А. Қалшабек Әдебиет теориясы



бет31/50
Дата24.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#113720
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50
Байланысты:
әдебиет сыны лекция

Он бір буынды өлең. Он бір буынды өлең – қазақ өмірімен біте қайнасқан ескі өлең өлшемдерінің бірі. Формасы – 4 тармақты шумақ, ұйқасы негізінен – (ааба) (Зәки Ахметов), бұл ұйқасты – қара өлең ұйқасы деп те атайды. Қара өлең қазақ поэзиясында ең көп қолданылатын – жанр. Профессор Б. Кенжебаев: «Ертеде қазақ өлеңдерінің қай түрі болсын әнге келеді – баяу, желдірме, шырқама әнмен айтылады, оқылады. Әсіресе қара өлең шырқамалы, ырғақты әнмен айтылады», – дейді. Он бір буынды өлең туралы З.Қабдолов былай дейді: «...он бір буынды өлең – қазақтың ақындық өнері баяғыда туғызған, қалыптастырған, дамытқан етене, тума өлшем, адамдардың қуанғанда әні, қайғырғанда мұңы болған, қашаннан көңілдегі сырын, өмірдегі шындығын сәулелендірумен келе жатқан, аса икемді, сұлу, сазды да назды өлең. Бұл өлшемнің ықылым ғасыр жасаса да, көнеру орнына жаңарып, қартаю орнына жасарып келе жатуы да сондықтан. Бүгінде де бұрынғыша он бір буын әрбір талантты ақынның ешкімге ұқсамай, тек өзінше, тек өз өзгешілігімен ғана жазуына ешқашан кедергі болған емес, болмайды да, бұл өлшемнің мүмкіндігі мол, ғұмыры ұзақ болу себебі де сондықтан». Айтса айтқандай он бір буынмен Абай жазды ( Алланың өзі де рас сөзі де рас), Мағжан жазды (Жүрегім мен зарлымын, жаралыға, Сұм өмір абақты ғой саналыға), Мұқағали жазды (Фариза, Фариза жан, Фариза қыз, Өмірде ақындардың бәрі жалғыз), жазғанда да қарап отырсақ, олар ең асыл жыр шумақтарын осы өлшеммен жазыпты. Шын мәнінде бұл қазақтың оңтайына келетін жыр өлшем.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет