А. Қалшабек Әдебиет теориясы


Фельетон (французша: feuille – парақ) –



бет38/50
Дата24.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#113720
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   50
Байланысты:
әдебиет сыны лекция

Фельетон (французша: feuille – парақ)негізінен газет-журналда жарық көретін сатиралық көсемсөз жанры.

Памфлет (французша: feuillet – ұшатын парақ) – саяси әрі қоғамдық ірі қайраткерлердің жағымсыз қылықтарын ирония, сарказммен әшкерелейтін шығарма. Кеңестік дәуірде ақын А. Тоқмағанбетов саяси памфлетті көп жазған.

Қойын жазба – жазушының өзін қатты толғандырған, әсер еткен жайттарды, өмірден көрген-білгенін, түйгенін еркін формада қойын дәптеріне шағын көлемде түртіп жүруі.

Қойын жазба нағыз шыншыл жанр, шыншылдардың жанры. Оған қаламгерлер өмір бойы өзгелерден жасырған, тек өзіне ғана мәлім сырларын ақтарып, төгу үшін яки төгіп кету үшін келеді Неге? Ішкі жан дүниесін ауыр, қорғасын ойлардан, телегей теңіз толғаныстардан арылтып, аршып кету үшін келеді. Не бар шындықты айтасың, не айта алмағаныңды айтасың. Екеуі де қиын нәрсе. Бірақ екеуі де таза, жақсы нәрсе. Екінің бірінің қолынан келе бермейтін нәрсе. Қойын жазбаның хас шебері – Бауыржан Момышұлы. Аталмыш автордың «Көз алдымда бәріңсің» атты естеліктер мен күнделіктерінен үзінді келтірейік:


***
Ұлы Отан соғысының бас кезінде менің атағым ел аузына ілінді. Содан бастап орысша айтқанда «Меня без меры хвалили и без вина терзали!» Екеуіне де шыдап келе жатырмын...


Накануне съезда Мусрепов обязал меня прочесть шесть военных романов и написать тезисы его доклада по этим романам. Я отказался, заявив ему, что не желтый раб.


Мен работягамын. Менің атағым, шатағым, білімім бар кісімін. Д. Снегин менің 60 жылдығымда: «Б. Момышұлы – писатель, прозаик, поэт, – деді. – Ученый, военный историк», – деді. Бұл үлкен баға...

Біздің Құлыйдан Ақментей деген батыр шыққан. Ол Өреке болады. Бекболаттан Байзақ датқа шыққан. Ақментей мен Байзақты қалың Дулаттар ғана таныды, ал мені бүкіл әлем біледі. Мен – полиоведский, но не глупый полковец. Мен өмірді бақылай білемін. Өмірдің өзі трагедия әрі поэзия. Соған мен халім жеткенше шама-шарқыммен түсінгендердің біреуімін деп ойлаймын. Толық деп айта алмаймын.

Шоқан... Ол орыс тілін прекрасно знал. Даже русские завидовали ему. Ал мен болсам двухязычный писателмін. Қазақ тілінің тарихының екі тілді жазушысы көп, бірі менмін, оны великий Мұхтардың өзі мойындаған.

Мен писатель емеспін, я честно признаюсь. Я это категорически отрицаю. Мен – мемуариспін. Мемуар деген сөзді түсіну керек. Ол ой толқыны, сыр толқыны деген нәрсе. Тіл жағынан, саяси жағынан менің кемістігім мол, бірақ шындық жағынан да растығым аз емес. Вот почему я вышел в литературу.



Я очень недоволен. М. Әуезовтың «Абайы» ұлы шығарма, бірақ кейбір жерлерімен келіспеймін. Неге? Себебі не? Ол кісі Абайды көтеремін деп, Құнанбайды кемітеді. Бұл өте үлкен қате деп білемін.





Иттен ит туады боқ жейтұғын,

Малдан мал туады шөп жейтұғын.
деді.Осы принципті Мұхаң саясатқа бейімдеуге барды.

Құнанбай – ол қазақтың Иван Грозныйы. Иван Грозный мақсатына жетті, бірақ Құнанбай ойына жете алмады. Мұхаң осыған түсінбеді. Мен бұл ойымды Мұхаңа айтқанмын. Құнанбай қазақ мемлекетін жасауға ұмтылған еді. Қытай шекарасында наймандар бар. Құнанбай найманға тілін алдыра алмаған.



Ертеде ер екен қалың найман,

Қалың найман Қытайға қанат жайған...
дейді Мағжан.

Ел десе еңіреген ерлер майданда үзеңгі жолдас болып, ел сынап, ел арқылы ер сынап, ер қадірін, ел қадірін білгендей болды...






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет