4.2. Ұйқас
Ұйқас – өлең қатарларының (тармақ) үндесіп келуі.
Тармақтардың аяғының ұйқастығы ұйқастық деп аталады (А. Байтұрсынов).
Ұйқас қайталанып отырып, өлеңнің ырғақтылығын күшейтеді. Ұйқас өлең жолының аяғындағы паузаны күшейтіп, өлеңнің жолға бөлінуін айқын білдіріп отырады (Е. Ысмайылов).
Шейх Ахмет Хұдайдад Тарази: «Барлық ғұлама және ғылым саласының майталмандарына қафия ғылымын білу өте маңызды екені белгілі. Өйткені шабыттың жемісі – өлең. Ал өлеңнің негізі – қафия (ұйқас). Қафиясыз өлең болуы мүмкін емес», – дейді.
Буыннан кейін ырғаққа қан жүгіртетін – ұйқас.
Жоғарыда айтқан силлабикалық өлең жүйесіне жататын қазақ өлеңіндегі негізгі ұйқас түрлері мыналар:
Ұйқас түрлері:
1. Қара өлең ұйқасы: а Іші алтын өлеңімнің, сырты күміс,
а Жақсы атқа бірдей бітер жорға, жүріс.
б Өлеңім – жақсылардың жан азығы,
а Тағы да табам екі қолға бір іс.
2. Шұбыртпалы ұйқас: а Бәрімізге ай ортақ,
а Қайырлы болса, бай ортақ,
а Жақсы болса, би ортақ,
а Көп жасаған көне ортақ.
Шернияз
3. Ерікті ұйқас: а Бұлттан шыққан айға ұқсап,
б Тұр еді Назым нұрланып,
в Атлас көйлек үстінде,
г Көк арбаға сүйеніп,
б Шыбықтай белі бұралып.
«Қамбар батыр» жыры
4. Кезекті ұйқас: а Еділдің бойы ен тоғай
б Ел қондырсам деп едім
в Жағалай жатқан сол елге
б Мал толтырсам деп едім
Махамбет
5. Шалыс ұйқас: а Желсіз түнде жарық ай,
б Сәулесі суда дірілдеп.
а Ауылдың шеті терең сай,
б Тасыған өзен гүрілдеп.
Абай
6. Егіз ұйқас: а Ақ сақалды бабалар,
а Ақ сүт берген аналар,
б Таласып өскен жеңгелер,
б Теңесіп өскен інілер.
Күдеріқожа
7. Аралас ұйқас: а Кебеже қарын кең құрсақ,
б Артық туған Абылай,
в Көтере көр бұл істі.
в Көп Қытайдың жылқысы
в Тұрымтайдай құнысты
г Жау жағадан алғанда,
г Ит етектен алғанда,
д Ер Абылай қорыққан жоқ,
в Әншейін еңкейіс бере жылысты.
ж Бәсентиін Сырымбет
в Оқ жіберіп ұрысты.
и Ақыл қалмас қашқанда,
и Дегбір қалмас сасқанда,
с Баяндай ерді көрмессің
и Бұрылып жауды шанышқанда.
Тәтіқара
Достарыңызбен бөлісу: |