жеде құзыреттіліктерді де белгілеуге жол ашады. Сондықтан
қазақ тілінен сапалы білім беру мақсатының нақты нәтижелерге
қол жеткізе алатындай жүйеде құрылуы осы білім сапасы тура-
лы қоғамның, студенттің, оқытушылардың көзқарастарының
бір арнаға тоғысатындай анық болуын қамтамасыз етеді.
Қазақ тілін оқытудың сапасын анықтау мақсатындағы із-
дену жұмыстары барысында мемлекеттік және мемлекеттік емес
жоғары оқу орындарының барлығында дерлік қазақ тілінің мем-
лекеттік тіл мәртебесінде меңгертуді Қазақстан Республика-
сының Конституциясымен, «Тіл туралы» Заңымен байланыс-
тыруда осалдық танытатыны байқалды. Бұл ЖОО басшылары-
ның да, қазақ тілі пәні оқытушыларының да қазақ тілін мемле-
кеттік тіл мәртебесінде оқытуда студенттердің қызығушылығын
арттыруды (мотивациясын) нық сеніммен қоя алмай отырғанына
нақты дәлел болады.
Бүгінде ЖОО-да «Мемлекеттік тілді дамыту орталық-
тары» ашылып жатыр. Бірақ көп ретте олардың қызметі мен
қазақ тілін өзгетілді дәрісханаларда оқытуды үйлестіру (коор-
динация) мәселелері бір-бірінен алшақ жатқан сияқты әсер
береді.
Достарыңызбен бөлісу: