бағыты;
Деффект – ақау, кемістік, мүшкілдік;
Дилетант – үстірт (ғылымды немесе өнерді тек үстірт біліп істейтін адам)
Девианттық – мінез-қылықтың бұзылуы, ауытқуы;
Іс-әрекет – қызмет, іс-әрекет, жігерлілік;
Иллюзия – сағым;
Құқықтық психология – заң психологиясының бір бөлімі, құқық негізін
жүзеге асыруды, жеке адамның құқықтық әлеуметтенуінің психологиялық
заңдылықтарын; құқықтық әлеуметтенудегі ақауларды зерттейді;
Криминалдық психология – қылмыскердің жеке басының психикалық
ерекшеліктерін қылмыстық тәртіптін мотивін басқа қылмастардың (зорлау,
жеткіншектердің қылмысы және т.б.) мотивін зерттейді;
Коррдинаторлар – қылмыстық әлемннің (элитасы) қаймақтары;
Достарыңызбен бөлісу: |