А. Қалшабек Әдебиет теориясы



бет41/50
Дата24.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#113720
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50
Байланысты:
әдебиет сыны лекция

5.3. Драмалық жанрлар

Комедия (грекше: komosкөңілді жұрт, oide – ән ) – өмірдің күлкі шақыратын жағын қарастыратын драманың негізгі бір түрі. А. Байтұрсынов оны арамтер деп атаған.

Трагедия (грекше: trags – ешкі, oide – ән) драманың тағы бір түрі. Трагедияның шығу тегі қызық. Ежелгі гректер өздерінің Дионис құдайының құрметіне ән мен би арнап, құрбандыққа ешкі шалатын болған. Мейрамда тағы Дионис құдай жайлы арнау әңгімелер трагедия айтылатын болған. Кейін трагедия театрға айналған. Жанр ерекшелігі: бітіспес тартыс, қақтығысқа құрылып, бас кейіпкердің мерт болуымен аяқталады. А. Байтұрсынов сондықтан трагедияны – мерт деп атаған.

Драма – айтыс-тартысы кісі өліміне шейін апармайтын шиеліністі шығарма түрі. А. Байтұрсынов сергелдең деп атаған.

Мелодрама – ән-күй қосылған драмалық шығарма А. Байтұрсыновтың айтуынша – зауықтама.

Фарс( латынша: farcio – бастаймын) – шағын сюжетке құрылған күлкі жанры. Интермедия сияқты, маска (бетперде) комедиясы сияқты. Жеке адам өмірінің келеңсіз тұстарын сайқымазақ ететін.

Сұрақтар:
1. Көркем шығармаларды текке, жанрларға бөлудің мәселелері.

2. Қазақ әдебиетіндегі ең өміршең жанр түрлері.

3. Тәуелсіздік тұсындағы көсемсөз жанрының жандануы.

4. Қазақ әдебиетінде күнделік жанрының дамуы

5. Роман жанрының қазақ әдебиетіне үйлесуі. Кемшіліктері мен артықшылықтары.

6. Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогының жанрлық ерекшелігі.

7. Абайдың қара сөздерінің жанрлық ерекшелігі.

8. О. Сүлейменовтің «АЗиЯ» шығармасының жанрлық ерекшелігі.

9. Б. Момышұлының күнделік жазудағы шеберлігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет