Сана психиканың ең жоғарғы формасы және тек адамдарға ғана тән. Сана
жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен
21
ерекшеленеді. Жеке адамның санасы мен қоғамдық сана диалектикалық
бірлікте болады. Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды,
сонымен қатар адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып
табылады. Сана обьективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес,
сол болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да көрініп тұрады. Әрбір адамның
ішкі дүниесін құрайтын білімдердің, қатынастардың, уайымдардың көпшілігін
адам саналы түрде түсіне бермейді.
Санадан тыс құбылыс әрбір адамның психикалық әрекетінің міндетті
құрамдас бөлігі. Сананың айқын сана, астар сана, санасыздық сияқты түрлері
бар. Айқын түсіну аумағынан, ағзаның ішкі және сыртқы орталарынан бір
мезетте келіп түсетін сигналдардың барлығының аз бөлігі ғана өз көрінісін
табады. Айқын сана аумағында пайда болған сигналдарды адам өз мінез
құлқын саналы түрде басқаруға пайдаланады. Сана мен санадан тыс
құбылыстар үйлесімді бірлікте жұмыс істейді. Психика мен сананың дамуы
және пайда болуы – генезисі тығыз байланыста болады.
Сана – адам шындығының ең жоғарғы бейнелеу дәрежесі болып
табылады. Психологиялық ғылым тарихында сана ең күрделі мәселелердің бірі
болып табылады, бұны материалдық және идеалды түрде әлі де шешілмеген.
Ғалымдар қандай философиялық бағыт қолдағанына қарамастан, оны
рефлекстік әрекетпен байланыстырады. Яғни басқа психологиялық әрекет және
өзін-өзі тануға дайындық. Мұндай қабілеті бар адам ғылым психологиясының
дамуы және бар болуы мен байланысты, онсыз берілген класс феномені жабық
болар еді. Рефлекссіз адам өзінде психикасы бар екенін елестете алмас еді.
Адамның сонымен қатар бірінші психологиялық мінездемесі өзін субьект
ретінде тану, ойша елестету, өзінің психологиялық жағдайларын реттеу, оларды
басқару, айнала қоршаған шындықты бейне ретінде қабылдау және көру
қабілеттері бар. Өзін субьект ретінде сезінетін адам өзін әлемде тануға дайын
жеке ерекшеленген тұлға ретінде сезінеді. Шындықты ойша елестету және
қиялдау - сананың екінші басты психологиялық мінездемесі. Ол сана сияқты
біртіндеп тығыз бейне ретінде ерікпен байланысты. Саналы басқарылған елес
және қиял түрлері болады. Олар адам еркімен туған және өзгермеген жағдайда
айтылады. Мұнда шындығында бір қиындық бар. Елестету және қиял үнемі
саналы ерік реттеуімен болмайды. Осыған байланысты өзіндік мәселелер
туындайды.
Сана ағынын өзіне елестететін жағдайда біз онымен байланыста бола
аламыз ба? Бұл жағдай сана жайлы емес, ал сана және санасыз психологиялық
жағдайлар арасындағы сана алды жайлы айтқан дұрыс болар еді. Басқа сөзбен
айтқанда, сана адам психологиялық әрекеті жағынан үнемі еркі реттеуімен
байланысты. Нақты сәтте жоқ немесе мүлде жоқ (елестету, қиял, арман,
фантазия) шындықты елестету сананың психологиялық мінез ретінде
танылады. Бұл жағдай адам еркімен, саналы түрде елестетуден алшақтап, басқа
ойда, өзінің бар ілтипатын қандай да бір бейнеге, өзінің елестетуінде дамытады.
Бұл нақты жағдай ол мүлдем көрмейді немесе көретін жағдайы емес.
Психологиялық процестермен немесе жағдайларды еркімен басқару санамен
22
үнемі байланыста болады Психологиялық ескі кітаптарында «сана» және «ерік»
туралы тақырыптар үнемі бір уақытта талқылануы кездейсоқ емес. Сана сөзбен
байланысты. Сезіну және қабылдау елестету және жадыда сақтау саналы
бейнелердің айырмашылығы спецификасының тұрақты қатарында мінезделеді.
Сана
сипаты
құрылысы
тұрғысынан
санада
барлық жағдай
бейнеленбейді, ал оны басты, нақты, нәрсені мінездемесінен тұрады. Сана
үнемі сөз түсінік қолдануымен үнемі байланыста, олар өзінде ортақ және
ерекшеленген сананың бейнеленген сипатынан тұрады. Адам санасының
үшінші мінездемесі - бұл оның коммуникацияға бейімділігі. Тіл көмегімен
жүретін коммуникативті мүмкіндіктер көптеген жоғарғы жануарларда да бар,
бірақ олар адамдардікінен басты жағдаймен ерекшеленеді: тіл көмегімен адам
өзінің ішкі жағдайын хабарлап қана қоймай, ол білгенін, көргенін, елестетуін
нақты әлем жөнінде мәліметтерін жеткізе алады. Адамның тағы бір ерекшелігі
интеллектісінің сызбаның болуы. Нақты зерделі құрылымға сәйкес адамда
қоршаған орта және өзі жайлы туралы қабылдайтын ақпараттың сақталуы -
сызба деп аталады. Сызба адамның ақпаратты белгілі бір жүйеге келтіретін
түсінік, логикалық операция, ережеден туындайды. Елестету аймағында жұмыс
істейтін сызба мысалдарымен біз кітаптың танымдық процесс жайлы
қарастырғанда кездестіреміз. Тіл және сөйлеу екі әртүрлі бірақ бір-бірінен
байланысты сананы қалыптастырады. Олар: түсінік жүйесі және сөздің түсінік
мағынасы. Сөздің мағынасы деп - сөйлеуші адамның сөйлем мазмұны. Мағына
өзіне сөздің қолданылуындағы барлық түрін қосып алады және сөздік мағына
жүйесі қоғамдық сана қабатынан тұрады, ол тілдің белгілер жүйесі әр адам
санасынан тыс алынған. Психологияда сөздің мәні деп – сол спецификалық
белгіні айтады. Ол адам сөйлегенде мәнге ие болады. Сөз мәнімен көптеген
сезім, ой, бейнелер байланысты.
Сана сөйлегенде ғана емес бейне формасы түрінде де болады. Бұл
жағдайда ол сәйкестендірілген бейнелер тудыратын екі белгі жүйесі
қолданылуымен байланысты. Адамның сана бейнесінің айқын мысал ретінде
әдебиет, ән, көркемөнер бола алады. Олар шындықты бейнелеу формасы
ретінде көрінеді. Адам санасының пайда болуы және дамуының басты шарты
адам шындығының өнімділігі болып табылады. Бұл адамдардың бір-бірімен
арасындағы қатынасты талап ететін шындық. Тұлғаның сана тарихта топтық
процесс кезінде құрылған, адамдар бір іспен айналысу үшін әрқайсысы өзіне
бірлескен жұмыс мақсатын елестету керек. Бұл мақсат сөзде айқындалған және
анықталған болу керек. Дәл осындай онтогенезде баланың жеке адамдық
санасы дами бастады. Оның құрылуына үлкендердің баламен бірлескен іскерлік
және белсенді қарым-қатынасы қажет. Ең басында фило- және онтогенездік
адамның санасының дамуының субьективтілі құрылысы сөз болып табылады.
Адам санасының дамуына өнімділік адам шығармашылығының мінезі басты
мағына береді. Сана арқылы адам сыртқы әлем жайлы ғана емес, сонымен қатар
бейне, сезім, елестету, сезіну және өзін-өзі таниды. Басқа адам үшін сезіну
жолдары жоқ. Адамның бейне, ой, елестету сезімі материалды түрде олардың
шығармашылық
еңбегінің
құрамында
айқындалады.
Сондықтан
23
шығармашылықта өзін-өзі тану әдістері және адамның санасының даму
жолдары бар.
Құқықтық сана адамның жеке басының қалыптасуында ерекше орын алады
және үш компоненттен тұрады:
- интеллектуалдық (танымдық)
- Бағалау (эмоциялық)
- Тәртіп мөлшері (еріктік эмоциялық)
Адамның құқықтық сана-сезімінің қалыптасуына көптеген факторлар әсер –
етеді; әсіресе балалық және мектептегі шақтары. Баланың адамгершілік –
құқықтық сезімдерінің қалыптасуында әке-шешесі ерекше орын алады. Сондай-
ақ, микроортасы, мектеп жасына келгенде мектептегі оқу-тәрбие жұмысы,
ережелер мен тәртіпті орындау маңызды. Құқықтық сананың қалыптасуында
ақаулардың пайда болуы көптеген факоторларға байланысты, әсіресе жеке
басының қалыптасуында болған әр түрлі тежеулер.
Құқықтық сана — Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге
асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға, азаматтардың құқықтарымен
бостандықтарына және қалаулы құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға
құқық сезімдерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі.
Құқықтық сана коғамдық сананың жеке бір саласы болып табылады. Ол
құқықтық болмысты заң білімдері, құқықты бағалау және оны жүзеге асыру
практикасы, құқықтық мақсаттар, құндылық бағдары түрінде бейнелейді. Осы
аталған бес бейне (заң білімдері; құқықты бағалау және оны жүзеге асыру
практикасы; құқықтық мақсаттар; құндылық бағдары (әрине бұлар құқықтық
сананы бейнелейтіндер) заңдық мәні бар жағдайлар туындағанда адамдардың
жүріс - тұрыстарын реттейді.
Басқаша айтқанда құқықтық сана дегеніміз адамдардың, әлеуметтік
бірліктердің коғамда бар және олардың тілек-ықыластарына сай келетін
құқыққа қатыстылықтарын білдіретін көзқарастарының, идеяларының,
түсініктері мен сана - сезімдерінің жиынтығы.
Құқықтық сананың қызметтері:
а) танымдық;
б) бағалау;
в) реттеу.
Құқықтық сананың танымдық қызметіне – құқықтық сана арқылы
өмірдегі болмысты тану жүріп жатқандығы жатады;
Құқықтық сананың бағалау қызметіне құқықтық сананың көмегі арқылы
заңды маңызы бар өмірдегі нақты болмыстық жағдайларға баға берілетіндігі
жатады.
Құқықтық бағалау қатынастарының негізгі төрт түрін атан көрсетуге
болады:
- құқыққа және заңдарға қатысты (оның қағидаттарына, нормаларына,
институттарына);
- маңайындағылардың
құқықтық
жүріс-тұрыстарына
қатысты
(қылмыстылыққа, қылмыстарға, қылмыскерлерге);
24
- құқық қорғау органдарына қатысты;
- өзінің құқықтық жүріс - тұрысына қатысты (өзін өзі бағалауға).
Құқықтық сананың реттеу қызметі дәлелдер жүйесі, бағалаулықтар
бағдарлары, құқықтық мақсаттар арқылы жүзеге асырылады. Бұлар жүріс-
тұрысты ерекше реттеуші түрінде оларды сот реттеуі арқылы қалыптастырудың
ерекше механизмдері бар.
Мұндағы айрықша рөлді құқықтық мақсат орындайды. Ал құқықтық
мақсат — субьектілердің заңды немесе құқыққа қарсы жүріс - тұрыстарға бару -
бармауға бейімділігі. Ал, мұндай бейімділіктің құқық субъектісінің бойында
қалыптасуы бірсыпыра әлеуметтік және психофизиологиялық себептерге
байланысты болады.
Құқықтық сананың құрылымы негізгі екі элементтен: құқықтық
психология және құқықтық идеологиялардан тұрады.
Құқықтық психология- сана -сезім, күшті сезім (эмоция), әсерленушілік
(қуану - ренжу, қайғыру, уайымдау, ашулану - разы болу, ауан, көңіл күйі
(шаттық, сергектік, шадымандық жөне т.б.), дағды, стереотип түрлерінде
көрінеді. Ал осы аталғандар адамдарда болатын мән - жайлар көрсеткіштері
қоғам болмысында бар заң нормалары мен оларды жүзеге асыру
практикасымен (іс тәжірибелерімен) байланысты пайда болады. Құқықты жете
түсінудің бұл ең «таралған» түрі. Құқықты жете түсінудің мұндай түрі азды-
көпті дәрежеде заң элементтерінің қатысуымен пайда болған барлық қоғамдық
қатынастарға төн.
Құқықтық идеология дегеніміз заңдық идеялардың, теориялардың,
көзқарастардың жиынтығы. Бұл жиынтыққа кіргендер - концептуалдық және
жүйеге келтірілген түрде объективті құқықтық шындықты көрсетеді жөне оның
бағасын береді. Құқықтық идеология құқыққа тұтас әлеуметтік институт
ретінде мақсаттылық қағидасы бойынша ғылыми немесе философиялық мән
беру арқылы сипатталады.
Идеология аясынан және идеология арқылы бәрінен бұрын әлеуметтік
топтар мен таптардың, халықтар мен мемлекеттердің және әлемдік
бірлестіктердің мұқтаждықтары мен мүдделері көрініс табады.
Гегельдің құқық философиясы, мемлекет және құқықтың табиғи-
құқықтық, позитивистік маркстік доктринасы (ғылымы), осы заманғы көптеген
құқықтық сана концепциялары (көзқарастары, тұжырымдамалары) құқық
арқылы болмысты түсіну тәсілі ретінде құқықтық идеологияның қызмет
атқарғандығына мысал бола алады.
Бүгінгі күнге құқықтық мемлекет доктринасы (ғылымы) көптеген
мемлекеттер (оның ішінде Қазақстан Республикасы да бар) дамуының
идеологиялық негізі болып табылады. Саяси- құқыктық идеологиясыз осы
заманғы өркениетті қоғамның болуы мүмкін емес. Сонымен, жоғары
идеологиялық құжаттар бола алатындар мысалына АҚШ Конституциясын, ГФР
Конституциясын, француздардың 1789-ы жылғы Адам және азамат құқықтары
Декларациясын жатқызуға болады. Аталған құжаттар батыс елдері
демократиясы мен құқықтар жүйесінің идеологиялық тұғыры болып табылады.
25
Сонымен, ұлттық- құқықтық идеология - қоғамның ең маңызды мәдени-
құқықтық құндылықтарын сипаттайды, бұлар болса әлемнің өркениетті
халықтарының құрамына (отбасына) кіру үшін берілген өзінше бір «рұқсат
құжат».
Құқықтық сананың түрлері:
Құқықтық сананы иеленушіге байланысты құқықтық сананың жеке,
топтық (ұжымдық) және қоғамдық құқықтық сана түрлері туралы айтуға
болады.
Жеке құқықтық сана адам күнделікті қатысатын алуан-түрлі әлеуметтік
байланыстар мен қатынастардың ықпалымен, сондай-ақ өзінің психикалы-
физиологиялық ерекшеліктерінің әсерімен қалыптасады. Жеке адамның
мәдениеті мен білімі деңгейінің әртүрлі болуы, адамдардың әлеуметтік
жағдайы мен қабілетінің бірдей болмауы жеке құқықтық сана деңгейінің
әртүрлі болуына себепші болады. Құқықтық сана деңгейін көтеру үшін
адамдардың санасы мен мінез- құлқына нысаналы идеологиялық ықпал
жасаудың, азаматтарға құқықтық тәрбие берудің де маңызы аз емес.
Топтық құқықтық сана тиісті әлеуметтік топтар мен оларға кіретін жеке
адамдардың ерекшеліктерімен анықталады. Құқықтық құндылықтар әрбір
топта бірдей танылмайды. Олардың ішінде топтық құқықтық сана заңдылық
пен әділеттік идеяларын мүлде құрметтемейтіндерінде топтық құқықтық
сананың әлеуметсізденуі, қоғамда бар құқықтық идеологиядан шеттеу,
құқықтық нигилизмнің ескі түрін консервациялау, тіпті криминогендік
жағдайлардың қалыптасуы мүмкін.
Қоғамдық құқықтық сана құқыққа және құқықтық өмір шындығының
жалпы қоғамда қалыптасқан құбылыстарына көзқарасты бейнелейді. Қоғамдық
құқықтық санада қоғамда жеке адамның бостандығына және жеке меншікке
ешкімнің тиіспеушілігіне кепілдік бере алатын теңдесі жоқ әлеуметтік
құндылық ретінде құқық түсінігі орнығады. Құқық болмайынша, оның екеуі де
жоқ. Заңдардағы барлық уақытта дер кезінде жаңартыла бермейтін
жаңсақтықтар мен жетілмегендіктің қоғамдық құқықтық санадағы құқық
бейнесінің көрінуіне теріс әсер етеді. Тыйым салушы нормалар мен қызметтік
көзқарастың басым болуы оған бүлдірушілік ықпал етеді. Соның салдарынан
қоғамдық құқықтық санада құқықтың мәнін қажеттіліктің пен әділеттіктің
шоғырланған көрінісі ретінде емес, қайта күштеу ретінде қабылдау мен түсіну
сақталып келеді. Сондықтан да құқық нормаларын сақтауға азаматтан гөрі,
мемлекет көбірек мүдделі деген пікір таралып кеткен. Мазмұнының
толықтыққа жақындау деңгейіне немесе дәрежесіне қарай құқықтық сана құқық
теориясында дағдылы, кәсіби (заңгерлердің құқықтық санасы) және ғылыми
болып бөлінеді.
Дағдылы құқықтық сана дегеніміз адамдардың жаппай түсініктері,
олардың күнделікті және өмірлік тәжірибесінің ықпалымен туындайтын құқық
пен заңдылық жөніндегі сезімі мен көңіл-күйі болып табылады. Бұл- құқықтық
сананың ең жылжымалы түрі, толық емес және үздік- создық, фрагментарлық
26
болған соң ол сонымен бірге құқықтағы жаңалыққа мейлінше сезімтал және
құқық қолданудың кемшіліктерін байқауда «қырағы» болып келеді.
Кәсіби құқықтық сана бір түр ретінде кәсіби заңгерлер арасында
қылыптасады, норма шығаруда, құқықты түсіндіруде және құқық қолдануда
өзекті рөл атқарады. Ол екінің бірінде белгілі бір стереотиптермен (күдікшілік,
«айыптауға бейімдік», дәлдік және формалдылық, ілеспе заң нормаларын, іс-
әрекеттің секторын немесе тіпті негізгі құқықтық өрісін көру) белгіленген,
жазудан ерекше стилі мен заң тілін қалыптастырады. Бұл- құқықтық сананың
біршама толық түрі.
Ғылыми құқықтық сана құқықты және құқықтық өмір шындығының
құбылыстарын теориялық тұрғысында ой елегінен өткізу арқылы қалыптасады,
ол қоғамның құқықтық идеологиясын әзірлеуде, мемлекет пен заңдарды
дамыту жолдарын негіздеуде белсенді рөл атқарады. Құқықтық сананың осы ең
толық түрін иеленушілер құқықтанушы және мемлекеттанушы ғалымдар болып
табылады.
Құқықтық санамен тығыз байланысты және оның туынды құбылысы
құқықтық мәдениет болып табылады. Ол құқыққа белгілі бір көзқарас қана
емес, қайта, құқықтық білімнің, тұрақты құндылық- құқықытық бағдардың
және соларға сәйкес заң жүзінде маңызды мінез-құлықтың бірлігі ретінде
көрінеді.
Құқықтық мәдениет — қоғамның құқықтық болмысының сапалық күйі.
Бұл күй құқықтық актілердің, құқықтық және құқық қолданушылық қызметтің
қаншалықты деңгейде екендігін білдіреді.
Осы сапалық күй тұлғаның құқықтық санасын, құқықтық дамуын, оның
жүріс-тұрыс еркіндігі дәрежесін, мемлекет пен тұлғаның өзара жауаптылығы
деңгейін де білдіреді. Және де бұл күй қоғам дамуына және қоғамның тіршілік
ету жағдайларына ықпал жасап қолдау көрсетудегі қол жеткізілген деңгейін де
көрсетеді
Өзін- өзі бақылау сұрақтары:
1. Құқықтық психология ерекшеліктері.
2. Отбасы түрлері.
3. Тәрбиесі қиын балалардың туындау себептері.
4. Сана және құқықтық сана ара байланысы.
5. Құқықтық сана мен құқықтық мәдениет қызметтері.
Дәріс 4.
Тақырыбы: Заңгер кәсіби іс-әрекетінің психологиясы.
Мақсаты: Заң қызметкерлерінің негізгі кәсіби іс-әрекетінің мәнін ашу.
Сабақ жоспары:
1. Заңгер кәсіби іс-әрекетінің психологиясы ерекшеліктері
2. Қорғаушы (адвокат) психологиясы.
3. Сот психологиясы
27
4. Прокурор психологиясы.
Дәріс тезистері:
Құқықтық реттеу жүйесінің қызметкерлері күнделікті мінез-құлықтар
көріністерімен жүздесе отырып, адам психологиясы туралы жалпы танымдық
түсінік алады. Бірақ жүйесіз жалпы танымдық психологиялық түсініктері мен
жеке адамның құқықтық санасының кемістіктерін білікті талдау және құқықтық
маңызды мінез-құлықтың психологиялық механизмдерін білу жеткіліксіз.
Психологиялық
білім
заңгер
үшін
негізгі
қылмыстық-құқықтық
категориялардың мәнін терең ұғыну үшін де (мысалы: кінә, мақсат, ниет-түрткі,
қылмыскердің жеке басы және т.б.), жекеленген мынандай заңгерлік
сұрақтарды шешуге байланысты да (сот-психологиялық сараптамасын
тағайындау, қылмыстың құрамын анықтау, күшті жан күйзелісін анықтау
арқылы кінәлінің жауапкершілігін жеңілденуге байланысты жекеленген
баптарды жүзеге асыру үшін де) қажет. Заң психологиясы құқық ғылымдары
мен психология негіздерін қамтиды. Құқықтық және заң әрекеті барысындағы
қарым-қатынастағы адамдардың психикасында өзіндік ерекшеліктері болады.
Заңгер іс-әрекетінің кәсіби маңызды жақтары:
«Заң» деген сөз «қорғау» болып табылады. Осы сөзде барлық заң
терминологиясы бар. Негізінен заң маманы үлкен жауапкершілікті,
шыдамдылықты, ардақты аса талапты, қатаң түрде ұстауды қажет етеді. Заң
маманының еңбегі әрқашанда қиын. Біріншіден, заң мамандары әртүрлі шешім
қабылдаумен мінезделеді. Әр жаңа істі шешуде тергеушілер, прокурорлар
құқық қорғаушылар алынып отырады. Әр істі қарауда жаңарып отырса және
заңға жүгініп отырса, ол істің жақсы аяқталуына әкеледі. Екіншіден, заң
маманы тек қиыншылығымен ғана шектелмей әр істе өз таңбасын қалдырады.
Әр істе әр заң маманы алдын ала жоспар құрып алады, және әрқайсысы өз
маманы бойынша заң ережелеріне міндетті түрде жүгінуі тиіс. Заң мамандығы
негізінен, ең жоғарғы деңгейде шыншылдықты, өз еңбегіне мұқияттылықты
қажет етеді. Көбінесе, заң маманында (тергеуші, сот немесе судья, прокурор
т.б.) заңға бағынышты болғандықтан өз істеріне аса жауапкершілікпен қарайды.
Мүмкіндігінше екі түрде ұйымдастыру жұмысына жүгінеді. Біріншіден,
мезгілсіз жұмыс уақытын, күнін, аптасын ұйымдастыру. Екіншіден, басқа заң
мамандарымен келісе отырып, қылмыс процесін ұйымдастыру. Прокурорлар
мен тергеушілер, т.б. әр кез шындық мәресіне жету үшін төменгі немесе
жоғарғы деңгейде қарама – қарсы жақпен тартысқа дейін барады. Адамдармен
жұмыс істерде мамандар, оқушылар, білімгерлер, жауапқа тартылушылар,
айыптаушылар, сотталушылар, куәгерлермен жан – жақты жағымды –
жағымсыз жерлеріне, сонымен қатар адамгершілігіне жүгінеді. Қандай
болмасын, қай заман маманы болмасын өз ісіне білікті екенін, жауапкершілігін
тәжірибеде көрсетілгендей – ұстаздар, дәрігерлер, ғылыми қызметкерлер,
журналистік мамандарда т.б. ешқандай кемшіліксіз қатаң түрде денсаулығына
ішкі ұғымына шыққан орта тегіне жауапкершілікпен заңға жүгінеді. Сонда ғана
әр ісі сөзсіз оңға басады. Әрине, әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар,
28
дәрігер, заң маманы, ұстаз, басқа да жұмысшы адамдар, мысалы тігіншілер,
балықшылар, еңбеккерліктермен ұқсас болып келеді. Қай маман иесі болмасын
заңға жүгініп, заң жолымен жүруі керек, әрқашанда мәдени ұстамдылық керек.
Ең бастысы заң мамандарында ол әділеттілік. Сонымен бірге, заң мамандары,
тәуелсіздікті, шыншылдықты, адам құқығын ұстауы, бағалауы олардың
тәжірибелерін арта түседі. Заң қызметкерлері, заңда көрсетілген құқықтарға
жүгінуі тиіс. Бұл ең басты талап, әрі мақсат. Алдын ала тергеу жұмыстарында
құпияны сақтау міндетті, себебі ол заңдакөрсетілген. Судьялар үкім шығармас
бұрын, оның ар намысына, тіпті өміріне дұрыс жауапкершілікпен қарауы керек.
Барлық төрешілік қызметте заңды қатал ұстаумен қатар адам құқығымен
санасқан адамдар да бар. Осындай адамдар қатарына Анатолий Федорович
Кони да жатады. Оның 150 жасқа толған күні 1994 жылы атап өтілді. Ол кісі өз
қызметін Петербургта жәй төрешінің қатынасынан бастап, жоғарғы төрешіге
дейін қызмет атқара жүріп, сот процестерінің жұмысы жөніндегі бірнеше
жазбалар шығарған. Ол сот процесінде – сол сотқа қатысып отырғандарға,
әсіресе, прокурорларға ұстамдылықты, жинақы болуды, сыпайылық арқылы
заңды қатаң ұстауды талап еткен. Қорғаушы маманының дәлелдемесін – заң
дәлелдемесі деп дәлелдеген. Қорғаушы Л.А.Александров да өзінің бір сот
процесінде былай деген: «Мен өз міндетімді тек қана қорғаушы ретінде ғана
емес, азамат ретінде атқарғым келеді, яғни, бізге жүктелген міндетте
қорғайтындарымыздың талабын ғана емес, көпшіліктің де талабын есепке
алуымыз керек». Сот процесінде жеке мінез танытып қатысушылар алдында
«жағымпаздық» көрсету, ең алдымен заң бұзушылық болып табылады.
Адвокат психологиясы. Қазақстан Республикасындағы адвокатура
адамның құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң
көмегімен алуға мемлекет кепілдік берген және ҚР Конституциясымен баянды
етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған жүйе. Адвокатура
қылмыстық істер бойынша қорғау, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және
басқа да істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау іске асыруға жәрдемдесу
мақсатында заң көлемінің өзге де түрлерін көрсету жөніндегі адвокаттардың
қызметін ұйымдастырады. Адвокаттық қызмет шеңберінде адвокаттар
көрсететін заң көмегі кәсіпкері қызмет болып табылмайды.
Адвокаттық қызмет туралы заңдар осы Заңнан және адвокаттық қызметті
реттейтін өзге де заңдардан тұрады. Жеке және заңды тұлғалардың істері
бойынша қорғау мен өкілдік етуді жүзеге асырған кездегі адвокаттардың іс
жүргізу құқықтары мен міндеттері ҚР заң актілерінде белгіленеді.
Адвокатураның ұйымдастыруы мен қызметінің принциптері. Адвокатура
ұйымдастыруы мен қызметі:
І. Адвокаттардың өз қызметін жүзеге асыру кезіндегі тәуелсіздігі;
ІІ.Адвокаттық қызметті заңдарда тыйым салынбаған әдістерін және
құралдармен жүзеге асыру;
ІІІ.Заң актілерінде тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда,
прокуратура, соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдары, басқа
29
мемлекеттік органдар, өзге ұйымдар тарапынан адвокаттардың қызметіне
араласуға жол бермеу
ІV.Кәсіби мінез-құлық нормаларын ұстану және адвокаттық құпияны
сақтау принциптеріне негізделеді.
Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері. Заң көмегін көрсете
отырып, адвокаттар:
- Заң көмігінің шешілуі кәсіби заң білімдерін қажет ететін мәселелер бойынша
консультациялар, түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар береді;
- Талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды
жасайды;
- Анықтау, алдын ала тергеу органдарында, мемлекеттік және өзге де
органдарда, ұйымдарда және азаматтармен қарым-қатынастарда жеке және
заңды тұлғалардың өкілдігі мен олардың қорғауды жүзеге асырады;
- Көмек сұрап келген адам адвокатты таңдап алуға ерікті, бұған адвокат оған
тегін заң көмегін көрсету үшін /осы Заңның 6 - шы бабы/ сондай-ақ, егер
қорғалушы өзіне адвокат таңдап алмаса немесе таңдалмаса, оның қатысуы
міндетті болатын қылмыстық істер бойынша қорғаушы ретінде тағайындалатын
жағдайлар қосылмайды.
- Адвокаттар заңдарда тыйым салынбаған өзге де заң көмегін көрсетеді;
- Қылмыстық істер жөніндегі кәсіби қорғауды тек адвокаттар ғана жүзеге
асырады.
Қазақстан Республикасындағы адвокат.
1. Адвокат – жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметті жүзеге асыру
құқығына лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып
табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде
кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін ҚР азаматы.
2. Қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталған, белгіленген тәртіппен әрекетке
қабілеттілігі шектеулі деп танылған, адвокаттар алқасынан шығарылған,
тәртіптік жағымсыз әрекет жасағаны үшін құқық қорғау органдарынан
босатылған адам – босатылған күннен бастап бір жыл бойы, сондай-ақ
лицензиясының қолданылуы осы Заңда белгіленген тәртіппен тоқтатылған адам
адвокат бола алмайды. Адвокаттың көмекшілері мен тағлымдамадан өтушілері
болуы мүмкін. Адвокаттың көмекшілері еңбек шартының негізінде заң
консультациясында, адвокат кеңсесінде немесе адвокаттық қызмет пен жеке-
дара айналысатын адвокаттың жанында жұмыс істей алады.
Адвокаттың құқықтары. Адвокат сөмек сұрап келген адамға ол мұқтаж
болған кез келген заң көмегін көрсетуге құқылы. Адвокат өзіне өтініш жасаған
адаммен заң көмегін көрсету туралы өз атынан жазбаша келісім жасасады.
Адвокат, қорғаушы немесе өкілі ретінде әрекет жасай отырып, іс жүргізу
заңына сәйкес.
Адвокаттың
міндеттері.
Адвокат
заң
талаптарын
сақтауға,
адвокатураны ұйымдастыру мен оның қызметінің принциптерін басшылыққа
алуға, кәсіптік мінез-құлық нормаларының талаптары мен адвокаттық құпияны
сақтауға міндетті. Егер адвокат осы іс бойынша мүдделері көмек сұрап өтініш
30
жасаған адамның (тараптардың өзара келісімі бойынша ара ағайын болған
жағдайларды қоспағанда) мүдделеріне қайшы келетін адамдарға заң көмегін
жүрсе немесе бұдан бұрын көрсеткен болса немесе судья, прокурор, анықтауды
жүргізуші адам, тергеуші, сарапшы, маман, аудармашы, куә, жәбірленуші
немесе куәгер, азаматтық талап қоюшы немесе азаматтық жауапкер ретінде іске
қатысқан жағдайларда, сондай-ақ егер істі тергеуге немесе қарауға адвокатпен
жақын туыстық қатынастағы лауазымды адам қатысса, ол заң көмегін көрсету
туралы тапсырмадан бас тартуға міндетті. Адвокат заң көмегін көрсетуге
байланысты өзіне мәлім болған мәліметтерді құпия сақтауға міндетті және
көмек сұрап өтініш жасаған адамның келісімінсіз оларды жария етуге құқығы
жоқ.
Іс бойынша адвокаттың көмек сұрап өтініш жасаған адамның жағдайын
нашарлататын құқықтың позиция ұстануына тыйым салынады. Адвокаттың
қылмыстық іс бойынша қабылданған тапсырмадан бас тартуға құқығы жоқ
және ол қорғалатын адамның немесе адвокаттың өзінің көзқарасы юойынша
әділетсіз үкім шығарылған жағдайда алған белгіленген тәртіппен шағым
жасауға міндетті.
Адвокат мемлекеттік қызметте болуға және кәсіпкерлік қызметпен
айналысуға, оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметтен басқа
өзге де ақы төленетін қызметпен айналысуға тыйым салынады.
Адвокаттың кәсіби мінез-құлық нормалары. Адвокат заң көмегін көрсету
кезінде мынадай кәсіптік ережелерді сақтауға тиіс. Көп күш-жігер не уақыт
жұмсауды талап ететін қажетті әрекеттер жасаудан жасқынбай ыждағаттылық
пен құлшыныс білдіру. Заң мәселелерін қарап жатқан органдар мен лауазымды
адамдарға қатысты өзін әдепті ұстау. Өз кәсіби мінез-құлқын көмек сұрап
өтініш жасаған адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне сәйкес
қалыптастыра және тежей отырып, істі негізсіз сөзбұйдағы салуға, заң көмегін
көрсетудің заңсыз әдістеріне, алдауға жол бермеу. Көмек сұрап өтініш жасаған
адамның мүдделеріне адал болу және оның мүдделеріне қарсы қандай да
болмасын әрекет жасамау.
Адвокаттық құпиясы. Адвокат құпиясын адвокатқа жүгіну фактісі, көмек
сұрап өтініш жасаған адаммен және басқа да адамдармен жасалған ауызша
және жазбаша келіссөздердің мазмұны туралы, көмек сұрап өтініш жасаған
адамның мүдделерінде жасалатын әрекеттердің сипаты мен нәтижелері туралы
мәліметтер, сондай-ақ заң көмегін көрсетуге қатысты өзге ақпарат құрайды.
Адвокаттардың, адвокаттар алқасы төралқасы, заң консультациясы,
адвокат кеңсесі қызметкерлерінің заң көмегін көрсетуге байланысты алынған
мәліметтерді жария етуге, сондай-ақ өз мүдделері немесе үшінші бір
адамдардың мүделері үшін. Адвокат құпиясына жататын мәліметтерді көмек
сұрап өтініш жасаған адамның келісімінсіз жария еткен адвокат заңға сәйкес
жауапты болады.
Соттық психология – заң психологиясының бөлімі. Бұл бөлім
қылмыстық және азаматтық іске сот араласуының психологиялық аспектісін
және соттық психологиялық экспертиза проблемаларын қарастырады.
31
Сот әрекетінің психологиялық сипаты, оның мамандық-шеберлігін
түсінуге көмектеседі. Васильев сот-тергеушінің мамандық әрекеттеріндегі алты
ерекшеліктерді ажыратады:
-
әлеуметтік әрекеті
-
шығармашылық «танымдық» әрекеті
-
реконструктивті әрекеті
-
коммуникативті әрекеті
-
ұйымдастырушылық әрекеті
-
Куәләндіру (тіркеу) әрекеті
Әлеуметтік
әрекеті
–
іскесер
әрекетінің
саяси
белсенділігі.
Қылмыскерлермен күрестегі негізігі ерекшелігі іскесерді құқықтық
шаралардағы қатынасын, қылмыскерлерді қайта тәрбиелеудегі белсенділігі.
Шығармашылық «танымдық» әрекеті – қылмыстық жағдай туралы керек
қылмыс мәліметті жинақтау.
Реконструктивті әрекеті – жинақталған мәліметтерді кәсіптік білім
негіздеріне сүйене отырып, талдау мен жинақтау оқылғаннын себебін
болғандығын құрастыру.
Коммуникативті әрекеті - қарым-қатынасқа түсе білу, әсіресе сұрақ-жауап
алу кезінде өте қажет.
Ұйымдастырушылық әрекеті – жоспар құру мен оны жүзеге асырудағы
еріктік шаралар.
Куәләндіру әрекеті – жинақталған мәліметтерді заң негізінде
құжаттармен куәләндіру протокол, постановление, т.б.
Соттың жұмысы – мүмкін келетін модельді критикалық негізде
анализдеп, жайттың дұрыс-ұқсас моделін шығару. Барлығы тек фактілерге ғана
емес, сол сияқты олардың шығу себебімен байланысты. Ал бұл соттағы қажетті
мәлімет ретінде адамдардың психологиясын тереңдете оқытып, үйренуден
басталады. Осыған байланысты сот іс-әрекеті тек заңдық дайындықты қажет
етпей,
оған
қоса
психодиагностикалық
дайындықты,
дау
дамай
ситуациялардағы адамның әрекет-қылығындағы әлеуметтік-психологиялық
ерекшеліктері жайлы білімді, кейбір адамдардың әрекет-қылығындағы
эмоционалды қозуын басуға байланысты релаксация әдістерін меңгеруді қажет
етеді.
Сот көптеген адамдардың сезімдері, ыза, жек көру, агрессивті
сезімдерімен үнемі кезігеді. Осыған сәйкес оған шыдамдылық, өмірлік
тәжірибе мен мұң, төтеп тұра алу қажет. Сол сияқты мемлекет өкілі ретінде сот
қатаң талап етуші болуы керек. Ол жоғарғы азаматтық және адамгершілік
қасиетіне ие болуы керек.
Жалпы «Қазақстан Республикасы судьялары мен сот жүйесі
қызметкерлерінің мәртебесі туралы» Заңы бойынша 25 жасқа толған заң
саласында кемінде екі жыл жұмыс істеген азамат судья болып тағайындала
алады. Демек, жас судьялар 25 жаста бола ма, 30 жаста ма, мүмкін одан да
үлкен жаста болсын бұл жерде үлкен айырмашылық жоқ. Судья болу дегеніміз
- өмір бойы үйрену. Бұл мамандықты таңдап, қалап келген азамат өмір бойы өз
32
болмысы мен білімін жетілдіруі, сол үшін еңбектенуі қажет. 25 жас – нағыз
жалындап тұрған шақ. Бұл шақта қиындықтарға төтеп беруге азаматтың
денсаулығы да, күш-қуаты да жеткілікті. Сонымен бірге, азаматтың жоғары оқу
орнынан алған білім әрі қарай тәжірибеде дамытып жетуіне мол мүмкіндік бар.
Сот ісі бес бөлімнен тұрады: дайындық, соттық тергеу, соттық прений,
сотталған адамның соңғы сөзі, үкім енгізу. Соттық зерттеу – қажетті
дәлелденген мәліметтерге (іске қатысты соттық дәлелдерге) негізделеді.
Осыған байланысты соттық іс-әрекеттің нәтижесі шығарылады. Сот кінәлі
адамға заңды және қажетті жазалау шараларын қолданып, кінәсізді ақтап
шығуға тырысады.
Қазір сот арқылы шешілмейтін мәселе жоқ. Күнделікті тіршілік
түйткілдерінен басталған азаматтық дау-дамайлар, әкімшілік, күрделі
экономикалық даулар, сондай-ақ барлық қылмыстық істер сотта қаралады.
Олардың нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарында да аз жазылып жүрген
жоқ. Соттарда қаралып жатқан істер қайнап жатқан тартысты, қайшылықты
өмірдік нақ өзі, қоғамдық ахуал ауаның айнасы. Сол қайнаған өмір, бітпейтін
тартыс, сан қырлы сот тынысы бұқараға бұлтармай жетіп жатыр ма? Бұл
мәселеге кезінде мемлекет басшысының өзі де назар аударды. Қазақстан
Республикасы Судьялар одағының 3 съезінде Елбасының Нұрсұлтан
Назарбаевтің сот жүйесінің алдына қойылған 8 тапсырмасының бірі –
бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты түбегейлі өзгерту мәселесі
болатын.
Елімізде 2000 жылдың 25 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының сот
жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикалық
Конституциялық Заңы қабылданады. Бұл заң судьялардың құқықтық
мәртебесін көтеруде үлкен жаңалықтар алып келді және жаңа сот жүйесін
бекітіп, Жоғарғы Сот төрағасының және жергілікті соттардың төрағаларының
өкілеттіктерін кеңейтті. Осы заңның 25-ші бабында судьялардың сот төрелігін
асыру кезіндегі тәуелсіздігін және оның Қазақстан Республикасы
Конституциясымен, заңмен қорғалатыны, судьяның іс қарау кезінде ешкімнің
араласпауы, судьяға қандай болсын ықпал етуге құқығы жоқтығы көрсетілген.
Құқықтық мемлекеттің ең басты көрінісінің бірі тәуелсіз сот екені дау
тудырмаса керек. Демек, сот жүйесіндегі басты тұлға – судьяның мәртебесі мен
құқығы қаншалықты биік болса, міндеті мен жауапкершілігі де соншалықты
жоғары.
Жоғары сенім жүктелген жерде қатаң талап та болмақ. Мемлекетіміз
судья тұлғасының осындай жоғары маңызын түсінгендіктен оны қорғау мен
қолдаудың шараларын бекітті. Сот билігінде бір ғана басты тұлғаның бар
екендігі және оның судья екендігі шегелене түсті.
Судьяға қоғамның азаматқа ортақ құндылықтарға сай қалыпты өмір сүруіне
кедергі жасайтын келеңсіздіктер мен дау-дамайларды заңдылық жолмен реттеп
шешу сеніп тапсырылған. Кез келген даудың, таластың шешімін әділеттікке
жүгініп шешу үшін судьяда «судьяның ар-ұяты» деген асыл қазынасы болуы
керек. Сот биікте көрінуінің басты қозғаушы күші – осы судьяның әдебі мен
33
әділеттілігі десек артық айтқандық болмайды. Ал, судья әдебі мен әділеттілігін
сақтаған судья тәуелсіз, өйткені оның тәуелсіздігі ешбір заңның, нұсқаудың,
жалақының күші емес, өзінің жан дүниесі мен рухани тазалығының еңбегімен
келген тәуелсіздігі.
Судьялар мәртебесін түсірмеу, сот тәуелсіздігін нығайтуға ат салысу, сот
беделін көтеру – судьялардың өзінің міндеті борышы. Себебі, судья мінез-
құлықтың жоғарғы үлгісін көрсетуге тиіс мәртебелі мемлекеттік билік
тармағының өкілі. Адамгершілігі мол, сыпайы, адам жанын терең зертттей
алатын, білімі мен көргені мол тұлға ғана судья мантиясын киюге лайық.
Өйткені судья деген лауазымның беделі қандай жоғары болса, жауапкершілігі
де сондай үлкен болады.
Қазақстан Республикасы Судьялар одағы өзінің бірінші съезінде «Судья
әдепі кодексін» қабылдаған. Аталған кодексте судья мінез-құлқының негізгі
принциптері жинақталған. Судья әдебі кодексі бойынша теріс қылық жасаған
судья тәртіптік жауапқа тартылады. Сондықтан судьяларға Судья әдебі
кодексінің талаптарын қатаң сақтау талап етілуі міндетті. Судья әдепін бұзған
судьяларды жауапкершілікке тартылуы қажет. Себебі, мұндай судьяның сот
әділдігін өз дәрежесінде жүргізетіні неғайбып нәрсе. Ол істерді қарауда
заңдылық бұзғаны үшін, еңбек тәртібін өрескел бұзғаны үшін тәртіптік
жауапкершілікке тартылып, оған судья қызметінен босатылуға дейін шаралар
қолданылуы мүмкін. Сондықтан судья әдебін сақтау жеке бастың ісі емес, бұл
тұтастай сот беделі, абыройы екенін еш уақытта естен шығармауға тиіспіз.
Судья беделі ең алдымен өзінің білімдарлығына, әділеттілігіне, рухани
байлығы мен тазалығына, күнделікті жүріс-тұрысына байланысты. Судья әдебі
кодексінің 2-бабында судья кәсіби және басқа да қарым-қатынастарда, сондай-
ақ тұрмыстық қызмет бабымен байланысты емес адамдарға ізеттілік, төзімділік
және әдептілік танытуы тиістігі байқалған. Бұдан кейін кодекстің 4-ші бабында
судья жұмысынан тыс уақытта өзінің адалдылығына және турашылдылығына
күмән келтірейтіндей, судья мәртебесіне және сот билігінің беделіне кір
келтірмейтіндей ұстауы керектігі атап көрсетілгені де сот қауымдастығы
қатарына кездейсоқ адамның еніп кетпеуіне бағытталған іс-шара.
Судьялардың үстінен үсетін арыз-шағымдарға талдау жасағанда,
арыздың басым көпшілігі істердің уақтылы қаралмауына, аңда көрсетілген
мерзімдердің сақталмауына байланысты. Көтеріліп отырған арыз мәселесінің
мәніне терең талдау жасап, себеп-салдарын зерттеп қарағанда ғана дұрыс
нәтижеге қол жеткізуге болады. Қалай десек те, құқығы бұзылған азаматтар
өзінің мүддесін құқықтық қатынастағы заң талаптарына сай қорғау үшін сотқа
әсерінеді. Адам тағдырын шешетін ондай жүгініске әрбір судья ізгілікпен
қарап, әділ билік айтудың үлгі-өнегесін көрсете білуі керек. Олай болса,
мемлекеттік тәртіпті нығайту және судья әдебін сақтау күн тәртібінен түспейтін
өзекті мәселе деп қарап, жүйелі түрде жұмыс жүргізілуі қажет.
Мемлекетіміз тәуелсіздік алған уақыттан бері қоғамдық қарым-қатынастар көп
өзгеріске түсіп, экономикалық-әлеуметтік мәселелер ерекше қарқынмен алға
басып, дамуда. Осыған орай дау-дамай тудыратын азаматтық істер неғұрлым
34
көбейіп, күрделеніп қаралатын сот істерінің саны күннен күнге арта
түскендіктен әр судьяның жүктемесі де ауыр болуда. Сот шығарған билік пен
үкімге адамдардың барлығы қанағаттанады деуге болмайды. Екі жақ
дауласатын болса, төреліктің екі ұшы ғана бар ол жеңген жақ және жеңілген
жақ. Әлбетте, әйтеуір екі жақтың бірі үкімге риза болмай, көңлі толмай
шығады. Сонда түптеп келгенде, олар судьяны кінәлі деп тауып, соңынан
арызданып жатады. Сонымен қатар заңдарға жиі-жиі өзгерістер мен
толықтырулар енгізіліп отырады. Себебі жас мемлекетіміздің заңдарын бірден
нақпа-нақ етіп шығару да оңай шаруа емес. Мысалы, талапқа сәйкес, қаралатын
әрбір істің белгіленген процессуалдық мерзімі бар. Ал, белгіленген мерзімді
негізсіз өткізіп алу судьяның тарапынан жіберілген өрескел кемшілік болып
табылады. Мұндай кемшіліктер сапасыз шешім қабылдауға әкеп соқтырып, сот
саласы турасында көлеңкелі пікірлердің қалыптасуына себеп болары сөзсіз.
Жалпы сот мемлекеттік органдар жүйесінде ерекше орын алады. Өйткені
Қазақстан Республикасы соттарының басқа да билік және басқару
органдарымен тығыз қарым - қатынаста екені айқын нәрсе. Соттар прокуратура
органдарымен күн сайын бірге іс-қимыл жасап отырады, өйткені прокурорлар
қылмыстық істерді қарауға мемлекеттік айыптаушылар ретінде, ал азаматтық
істерге іс бойынша қорытынды беру үшін қатысады.
Соттар
алдын ала тергеу
органдарымен
Қазақстан
Республикасы
Прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеушілерімен өзара
тығыз іс-қимыл жасап, олардың қылмыстық істер жөніндегі материалдарын
пайдаланып отырады.
Прокурор психологиясы. Прокурор сотта қылмыстық істі қарауға қатысу
кезінде өз өкілеттілігін ҚР «Прокуратура туралы» Заңының, ҚР ҚК-і,
ҚР ҚЕЖК-нің талаптарын басшылыққа алып жүзеге асырады.
Прокуратураның негізгі міндеті – азаматтар мен заңды тұлғалардың
құқықтарын қорғау болып табылады, ал Республиканың нормативті-құқықтық
актілермен кепілденген. Сондықтан прокуратура туралы, оның қызметінің
жазалау - айыптау бағыты туралы айтқанда, алдымен осынау әділет органының
негізгі міндеттеріне назар аудару қажет. Ал мақсаты – мемлекеттік басқарудың
барлық саласында заңдардың сақталуына қадағалау жолымен мемлекеттік
органдар қызметінің, оның ішінде прокуратура мен сот жүйелері
айқындылығын қамтамасыз ету. Прокуратура органдарының құқық қорғау
қызметінің белсенділігін көтеру мақсатында прокурорлардың, әсіресе жас
қызметкерлердің шеберлігі мен біліктілігін арттыруға бірінші кезекте маңыз
берілуде.
Осы орайда ішкі істер органдары мен қаржы полициялары
ғимараттарында орналасқан «прокурорлар бөлмесі» бірден-бір практикалық
тәжірибе орталығына айналуға тиіс. Мұнда прокурорлардың көмекшілері апта
бойы кезекшілікте болып, тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау
бойынша прокурорға, жүктелген барлық кешенді міндеттерді атқарады: оқиға
болған орындарға шығады; есепке алу, тіркеу тәртібін тексеруді жүзеге
35
асырады; азаматтарды қабылдауды жүргізеді; бұлтартпау шараларын таңдау
мәселелері бойынша қорытынды дайындайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабына сәйкес ешкім де
соттың заңды үкімі күшіне енбейінше кінәлі деп табылмайды. Конституцияның
бұл талабы сотқа қылмыс жасаған адамға дұрыс қылмыстық жаза қолдану
жауаптылығын жүктейді. Әділетті және заңға негізделген қылмыстық жаза
тағайындау қылмыспен күресуде, құқық тәртібін нығайтуда маңызды құрал
болып табылады. Әділ жаза кінәлінің немесе басқа да адамдардың түзелуіне,
оның қайта тәрбиеленуіне, сондай-ақ жаңа қылмыстардың алдын алуға септігін
тигізері сөзсіз. Ал осындай әділ жаза тағайындау жөнінде ұсыныс білдіретін
мемлекеттік айыптаушы – прокурор.
Мемлекеттік органдар жүйесінде конституциялық мәртебесі бар
прокуратура органдары маңызды орын алады. Өйткені Қазақстан
Республикасында соттардан басқа, құқық қорғау органдары жүйесінен тек
прокуратура ғана конституциялық органдарға жатады. Оның мәртебесі
Конституцияның 83,84-баптарында белгіленген. Прокуратура Республика
аумағында заңдардың ҚР Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік
құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын қадағалауды жүзеге
асырады. Прокуратура органдарының жүйесін Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры басқарады.
Прокуратура органдары тәуелсіз және тек Республика Президентіне ғана
есеп береді. Бас Прокурорды бес жыл мерзімге Парламент сенатының
келісімімен
Президент
тағайындайды.
Қазақстан
Республикасының
прокуратурасы – Қазақстан аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы
Президенті жарлықтарының және өзге нормативтік құқықтық актілерінің дәл
және бірыңғай қолданылуына, жедел іздестіру қызметінің, анықтама мен
тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары
қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Президентіне есеп
беретін орган.
Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою
жөніндегі шаралар қолданады, Республика Конституциясы мен заңдарына
қайшы келетін заңдар мен өзге де құқықтық актілерге наразылық жасайды,
сотта мемлекеттің мұддесін білдіреді, сондай-ақ заңда белгіленген
жағдайларда, тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады
Прокуратура органдары қызметінің құқықтық кепілдігі:
1. Прокурордың өз өкілеттілігі, жүзеге асыруына кедергі келтіру немесе оған
шешім қабылдату мақсатында қандай да болсын нысанда ықпал жасау, сондай-
ақ прокурорлардың қаулыларын, ұйғарымдарын, нұсқауларын, талаптарын
орындамау заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеліп соғады.
2. Прокуратураның талап етуі бойынша тиісті органдар мен өкілетті адамдар:
- қажетті материалдар мен мәліметтерді өтеусіз беруге;
- тексеріске қатысу және қорытынды беру үшін мамандар бөлуге міндетті.
3. Прокурордың өз құзіреті шегінде берген тапсырмасы анықтама мен тергеу
органдары үшін міндетті.
36
4. Талап етілген ақпарат прокуратура органдарына заңдарда белгіленген
нысандарда, тәртіп мен мерзімде талап беріледі.
5. Прокуратура қызметкерлерінің өз құзіретінің шегінде мемлекеттік
органдардың, ұйымдардың үй-жайларына кедергісіз кіруге, олардың құжаттары
мен материалдарын алуға, сот істерімен танысуға және оларды соттан талап
етіп алдыруға құқығы бар.
Прокурор:
І. Сот тағайындаған жазалау мен мәжбүр ету сипатындағы өзге де шаралардың
атқарылуы кезінде адамдардың бас бостандығынан айыру органдарында
болуының заңдылығы;
ІІ. Аталған мекемелерде сотталған адамдарды ұстаудың заңда белгіленген
тәртібі мен шарттардың сақталуын, олардың құықтары мен бостандықтарының
қорғалуын;
ІІІ. Бас бостандығынан айыруға қатыссыз жазаларды атқарудың заңдылығы;
ІV. Азаматтық, шаруашылық және өзге де істер жөніндегі сот шешімдерін
атқару заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады.
Прокурордың атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қамтамасыз ету
жөніндегі өкілеттіктері. Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына қадағалауды
жүзеге асыра отырып, прокурор өз құзіреті шегінде:
1) Адам құқықтары туралы, қамалғандар мен сотталғандарға мейірбандық
тұрғыдан қарау жөнінде Конституцияның, заңдардың және Қазақстан
Республикасы халықаралық шарттарының дәл және бірыңғай қолданылуын
талап етуге;
2) Азаматтың, мемлекеттің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша,
сондай-ақ прокурордың талабы мен өтініштері бойынша атқарушылық істер
жүргізілуін талап етуге жіне тексеруге;
3) Сот тағайындаған жазалау және мәжбүр ету сипатындағы өзге де шараларды
атқарушы бас бостандығынан айыру орындары мен мекемелерінде тексеру
мақсатымен кез келген уақытта болуға;
4) Ұсталғандардан, қамалғандардан, сотталғандар мен мәжбүр ету сипатындағы
шаралар қолданылған адамдардан жауап алуға;
5) Осы адамдарды ұстауға, қамауға, жазасын өтеуге, сондай-ақ оларға мәжбүр
ету сипатындағы шараларды қолдануға негіз болған құжаттарды талап етуге;
6) Мәжбүр ету шараларын атқарушы бас бостандығынан айыру орындарында
немесе мекемелерінде заңсыз отырған әрбір адамды өз қаулысымен дереу
босатуға;
7) Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарға
заңды бұза отырып, қолданылған тәртіптік шаралардың күшін жоюға, оларды
өз қаулысымен айыпсыз изолятордан, камералық үлгідегі орындардан немесе
карцерден қамаудан босатуға;
8) Заңда белгіленген жағдайларда жазалауды атқарушы мекемелер
әкімшілігінің актілерін санкциялауға хақылы.
Прокурор қылмыстар жиынтығы бойынша жаза тағайындауды сұраған кезде
қылмыстар жиынтығы бойынша тағайындалған түпкілікті жазаның алғашқы
37
үкім бойынша тағайындалған жазадан төмен болмауын ескеруге тиіс.
Сотталғандарға тек қана қосымша жаза ретінде жазаның 2 түрлі
қолданылатынын білу керек;
- Арнаулы,
әскери немесе құрметті атағынан, сынаптың шенінен,
дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сынабынан және мемлекеттік
наградаларынан айыру;
- Мүмкін тәркілеу. Басқа жаза түрлері негізге жаза түрінде де, қосымша жаза
түрінде де қолданылуы мүмкін.
Сонымен қылмыстық жаза тағайындауды ұсынған кезде прокурор
жасалынған қылмыстық қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтап, кінәнің түрін,
себебін, тәсілін, қылмыстық жасалу жағдайы мен кезеңін, одан туындаған
салдарды, сотталушылардың әрқайсысының қылмысқа қатысу дәрежесі мен
сипатын, сотталушының жеке бастарының мәліметтерін, отбасы және оның
асырауындағы адамдардың жағдайын объективті түрде қылмыстық заңға
сәйкес ескерілсе, әділ жазаның тағайындалуына ықпал ететін еді.
Прокурорлық қадағалау қылмыс көріністеріне қарсы күресті жүзеге
асыру мақсатында барлық құқықтық қорғау органдарының құқық бұзушылық
пен қылмыстық алдын алу және олардың тууына себеп болар жағдайларды жою
жөніндегі жұмыстардың белсенділігін арттыруға бағытталады.
Прокуратура органдарының, басқа да құқықтық қорғау және арнайы
органдардың өзара іс-әрекеті ұйымдастыру қылмысқа қарсы тиімді күрестің
басты шарты болып табылады.
Еліміз Конституциясына сай азаматттардың құқығын сақтауда және заң
бұзушылықтар мен қылмыстық әрекеттерге жол бермеуде прокуратура
органдарының ұстанатын басты бағыты: әділдік, заңдылық, құқық тәртібінің
халық көңлінен шығуын қамтамасыз ету.
Ата заңымыздың талабы бойынша сот белгілі бір істі қараған кезде
тәуелсіз және тек Конституция талаптарына сай прокуратура органдарына
жүктелген. Прокуратура заңдылықтың орындалуын қадағалайтын құзырлы
орган. Сондай-ақ, біз өз қызметімізде - әділдік, заңдылық, құқықтық тәртіпті
темірқазық етіп ұстанамыз.
Қылмыстық жаза тағайындауды ұсынған кезде прокурор ҚР ҚК-нің 52
бабында көзделген жаза тағайындаудың жалпы қағидаларын басшылыққа алып,
сотталушы жасаған қылмыстың қайталану түрін, сотталушының қылмыстық
әрекеті қай сатыда тоқталғандығын, қылмысты топ, ұйымдасқан топ немесе
қылмыстық қауымдастық жасағанда сотталушының қатысу дәрежесін,
қылмыстық мақсатқа жету үшін оның әрекеттерінің мағынасы және келтірген
немесе келтірілуі мүмкін зиянның көлемі мен сипатын, қылмыстар жиынтығын,
жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды, жасалған қылмыс үшін
көзделген жазаға қарағанда неғұрлым жеңіл жаза тағайындау немесе шартты
түрде сотатау негіздерін, ерекше бөлімде көрсетілген қылмыс түрлерінің
әрқайсысы үшін белгіленген жазаның төменгі және жоғарғы шекті мөлошерін
ескеруі тиіс. Сондай-ақ қылмыс жасаған адамдардың жасы мен жынысы да
ескерілуге жатады. Өйткені кәмелетке толмағандарға, жасы 60-тан асқан ер
38
адамдарға, әйелдерге қылмыстық жаза тағайындаудың өзіндік ерекшеліктері
бар.
Қылмыс жасаған адамға жаза тағайындау туралы ұсыныс жасарда
прокурор тағылған айып бойынша жасалған қылмыстар түрі үшін көзделген
қылмыстық жауаптылықтың барлық түрін електен өткізуі керек. Қылмыстық
әрекет үшін көзделген қылмыстық жазаның әрқайсысын талдап, кінәлінің жеке
басын анықтап, оған тағайындауға лайық түріне тоқталғаннан кейін ҚР ҚК-нің
Жалпы бөлімінде көрсетілген жаза түрлерін, оны қолдану тәртібін тағы бір
тексеріп алуы керек.
ҚР ҚК-нің 40-бабына сәйкес айыппұл заңмен белгіленген айлық есептік
көрсеткіштің 25-20 000 дейінгі шегінде немесе сотталған адамның
жалақысының немесе өзге де табысының 2 аптадан 1 жылға дейінгі шегінде
ағайындалады. Көп жағдайда соттар прокурордың сұраған жазасы шегінен
төмен жаза тағайындауды әрекетке айналдырып алған.
Достарыңызбен бөлісу: |