А. Атырауова, магистр Ғылыми жетекшісі – З. Д. Тажиева, э.ғ. к., қ. проф міндетін атқарушы



Дата13.02.2017
өлшемі73,85 Kb.
#9209
А.Атырауова, магистр

Ғылыми жетекшісі – З.Д.Тажиева, э.ғ.к., қ.проф. міндетін атқарушы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселелері
Еңбекке баулу оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудың міндетті де маңызды бөлігі ретінде сабақ кезінде және сабақтан тыс уақыттарда түрлі іс-әрекет түрлері арқылы жүзеге асады.

Оқушыларды еңбекке баулу мен еңбек тәрбиесі мәселелері төңірегінде белгілі педагогтар Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, А.В.Луначарский, С.Л.Рубенштейндер көптеген еңбектер жазған.

Еңбекке баулудың мақсаты – еңбек іс-әрекет негіздері арқылы оқушылардың жеке тұлғасын тәрбиелеу[1]. Оқушылар мектепте еңбекке баулу сабағында немесе үйде ата-аналарымен бірге, кейінірек өз беттерінше қағазбен, тоқу-тігумен, табиғи материалдардан заттар жасау, ағаш пен ермексазды пайдаланып түрлі ойыншықтар жасау сияқты түрлі әрекеттері арқылы өздерін аспазшы немесе кулинар, қуыршақ театрының актеры немесе сол театрдың егесі ретінде сезінетіні белгілі.

Технология сабағының оқу жоспары бойынша балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін әр түрлі жұмыстар қарастырылған. Олар - құрастыру, киімдерді модельдеу, тоқу, кесте тігу, жапсыру, жобалау әрекеттері, табиғи материалдармен жұмыс жасау.

Қәзіргі кезде осы жоспарланған жұмыстарды сағат кестесі бойынша орындау мүмкін емес. Өйткені технология сабағына аптасына бар болғаны бір ғана сағат беріледі. Егер осы аталған бөлімдердің барлығын біртіндеп бірінен соң бірін өтетін болсақ, жоспарлаған нәтиже үшін уақыт жеткіліксіз. Дегенмен, жоспарлаған оқу материалдарын белгілі уақыт ішінде үлгеру үшін сабақта жұмыс түрі туралы жалпы сипаттама беріліп, принциптері мен жұмыс тәртібін бөліп таныстыру қажет. Осыған орай, технология сабағындағы оқу материалдарының мүмкіндіктері мен принциптерін ескере отырып, пәнаралық байланыстың жалпыдидактикалық принципі жүзеге асырылатын болады. Технология сабағындағы негізгі міндеттердің бірі - баланың шығармашылыққа деген жеке қызығушылығын ояту болып табылады. Бұған балалардың ой-өрісін, көңіл-күйін, жеке сезімдерін талап ететін тапсырмалар көмектесе алады. Технология сабағында оқушылардың шығармашылық дамуы деген сөз, ол адамға, дүниеге, қоршаған ортаға деген адамгершілік сезімдік қатынастарының қалыптасуы, ой-өрісінің дамуымен бірге эстетикалық-танымдық тәрбиесінің кеңінен дамуына мүмкіндіктің ашылуы болады. Мұндай сабақтардың міндеттері оқушылардың бойында шығармашылық бастамаларын тәрбиелеу мен ояту болып табылады. Оқушылардың шығармашылығының айқын көрінісі ретінде «Технология» сабағындағы «Бисертоқу» тақырыбын мысал етеміз. Мұндай сабақтар практика-бағдарлаушы сипатқа ие және оқушыларға бисер тоқудың негізгі тәсілдерін игеруге бағытталады. Сабақтар оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, интеллектуалды және рухани дамуына, әлеуметтік-мәдени, кәсіби анықталуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін оқушылардың өздері жүзеге асыруына мүмкіндік жасайды. Аталмыш пәнді оқыту әдістемесінің маңызды элементтерінің бірі – балаға өзбетінше жаңа технологиялық тәсіл ашуға мүмкіндік жасау. «Бұл өз қолымен ашқан жаңалық» қолөнерлік сипатқа ие болады. Қиындықтар туындаған жағдайда, мұғалім толық жолын көрсетпей тек бағыттаушы сұрақтар қою арқылы бағдар береді[2]. Тапсырманы орындаудың бірнеше жолы болуы мүмкін, сондықтан бала бір ғана бағытқа қадалып қалмауы керек. Кейде ол күтпеген керемет шешімге келуі мүмкін. Міне, осы шешім баланың шығармашылық әлеуеті болып табылады, сондықтан оны көтермелеу және мадақтау жөн болады.

Сабақты ұйымдастыруда мұғалімнің міндеті жасайтын өнімнің жасалу жолы, технологиясы, тәсілдері мен әдістері туралы айту. Айтып отырған бисер тоқудың эскизі мен тоқу түрлерімен таныстыру. Балаларға тоқу техникасы туралы айта отырып, бисермен жұмыс жасаудағы қауіпсіздік шараларын еске салу. Осыдан оқушылар бисер тігудің өздеріне ең ыңғайлы деген нұсқасын таңдау керек. Технологиялық бірізділігі - техникасын зерттеу - тоқу кестесін таңдау- эскизін салу - тігуді бастау.

«Бисер тоқу» тақырыбы бойынша сабақта еңбек объекті ретінде түрлі материалдан жасалған шығармашылық жұмысы, яғни пайдалы және эстетикалық мағынасы бар үйге әсемдік келтіріп тұратын бұйымды алады. Мұндай еңбек объектісі оқушының ою-өрнекті, көркем, қолөнер бұйымын жасау іс-әрекеті болып табылады. Ол өнім жасау барысында эстетикалық талғамына қарай материалдың қасиеті мен түріне мән береді. Сондықтан дұрыс ұйымдастырылған еңбек түрлі материалдардың сапасы, мүмкіндіктері мен қасиеті туралы терең білім береді, жағымды әсерлер мен еңбек етуге деген ықыласын, шеберлік ерекшеліктерін игеріп, халықтың қолөнеріне жақындатады. Бисер тоқу балалардың гармониялық дамуының негізі болып табылады.

Бисертоқу – декоративті-қолөнер түрі және әшекейлер қолдан жасалынады, сондықтан бисермен тоқу, тігу, бисермен кестелеп тоқу, сыммен бисер тоқу басқа техникаларға қарағанда тек қана декоративті элемент ғана емес, сонымен қатар конструктивті-технологиялық болып та табылады. Қолөнердің тағы басқа да түрлері (мозайка, тоқу, тігу, кесте тоқу, сыммен тоқу) бисерсіз өздерінің әсемдігін жоғалтады. Бұл бисертоқудың өзіне тән белгілі бір сипаты бар деген сөз. Бисертоқу – көп пайда келтіретін өз алдына керемет іс. Біріншіден, бала майда моншақтарды ретке келтіру арқылы олардың саусақтарының ұсақ қол сезімталдығын дамытады. Екіншіден, майда моншақтардың түстерін айыру арқылы түстерді ажырата біліп, көру қабілеті жақсарады. Үшіншіден, бисерден денелер немесе заттар жасауда балалардың шығармашылық қабілеттері дамиды, ой-өрісі, қиялы, саусақтарының сезімталдық қасиеттері дамиды. Қазіргі кезде адам үшін барлық іс-әрекеттерді машиналар жасап жасатқан кезде, қол жұмысымен айналысудың пайдалы да әсерлі жақтары көп. Компьютер клавиштерін ғана игерген балалардың ата-аналары осыған үлкен мән беруі керек. Себебі бала тілінің дұрыс дамуы қол қозғалысымен тікелей байланысты. Тілдің дамуы қол саусақтарының қозғалысымен тығыз байланысты екені ертеден анық. Тілдік және қозғалыс мүшелерінің зоналары бас мида жақын орналасқаннан кейін бір-біріне әсер етеді.

Бисер тоқудың алғашқы материалы, әрі әшекей түрі моншақтар. Моншақтан, бисерден, түрлі тастардан жасалған әшекейлер бүгінгі күнге дейін жеткен. Бисердің отаны Ежелгі Египет болып табылады. Ол елде шынылардан ірі моншақтар жасалған. Шыныны өңдеу процесін жетілдіру арқасында ірі моншақтармен қатар ұсақ, майда моншақтар жасала бастаған. Ал «бисер» сөзі арабтың «бусра» тесігі бар майда моншақтар сөзінен шыққан. Антикалық дәуірде көп қолданбалы болған, тіпті монеталар да болған. Африкада құл иеленушілік дәуірі кезінде бірнеше байлам бисерге құл сатып алуға болады екен. Бисердің магиялық қасиеті бар деп әр түрлі әсерден қорғау мақсатында да таққан. Бисер моншақтардың өндірісі ең дамыған ел Венеция болған. Мөлдір және түсті венециан шынысын өңдеу тәртібі қатаң құпия ретінде сақталған. Оны жария еткен адамды өлім жазасына тартқан. Бисер шығару XV-XVI ғасырда қарқынды дамыды. Египет пен Үндістанда бисермен киімдерді, мойыны мен жеңін, етегін, жалпы барлық бөлшектерді әшекейлеп отырған. Үндістанда мұндай өнімдерді – хар, Эфиопияда – чале, Болгария, Румыния және Молодавияда – гарданы және згарды, Белорусияда – пляценки, Украинада – герданы және сыплянка, литвада – каролинес, Өзбекстанда – зебигардан, Словенияда – нагрдельники, Ресейде – әшекейлер, шынжырлар деп атаған. ХІХ ғасырдың басында батыс елдерінде нағыз бисерлік ағым болды. Деревняларда бисер мен шыны моншақтар, тастар ұлттық киімнің міндетті әшекейі болып саналды. Ұзақ кештер бойы шаруа әйелдері тоқыды, тікті. Жағалар мен жеңдерге әшекей ретінде, белбау мен етектерге әсемдік үшін тіккен[3].

Бисерден қолдан өнім жасау ісі әр кезеңдерде әр түрлі дамып отырған. Мұндай іске халық әр уақытта әртүрлі қарады, біресе сұраныс өршіп кетсе, енді бір кездері мүлдем жоғалып кетті. 20-жылдардың ортасында кешегі күн ісі ретінде қараса, 70 жылдарда біртіндеп сұраныс қайтадан дамыған.

Қазіргі уақытта бисермен тоқу ісі екі бағытта дамуда. Ең алдымен – материалды тану, сосын ұлттық ерекшеліктерге мән беріп, салт-дәстүрді игеру. Екінші бағыт – эксперименталды. Жаңа түрлерді іздеу, техникалық тәсілдерді игеру, көркем құрылымдарын жасау, әсемдік пен әдемілік, қызықты және жақсы нәтижелерге жету сияқты мәселелер қарастырылу үстінде.

Соңғы уақытта қолөнерінің бұл ескі түрі - бисермен тоқу заманауи сәнде айрықша орынға ие, яғни әшекейлеуші дизайнерлер бисерді тастармен, қауырсындармен қоса әсемдендіре түседі. Бисердің сан түрлілігі өнімдерді әртүрлі етіп әшекейлеуге, кез-келген әшекей арқылы әсемдікке бөлеуге болады. Алқалар, сырғалар, белбеу мен білезіктер, шашқа, сумкаға тағатын әшекейлер, табиғи тастар мен жақұттар кез-келген затқа ерекше және қайталанбас түр береді. Сондықтан да мектеп қабырғасынан бастап шығармашылықпен айналысу сабақтарында оқушыларда көркем талғам мен логиканы, кеңістікте қиялдау қасиеттерін дамытады[4]. Сонымен қатар, оқушылардың саусақтарының майда моторикасын дамытады, бұл әрине оқушы үшін өте маңызды.

Түрлі модельдерді ойлау арқылы оқушылар өздерінің нысандарын жақсы елестете алады. Балалар тоқу, тігу, кесте тоқу дағдыларын игеріп, өздерінің шығармашылықтарын дамытады. Осыдан баланың шығармашылық қабілеті ашылып, шығармашылық әлеуеті қалыптасады. Өз жұмыстарына бар жан-тәнімен беріле жұмыс жасау арқылы өз көзқарастары мен сезімдері қалыптасады. Бисер тоқу арқылы оқушыларда шығармашылық қасиеттері дамиды, игерген білімдерінің деңгейін бағалау, біліктілік пен дағды, өзін-өзі бағалау мен шығармашылық белсенділігі артады. Баланың қалауы бойынша бисер немесе моншақ құрастыру элементін таңдап алуға болады, олар одан түрлі ойыншықтар мен әсем әшекейлер, жаңа жылдық сыйлықтар жасайды. Мұндай жұмыстар кішкентай балаларға да мүмкін болады. Бастысы, әшейін-ақ жасаған зат әдемі әрі әсем көрінеді. Бисер балаларды өз қолдарымен жасаған өнімдердің түстерінің жарқындығымен түрлерінің сан қырлы болуымен еліктендіреді. Яғни кішкентай ғана моншақтар керемет суретке немесе әсем әшекейге айналғанда таңқалдыратындай жағдайлар болады.

Сонымен, бисер тоқу – оқушыларды мұқияттылық пен отырықшылыққа тәрбиелейді. Мұндай іс қиялы мен шығармашылық қасиеттерін дамытады. Бұл таңдалған еңбек нысанының маңыздылығы - бисерден жасалған заттар ерекше әрі қайталанбас болады. Қорыта келгенде, бисерден дайын суретті тоқуға, сый сияпат бұйымдарын жасауға, салтанатты кештерге арналған киімдердің бөліктерін әшекейлеуге, үй тұрмысында пайдаланатын үй интерьеріне сәйкес келетін бұйымдар жасауға болатыны белгілі. Оқушылардың қолөнермен айналысуы арқылы өз күшіне, қабілетіне деген сенімділіктің артуына ықпал етуді деуге болады.


В статье рассматривается вопросы развития творческих способностей учащихся на уроках предмета «Технология» посредством овладения знаниями и навыками по бисероплетению. Дается обоснование актуальностей овладевания школьниками различных приемов плетения и вышивки, ткачества для раскрытие творческого потенциала личности.

Әдебиеттер тізімі:



  1. Н.К.Крупская. Вопросы коммунистического воспитания молодежи.изд.полит.литературы, 1966г. 61 стр.

  2. Рубинштейн С. Л. Основы общей психологии. 1946. С. 575.

  3. https://ru.wikipedia.org/wiki/

  4. ↑ Энгельмейер П. К. Теория творчества. СПб., 1910; см. также: Пономарёв Я. А. Психология творчества. М., 1976. С. 146

Кілтті сөздер



Шығармашылық, қабілет, бисертүзу, қолөнер, сый-сипат
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет