А. Қалшабек Әдебиет теориясы



бет43/50
Дата24.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#113720
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50
Байланысты:
әдебиет сыны лекция

Класссицизм ағымы – 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың ортасына дейін еуропада пайда болып, өмір сүрген ағым. Ерекшелігі – өз шығармаларында күнделікті күйкі тіршілікпен жүрген қарапайым жандарға назар аудармай, тек қоғамдағы елеулі тұлғалар қатысқан, ірі тарихи оқиғаларды арқау етті. Өздеріне үлгі ретінде көне дүние классикасын алды, атаулары да содан шыққан. Философиялық демеушісі – Декарттың рационалистік философиясы. Олардың әдеби ағым ретінде «Үш бірлік» деген шарты болды. Ол шарт бойынша шығарма 1. бір тәулік ішінде, 2. бір орында, 3. бір ғана сюжеттік желі бойынша болуы керек. Бұл ағым осындай өрісі тар, шектеулі әдеби принциптерді ұстанды (Һәм жақсы жақтары да баршылық).

Сентиментализм – классицизмге қарсы ағым ретінде пайда болды. Ол ірі тұлғаларды емес қарапайым жандардың бейнесін сомдады, тек ірі тарихи оқиғаларды емес отбасындағы қарапайым тіршілікті де суреттеді. Сыртқы оқиғалардан гөрі адамдардың ішкі жан сезім, толғаныстарын ашып көрсетуге тырмысты.

Романтизм мен реализм әдеби ағым ретінде де, әдеби әдіс ретінде де бірдей қарала береді. Энгельс романтизмді «ерекше жағдайда ерекше характер жасау» әдісі ретінде, реализмді «типтік жағдайда типтік характер жасау» әдісі ретінде түсіндірген. Романтизмге қиял тән болса, реализм көз көріп тұрған дүниені нысана етеді (профессор Ы. Ысмайлов: «Романтизм методы классицизмнің рационализм методын керексіз деп тастап, қияли сезім елесін алға ұстады. Классицизм античный дәуірді дәріптеп өзіне үлгі етсе, романтизм орта ғасырдың қияли дүниесін, күңгірт миф, фантазиясын дәріптеді» деген).

Жалпы батыстық әдебиет жолының ту тіккен екі басы – романтизм мен реализм. Олардың 2-3 мың жылдық жүріп өткен жолы осы ғана. Бұл шектеулі күйден олар осы күнге дейін шыға алған жоқ. Атақты орыс жазушысы Л.Толстойдың өзі осы екі араны шиырлаумен болған. Басқасын айтпағанда. Романтизм Еуропа, Америка әдебиетінде 18 ғ. аяғы, 19 ғ. басында пайда болған бағыт (мектеп, ағым). Классицизм мен ағартушылыққа (просвещение) қарсы шыққан. Өзі сентиментализмнен бастау алады. Олар өркениетке қарсы болған. Өндірістік революция: бу машинасы, паровоз, пароход, фотография пайда болған кез. Соны олар жақсылыққа баламаған. Ағартушылықта ақыл-ой культі бар. Романтизмде табиғат культі, сезім (эмоция) культі бар. Романтизм кезінде туризм, альпинизм, пикник (табиғат аясында қыдыру) деген нәрселер пайда болған. Неге? Себебі олар адам мен табиғат бір дегенді айтқан. Ағартушылар ғылым, техника, прогресс десе, романтиктер фольклор, миф, ертегіні құптады (Яғни, ақыл мен фантазия алысқан). Адам өз тамырына қайту керек деген. Тамыры – табиғат. Олардың діні – пантеизм. Сондықтан олар Жаратушы бар деген Дейзм дінін мойындамайды. Өйткені, пантейістер табиғатты, дүниені ешкім жаратпаған дейді. Ол бұрыннан өзінен-өзі бар деп сенеді. Жоғарыда айтқан табиғат культі деген нәрсе осы. Пантейст Спиноза «Құдай деген ол – табиғат» деген. Осы екі жақ боп, бөле жарылу еуропа жұртында бұрыннан бар. Философияда мысалы, олар материализм, идеализм деп бөлінеді. Біреуі материя, біреуі идея бірінші дейді. Бұл таластың басына олар Аристотель мен Платонды қояды. Аристотель материяны мәңгілік деген. Материя жаратылмаған деген. Материя бұрыннан өзі бар деген (Ол бүкіл материя негізі: ауа, су, жер, от деген). Құдай өздігімен емес, осы дайын материалдан ғана бірдеңе жарата алады деген. Яғни, Құдайды материяға мұқтаж етіп қояды. Яғни, Аристотель – материалист. Кеңестік үкіметтің Аристотелді қатты ұнатқаны содан. Өйткені, кеңес елі атеизм елі болатын. Платон материяны көп айтпайды. Ол Әлемдік ақыл (Мировой ум), Әлемдік рух (Мировая душа) дегенді баса айтады. Платон бойынша нағыз дүние материалды заттар емес, идея. Реалды әлем идеялардың көрінісі, суреті деген. Яғни, шын дүние дүние емес, жәй әншейін елес деген сөз ғой бұл. Сондықтан оны идеалист (идеализм өкілі) дейді. Яғни, романтизм басын Платоннан алса, реализм басын Аристотелден алады. Ары қарай романтизм жағында сентиментализм, символизм болып, оның арты модернизмге ұласады. Ал, реализм жағындағы мектептер: классицизм, ағартушылық (просвещение), энциклопедистер, натурализм, пролеткульт, соцреализм. Ағартушылардың ірі өкілдері: Вольтер, Руссо, Дидро т.б. сияқтылар.



Социалистік реализм. З. Қабдолов «Әдебиет теориясының негіздері» атты еңбегінде «Социалистік реализм – әдеби дамудың лениндік жолы, совет жазушыларының шындыққа барар жолы» деп айтқан. Қазіргі ақиқат бұл пікірдің уақытша айтылған, негізі жоқ тұжырым екендігін дәлелдеді. Ия, заман бір орнында тұра бермейді. Кешегі шындық деп айтылған нәрселер бүгінгі күні өкінішке орай кейде өтірік болып жатады. Кеңестік дәуірде көкке көтеріп дәріптеген социалистік реализм ақиқатында шындықтың жолынан шетке шығарар соқпақ болып шықты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет