2-тапсырма. «Дамушы елдер» мәтініндегі қарамен жазылған сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз. 3-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз. ДАМУШЫ ЕЛДЕР Біріккен Ұлттар Ұйымы экономикасы дамыған елдерден басқа барлық
қалған елдер мен территорияларды дамушы елдерге жатқызады. Олардың
бәрінің жер көлемі құрлықтың жартысынан астамын алып жатыр, мұнда
дүние жүзі халқының жартысынан астамы шоғырланған, Қытайды қоса
есептегенде – дүние жүзі халқының 70 пайыздан астамын құрайды. Дүние
жүзінің саяси картасында бұл елдер экватордан солтүстікке және әсіресе
оңтүстікке қарай, Азияда, Африкада, Латын Америкасы мен Мұхиттық
аралдарда кең байтақ белдеуді алып жатыр. Олардың кейбіреулері (Иран,
Тайланд, Эфиопия, Египет, Латын Америкасы елдері және басқа бірқатар
елдер) екінші дүниежүзілік соғысқа дейін-ақ тәуелсіздік алған болатын.
Бірақ көпшілігі тәуелсіздікті соғыстан кейінгі кезеңде жеңіп алды. Бұл
кезеңде 100-ге жуық жас тәуелсіз мемлекет құрылып, олар
азаттық алған елдер деп аталды.
Кейде “үшінші әлем” деп аталатын дамушы елдердің құбылмалы
дүниесі іштей де әртекті. Оларды бірнеше топшаға бөледі.
Табиғи, экономикалық, адам қуаты өте күшті және көп ретте дамушы
елдердің көшбасында тұратын Үндістан, Бразилия, Мексика секілді
шешуші елдер бірінші топшаны құрайды.
Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Ливия,
Бруней секілді
сыртқа мұнай шығаратын елдер үшінші, айтарлықтай
шағын топшаны құрайды. Бұл елдерде мұнайдан түсетін доллар
тасқынының арқасында жан басына өндірілетін жалпы ішкі өнімнің
мөлшері 10-15 мың доллардан асып түседі.
Дамуы жағынан артта қалған ондаған елдер ең үлкен төртінші
топшаны құрайды. Оларда қазірге дейін феодалдық қалдықтар күшті
байқалатын көп укладты мешеу экономика басым.
Халқының жалпы саны 400 миллион адамнан асатын 42 ел бесінші
топшаны құрайды, олар Біріккен Ұлттар Ұйымының жіктеуі бойынша