Басқа буынды өлеңдердің бәрі осы аталған негізгі буынды өлең түрлерінен (7-8, 11, 13) шығатын өлшемдер екенін айтып кету керек.
Қара өлең. Қазақ поэзия тарихында қара өлеңнің алар орны ерекше: афоризм-фразеологизмдер – әдебиеттің нәр сорғыш түп тамыры болса, қара өлең – оның алтын діңгегі. Қара өлең – қазақ өмірінің шежіресі һәм айнасы. Ақиық ақын Мұқағали:
Қалқам,
Мен Лермонтов, Пушкин де емен,
Есенинмін демедім ешкімге мен,
Қазақтың қара өлеңі-құдіретім
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген, –
деген.
Соған қарағанда қара өлең Мұқағалидің әдеби шикізаттық қоржыны болғанға құсайды. Қара өлеңді өзіне темірқазық еткен Мұқағали шатаспаған. Ол 20-ғасырдың екінші жартысындағы лидер ақынның бірі, яки бірегейі болды. Мұқағали – қара өлеңнен өсіп шыққан әдебиет ағашының бір бұтағы, жайқалған сәнді жапырағы.
Қара өлеңнің түптік негізі жөнінде оны жинаушы Оразақын Асқар былай деген: «Ауыз әдебиетінің арғы атасы эпостық поэмалар делініп жүрген кезеңдерде: «Эпостық дастандардың шығу тегі сөз болғанда олар тұрмыс-салт жырларының негізінде туды деп айтуға кәміл болады», – дейді М. Әуезов (Әуезов М. Шығармалар. Алматы, Жазушы, 1969. 2Т. 236 б.). Ал тұрмыс-салт жырларының өзіне оның ең шағын түрі қара өлең іргетас болмады ма екен? Осы тұста ауыз ауыз әдебиетінің қара өлеңнен де ықшам жанры мақал-мәтелдер бар екенін еске алу орынды. Бірақ сол мақал-мәтелдің өзінде қара өлеңнің нышаны бар:
Орамал тон болмайды, жол болады
Бұл – үш буынды сөзбен басталып, төрт буынды сөзбен аяқталатын кәдімгі он бір буынды қара өлеңнің айна қатесіз бір түрі.
Алтынның қолда барда қадірі жоқ
Ер мойнында қыл арқан шірімейді
Ақсақ қой түстен кейін маңырайды
Дүние бір тиыннан құралады
Жеке жол қалпында да образды ой туындатып, мақал-мәтел ретінде өмір сүріп келе жатқан мұндай қара өлең жұрнақтарын айта берсек тіпті көп» (Асқар О. Қара өлеңнің қайнары // Қара өлең. Алматы: Жазушы, 1989. – 4-5 б).
Жалпы өлең атаулыға қатысты біздің ұсынатын концепциямыз мынау: Өлеңнің өлең болуы үшін оған әсер ететін үш қасиет ерекшелігі бар. Олар:
Достарыңызбен бөлісу: |