7.ПӘНДІ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№1 лабораториялық сабақ
Тақырыбы: ТМД – ның географиялық орны, ауданы, шекарасы.
Мақсаты:ТМД территориясының Евразия материгіндегі географиялық орнының ерекшелігін, территориясының үлкендігін көрсету.
Жұмыстың барысы:
1-тапсырма:Елдің географиялық орнына сипаттама беру жоспарын еске түсіру:
материктегі орны;
шеткі нүктелері;
шекаралары;
ұласып жатқан теңіздер;
жылулық белдеулеріндегі орны;
а) Осы жоспарға сәйкес ТМД – ның Евразия материгіндегі орнын айқындау;
б) шеткі нүктелерінің координаттарын анықтап кескін картаға түсіру;
в) ТМД – ның батыс шекаралары өтетін жерлердің физикалық – географиялық сипаттамасын беру;
г) ТМД – ның шекарасын жүргізіп, шектесіп жатқан елдерді кескін картаға түсіру.
2-тапсырма:а) Челюскин мүйісінен Кушка қаласына дейінгі қашықтықты градус және шақырыммен анықтау;
б) Гданьск қойнауынан Дежнев мүйісіне деінгі қашықтықты градус және шақырыммен анықтау;
3-тапсырма:Жергілікті және белдеулік уақыт түсінігін еске түсіріп, Санкт-Петербургтен Алматыға ұшқан жолаушы сағат тілін қай бағытқа қаншаға бұруы керек?
4-тапсырма:ТМД территориясының жағалау сызығының ұзындығы мен иректілігін X/S=Z курвиметрмен анықтау.
X – жағалау сызығы ұзындығы;
S – ТМД ауданы;
Z – иректілік дәрежесі.
Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқау:
Атластарды пайдаланып, қашықтықтарды анықтау үшін Г.В.Машкова оқулығындағы №1 кестені пайдалану. Төртінші тапсырманы орындауға курвиметрді пайдалану.
Әдебиеттер:
1.Машкова Г.В. «Практикум по физической географии СССР» М., 1960, 7-10 б.б.
2.Атластар.
№2 – лабораториялық сабақ
Тақырыбы: ТМД аумағын шайып жатқан теңіздер.
Мақсаты: ТМД – ны шайып жатқан теңіздердің қазан шұңқырларының генезисін және табиғатының ортақ белгілері мен айырмашылықтарын көрсетіп, оның себебін түсіну.
Жұмыстың барысы:
1-тапсырма:Теңізге сипаттама беру жоспарын еске түсіру:
қай мұхиттың бассейніне жатады;
теңіз қазан шұңқырының генезисі;
мұхитпен салыстырғандағы орны;
жағалау сызығы;
тұздылығы;
суының температурасы;
теңіз ағыстары;
өсімдік және жануарлар дүниесі;
ірі порттары;
2-тапсырма:Кескін картаға ТМД - ны қоршап жатқан теңіздерді түсіру.
3-тапсырма:Солтүстік Мұзды мұхит теңіздері түбіне сипаттама беру, оның іргелес жатқан құрлықтың құрылымымен байланысын көрсету.
4-тапсырма:Әдебиеттер мен карталарды пайдаланып, теңіз жағалауларының морфологиясы мен морфометриясын қарастырып, ТМД жағалау сызығының тілімдену дәрежесін көрсетіп, төмендегі сұрақтарға жауап беру:
а) шығанақтардың құрлыққа, түбектердің теңізге қаншалықты сұғына енуі;
б) жағалау бетінің сипаты: ойпатты, таулы, қыратты;
в) жағалаудың тілімдену дәрежесі;
г) ТМД жағалауындағы морфологиялық элементтерді: шығанақ, бұғаз, түбектер мен аралдарды номенклатурасы бойынша жаттау.
Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқау:
Теңіздердің морфологиялық элементтерінің номенклатурасын С.С.Кулмалиеваның «Географическая номенклатура – язык географии» кітабынан алу керек.
Әдебиеттер: 1.Алпатьев А.М. и другие «Физическая география СССР» М., 1962, 102-153 б.б.
2.Давыдова М. И другие «Физическая география СССР» М., 1960, 19-59 б.б.
3.Мильков Ф.Н. и др.« Физическая география СССР» М., 1962, 42-50 б.б..
4.Машкова Г.В. «Практикум по физической географии СССР» М., 1960, 26-29 б.б.
5.Атлас СССР М., 1962, 94 бет
6.Атлас океанов.
№3 – лабораториялық сабақ
Тақырыбы: ТМД аумағын шайып жатқан теңіздер.
Мақсаты: ТМД аумағын шайып жатқан теңіздердің гидротермиялық режимі мен биологиясы, кәсіптік фаунасын оқыту.
Жұмыстың барысы:
1-тапсырма:Теңіз суының тұздылығы неге байланысты екенін көрсету:
2-тапсырма:Солтүстік Мұзды мұхит теңіздерінің мысалы бойынша түрлі мұхиттар бассейндеріне жататын ТМД теңіздерінің табиғатының типтік белгілерін атаңдар.
Солтүстік Мұзды мұхиттың теңіздері
|
Тынық мұхиттың теңіздері
|
Атлант мұхитының теңіздері
|
Ағынсыз бассейннің теңіздері
|
шеткі
тайыз
тұзы аз
қыста ұзақ
қататын
|
|
|
|
3-тапсырма:Теңіздердің тағыда қандай ресурстарға бай екенін схемадан көрсетіңдер:
теңіздердің ресурстары
транспорт жолдары су толысу энергиясы
4-тапсырма:Баренц теңізі, Арктика бассейнінің теңіздерінің, Қиыр Шығыс теңіздерінің, Қара және Каспий теңіздерінің негізгі және кәсіптік фауналарын жазу.
5-тапсырма:Мұхиттардың органикалық өнімділігінің судың тұздылығы мен температурасына, мұздану режиміне байланысты екенін Баренц, Қара, Каспий теңіздерінің мысалында көрсету.
Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқау:
Теңіздер органикалық дүниесімен қарастырғанда гидротермикалық мәліметтерді Г.В.Машкованың оқулығының 28-бетіндегі №5 кестеден алу керек.
Әдебиеттер:
Алпатьев А.М. и другие «Физическая география СССР» М., 1962, 102-153 б.б.
Давыдова М. И другие «Физическая география СССР» М., 1960, 19-59 б.б.
Мильков Ф.Н. и др.« Физическая география СССР» М., 1962, 42-50 б.б..
Машкова Г.В. «Практикум по физической географии СССР» М., 1960, 26-29 б.б.
Атлас СССР М., 1962, 94 бет
Атлас океанов.
№4 – лабораториялық сабақ
Тақырыбы: ТМД елдерінің геологиясы, тектоникасы мен макрорельефі.
Мақсаты: Геологиялық, тектоникалық карталарды талдау негізінде ТМД
территориясының ггеотектоникалық дамуын көрсетіп, оны физикалық картамен салыстыру арқылы, геологиялық құрылым мен макрорельеф арасындағы байланысын анықтау.
Жұмыстың барысы:
1-тапсырма:Кескін картаға геохронологиялық ретпен геотектоникалық облыстарды түсіру.
- ежелгі платформаларды;
- Байкал қатпарлығын;
- Каледон қатпарлығын;
- Герцен қатпарлығын;
- Мезозой қатпарлығын;
- Альпі – Кайназой қатпарлығын.
2-тапсырма:Тектоникалық салынған карта – схеманы геологиялық картамен салыстырып, оған әрбір тектоникалық облыс қандай жастағы жыныстардан тұратынын индекстермен көрсету.
3-тапсырма:Кескін картаға жер бедерінің негізгі үлкен формаларын түсті бояулармен түсіру:
а) ойпаттар, жазықтар, таулы үстірттер, тау жүйелері;
б) дүние жүзілік мұхит деңгейінен төмен және абсолюттік биіктігі ең үлкен жерлердің сандық мәнін көрсету.
4-тапсырма:Салынған геотектоникалық картаны физикалық картамен салыстыра отырып, әрбір геотектоникалық облыс, қандай орографиялық бірлікке сәйкес келетінін көрсету.
Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқау:
1 – тапсырмадағы геотектоникалық құрылымдарды түсіргенде картаның шартты белгісіне сәйкес түрлі-түсті бояуларды пайдалану.
Әдебиеттер:
Алпатьев А.М. и другие «Физическая география СССР» М., 1962, 38-69 б.б., 71-90 б.б.
Давыдова М. И другие «Физическая география СССР» М., 1960, 12-19 б.б.
Мильков Ф.Н. и др.« Физическая география СССР» М., 1962, 23-24 б.б., 26-30 б.б.
Атлас СССР М., 1962, 64-65 б.б., 72-73б.б.
«Геологическая карта СССР», «Тектоническая карта СССР», «Гипсометрическая карта СССР».
№5 – лабораториялық сабақ
Тақырыбы: ТМД территориясының төрттік тарихы мен осы заманғы жер бедері.
Мақсаты: ТМД территориясындағы осы заманғы жер бедерін қалыптастырған төрттік дәуірдегі геоморфологиялық оқиғалар мен физикалық – географиялық процестерді айқындау.
Жұмыстың барысы:
1-тапсырма:Ұсынған әдебиеттер мен карталарды пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жауап беру:
а) ТМД территориясындағы жаңа тектоникалық қозғалыстың сипаты;
б) оның осы заманғы жер бедеріндегі көрінісі;
в) таулар мен жазықтардағы төрттік мұз басу;
г) экзогендік процестер;
д) оның осы заманғы жер бедерін қалыптастырудағы ролі.
2-тапсырма: Кескін картада жаңа тектоникалық қозғалыстардың жоғары және төмен көтерілулерінің аймақтарын штрихтармен көрсету.
3-тапсырма:Төрттік мұз басудың картасын талдау:
а) максимальды Днепр – Самара және Валдай – Зырянск мұздануының оңтүстік шекарасынан өтетін географиялық объектілерді анықтау;
б) төрттік дәуір климаты мен мұз басу шекарасы арасында қандай байланыс бар;
в) мұздықтар қандай жер бедерін қалдырды.
4-тапсырма:Геоморфологиялық картаға талдау жасау.
Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқау:
4 – тапсырманы орындау үшін «Геоморфология» пәнінен алған білімдерді еске түсіру.
Әдебиеттер:
1.Алпатьев А.М. и другие «Физическая география СССР»М,19621,62-69б.б., 71-76 б.б., 90-96 б.б.
2.Мильков Ф.Н. и др. «Физическая география СССР» М., 1962, 32-33 б.б., 36-41 б.б.
3.Машкова Г.В. «Практикум по физической географии СССР» М., 1960, 20-26 б.б.
4.Атлас СССР М., 1962, 70, 71 бет, 76-77 б.б.
5.«Геоморфологическая карта СССР»
6.«Физико – географический атлас мира».
№6 – лабораториялық сабақ
Тақырыбы: ТМД территориясындағы көп жылдық тоң.
Мақсаты: Көп жылдық тоңның табиғатымен таныстырып, оның географиялық фактор ретінде табиғаттың барлық жақтарымен байланысын көрсету.
Жұмыстың барысы:
1-тапсырма:Кескін картаға көпжылдық тоңның таралу шекарасын түсіру.
а) көп жылдық тоңның тұтас таралған территорияларын - тұтас қызыл сызықпен;
б) көп жылдық тоңның қозғалыста болатын (перелетков), бірақ жылдың жылы мезгілінде де ерімейтін бөлігін – қызыл үзік сызықпен;
в) көп жылдық тоңның ең қалыңдығын көрсету.
2-тапсырма:ТМД территориясында көп жылдық тоңның таралуын берілген жоспарға сәйкес талдау:
а) көп жылдық тоңның ТМД территориясында: Қиыр Шығыс, Шығыс Сібір, Батыс Сібір және Европалық бөлікте таралуының жалпы заңдылығы мен оның оңтүстік шекарасы;
б) ТМД – ның жоғарыда көрсетілген территорияларда көп жылдық тоңның әр түрлі ендіктерде орналасуы мен олардағы мұз қозғалысының жиі болу себебін түсіндіру;
в) мәңгі тоңдары бар таулы облыстар мен аралдар;
г) ТМД – ның әр түрлі бөлігіндегі көп жылдық тоңның ең қалың жері;
д) көп жылдық тоңның таралған жерлердегі рельефтің шағын формалары (морфомүсіндер).
Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқау:
Г.В.Машкова «Практикум по физической географии» кітабындағы 18-суретті талдау.
Әдебиеттер:
1.Машкова Г.В. «Практикум по физической географии СССР» М., 1960, 69-72 б.б.
№7 – лабораториялық сабақ
Тақырыбы: ТМД климаты және оны қалыптастыратын факторлар.
Мақсаты: Климаттық карталарды талдау негізінде, кез-келген территория климатына сипаттама бере білуге дағдыландыру.
Жұмыстың барысы:
1-тапсырма:ТМД территориясындағы күн радиациясының таралу схемасына төмендегі сұрақтар бойынша талдау жасау:
а) ТМД территориясында тіке күн радиациясы солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа қарай өзгеру себебі;
б) ТМД территориясында жылдық шашыранды радиацияның таралуының аймақтылығының жалпы заңдылығы мен себебі;
в) ТМД территориясында жиынтық радиацияның солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай өзгеру себебі;
г) ТМД территориясында шағылыстыру қуатының солтүстіктен оңтүстікке және солтүстік - батыстан оңтүстік - шығысқа өзгеру себебі;
д) ТМД – ның әр түрлі бөлігіндегі радиациялық баланс мөлшері.
2-тапсырма:Дүние жүзінің кескін картасына ТМД климатына әсер ететін қысым орталықтарын түсіру:
а) жоғары қысым орталықтары: максимум азор, азия, арктикалық;
б) төменгі қысым орталықтары: минимум исландия, алеут, афган.
3-тапсырма:ТМД территориясындағы негізгі ауа массаларының айналымы схемасын сызу.
4-тапсырма:Бірінші, екінші орындалған жұмысты талдап, жазбаша түрде:
а) ТМД территориясына қандай ауа массаларының типі келеді;
б) ол ауа массалары қай жерде қалыптасады, жүру жолы, ТМД территориясына жететін уақыты, сипатының өзгеруі, ауа массасының әр типінің климатты қалыптастырудағы ролі (ТҚА, ҚҚА, ТТА, КТА, ТАА, КАА).
Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқау:
Қысым орталықтарын түсіргенде ТМД – ның климаттық картасын пайдалану. Масштабы 1:75000000
Әдебиеттер:
Алисов Б.П. «Климат СССР» 1960. 58 бет.
Мильков Ф.Н. и др. «Физическая география СССР» М., 1962, 56-62 б.б., 66 бет.
Алпатьев А.М. и другие «Физическая география СССР» М., 1962, 154-158 б.б.
Давыдова М. И другие «Физическая география СССР» М., 1960, 61-65 б.б., 79-81 б.б.
№8 – лабораториялық сабақ
Тақырыбы: Жауын – шашын, булану, буланушылық және ТМД территориясындағы ылғалдану.
Мақсаты: Климаттық карталарды оқып, климаттық анықтамаларды, кестелерді талдай білуге үйрену.
Жұмыстың барысы:
1-тапсырма:Кескін картаға ТМД территориясындағы жауын – шашынның таралу схемасын түсіріп, оған талдау жасау арқылы төмендегі сұрақтарға жауап беру:
а) ТМД территориясында жауын – шашынның таралу географиясының жалпы заңдылықтарын анықтау;
б) жауын – шашынның батыстан шығысқа және солтүстіктен оңтүстікке өзгеруінің себебі;
в) территориялық ылғалдануындағы Атлант және Тынық мұхиттарының ролі;
г) таулардағы және жазықтықтағы максимальды және минимальды жауын – шашын аймақтары, оның себебін түсіндіру.
2-тапсырма:ТМД территориясындағы жауын – шашынның таралуын көрсету. Жауын – шашынның жылдық таралуының типі мен танысып, әр типке сай келетін территорияларды көрсет:
а) континентальды;
б) теңіздік тип: жауын – шашынның ең көп кезі күзде және көктемде, ең азы – жазда;
в) Жерорта теңіздік тип: жауын – шашынның көп кезі – қыста, азы– жазда;
Жерорта теңіздік типтің шығыс тармағы, жауын – шашынның көбі күзге және көктемге келеді;
г) аралық: жауын – шашын көбіне жазда және қыста, аз кезі – көктем мен күзде;
д) аралас (немесе таулық): жауын – шашынның көбі жазға және көктемге, ал азы күз бен қысқа келеді.
3-тапсырма:ТМД территориясындағы жауын – шашын, булану, буланушылық картасын талдап, бұл көрсеткіштердің өзара және ауа температурасы, жауын – шашын мен салыстырмалы ылғалдылықтың арасындағы байланысты ашу.
Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқау:
Тапсырмаларды орындау үшін:
а) орта мектепке арналған 8 класс атласының 14-15 беттерін;
б) дүние жүзінің климаттық картасын масштабы: 1:75000000 пайдалану.
Әдебиеттер:
1.Алпатьев А.М. и др.«Физическая география СССР»М,1962,167-171б.б.,170-171б.б. 154-171 б.б.
2.Давыдова М. И другие «Физическая география СССР» М., 1960, 63-64 б.б.
3.Мильков Ф.Н. и др. «Физическая география СССР» М., 1962, 66-70 б.б..
4.Атлас СССР М., 1962, 82 бет.
5.Географический атлас для учителя. 98-99 б.б.
6.Машкова Г.В. «Практикум по физической географии СССР» М., 1966, 43-46 б.б.
№9 – лабораториялық сабақ
Тақырыбы: ТМД территориясын климаттық аудандастыру.
Мақсаты: ТМД кез - келген территориясына сипаттама жаза алатын болып, климатты табиғат байлығы ретінде қарастыру.
Жұмыстың барысы:
1-тапсырма:ТМД территориясына А.И.Воейков, А.А.Борисов, Б.П.Алисов жасаған климаттық аудандастыру схемаларымен танысып, әр қайсысының аудандастырудағы ұстанымына (принципін) көңіл бөліп, оның қаншалықтынақты болғандығын көрсетіп, схемаларды талдау қортындысын жұмыс дәптерге жазу.
2-тапсырма:Кескін картаға ТМД территориясындағы климаттық белдеулер мен облыстардың шекарасын түсіру. Климаттық белдеулерді тұтас қоңыр бояумен, облыстар шекарасын – үзік қоңыр бояумен бояп, климаттық белдеулер мен облыстарды жазу.
3-тапсырма:Екі – үш климаттық облысқа төмендегі жоспар бойынша сипаттама беру:
а) климатты қалыптастыратын факторлар: географиялық орны, радиациялық жағдайы, атмосфералық ауа айналымы;
б) климаттың жеке элементтеріне сипаттама:
- температуралық режим, температураның ең жылы мезгіліндегі және ең салқын кезеңіндегі өзгерісі, жылдық температуралық амплитуда;
- жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері мен оның жыл мезгілдеріне қарай бөлінуі;
- булану, буланушылық және ылғалдану коэфицентінің климаттың басқа элементтері және жер бедерімен байланысы;
- климаттың жеке элементтеріне шаруашылық тұрғысынан баға беру.
Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқау:
Әдебиеттер:
1. Алпатьев А.М. и другие «Физическая география СССР» М., 154-170 б.б.
2. Давыдова М. И другие «Физическая география СССР» М., 1960, 59-76 б.б.
3. Мильков Ф.Н. и др. «Физическая география СССР» М., 1962, 56-77 б.б.
4. Машкова Г.В. «Практикум по физической географии СССР» М., 1966, 48-49 б.б.
5. Атлас СССР М., 1962, 78 бет.
6. «Географический атлас для учителя».
№10 – лабораториялық сабақ
Тақырыбы: ТМД – ның гидрологиялық торы.
Мақсаты: Арнаулы карталар мен әдебиеттерді талдау арқылы өзендердің сулылығы мен режиміне сипаттама беріп, өзендердің гидрологиялық процестерін практикалық тұрғыдан бағалауға үйрету.
Жұмыстың барысы:
1-тапсырма:ТМД – ның физикалық картасынан мұхиттық және теңіздік алаптардың суайрықтарын көрсету.
2-тапсырма:Кескін картада мұхиттық алаптарды - қара, теңіздікті – көк сызықпен жүргізу. Алаптар бейнесінің ерекшеліктерін көрсетіп, өзен ағындары бағытын түсіну.
3-тапсырма:Өзендердің қоректену көзіне қарай М.И.Львович жасаған карта схеманы салып, оған төмендегі жоспар бойынша талдау жасау:
-ТМД территориясындағы өзендер қоректенуінің қандай типі басым;
-қай аудандарда қар суымен басым қоректенетін өзендер таралған;
-қай аудандарда жаңбыр суымен қоректену басым;
-қай аудандарда аралас қоректену басым; соның ішінде а) мұздықпен қоректенуі басым, б) жер асты суы басым.
Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқау:
М.И.Львович карта схемасын Г.В.Машкова оқулығындағы суретпен және әдейі үлкейтілген плакаттан алу керек.
Әдебиеттер:
Машкова Г.В. «Практикум по физической географии СССР» М., 1966.
Алпатьев А.М. и другие «Физическая география СССР» М.,
Давыдова М. И другие «Физическая география СССР» М., 1960,
Мильков Ф.Н. и др. «Физическая география СССР» М., 1962,
5. «Географический атлас для учителя».
6. Мектепке арналған атлас.
№11 – лабораториялық сабақ
Тақырыбы: ТМД топырағы.
Мақсаты: Топырақ түзілу жағдайларын еске түсіріп, оның таралуының зоналылығын және топырақтың табиғат және адам өміріндегі маңызына тоқталу.
Жұмыстың барысы:
1-тапсырма:ТМД – ның топырақ картасын төмендегі схема бойынша талдау:
а) ТМД территориясының солтүстіктен оңтүстікке қарай қашықтығы;
б) топырақ түзілу жағдайының біртіндеп өзгеруі;
в) жазықтықтағы табиғат зоналары мен таулардағы биіктік белдеулеріндегі топырақтың генетикалық типтері;
г) топырақ сипатында провинциялықтың көрінуі;
д) топырақ қоры және оны пайдалану.
2-тапсырма:ТМД территориясындағы топырақтың негізгі типтерінің ауданын көрсететін кесте құру.
3-тапсырма:ТМД территориясындағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 45, 100, 130 ш.б. меридианы бойынша химиялық және гидротермикалық режимінің графигін құру.
Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқау:
2, 3 – тапсырмаларды орындау үшін Г.В.Машкованың оқулығындағы 73 беттегі 16-кестені, 93 беттегі 21-кестені және СССР – дың топырақ картасын пайдалану керек.
Әдебиеттер:
Машкова Г.В. «Практикум по физической географии СССР» М., 1960.
Алпатьев А.М. и другие «Физическая география СССР» М., 1962.
Давыдова М. И другие «Физическая география СССР» М., 1960.
Атлас СССР М., 1962.
Почвенная карта СССР.
Велинский Д.Г. «Почвоведение» М., 1950.
Мильков Ф.Н. «Природные зоны СССР» М., 1964.
№12 – лабораториялық сабақ
Тақырыбы: ТМД – ның өсімдік жамылғысы.
Мақсаты: Арнаулы әдебиеттер мен карта схемаларды оқу арқылы ТМД территориясының өсімдік жамылғысы құрымы, оның территория бойынша таралуымен танысып, өсімдік экологиясының табиғаттың басқа жақтарымен байланысын көрсету.
Жұмыстың барысы:
1-тапсырма:ТМД өсімдік картасына төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы талдау жасау:
а) ТМД территориясында өсімдіктің солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа қарай таралуының жалпы заңдылығын көрсету;
б) тундра мен орманды тундраның оңтүстік шекарасының ТМД – ның әр түрлі бөліктерінен өтуін белгілеу;
в) орманды дала өсімдігінің ТМД – ның Европалық бөлігі мен Сібір және Қазақстандағы шекарасының орнын түсіндіру;
г) шөлейт өсімдіктерінің ТМД – ның Европалық бөлігі мен Азиялық бөлігінде оңтүстік шекарасының ендік бойындағы орны;
д) шөл өсімдіктерінің таралған облыстарын көрсету;
ж) тундра, орман, дала, шөл өсімдіктерінің интерзональды және азональды таралуына нақты мысал келтіру.
2-тапсырма:Өсімдіктердің таралу картасын талдау. Ағаштар таралуының ареалы өтетін жерлерді оның Европалық және Азиялық бөліктерінде айқын көрінуіне назар аудару.
3-тапсырма:60° және 65° параллельмен өсетін ағаш түрлерін көрсетілгендей кесте толтыру.
Градуспен берілген ендік
|
Европалық бөлік
|
Батыс Сібір
|
Орта Сібір мен оңтүстік Сібір таулары
|
Сібірдің солтүстік шығыс
|
Қиыр шығыс
|
|
батыс
|
шығыс
|
батыс
|
шығыс
|
батыс
|
шығыс
|
батыс
|
шығыс
|
батыс
|
шығыс
|
65
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
60
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |