Повесть(орысша: повесть – әңгіме, хикая) – оқиғасы (яки құрылымы) әңгімеден күрделірек, романнан оңайлау боп келетін шығарма. В. Сорокин деген ғалым оны үлкен әңгіме яки шағын роман деген. Тредиаковский французша романды, орысша повесть деген. Қазақ әдебиетіндегі классикалық повесть – М. Әуезовтің «Қилы заман» повесі. Кейінгілерден повестің хас шебері – Оралхан Бөкеев десе болады.
Әңгіме(новелла) (итальянша: novella – жаңалық) – шағын оқиғаға құрылған прозалық шығарма. Қазақ әдебиетіндегі бұл жанрдың айшықты мысалдары ретінде: Ж. Аймауытовтың «Әнші», М. Жұмабаевтің «Шолпанның күнәсі», М. Әуезовтың «Оқыған азамат», Б. Момышұлының «Жонарқа», М. Мағауиннің «Салах-ад-диннің үкімі», О. Бөкеевтің «Жасын», т.б. әңгімелерін атауға болады.