А. Амангелді, С. Симбаева



Pdf көрінісі
бет165/174
Дата13.09.2022
өлшемі1,92 Mb.
#149369
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   174
Байланысты:
Амангелди-Сембинова-готовая-к-печати
English File Pre-intermediate Student’s Book
ЕТІС КАТЕГОРИЯСЫ 
Категория залога 
Етістіктердің ерекше грамматикалық категориясының бірі – етіс. Істің 
істеушісіне және істелетін затқа (объектіге) қатынасына байланысты 
мағыналық және тұлғалық жақтан құбылуын етіс деп атайды. Етістің бес 
түрі бар: 1) негізгі етіс; 2) өздік етіс; 3) өзгелік етіс; 4) ортақ етіс; 5) 
ырықсыз етіс. 
Залоги глагола выражают возможные отношения между действующим 
лицом и объектом действия. В казахском языке имеются 5 залогов: 1) 
основной залог (негізгі етіс); 2) возвратный залог (өздік етіс); 3) 
понудительный залог (өзгелік етіс); 4) взаимно-совместный залог (ортақ 
етіс); 5) страдательный залог (ырықсыз етіс). 
І. Негізгі етіс 
Основной залог 
Түбір етістіктің де, басқа сөз табынан жасалған туынды етістіктің де 
алғашқы тура қалпында айтылған түрін негізгі етіс деп атайды. Бұл етістің 
басқа түрін жасауға негіз болады. Мысалы: ал, алу, айт, айту, жуын, 
жуыну, тыңда, тыңдау, тара, тарану, киін, киіну. 
Основной залог не имеет залоговых аффиксов, они представляют 
собой исходную форму, от которой образуются все остальные залоги. 
Например: Біз радио тыңдаймыз. – Мы слушаем радио. Олар киноға 
барды. – Они ходили в кино. 


173 
ІІ. Өздік етіс 
Возвратный залог 
Іс-әрекеттің сол әрекетті орындаушының өзіне жұмсалуын білдіретін 
етістіктің түрін өздік етіс деп атайды. Іс-әрекет істеушінің өзіне арналады. 
Демек, қимылды, іс-әрекетті іске асырушы екі субъект болады: бірі – сол 
қимылды орындатушы, екіншісі – қимылды тікелей орындаушы. Өздік етіс 
етістіктің түбіріне -ын/-ін/-н жұрнағы қосылу арқылы жасалады. Мысалы, 
жу+ын, ки+ін, тара+н, ойла+н, үйле+н, мақта+н т.б. 
Возвратный залог выражает действие, исходящее от субъекта и 
возвращающееся к нему. В таких глаголах субъект действия в то же время 
является как бы и прямым объектом действия. Возвратный залог 
образуется путем присоединения к основе глагола аффиксов -ын/-ін/-н. 
Например, Кішкене қыз бала таран+ып тұр. – Маленькая девочка 
причесывается. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   174




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет