Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Құқық қызметкерлері мен практик-психологтың кәсіби қызметіне
қойылатын талаптар.
2.Заңгердің кәсіби іс-әрекетінің психологиясы.
3.Заңгердің іс-әрекетіндегі танымдық психикалық процестерді талдау.
4.Мінез акцентуациясы, оның түрлері, қылмыстық істерді қарастыруда
мінез акцентуациясы мәселелері.
Дәріс 6.
Тақырыбы: Қылмыстық психологияның пәні мен міндеттері.
Мақсаты: Қылмыстық психологияның негізгі ерекшеліктерімен таныстыру,
қылмыстың обьективтілік және субьективтілік жақтарының мәнін ашу.
Сабақ жоспары:
1.Қылмыстық психологияның пәні мен міндеттері.
2.Қылмыстың обьективті және субьективті жақтары.
3.Агрессивті
және
конфликті
жүріс-тұрыстың
табиғи
және
психологиялық алғышарттары.
Дәріс тезисі:
Қылмыстық психология - салааралық ғылым. Сол себепті оның
анықтамасын бір сөйлеммен айтып шыққанда түсініксіз болып қалуы мүмкін.
Сондықтан да криминологияның қандай ғылым саласын екендігін білу үшін ол
туралы жалпы картинаны қалыптастыру керек, ол үшін, әрине, оның нені
зерттейтіндігін, яғни пәнін анықтау ләзім. Жалпы, криминология сөзі екі
бөліктен тұрады, яғни латынша «crіmen- қылмыс» және грекше «logos-ілім».
Демек, қылмыс туралы ілім болып шығады, бірақ та оның атауы аталған
ғылымның немен айналысатындығын әлі де толық ашпайды. Себебі, қазіргі
күні қылмыс мәселесімен айналысатын ғылымдар саны бірқатар. Оның ішінде
қылмыстық құқықтың да, қылмысты іс жүргізу құқығының де, қылмыстық-
атқару құқығының да ғылымдары, сол сияқты құқықтық психология,
әлеуметтану (құқық әлеуметтану, қылмыстық әлеуметтану және қылмыстық
құқықтық әлеуметтану), философия (құқық философиясы мен қылмыс
философиясы), статистика ғылымдары, тағы да басқа ғылым салалары бар. Осы
салалардың барлығы да қылмыс мәселелерімен айналысқанмен әрқайсысы әр
қырынан келеді. Соның ішінде криминология да өз жолымен келуге тырысады.
Демек, криминологияның ең алғашқы айналысатын мәселесі - қылмыс сияқты
боп көрінеді, бірақ бұл әлі де нақты емес.
48
Криминологияның ең басты мәселесі, жүрегі - қылмыстылық. Жұрт
қылмыстылық пен қылмысты бір-ақ нәрсе деп ойлауы әбден ықтимал. Тіпті,
қылмыстылықтың жасалған қылмыстардың жиынтығы деп те түсінеді. Иә
сыртынан қарағанда солай: қылмыстылық - қылмыстардың жиынтығы, бірақ
ішкі жағы мүлде олай емес. Себебі, қылмыс адам әрекетінің бір түрі ғана, ал
қылмыстылық - құбылыс. Қылмыстылық қылмыстардың жиынтығынан
тұрғанмен де одан мүлде бөлек сапаға ие болған. Бұл жерде диалектиканың
саннан сапаға өту заңын еске түсірген жөн. Екі қылмыс қылмыстылық емес, он
қылмыс та, тіпті, жүз қылмыс та қылмыстылық сапасына ие емес, ол үшін
міндетті түрде масса керек, яғни жаппай болуға тиісті. Мысалға, ешкім де
сиырды бар болғаны он сегіз триллион клетканың жиынтығы деп айта алмайды.
Иә ол сырттай қарағанда он сегіз триллион клетканың жиынтығы, бірақ сіз әр
жерден дәл сондай он сегіз триллион сиыр клетекасын жинағанмен, бәрібір ол
сиыр болмайды (әрі кетсе «соғым» болуы мүмкін). Яғни, жеке клеткада жоқ
қасиеттер сиырда, яғни организмде бар. Клетка өзі сиыр сияқты бұзауын
іздемейді, шөп жемейді т.б. дегендей. Дәл осындай 7 ойды тамшы мен теңіз
туралы да айтуға болады. Жоғарыдағы сияқты бір-екі немесе жүз тамшы әлі
теңіз емес, басқаша айтқанда әлі де теңіздік қасиеттерге ие емес (флора мен
фаунаның, кеменің жүруі, шулау, толқын тудыру). Яғни қылмыстық құқық,
қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару құқықтарының ғылымдары
қылмысты әр түрлі қырынан келіп қарастыруға тырысса, криминология ол
мәселелерді емес, қылмыстылық атты құбылысты зерттейді. Бұл криминология
пәнінің алғашқы компоненті. Криминологияға қылмыстылықты зерттеп қоя
салу мақсұт емес. Әрбір зерттеудің түбінде қоғамға келетін пайда болу керек.
Оның екінші айналысатын мәселесі - қылмыстылықтың себептері. Осы
себептерді анықтау нәтижесінде ғана тиімді нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Жоғарыда аталып өткен ғылымдардың ешқайсысы да қылмыстылықтың
себептеріне қол салмайды, тек әр қырынан тиіп-қашып жанап өтеді. Мысалға,
қылмыстық іс жүргізу құқығында қылмыс құрамының белгілерін анықтау үшін
жеке сол қылмыстың себептері дәлелдеу пәніне кіреді және олардың алдын алу
үшін сот жеке қаулы да шығара алады. Ал кең көлемде, құлашты кеңге сілтей
отырып,
жан-жақты
әр
түрлі
көзқарастырды
жинақтай
отырып,
қылмыстылықтың себептерінің жүйесін қалыптастыру криминологияның
еншісінде. Осы сияқты, криминология жалпы қылмыстылықтың себептерін
ғана емес, сонымен қоса, жеке қылмыстардың себептерін де зерттейді. Ал жеке
қылмыс пен қылмыстылықтың айырмашылығын жоғарыда сөз еттік.
Криминология мәселелерінен қалам тартқан авторлар осы екі
компонентті екі бөліп қарастыруды жөн көреді. Демек, криминолгия пәнінің
үшінші құрамдас бөлігі - жеке қылмыстардың себептері мен жағдайлары. Бірақ
бұл да қылмыстылық атты жағымсыз құбылыстың пайда болатын қайнар көзін
толық ашпайды. Себеп өзі секіріп қылмыс жасамайды және мынау
қылмыстылықтың себебі деп маңдайына басылған фактор болмайды, ол жәй
қарапайым өмірде орын алып жүрген мән-жайлар, оларды қылмыстылық
себебіне айналдыратын адамдардың өздері. Олар осы жағдайларды өз
49
санасында қорыту, бағалау арқылы, өн бойынан сүзіп өткізгеннен кейін ғана
олар себепке айналады, бірақ біреу үшін қылмыс жасауға жеткілікті себеп
болып табылатын фактор екінші біреу үшін себеп емес, керісінше, жігерді
қайраушы жағдай болуы мүмкін. Мысалға, жеңіл ойға бой алдыратын адам
үшін жұмыссыздық атты фактор қылмыс жасау үшін жеткілікті себеп болса,
келесі біреу оны «құдайдың жіберген сынағы» деп бағалайды. Сондықтан,
қылмыстылықтың пайда болатын бастауларын ашу кезінде себептер мен өзге
де жағдайларды бағалайтын қылмыс жасаушы адамның да жеке қасиеттерін
айқындап, зерттеудің де маңызы зор. Сонымен, криминологияның пәнін
құрайтын келесі, төртінші компонент - қылмыскердің тұлғасы. Осыған дейін
криминология әжептәуір нәрселерді зерттеп тастаған сияқты, бірақ
қылмыстылықтың пайда болуына әсер ететін тағы бір жай 8 бар, ол -
жәбірленушінің мінез-құлқы. Кейде жәбірленушілердің өздері қылмыс құрбаны
болуға тікелей үлес қосады, не болмаса, тікелей оны ұғынбаса да жанама түрде
себепкер болады. Айталық, толық таныс емес, кездейсоқ адамдарды үйге әкеліп
спирттік ішімдік ішеді, не болмаса ұрыс-керіс үстінде «Қане, ұршы мені, ұра
алмайсың, еркек емессің» деген сияқты сөздермен қайрайды. Егер де болашақ
жәбірленушілер өздері үлес қоспағанда, не себепкер болатын жайлардың алдын
алып жүргенде әлде қалай болар еді. Сондықтан, криминология жәбірленушінің
де мінез-құлқы мен тұлғасын зерттеуді өз мойнына алады және ол
криминологиядан басқа ешқандай ғылымның зерттеу пәніне кірмейді
(қылмыстық іс жүргізу оларды тек қорғауды жүзеге асырады). Бірақ
криминологияның шаруасы мұнымен де түгесіліп қалмайды. Өйткені,
қылмыстылық пен оның себеп- жағдайларын анықтағаннан жарытып пайда
келмейді. Осы ғылымның және оның ғана емес, барлық қылмыстық-құқықтық
циклдегі құқық салаларының басты мақсаты - қылмыстылықты болдырмау,
яғни оның алдын алу. Қылмыстық құқықтық бағыттағы құқық салалары мен
олардың ғылымының да қоғам үшін керегі - қылмыстылықтың алдын алу үшін
күресетіндігінде. Осы жерде «Өз өзіне қарсы шығатын екі-ақ ғылым бар» деп те
қалжыңдауға болады, яғни бірі - медицина, екіншісі - қылмыстық- құқықтық
циклдегі ғылымдар. Қалжыңдап айтқанда, медик сырқат болмас үшін күреседі,
бірақ сырқат жоқ болса, дәрігерге жұмыс та жоқ, дәл сол сияқты, қылмыспен
күресетін мамандар қылмыс болмасын дейді, болмаса, оларға да жұмыс жоқ.
Әрине, мұның тек қалжың екенін ұмытпаған жөн, әйтпесе, қатты жұмыс істеп
кетсек, жұмыссыз қалады екенбіз деп ойлауға әсте болмайды. Қорыта айтқанда,
криминология ғылымының пәнін құрайтын келесі, алтыншы компонент -
қылмыстылықтың алдын алу. Қылмыстылықтың алдын алу үшін де белгілі бір
әрекеттер жасалуы керек. Соның бірі - қылмыстылықты болжау. Мысалға, А.
пункітінен Б. пункітіне бір машина шықты деп есептейік және оған жететін бес
жол бар. Осы автокөлікті жылжып келе жатқан қылмыстылық деп есептесеңіз,
оны тоқтату - оның алдын алу. Тоқтату үшін, әлбетте, оның қай жолмен
жүретіндігін білу керек, әйтпесе, бос әуре болады, барлық жолдарды
«мемлекет» жауып тастай алмайды. Қай жолмен жүретіндігін білу дегеніміз -
оны болжау. Демек, криминогияның пәнін криминологиялық болжау да
50
құрайды. Сонымен, криминология ғылымының пәнін құрайтын компоненттер:
1) қылмыстылық; 2) қылмыстылықтың себептері; 3) жеке қылмыстардың
себептері мен жағдайлары; 4) қылмыскердің тұлғасы; 5) жәбірленушінің мінез-
құлқы мен тұлғасы; 6) қылмыстылықтың алдын алу; 7) криминологиялық
болжау. Кейбір авторлар, осы тізімге тағы бір компонентті қосады, ол -
криминологиялық зерттеулердің әдістері. Басқа бір авторлар оған қарсы
шығады. Қосқысы келетіндер өз ұмтылысын криминология ғылымының сан
салалы болғандықтан, онда өз қанынан өзгенің қаны көп екендігін ескеріп,
оның әдістері де сан қилы болып келетіндігімен түсіндіреді. Сол себептен, жан
жақтан құралған ғылыми тәсілдерді (социологиялық, статистикалық,
психологиялық, биологиялық, математикалық т.б.) бір жерге біріктіру де
аталған ғылым пәніне ену қажет деп есептейді. Ал оған қарсы шығатындар кез
келген ғылымның пәні «нені зерттейді?» дегенді білдірсе, оның әдістері «қалай
зерттейді?» дегенді білдіреді дейді, яғни «нені зерттейдіге» «қалай зерттейдіні»
қосу орынсыз деп санайды олар.
Қылмыстық психология ғылымының мынандай үш түрлі міндетін атауға
болады:
1. Аналитикалық, яғни зерттеу міндеті. Қылмыстылықты, оның
себептерін, қылмыскердің тұлғасын, жәбірленушінің мінез-құлқы мен тұлғасын
(виктимологиялық аспектілерді) зерделеп, талдау.
2. Болжау міндеті - криминогендік құбылыстардың болашақтағы
өзгерістері туралы негізді ұсыныстар жасау.
3. Әр түрлі жолмен тәжірибелендіру. Бұл қылмыстылықтың алдын алуға
келеді, сол сияқты виктимологиялық профилактиканы да қолдануды көздейді.
Қылмыстың құрамы дегеніміз – бұл қылмыстың объективтік және
субъективтік жақтарынан құралатын белгілерінің жиынтығын айтамыз. Ондай
белгілер 4 топқа бөлінеді:
- Қылмыстың объектісі;
- Қылмыстың объективтік жағы;
- Қылмыстың субъектісі;
- Қылмыстың субъективтік жағы.
1. Қылмыстың объектісі – қылмыскердің қиянат жасайтын және де
қылмыстық заңдармен қорғалатын қоғамдық қатынатсар.
2. Қылмыстың объективтік жағы – ол қылмыстың сыртқы көрінісіне
жататын белгісі.
3. Қылмыстың субъектісі – ол қылмыс жасаған уақытта ақыл-есі дұрыс
және 16 жасқа толған жеке адам. Кейбір ауыр қылмыстар үшін (кісі өлтіру,
зорлау, адам ұрлау және т.б.) қылмыстық жауатылыққа адам 14 жастан
тартылады.
4. Қылмыстың субъективтік жағы – бұл қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын
білдіреді.
Қылмыстық психология – заңдық психиканы, қылмыстықтың тууын,
қылмысқа дайындау және қылмыстың аяқталуын, сонымен қатар қылмыстың
жүру тәртібін оқытады. Тағы бұл, қылмыскер мен қылмыстық топты және де
51
осы тұлғаға, топқа психологиялық әсер ету жолдарын зерттейді. Жеке басын
зерттеу, бұл қылмыспен күрес тәжірибесінде маңызды, әрі аса қажет аумағы
бойынша, тек күштеу арқылы, яғни қасақана жасаған қылмыс қана емес,
сонымен қатар абайсызда жасалған қылмыс және оны жасаған қылмыскер де
қаралады. В.Н.Кудрявцевтің айтуы бойынша: «Құқық бұзушылықтың нақты
құрылымы, әр түрлі көзқараспен анықталуы мүмкін. Заңдық тұрғыдан, оны 4
элементтен тұратын іс-әрекет деп таниды. Олар: объект, объективтік жағы,
субъект, субъективтік жағы. Кудрявцев былай дейді: Тұлғаның қалыптасу
процесі құқық пен криминологияны қызықтырса да, оларды оқыту пәні болып
табылмайды. Мұны оқыту педагогика, психология, социология және адам
туралы оқытудың басқа да ғылым салаларына жүктелген. Тұлғаның теріс
қылығын, ортадағы қарсы байланыстарды тек, оның сұранысын, жағдайын,
көзқарасын анықтағаннан кейін бөлуге болады, қарама-қарсы байланысы,
әлеуметтік жағдайы оның психикасына әсер етеді. Қылмысқа көп бет бұрудың
себебінің өзі де, оның түп негізінін осында екенін көрсетеді. Қарсы ойдың
қалыптасуы да адамның жүйке жүйелеріне, темперамент және мінезіне әсер
етеді. Бірақ, бұл сұрақ терең ғылыми зерттеулердің жоқтығынан, түсініксіз
және толық емес болып қала береді. Қылмыстылықтың болуының тағы бір
себебі – халықтың тұтыну жағынан сұранысын қанағаттандырмағандықтан.
Қажеттілік өткен кездегі жағдайлардан туындайды. Әлеуметтік орта – бұл
адамның жүріс- тұрыс, қылықты анықтайтын жалпы жағдайлар мен мәселелер
ғана емес, бұл сонымен қатар, адамның ісін шектемейтін, жағдайларды
қалыптастыратын және өзгеретін, адамды әлеуметтік өсудің қайнар көзі мен
ауыз ретінде қарайтын сала. Қылмыскердің тұлғасы – криминалдық
психологияға жеке қызығушылығымен қатысты. Сондықтан әлеуметтік
жағдайлар мен қылмыстық мінез арасындағы қарым-қатынас күрделі және
әрқашан да әлеуметтік жағдай, тұлға арқылы қылмысты айқындайды.
Қылмыстылық – бұл қылмыстық іс қана емес, сонымен қатар қылмысты
істейтін қылмыскердің өзі. Қылмыстылықтың жағдайын, құрылысын және
динамикасын зерттеген кезде, қылмыстың дерегі ғана емес қылмыскердің
контингенті қоса анықталады. Қылмыстылық тұлға мен әлеуметтік ортаның ара
қатынасы ретінде де қарастырылады. Тұлғаны психологиялық топтау – бұл
қарастырылып отырған қылмысты танудың бірден бір әдісі. Криминогенді
позициялар мен функцияларды әлеуметтік жағынан келсек, дұрыс танимыз
өйткені ол тұлғаға белгілі бір құқыққа қарсы міндеттерді жүктейді және
қылмыскер оны құқық бұзушылық арқылы орындайды. Ол әлеуметтік-
құқықтық келіспеушіліктерге әкелуі мүмкін. Қылмыстық психологияның
маңызды сұрақтарының бірі – тұлғаның ішкі қасиеттерін анықтау.
Қылмыскердің, өзінің мінезі психологиялық тәуелділіктен айырмашылығы
аналогиялық ерекшеліктер. Әрбір адамға әлеуметтік мінез жағынан, өсу,
мақсатқа жету, өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін басқа адамдармен
бірігуге барлық жағдай жасалған. Мұндай бірігуден адамдар белгілі, тәуелді
позицияда орын алады. Құқықты бұзбайтын адамдар, құқық бұзушылардан
айырмашылығы – олар ондай топтардан шығып кетуге және сондай
52
адамдармен байланысқа түспеуге мүмкіндігі бар. Көптеген құқық бұзушылар
үшін, бұл жағдай өзгеше болуы мүмкін. Олар үшін басқа адамдармен байланыс,
маңызды мінез қалыптастырады. Мұндай жағдайда қылмыскер жәбірленушіге
өз қажеттіліктерін қайта сұрайды. Бұл мәселені шешуге жүйелік жағынан келу
терең де, ал зерттелуде қазіргі ғылыми дәрежеде оңай болады. Қылмыстық
психология – тұлғалық қылмыскер психологиясы. Жалпы адамдарға тиісті
жанның қасиеттерінен басқа өзгеше сипаттар да бар. Адам өзін және өзгелерді
ұғыну үшін ғылымнан жол басшылық керек. Бұл бөлім әлі жас, жеке адамда
болатын алуан-алуан мінез қасиеттерін түгел тексеріп, жан заңдарын түгел
ашты деуге болмайды. Бірақ, жаста болса әр адамның өзгеше сипаттарын
тексеруге бұл бөлімнен азды-көпті көмек табылады. Әр адамда болатын өзгеше
қасиеттерді жіктеудің ең жабайы, қолайлы жолы сыртқы әсерлерге әрбір адам
жанының қалай жаңғыруын бақылау. Айналадағы дүниеге адамның
жаңғыруын, яки серпілуін жан ағыны дейміз. Осы серпілудің айырмасы әр
адамның өзгеше қасиеттерін көрсетеді. Адамдардың сыртқы әсерге серпілу
мінездерін байқағанда екі түрлі негізді айырма болғаны анықталған: тез
серпілу, созалаң серпілу. Серпілудің осындай айырмасына қарап, әр адамның
мінезін айырамыз. Алдымен бұл айырма бір адамның сыртқы дүниеге, сыртқы
затқа қалай қарайтындығын көрсетеді. Тез серпілетін адамдардың қарасында
өзіндік мінез болады. Олар қандай іс болса да белсеніп, құлшынып кіріседі.
Қылмыстың обьективті және субьективті жақтарына, оған қандай да бір
тұрғыда қатысқан адамдардың мінез - құлқына бағдарлану істің шынайылығын
анықтауға арналған алғашқы психологиялық мәліметтерді диагностикалық
түрде жинақтауға бағытталған. Қылмыста орын алған заттарды, құжаттарды,
іздерді мүмкіндігінше бірнеше аспектіде психологиялық тергеу, істің
обьектілері мен басқа материалдары арасындағы себеп- салдарлық
байланыстарды қадағалау осы мақсатта орынды болып табылады. Екінші
жағынан, қылмысқа қатысы бар адамдармен тікелей қарым-қатынаста келесідей
субьективті белгілердің психологиялық «тізбегін» ескеріп және бақылау керек:
кәсіби және тұрмыстық дағдылар сөйлеудің ерекшелігі (сөздік айналымдар,
үнсіз қалу, сылтау айту), мимика, жесттер, сөйлеушінің дене қалпы, оның
психикалық күйінің өзгерісі, осылардың барлығын ескеру тек қана тергеушілер
үшін емес, сонымен қатар олармен өзара әрекетке түсетін қызметтестері үшін
де маңызды болып табылады. Тергелушінің субьективті жақтарын талдау
біріншіден, тергеушінің танымдық үрдісін жетілдіру үшін, оның ішкі ойын
қалыптастыру және тиісті процестік шешімдерді қабылдау үшін тиімді болса,
екіншіден, адвокат, прокурор, сот және қылмыстық іске қатысатын өзге де
субьектілер танысуға тиіс іс материалдарын сапалы түрде рәсімдеу үшін де
пайдалы.
Өзін- өзі бақылау сұрақтары:
1. Қылмыстың құрамы мәселесі.
2. Криминология мәселесі.
3. Қылмыстың обьективтілігі мен субьективтілігі.
53
Дәріс 7.
Тақырыбы: Қылмыскер тұлға мәселесі.
Мақсаты: Қылмысқа барған адамдардың психологиясын анықтау.
Сабақ жоспары:
1. Қылмыскер тұлғасының қалыптасу жағдайлары мен әлеуметтік –
психологиялық алғышарттары.
2. «Қылмыскер тұлға» теориясы.
Дәріс тезистері:
Адамның қоғамдағы өмірі көптеген қалыптасқан және қалыптаспаған
заңдылықтарға бағынышты. Осы құқықтық білімдер мен талап заңдылықтарды
игеру, қажетті және мүмкін мінез-құлық өлшемін анықтайды. Біртіндеп
әлеуметтік қажетті тәжірибені игеру, өзінің құқығын түсіну мен оны іске асыру
тәсілдерін игеруге әкеледі. Әр түрлі әлеуметтік институттар мен әр қилы
адамдар арасындағы қарым- қатынастардың күрделігін түсіну – бұл құқықтық
әлеуметтену процесі деп аталады.
Әлеуметтену процесінің құқықтық мәдениетті (құқық нормасы, құқықтық
құндылықтар) игерудің 3 жолы бар.
1)
заттық тәсіл – адам қандайда іс-әрекет процесінде басқалармен
өзара әрекеттесуге сәйкес бейнелік әрекеттердің мінез-құлық үлгісін игереді.
2)
дәстүрлі тәсіл – әр түрлі ситуациядағы адамдардың әрекеттерін
бақылау арқылы, сәйкес мінез-құлық тәсілдерін игеру.
3)
рационалды (орынды, ұтымды) тәсіл – құқықтық мінез-құлықтың
стандартары, құқықтық құндылықтар жайлы теледидар, кітап, газет-журнал
және басқа адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы игереді.
Құқықтық әлеметтенудің мақсаты – құқықтық мінез-құлықты қамтамасыз
ету, ол тұлғаларда құқықтанудың интегралды білімдерін қалыптастыру. Бұл
3 түрлі компонентті құрайды:
- интеллектуалды /танымдық/ - құқықтық білім мен іскерліктің жиынтығы.
- бағалау /эмоционалды/ -тұжырымы. Құқықтық нормаларға қарым- қатынас
- мінез- құлықтық /эмоционалды - еріктік/ - құқықтық мінез-құлыққа
бағдарлану.
Құқық бұзушылық туралы сөз қозғағанда психикасы сау адамның ерікті
түрде жасаған іс-әрекеті туралы айтылады. Ауруға байланысты психологиялық
іс-әрекеттің бұзылуы ең алдымен мінез - құлықтағы психологиялық
компоненттердің өзгеруіне әкеп соғады. Психикалық ауру адамның әлеуметтік
қағидалары мен іс-әрекет мотивтері бұзылады. Сыртқы қоздырғыш әсерлер
ауру миға келіп түседі де, тұлғаның саналы іс-әрекеттер жүйесі бұзылады.
Сондықтан құқық қорғау органдарының қызметкерлері іздеу операциялары
кезінде
адамның
іс-әрекеті,
мінез-құлқына,
сөйлеуіне
және
қызығушылықтарына мұхият болуы қажет. Әдетте психикалық ауыратын
адамдардың іс-әрекеттері, өзін ұстауы қалыптан тыс іс-әрекет болғанымен,
кейде дұрыс нормадағы әрекеттер болуы мүмкін.
54
Практикада жеке тұлғалық мағынадан басқа әлеуметтік мағынаға ие
болады. Құқық қорғау органдарының оперативті - іздестіру мүшелері әрқашан
кез - келген адамның іс-әрекетін, оның әлеуметтік-психологиялық маңызы
жөнінде өте жақсы білгені дұрыс. Жоғарыда айтылғандардан мынадай
қорытынды жасауға болады.
-
Әрбір қылмыстық іс-әрекетте барлық бақылаудың ішінде психологиялық
бақылау маңызды орын алады.
-
Құқық бұзушылық психологиясы адамның іс-әрекетінің еріктік іс - әрекет
түріне аса назар аударады. Ерікті іс - әрекет жағымды және жағымсыз
әлеуметтік- психологиялық мағынада болады.
Қылмысты жасауға жастарды итермелейтін білімі мен мәдениетінің
төмендігі, қарым-қатынастары мен мінез - құлқы, қызығушылықтарының
болмауы, әлеуметтік жетілмеуі, өмірге деген тұрақты жоспарының болмауы.
Әлеуметтік психологиялық жүзеге асу қылмыскердің жеке тұлғасына
мыналар:
– жоспарланған ісін жүзеге асырмай қоймауы, өмірлік тәжірибесі /білімі,
әдеті/ психикалық тұрғыдан: психо- биологиялық белгілері мінезі мен
қабілеті жатады. Қылмыскердің жеке тұлғасына келесі белгілері бар
жіктеу қатары кіреді. Антиқоғамдық бағыттау тәрбиесінің белгісі
бойынша жеке тұлғаны әр түрлі қарым- қатынасы бойынша бөледі:
– жеке адамның адамгершілігінің негативті қарым-қатынасы.
– тұлғаның әр түрлі әлеуметтік институттарға қарым-қатынасы: жалпы
азаматтық, қызметтері мен әлеуметтік бағалы заттарына жеңілтек,
жауапкершіліксіз қарауы.
Анти әлеуметтік бағытта қылмыскерді 2 типке бөледі: кездейсоқ,
кримогенді.
«Кездейсоқ»- бұл бірінші рет қылмыс жасаушы. «Кримогенді»- бұл
біріншіден өзін қоршаған адамдардың әсерінен (жанұясы, достары, таныстары)
екіншіден бұрын әр түрлі заң бұзушы әрекеттерге барған.
Үшіншіден, қоғамның бағалы нормативті жүйесінен аластатылуы.
Төртіншіден, мінез-құлқын теріс бағалауға үйреніп кеткен, әлеуметтік-
психологиялық механизмді өзін-өзі қорғауға пайдаланады.
Бесіншіден, қылмысты тез аяқтауға асығып, ереже бойынша қылмысты
жеткіліксіз себептермен жасайды.
Қылмыскер тұлғасының құрылымы. Тұлғаны психологиялық талдау
психологиялық жеке ерекшеліктерді және биологиялық қасиеттер адамның іс-
әрекет механизмінде көрініс береді. Қылмыс жасауға көбіне тұлғаның
әлеуметтік жағдайда пайда болатын теріс іс-әрекеттері себеп болады.
Осылайша, қылмыскер тұлғасына байланысты құрылымдар:
– Әлеуметтік-демографиялық белгілер. Әлеуметтік, отбасылық және
ұлттық, мамандық сондай-ақ материалдық деңгей маңызды орын алады.
– Ақыл-ой даму деңгейі. Мәдени-білімдік деңгейлері: білім, біліктілік,
қабілет, ұстаным-сенімдері.
55
– Құндылық сапалары. Құнды бағдарлар мен тұлғаның мақсат- мүддесі,
бағыт- бағдары, әлеуметтік қызығушылығы мен пікірі, қажеттіліктері,
қабілеттіліктері мен әдет-дағдылары.
– Психикалық процестерден құралады. Тұлғаның қасиет, сапалары.
– Биофизикалық белгілері. Жыныстық, жас ерекшелік, денсаулық
жағдайлары. Қылмыскер тұлғасының құрылымын басқаша сипаттауға да
болады.
– Әлеуметтік-демографиялық және қылмыстық- құқықтық белгілері.
– Қоғамның әр түрлі сфераларындағы әлеуметтік көріністер.
– Құндылық ерекшеліктер.
– Психикалық ерекшеліктер.
Қылмысқа итермелейтін психологиялық жағдайлар.
Қылмыскердің көбі қоғамдық ортадан алшақтау, олардың шағын
топтармен де (отбасы, ұжым, достары т.б.) қарым-қатынасы әлсіз. Қылмыстың
себептері:
1) Оларға әлеуметтік норманы игеру қиынға соғады. Сол себепті де ол
оған жат көрінеді. Көптеген қылмыскерлер қандай заң бұзғанын біле тұра не
үшін айыпталғандығын түсінбейді.
2) Бала кездегі ата-ана тәрбиесі. Оны достарынан, ұжымнан және т.б.
топтардан шектеу. Мұның өзі ата-анаға деген қарсылықты тудырады.
3) Кекшіл болып өскен бала қоршаған ортаға қас, дұшпан көзбен
қарайды.
4) Қалыпты ортадан қол үзген адам өзін-өзі ұстаудан, тәртіпті сақтаудан
бас тартады. Өзі сияқты адамдармен араласқан соң олармен бірге топтық
қылмыс жасауға қатысады.
Қылмыскердің қылмысқа бару себептері. Бекітуші (өз әрекеттерін дұрыс
деп санауы) - қылмыскер өзін әлеуметтік және индивидуалдық тұрғыдан өзінікі
дұрыс деп санайтын тип. Бұл әсіресе жастардың арасында көп кездеседі. Олар
қолы жетпей жүрген затқа осындай жолмен жеткісі келеді.
Дезадаптивті - тип, әлеуметтік бейімделу бұзумен сипатталады. Олар
көбіне үйсіз - күйсіз тіршілік етеді, олардың көбі қаңғыбастар мен ішкілікке
салынғандар. Көпшілігі бұрын сотталған, тұрғылықты тіркелген тұратын жері,
құжаттары бар адамдар. Олар негізінде еш жерде жұмыс істемейді,отбасы,
достары, туыстары жоқ. Көпшілігі өз өмірлеріне немқұқрайлы қарайды.
Ішімдікші тип - дезадаптивті типке ұқсас. Қылмыс жасауға итермелейтін
ішімдікке деген құмарлық. Ішімдік табу үшін еш нәрседен бас тартпайды.
Қылмыскер тұлғасы келеңсіз қоғамдық құбылыстар мен процестердің
даралық нысанының көрінісі. Негізгі ереже – адам қылмыскер болып
туылмайды, ол өзінің өмір жолындағы келеңсіз жағдайлардың себебінен
қылмыскер болып қалыптасады. Дегенмен, қылмыстық мінез әрдайым бұл
ереже негізінде қалыптаспайды. Қалыптасқан келеңсіз жағдайлар адамның ішкі
рухани дүниесін, тұлғаның психологиясын жаулап алып, адамға ықпал ететін
қоздырғыштан өзінің психологиялық табиғатына сай келетін факторларды
таңдап, меңгереді. Әрбір жеке адам өзін тұлға ретінде қалыптастырған қарым -
56
қатынастардың ғана емес, сонымен қатар өзінің жеке дамуы мен санасының
жемісі болып табылады. Объективті белгісіне қарай қоғамдық жағдайды
адамдар әртүрлі қабылдап бағалайды, ол әртүрлі әрекетті жасауға себеп
болады. Демек, адамның әртүрлі әлеуметтік құндылықтар мен өмір
шындығына, нормалар мен институттарға, өзіне және өз міндеттеріне, әртүрлі
қоғамдар мен топтарға деген позицияларының жүйесі тұлғаның сыртқы және
ішкі ерекшеліктерімен байланысты. Осы себептерден қылмыскердің болмысын
әлеуметтендіруге және психологияландыруға болмайды. Біріншісі - тұлға
мінезінің қалыптасуына ортаның тигізетін әсерінің өсуін, субъективті
факторларды, психиологиялық қасиеттерді, жағдайлар мен процестерді есепке
алмай тұлғаны оның әлеуметтік рольдері мен міндеттеріне бейімдеу, қоғамдық
қарым-қатынастар жүйесіндегі оның орны ретінде қарастырылады. Екіншісі –
туындаған мәселенің тек психологиялық факторларын ескеріп, олар
қалыптасқан әлеуметтік орта мен олар дамыған және әрекет жасаған
жағдайларды есепке алмау.
Криминология әлеуметтік және психологиялық жағдайлардың түйісуінен
және олардың бір-бірімен байланысынан бастау алу керек. Адамның қоғамдағы
өмірі көптеген қалыптасқан және қалыптаспаған заңдылықтарға бағынышты.
Осы құқықтық білімдер мен талап заңдылықтарды игеру, қажетті және мүмкін
мінез-құлық өлшемін анықтайды. Біртіндеп әлеуметтік қажетті тәжірибені
игеру, өзінің құқығын түсіну мен оны іске асыру тәсілдерін игеруге әкеледі. Әр
түрлі әлеуметтік институттар мен әр қилы адамдар арасындағы қарым-
қатынастардың күрделігін түсіну – бұл құқықтық әлеуметтену процесі деп
аталады. Әлеуметтік психологиялық қылмыскердің жеке тұлғасына мыналар
әсер етеді:
Достарыңызбен бөлісу: |