А. Қалшабек Әдебиет теориясы


Тақырып: Орыстың тәржіме еттім мысалдарын Мәселе



бет11/50
Дата24.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#113720
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50
Байланысты:
әдебиет сыны лекция

Тақырып:

Орыстың тәржіме еттім мысалдарын


Мәселе:

Бабы жоқ жұмыстағы мен бір арық


Идея:

Бар болса сондай жүйрік қызар деймін, –


деген жолдарда жатыр.

Тақырып, идея ұғымдарын қазіргі прозалық шығарма үлгілеріне қатысты қарастырайық. Әдетте әуелгіде жазылар шығарма жайында авторлық ой өзек (замысел) пайда болады. Бұл туралы жазушы Оралхан Бөкеев былай дейді: «Асылы, мен жазбақ дүниемді ең әуелі ойымда, сана-қиялымда әбден илеуін қандырып, пісіріп алғанша қолыма қалам ұстамай толғатып жүріп алатын әдетім бар. Жылдың жалғыз мезгілінде, әсіресе күз айларында, көңілім құлазып, жалғызсырап оңашылықты көксеп барып бір-ақ отырамын. Әрі тез, әрі көп жоңқалап жонбай бір деммен жазамын. Біткен соң шұқылап, туып қалған «сәбидің» мазасын алып, жамап-жасқағым да келмейді. Бәлкім, кейбір кемшіндіктер осы әдеттің салқыны шығар» (Оралхан Бөкеев. Оқырманға айтар сырым бар...// Біздің жақта қыс ұзақ. Алматы, 1984, 428 б). Жазушының «илеуін қандырып, пісіріп алғанша» деп отырғаны әрине ол біріншіден – тақырып пен идея. Өйткені бұл екеуі шығарманың нерв жүйесі әрі жүрегі. Одан әрі біртіндеп шығарма қаңқасы сұлбаланатыны анық (композиция, сюжет, тіл, бейнелер пошымы, кеңістік, мерзім, т.б). Жазушы идея- кейіпкер туралы былай дейді: «Меніңше, көркем туындыда жалғыз ғана кейіпкер бар, ол – жазушының өзі, яғни оның айтайын, уағыздайын деген ойын арқалап жүрген кейіпкер. Я, көркемсөз шеберінің айтпақ ойы осы екі бейненің арқа-жұлыны арқылы өтеді. Сондықтан да жазушының идеясы бір ғана кейіпкер арқылы білінбейді де жинақталмайды. Суреткер идеалы – ең әуелі шығармасы» (Оқырманға айтар сырым бар... 430 б) Демек, идея тек кейіпкер арқылы көрінбей, шығарма бойына түгел тарап, жайылатын нәрседей. Идея шығарманың әрбір бөлшек клеткасында өмір сүреді, немесе шығарманың бүтін бітім-болмысы идеялық ұстанымға бағынышты болып, соған қызмет етеді. Сонда да болса оның шығарма бойында айқынырақ көрінетін тұстары болады. Мысалы, О. Бөкеевтің «Жетім бота» повесіндегі идеялық темірқазық ой шығарманың бас кейіпкерлері – сәулетші Тасжан мен жетім бота жетектеген Ақбота қыздың мына толғаныстарынан көрінеді деуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет