1. Эмоциялық, белгілі бір ырғақтық дауыс ағымы (Тимофеевтің өлең туралы анықтамасында бұл жақсы айтылған: эмоционально окрашенная речь, Байтұрсыновша: өңді ырғақ яки жортақ ырғақ)
2. Формалық айшық құрылымы (буын, бунақ, тармақ, шумақ, т.б)
3. Рухани қалыптық (оған: ақынның дүниеге көзқарастық ұстанымы, мінез-құлқы, таланттық қабілеті, интеллектуалдық білім деңгейі һәм шығармада айтпақ болған ойы, діттегені, т.б. кіреді.)
Осы нәрселер бойынан табылған сөздердің жәй сөз болудан қалып, өлең сөзге айналары хақ.
Сұрақтар
1. Өлең. Ырғақ туралы түсінік.
2. Буынның ырғақ жасаудағы қызметі.
3. Қазақ өлеңіндегі 7-8 буынды өлеңнің алар орны.
4. Ұйқастың ырғақ жасаудағы ерекшеліктері.
5. Қара өлеңнің ерекшеліктері.
6. Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңінің ішкі құрылысы.
7. Ақ өлең ерекшеліктері.
8. Төлеген Айбергенов жырларында ақ өлең өрнектерінің орын тебуі.
9. Қазақ өлеңіндегі 11 буынды өлеңнің алар орны.
10. М. Мақатаев шығармашылығының қара өлеңмен байланысы.
11. Өлеңдегі шабыт мәселесі.
12. Ақын және өлең жазу стихиясы.
Достарыңызбен бөлісу: |