Һашия – оқыған кітаптың мәтінінің шетіне алған әсерлерін, түйген ойларын сол мезетте ізін суытпай түртіп отыру. Бір жанрлар болады онша көзге түсе бермейтін. Бірақ арқалар жүгі ауыр болады. Сондай елеусіз боп жатқан жанрдың бірі – осы Һашия-тын. Ол туралы соңғы кезде арнайы сөз қозғаған профессор Мекемтас Мырзахметұлы болды (Баукеңнің һашиясы //Айналған аты аңызға Момышұлы. Тараз, 2000). Жанрға шолуды М. Мырзахметұлы Б. Момышұлы шығармашылығы негізінде жасайды. Һашия туралы автор: «Шығыс әдебиетінде орын тепкен кәнігі құбылыс – кітапты не қолжазбаны талдап оқудан, өзінше танудан туындаған өзіндік жеке сын пікірлерін, ой ұшқынын көбінесе кітап шетіне жазу яғни һашиа түрінде қалдыратын. Пікір білдірудің мұндай формасы Европа және орыс әдебиетінде һашиа деп аталмаса да көптеп ұшырасады», – деген. Еуропаша һашияны глосса (қолжазбаның шетіне я ішіне жазылған ескерту, түсінік), комментарий яки постскриптум (хаттың аяқ жағына қол қойғаннан кейін – «P. S.» таңбаларын қойып, одан кейін жазылған сөздер) деп атаған. Һашия – арапша қолжазба шетіне жазылған түсініктеме, ескертпелер, муһашши – түсінік беруші адам (комментатор) дегенді білдіреді. Б. Момышұлы Абайды һашия жанры арқылы дендеп зерттеген. Абайдың «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңінің бір шумағын кітап шетіне былай деп аударған: Құлақтан кіріп бойды алар (Пленяя слух, добирают душу мою в полон), Жақсы ән мен тәтті күй (Красивая песня и сладкая мелодия), Көңілге түрлі ой салар (И погружают меня в мир размышлений), Әнді сүйсең менше сүй (Если песни ты любишь – люби их как я ).
Жазушы шығармашылығын тануда һашияның орны зор деп айтуға болады.
Анекдот – (грекше: anekdotos – жарияланбаған) күлкілі шағын әңгіме түрі. Мысалы: аббревиатуралық анекдот деген болады. Мынадай: «ВКП(б) – все кончится погромом (большим)». Бұл кеңестік дәуірдегі саяси астарлы анекдот.
Достарыңызбен бөлісу: |