А. Б. Медешова қыркүйек 2010ж



бет6/6
Дата22.08.2017
өлшемі1 Mb.
#24006
1   2   3   4   5   6

4-тапсырма:ТМД өсімдік картасын талдап Карпат, Қырым, Үлкен Кавказ, Тянь-Шань, Конег-Дага, Жоңғар Алатауы және Алтайдың биіктік белдеулерін көрсетіп, таудың етегінен жоғары қарай талдау қортындысын дәптерге түсіру

Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқау:

4-тапсырманы орындау үшін Г.В.Машкова оқулығының 87-бетіндегі 19-кестені пайдалану.



Әдебиеттер:

1.Машкова Г.В. «Практикум по физической географии СССР» М., 1966.

2.Алпатьев А.М. и другие «Физическая география СССР» М.,

3.Давыдова М. И другие «Физическая география СССР» М., 1960,

4.Мильков Ф.Н. и др. «Физическая география СССР» М., 1962,

5.«Географический атлас для учителя».

6.Карта растительности СССР

13– лабораториялық сабақ



Тақырыбы: ТМД жануарлар дүниесі.

Мақсаты: Зоогеографиялық картаны талдауға үйреніп, бұрынғы өсімдік және климаттық карталардағы білім негізінде ТМД территориясында барынша кең тараған жануарларды көрсету.

Жұмыстың барысы:

1-тапсырма:ТМД – ның зоогеографиялық аудандастыру схемаларын талдау:

а) Мильков Физическая география СССР, 125 бет;

б) СССР физикалық – географиялық атласы, 1964 ж. 244 бет;

в) СССР негізгі фаунасының таралу картасы – Алпатьев, 276 бет.



2-тапсырма:Кескін картаға, бояулар арқылы ТМД – ның зоогеографиялық аудандастырылуының карта схемасын түсіру.

3-тапсырма:«ТМД – ның негізгі фаунасының таралуы» картасын «ТМД – ның өсімдік» картасымен салыстырып, ТМД территориясының қандай шағын зоогеографиялық зонасы өсімдік зонасын қамтитынын көрсету. Әрбір табиғат зонасына қандай жануарлар сәйкес келеді, олар ол зона жағдайына қалай бейімделген?

4-тапсырма:Кескін картаға ТМД территориясында мекендейтін жануарлар ареалын түсіру. Жануарлар туралы жалпы мәліметтер беру, онда олардың таралу ареалының формасының бұлай болу себебі, олардың осы заманғы таралуы, ТМД – да жануарлар дүниесін қорғауға алынған іс – шаралар.

Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқау:

Соңғы тапсырмаға мәліметтер үшін «СССР Қызыл кітабын» пайдалануға болады.



Әдебиеттер: 1. Алпатьев А.М. и другие «Физическая география СССР» М., 1962. 271-284 б.б.

14 – лабораториялық сабақ



Тақырыбы: ТМД аумағындағы табиғат зоналары.

Мақсаты: ТМД территориясының табиғатының жалпы бөлімін аяқтағаннан кейінгі бұл тақырып табиғаттың барлық құрамдас бөліктерінің сандық және сапалық көрсеткішін бір кестеге жинақтап барлық құрамдас бөліктерінің зоналылық заңдылығына бағынатынын көрсету.

Жұмыстың барысы:

1-тапсырма:Кескін картаға ТМД табиғат зоналарын түсіріп, оның шекараларының ТМД – ның әр жеріндегі орнын талдау.

2-тапсырма:Жұмыс дәптеріне сұрақтарға жауап беру:

а) ТМД территориясында табиғат зоналарының қалыптасу себебі;

б) үштік кезінде зоналылықтың белгілерінің көрінуі және зоналардың төрттік кезінде орнын өзгерту себебі;

в) флора қалыптасуының әр түрлі зонадағы ертедегі орталықтары және олардың мұз дәуірінен кейін территорияға таралуы;

г) ТМД территориясындағы осы заманғы табиғат зоналарының шекарасы;

д) ТМД территориясындағы табиғат зоналарына сипаттама беретін кесте құру:




Зона мен шағын зона

Провинция

Оңтүстік шекарасының шеткі нүктесі ендігі

10С-тан жоғары температура қортындысы

Аязсыз күндер ұзақтығы

Қар жамылғысының қалыңдығы

Жылдық жауын-шашын мөлшері

Басым топырақ типі

Басым өсімдік типі




























Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқау:

1-тапсырманы орындау үшін Львовичтің «Природные зоны СССР» еңбегіндегі 21-суретті пайдалану керек. Кесте құрғанда Г.В.Машкова оқулығының 93-беттегі 21,22 кестелерді де, 80-81 беттердегі 22,23 суреттерді пайдалануға болады.



Әдебиеттер:

  1. Атлас СССР М., 1962, 84-85 б.б., 88-89 б.б., 80-82 б.б., 66 бет.

  2. Машкова Г.В. «Практикум по физической географии СССР» М., 1966, 89-92 б.б.

15 – лабораториялық сабақ

Тақырыбы: ТМД территориясын физикалық – географиялық аудандастыру.

Мақсаты: Студенттерді қазіргі физикалық – географияның ең маңызды теориялық сұрақтарының бірі - физикалық – географиялық аудандастырумен таныстыру, аудандастырудың принциптерін айқындап, таксономиялық бірліктерін көрсету.

Жұмыстың барысы:

1-тапсырма:Жұмыс дәптеріне төмендегі сұрақтарға жауап беру:

а) физикалық – географиялық аудандастырудың мәні: физикалық – географиялық аудандастыру дегенді қалай түсінесің:

б) физикалық – географиялық аудандастырудың принциптері – кешенділік және шығу тегі (генезис), олардың әр түрлі авторларда қолданылуы;

в) физикалық – географиялық аудандастырудағы таксономиялық бірліктер: белдеу, табиғат зонасы, физикалық – географиялық аймақ, табиғи провинция, облыс, физикалық – географиялық аудан;

г) физикалық – географиялық аудандастырудың практикалық маңызы.

2-тапсырма:ТМД - физикалық – географиялық аудандастыру карта схемаларына талдау жасау:

а) ТМД – ны М.И.Давыдова т.б. жасаған схемаға;

б) ТМД – ны Ф.Н.Мильков пен Н.А.Гвоздецкий жасаған схемаға;

в) ТМД – ны А.М.Алпатьев жасаған схемаға;

г) Ф.Н.Мильковтың «СССР – дың табиғат зоналары» кітабындағы схемаға

талдау жасау.

Қортындысын көрсету.

Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқау:

2 – тапсырмада тек бөлек схемалар ғана емес көрсетілген авторлардың кітаптарын да пайдалану керек.



Әдебиеттер:

  1. Алпатьев А.М. и другие «Физическая география СССР» М., 1962.

  2. Давыдова М. И другие «Физическая география СССР» М., 1960.

  3. Исаченко А.Г. «основные принципы физико – географического районирования» ЛГУ, 1962, 21-53 б.б.

  4. Мильков Ф.Н. «Природные зоны СССР» М., 1964.

  5. Макунина А.А. «Физическая география СССР» м., 1985.

  6. Мильков Ф.Н. и др. «Физическая география СССР» М., 1962, 140-148 б.б..


8.ТИПТІК ЕСЕПТЕУ, ГРАФИКТІК ЖҰМЫС, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ, КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Жоспарланбаған


9.СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

ТМД физикалық географиясы пәні бойынша 30 ОЖСӨЖ тақырыбы ТМД-ның 30 физикалық географиялық аймағын қарастырады. Бәрінің мақсаты ТМД территориясының әр бір физикалық географиялық аймағына физикалық – географиялық сипаттама бере отырып, олардың табиғатының жеке-дара ерекшеліктерін көрсету.Әдістемелік нұсқау: Физикалық-географиялық аймақтарға сипаттама беру төмендегі жоспар бойынша беріледі.

1.Географиялық орны.

2.Геологиялық құрылысы, территорияның қалыптасу тарихы мен жер бедері.

3.Климаты.

4.Ішкі сулары.

5.Топырақ-өсімдік жамылғысы.

6.Жануарлар дүниесі.

7.Табиғатын қорғау.

Өткізу формасы: Табиғат компоненттерінің әр бір түрі бойынша жеке баяндаулар тыңдап, сұрақтарға жауап беру.
10.Оқу, өндірістік және дипломалды сараманды өткізу жөнінде

әдістемелік нұсқаулар және есеп құжаттарының түрі .

жоспарланбаған


11. «ТМД физикалық – географиясы» пәні бойынша білімді бағалау схемасы.





Бағалаудың критериялары

Бағалаудың түрі

Апта

1

Глоссарий

Жұмысы үшін%

Барлығы,%

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

2

Жеке тапсырмалар

4

4
















+



















+







3

ОЖСӨЖ-ге әзірленуі мен белсенділігі

4

4




+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

4

СӨЖ тапсырмалары

1

14




+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

5

Бақылау жұмысы

1

14







+




+




+




+




+




+

+




6

№1,№2 шағын емтихандар

2

10



















+






















+

7

Р1+Р2

5

60














































8

Емтихан




40














































Қосындысы




100















































БІЛІМДІ БАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

1- 7- аптадағы материалдарды тексеруге арналған сұрақтар.

1.Физикалық географияның зерттеу объектісі:

2.ТМД территориясының солтүстіктегі шеткі нүктесі қалай аталды, географиялық координаты қандай ?

3. ТМД территориясы қанша сағатты белдеуде орналасқан ?

4.ТМД –ның оңтүстік нүктесі Чильдухтер ауылы орналасқан ендік.

5. ТМД-ның шығыстағы шеткі нүктесі қай түбекте орналасқан?

6. Азияның географиялық орталығы

7. ТМД-ның солтүстік аралдағы шеткі нүктесінен солтүстік полюске дейінгі қашықтықтық.

8. Дата ауыстыру сызығы өтетін бойлық:

9. ТМД –ның құрлықтағы ең ұзын шекарасы

10. Белдеулік уақыттан 1 сағат алдағы уақыт қалай аталынады, ол қай жылы қабылданды?

11.Географияның басты заңы –ендік бойындағы зоналылықтың авторы:

12.Бірінші жертанудан университетке арналған орыс оқулығын жазған ғалым:

13.Үлкен дүние жүзілік советтік атлас қашан шықты?

14. Бірінші рет физикалық–географиялық аудандастырудың картасы енгізілген атлас және оның шыққан жылы?

15.Россияны бірінші рет географиялық сипаттап жазған ғалым:

16.Азияның ең шеткі солтүстік нүктесіне Семен Челюскиннің жеткен жыл:

17.Россия климатын зерттеген ғалым:

18.Ш.Ш. Уалиханов қай жылы Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болып қабылданды?

19.Ұлы солтүстік экспедициясы деп аталған екінші Камчатка экспедициясына қатынасып, Камчатканың табиғаты және халық туралы 2 томдық еңбек жазған ғалым

20. «Экономикалық география» деген терминді алғаш енгізген, «Жер қыртысы туралы»деген физикалық географиялық еңбекті жазған ғалым

21.Төмендегі өзендердің қайсысы Солтүстік мұзды мұхиттардың алабына жатпайды?

22. Ангара өзені қай мұхиттың алабына жатады?

23.Қай мұхиттың суы батыстан шығысқа қарай салқындай береді?

24.Солтүстік мұзды мұхит дүние жүзілік мұхиттың

25.Солтүстік мұзды мұхиттың орташа тереңдігі:

26.Солтүстік мұзды мұхиттың ең терең жері

27.ТМД-ның солтүстік жағалауындағы ең жылы теңіз

28.ТМД жағалауындағы ең үлкен және терең теңіз:

29.Толысу құбылысы ең биік (13м) шығанақ:

30. ТМД жағалауындағы басқа теңіздерден басты ерекшелігі тұздылығы барлық жерінде ( 32-34 ‰) біркелкі теңіз:

31.ТМД-дағы суы 30 м-ге дейін өте мөлдір теңіз:

32. ТМД жағалауында кайназой эрасының төрттік дәуірі кезінде түзілген теңіз:

33. ТМД –дағы ең тайыз теңіз:

34. ТМД-дағы 1 гектар ауданға 80 кг балықтан келетін өсімдік, жануарлар дүниесі бай теңіз:

35. ТМД жағалауын 3 мұхиттың алабына жататын неше теңіз шайып жатыр?

36.Бүкіл ТМД бойынша бұлыңғыр күннің көбі ( 200 күндей) болатын теңіз:

37. ТМД жағалауындағы 90 % тереңдігі 30м ден 60м-ге дейін болатын теңіз:

38. ТМД жағалауындағы қай теңіздің жағалау ұзындығы 10450 шақырым, оның 450шақырымдайы Жапонияға қарайды

39. ТМД жағалауындағы көп бөлігі 50º с.е.-тің оң жағында орналасқандығына қарамастан, оның солтүстік –батысында мұз 280 күнге дейін жататын теңіз:

40. Охот теңізінде балықтың 276 түрі болса, Жапон теңізінде 603 түрі бар, себебі:

8- 15- аптадағы материалдарды тексеруге арналған сұрақтар.

41.Тектоника қандай ғылымның саласы және ол ғылымнан қашан бөлінген?

42.Платформалар жамылғысы қандай жыныстардан тұрады?

43.ТМД территориясындада ең қалың жер қабығы қац тауда, қалыңдығы қанша?

44.Мына таулардың қайсысы Байкал тау жасақтау процесі кезінде пайда болған?

45.Жеңіс қай таудың шыңы?

46.Хан тәңірі шыңы қай тауда орналасқан?

47.ТМД территориясының жазықтығы:

48.ТМД-ның ең биік нуктесі.Коммунизм шыңын /7495 м/ қай жылы, кімдер ашты?

49.Бырранга тауы қандай орогенезде пайда болды?

50.Сихотэ-Алин таулары қандай қатпарлық?

51.ТМД территориясында флювиальді морфомүсін қандай территорияға таралған?

52.ТМД территориясында аридті морфомүсін қанша территорияға таралған?

53.Тянь-Шань тауының биік шыңы Жеңіс-7439м қай жылы анықталды?

54.Сібір платформасы мына өзендердің аралығында орналасқан:

55.Протерозой соңы мен кембрий басында болған қатпарлық

56.ТМД-дағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 2000-км-ге созылып жатқан тау:

57.Мунку-Сардық/3491/ қай таудың шыңы?

58.Алтай тауында қанша мұздық бар?

59.Таулы аудандардағы жер сілкіну нені көрсетеді?

60.Ключевскі әрекет етуші жанар тауының биіктігі:

61. Қалқандардың ежелгі кембрийге дейінгі жыныстарында қандай пайдалы қазбалар кездеседі?



1.Физикалық географияның зерттеу объектісі:

А. Географиялық қабық

В. Атмосфера

С. Гидросфера

Д. Литосфера

2.ТМД территориясының солтүстіктегі шеткі нүктесі қалай аталды, географиялық координаты қандай ?

А. Челюскин мүйісі 77º 43´ с.е. пен 104º 18´ ш.б.

В. Челюскин мүйісі 87º 43´ с.е. пен 104º 18´ ш.б.

С. Чильдухтер ауылы 35 º08´ с.е. пен 68 º19´ ш.б.

Д. Дежев мүйісі 169º 40´ б.б. пен 66º 05´ с.е.

3. ТМД территориясы қанша сағатты белдеуде орналасқан ?

А. 2-ден 12-ні қоса 11 сағаттық

Б. 1-ден 12-ге дейінгі 12 сағаттық

С. 3-тен 15 сағаттық белдеуге дейін

Д. 5-тен 15 сағаттық белдеуге дейін

4.ТМД –ның оңтүстік нүктесі Чильдухтер ауылы орналасқан ендік.

А. 55º 08´;

В. 31º08´;

С. 37º08´;

Д. 39º 08´ .

5. ТМД-ның шығыстағы шеткі нүктесі қай түбекте орналасқан?

А. Чукотка

В. Камчатка

С. Таймыр

Д. Ямал

6. Азияның географиялық орталығы

А. Қызыл


В. Иркутск

С. Омск


Д. Чита

7. ТМД-ның солтүстік аралдағы шеткі нүктесінен солтүстік полюске дейінгі қашықтықтық.

А. 900 шақырым

В. 800 ш

С. 700 ш

Д. 600 ш.

8. Дата ауыстыру сызығы өтетін бойлық:

А. 180º ш.б.

В. 170º б.б.

С. Гринвичтен 90º б.б.

Д. Гринвичтен 90º ш.б.

9. ТМД –ның құрлықтағы ең ұзын шекарасы

А. Оңтүстікте

В. Солтүстікте

С. Шығыста

Д. Батыста

10. Белдеулік уақыттан 1 сағат алдағы уақыт қалай аталынады, ол қай жылы қабылданды?

А. Декреттік уақыт, 1930 жылы қабылданды

В. Жергілікті уақыт 1930 жылы қабылданды

С. Белдеулік уақыт, 1917 жылы қабылданды

Д. Декреттік уақыт, 1920 жылы қабылданды

11.Географияның басты заңы –ендік бойындағы зоналылықтың авторы:

А. В.В Докучаев

Б. Г.И. Танфильев

В. Л.С. Берг

Д. А.А. Григорьев

12.Бірінші жертанудан университетке арналған орыс оқулығын жазған ғалым:

А. А.Н. Краснов

Б. Н.А. Северцов

С. И.В: Мушкетов

Д. Л.С. Берг

13.Үлкен дүние жүзілік советтік атлас қашан шықты?

А. 1937ж


Б. 1947ж

С. 1957ж


Д. 1967ж

14. Бірінші рет физикалық–географиялық аудандастырудың картасы енгізілген атлас және оның шыққан жылы?

А.Комплексті дүние жүзілік физикалық-географиялық атлас 1964ж

Б. Үлкен дүние жүзілік советтік атлас-1954ж

С. 3-томдық теңіздік атлас 1944ж

Д. Бүкіл Россия империясының атласы 1933ж

15.Россияны бірінші рет географиялық сипаттап жазған ғалым:

А. В.Н. Татищев

Б. М.В. Ломонсов

С. П.И. Рычков

Д. И.К. Кирилов

16.Азияның ең шеткі солтүстік нүктесіне Семен Челюскиннің жеткен жыл:

А.1845ж


Б. 1855ж

С. 1965ж


Д. 1875ж

17.Россия климатын зерттеген ғалым:

А. А.Н.Воейков

Б. А.Н. Краснов

С. Л.С. Берг

Д. И. Кант

18.Ш.Ш. Уалиханов қай жылы Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болып қабылданды?

А. 1857ж 27 ақпанда

Б. 1850ж наурызда

С.1853ж тамызда

Д. 1856ж желтоқсанда

19.Ұлы солтүстік экспедициясы деп аталған екінші Камчатка экспедициясына қатынасып, Камчатканың табиғаты және халық туралы 2 томдық еңбек жазған ғалым

А. С.П. Крашенников

В. И.П. Рычков

С. А.Ф. Миддендорф

Д. П.А. Крапоткин

20. «Экономикалық география» деген терминді алғаш енгізген, «Жер қыртысы туралы»деген физикалық географиялық еңбекті жазған ғалым

А.М.В.Ломоносов

В.А.Гумбольдт

С.К.Бэр


Д.И.Кант

12.ОҚУ САБАҚТАРЫН ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН МУЛЬТИМЕДИЯЛЫ



ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛАР.

жоспарланбаған



13.АРНАУЛЫ АУДИТОРИЯ, КАБИНЕТ ТІЗІМІ.

жоспарланбаған

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет