М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Бекітемін»
жаратылыстану-математика
факультет деканы
________А.Б.Медешова
«__» қыркүйек 2010ж.
Г е о г р а ф и я к а ф е д р а с ы
050609 «География» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде
оқитын студенттерге арналған
ТМД елдерінің физикалық географиясы.
(пәннің атауы)
ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ.
Курс – 3
Семестр – 5
Кредит саны - 2
Дәріс - 15
Лабораториялық сабақ – 15
Оқытушының жетекшілігімен
студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) - 30 сағат
СӨЖ – 30 сағат
Емтихан – 5-ші семестрде
Барлығы – 90 сағат
Орал 2010 ж
Пәннің оқу-әдістемелік кешені Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 11.05 2005ж. № 289 бұйрығымен бекітілген типтік бағдарлама негізінде құрылған.
Құрастырушы(лар): оқытушы Абдушева Г.Ж.
География кафедрасының отырысында бекітілді.
« » қыркүйек _ 2010 ж. № 1 хаттама
Кафедра меңгерушісі Амельченко В.И.
(қолы) (аты-жөні)
Жаратылыстану-математика факультеті оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді.
« »_ 2010 ж. № 1 хаттама.
Жаратылыстану-математика факультеті оқу-әдістемелік
кеңесінің төрайымы ______________ Темралиева С.Б.
(қолы) (аты-жөні)
1.ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ.
1.әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті әзірлеген және ұсынған.
2.Республикалық оқу-әдістемелік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кеңесінің 2006 жылғы 22 маусымының мәжілісінің хаттамалық шешімімен бекітілді.
3.Қазақстан Республикасы білім және ғылым министирлігінің 2005 жылығы 11 мамырындағы №289 бұйрығымен бекітілген 050609 география мамандығы бойынша пәндердің типтік бағдарламасы орнына енгізілген.
4.Типтегі оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы мемлекетінің жалпыға білім беру стандартына сәйкес 050609 география мамандығы бойынша әзірленген.
5.Бағдарламаларды әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің жанындағы жаратылыстану және ізгілендіру мамандықтары бойынша РОӘК секциясының кеңесі баспаға ұсынған. 2006 жылғы 19 мамырдағы №2 хаттама
2.КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)
Оқытушы туралы мәлімет
Абдушева Гүлбақыт Жамбылқызы, оқытушы
Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
География кафедрасы, 21 аудитория
Жұмыс мекен-жайы: Достық даңғылы,121
Жұмыс телефоны:503549
Пән туралы мәлімет
Семестр 15 оқу аптасынан және 2 сессия аптасынан тұрады. Аптасына 2 кредит сағат өткізіледі, әрбір кредит сағат бір байланыс сағатынан (дәріс,сараман) және 2 сағат оқытушының жетекшілігімен студенттердің өздік жұмысы (ОЖСӨЖ) мен студенттердің өздік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.
Кредиттің аптаға бөліну кестесі.
Сабақтар
|
Өткізу уақыты
|
Сабақтар
|
Өткізу уақыты
|
Байланыс сағат-1
( 1-дәріс)
|
50 мин.
|
ӨЖСӨЖ,СӨЖ (теориялық курс бойынша тапсырмаларды орындау).
|
50+50 мин
|
Байланыс сағат-2
( 1-лабораториялық сабақ
|
50 мин.
|
ӨЖСӨЖ,СӨЖ (теориялық курс бойынша тапсырмаларды орындау).
|
50+50 мин
|
Кредит сағат саны-2.
Өту орны:№5 оқу ғимараты, сабақ кестесіне сәйкес.
Оқу жоспарынан көшірме
Курс
|
Семестр
|
Кредит саны
|
Дәріс
|
Лаборато
риялық сабақ
|
ОЖСӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлы
ғы
|
Бақылау
түрі
|
3
|
5
|
2
|
15
|
15
|
30
|
30
|
90
|
Емтихан
|
Кіріспе
«ТМД елдерінің физикалық географиясы» пәні ТМД аумағының жалпылама физикалық-географиялық сипаттамасына арналады. Достастық елдері аумағының географиялық орны анықталады, оның табиғат жағдайлары мен ресурстары ашылып көрсетіледі. «ТМД елдерінің физикалық географиясы» үш бөлімнен тұрады:
1.ТМД аумағының жалпы физикалық-географиялық сипаттамасы.
2.ТМД аумағының аймақтық физикалық-географиялық сипаттамасы.
3.Физикалық географияның қазіргі міндеттері – қортынды бөлім.
ТМД елдері аумағы жалпы сипаттамасы үш компоненттердің тобы: жер бедері және геологиялық құрылым ерекшеліктері, климаты және ішкі сулары; топырақ өсімдік жамылғысы және жануарлар әлемі бойынша қаралады. Бұл бөлімде табиғи ортаға антропогендік фактор әсері және табиғаттың одан әрі даму процестері қарастырылады. Бірінші бөлім ТМД елдері аумағын физикалық-географиялық аудандастырудың теориялық мәселерімен аяқталады.
Екінші бөлімде ТМД елдерінің табиғатының ерекшеліктерін зоналық және аймақтық деңгейде ашып көрсетуге бағытталған.Әрбір жекелеген физикалық-географиялық аймақты даралау, немесе табиғаттың тек өзіне ғана тән белгілері мен ерекшеліктері сарапталады.
Қорытынды бөлім физикалық-географияның бүгінгі таңдағы келесі мәселерін ашып көрсетеді.
Курстың мақсаты: Достастық елдерінің табиғат жағдайлары мен ресурстары, олардың өзара байланыстары мен аумақтық айырмашылықтар туралы білім беру; сол сияқты бұл елдер аумағының қалыптасуының заңдылықтары мен олардың аймақтық ерекшеліктері жайлы жүйелі білім беру; студенттерді физикалық географиялық бүгінгі таңдағы табиғатпен қоғамның өзара қарым-қатынасы проблемасын зерттеу бағытымен таныстыру.
Курстың міндеті:ТМД елдері физикалық – географиясы курсын меңгерту үшін бұрын өтілген жалпы жертану және материктердің (әсіресе Еуразияның) физикалық- географиясы пәндерінен алған білімдерін пайдалану. ТМД елдерінің табиғаты, әртүрлі таксономиялық дәрежедегі бір-біріне бағыныңқы аумақтың табиғат кешендері жүйесінде қарау.
Пререквизиттер: Жалпы физикалық география, Геология, Биогеография, Қазақстанның физикалық географиясы, Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы.
Постреквизиттер:
Курсты оқып біткеннен кейін студенттер төмендегі мәселелерді білуге тиіс:
-Тәуелсіз мемлекеттер достастығына кіретін елдер құрамын, олардың табиғат жағдайларының жалпы ерекшеліктері мен негізгі табиғат ресурстарын және географиялық орнын, ауданын, шекараларын;
-ТМД елдері аумағындағы қоршап жатқан теңіздерді, олардың пайда болу ерекшеліктері, теңіз түбінің, суының, жағалауларының сипаттарын, табиғи ресурстарын және оларды пайдалану жолдарын, экологиялық проблемаларын;
-Достастық елдері аумағы орографиясының ерекшеліктерін және оның тектоникалық сәйкестігін, жазық-платформалық жәнеқатпарлы облыстарын, олардың геологиялық құрылысын, қазіргі кезеңдегі жанартаулы және сейсмикалық аудандарды;
-Төртік дәуірдегі басты табиғи құбылыстарды (материктік мұз басулар, теңіз трансгрессиялары) және олардың бүгінгі жер бедеріндегі көріністерін;
-ТМД елдері аумағының климатын қалыптастыратын негізгі факторларын, климаттың адам өмірі мен қызметіне тигізетін әсерін;
-Ішкі суларының типтерін, олардың таралу заңдылықтарын, негізгі өзен алаптарын, олардың қоректену көздері мен су режимі бойынша жіктелуін, қазаншұңқырының генезисіне байланысты дараланған көлдердің негізгі типтерін, грунт суларының типтерін;
-Топырақтың өсімдік және жануарлар дүниесі орналасуының жалпы заңдылықтарын, ТМД елдері мен фаунасының алуан түрлігі, ТМД елдерінің өсімдік және жануарлар ресурстарын қорғау және пайдалану проблемаларын; «Қызыл кітаптың» ролін;
-ТМД елдері аумағын физикалық-географиялық аудандастыру негіздерін, әдістерін;
-ТМД елдері кеңістігін негізгі таксономиялық бірліктерге физикалық-географиялық аймақтар мен табиғат зоналарына жіктелуін;
-ТМД елдері аумағының табиғат зоналары және таулы облыстардың биіктік белдеулерін, олардың ерекшеліктерін;
Студенттер төмендегі біліктерді меңгеруі тиіс:
-жекелеген физикалық-географиялық аймақтарға кешенді табиғи сипаттама беруді;
-табиғаттың антропогендік өзгеруі, табиғат пен қоғамның өзара қарым-қатынасы проблемаларына бағдар жасауды;
-экологиялық жағдай мен туристік-рекреациялық мүмкіндіктерге баға беру;
-әдебиеттер мен негізгі картографиялық құралдармен жұмыс істей білуді:
-жекелеген аумақтардың қысқаша компоненттік немесе кешенді сипаттамаларын дайындау;
-әртүрлі аумақтардың тектоникалық және морфоқұрылымдық схемаларын талдауды;
-климаттық карта-схемаларды дайындай білуді, агроклиматтық ресурстарды бағалауды;
-Физикалық-географиялық аудандастыру схемаларына талдау жасауды;
Қазақстан Еуразия құрлығының яғни екі дүние бөлігінің дәл ортасында орналасқан, біз үшін ТМД елдерінің табиғатын оқып-білу ерекше маңызды.
Оқыту әдістемесі:Оқыту негізінен дәріс және лабораториялық сабақтар түрінде өткізіледі. Онда оқу материалдарының негізгі мазмұнының білімділігі мен ойы, дағдылары тиянақталады. Студенттер дің білімі ауызша сұраулар, тестілер, жеке семестрлік тапсырмаларды орындап, оларды қорғау арқылы тексеріледі.
Студенттерге қойылатын талаптар:
Курс бойынша жоғары балл алу үшін студент үнемі жұмыстануы керек. Сабақ уақытында белсенділік көрсетіп, тапсырмаларды дұрыс, ұқыпты, толық орындаған студент қана жоғары баға ала алады. Студент әрбір кредит-сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүруі қажет.
1.Сабаққа қатысу.
Студент міндетті түрде сабаққа қатысуы керек. Жіберілген сабақтар оқу-әдістемелік кешен жоспары бойынша толық көлемде орындалуы қажет. Белгіленген тәртіпке сәйкес пәннің 1/3-ін себепсіз жіберсе, студенттің курстан шығарылуы туралы мәселе қойылады.
2.Аудиторияда өзін ұстауы.
Студент сабаққа кешікпеуі керек, сабақ үстінде сөйлесуге болмайды. Ұялы телефонды айырып, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
3.Үй тапсырмасы.
Үй тапсырмасы міндетті түрде орындалып, оқытушы белгілеген уақытта тапсырылуы керек. Сабаққа кешіккен студенттен үй тапсырмасы сұралмайды. Тапсырылған тапсырмалар бойынша балл қойылады.
4.Жеке тапсырмалар.
Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат, баяндама ретінде орындалып қорғалады. Жеке тапсырмалар баллмен есептеледі.
5.Бақылау жұмысы.
Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалады. Басқа уақытта орындалған жұмыс қабылданбайды. Білімді бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізіледі.
6.Коллоквиум. (Пікірлесу)
Пікірлесу әр топша кесте бойынша өткізіледі. Білімді бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізіледі.
1 апта
1 кредит сағат
№1 дәріс
Дәрістің тақырыбы: Кіріспе.
1.«ТМД елдерінің физикалық географиясының мақсаттары мен мүдделері.
2.Тәуелсіз мемлекеттер достастығы құрамына кіретін елдер, олардың табиғат жағдайлары мен ресурстарының жалпы белгілері.
3.Достастық елдерінің географиялық орны, ауданы, шекаралары, шеткі нүктелері. Табиғатты пайдаланудың аймақтық проблемалары.
Әдебиеттер: 4(1), 5, 7(1).
ОЖСӨЖ:Кола түбегімен Карелия. Физикалық-географиялық аудандастырылуы (Картаға түсіру).
Әдебиеттер: 4(1) – 168-169 б.б.
СӨЖ: Картамен жұмыс.
Әдебиеттер: 11
2 кредит сағат
№1 лабораториялық сабақ
Тақырып:ТМД – ның географиялық орны, ауданы, шекарасы.
Жұмыстың барысы:
1-тапсырма: Елдің географиялық орнына сипаттама беру жоспарын еске түсіру:
2-тапсырма:а)Челюскин мүйісінен Кушка қаласына дейінгі қашықтықты градус және шақырыммен анықтау;
б) Гданьск қойнауынан Дежнев мүйісіне деінгі қашықтықты градус және шақырыммен анықтау;
3-тапсырма: жергілікті және белдеулік уақыт түсінігін еске түсіріп, Санкт-Петербургтен Алматыға ұшқан жолаушы сағат тілін қай бағытқа қаншаға бұруы керек?
4-тапсырма:ТМД территориясының жағалау сызығының ұзындығы мен иректілігін X/S=Z курвиметрмен анықтау.
Әдебиеттер: 10.
ОЖСӨЖ. Кола түбегіне жоспарға сәйкес физикалық-географиялық сипаттама беру.
Әдебиеттер: 4(1) – 170-173 б.б.
СӨЖ. Картамен жұмыс.
Әдебиеттер: 11.
2 апта
3 кредит сағат
№2 дәріс
Дәрістің тақырыбы: ТМД елдері аумағын шайып жатқан теңіздер.
1.Солтүстік Мұзды мұхит теңіздерінің табиғат ерекшеліктері.
2.Баренц, Ақ, Кар, Лаптевтер, Шығыс-Сібір және Чукот теңіздерінің табиғаты мен ресурстары және оларды пайдалану.
Әдебиеттер: 3, 4(1), 7.
ОЖСӨЖ. Шығыс-Европа (Орыс) жазығы. Жоспарға сәйкес физикалық-географиялық сипаттама беру.
Әдебиеттер: 4(1) – 118-134 б.б, 5(1).
СӨЖ. Таулы-аралды Арктика. Физикалық-географиялық аудандастырылуы (Картаға түсіру).
Әдебиеттер: 4(1) – 234-236 б.б.
4 кредит сағат
№2 лабораториялық сабақ
Тақырып:ТМД елдері аумағын шайып жатқан теңіздер.
Жұмыстың барысы:
1-тапсырма:Теңізге сипаттама беру жоспарын еске түсіру:
2-тапсырма:Кескін картаға ТМД - ны қоршап жатқан теңіздерді түсіру.
3-тапсырма:Солтүстік Мұзды мұхит теңіздері түбіне сипаттама беру, оның іргелес жатқан құрлықтың құрылымымен байланысын көрсету.
4-тапсырма:Әдебиеттер мен карталарды пайдаланып, теңіз жағалауларының морфологиясы мен морфометриясын қарастырып, ТМД жағалау сызығының тілімдену дәрежесін көрсетіп, төмендегі сұрақтарға жауап беру:
Әдебиеттер: 10 - 26 б. 4(1).
ОЖСӨЖ.Шығыс-Европа (Орыс) жазығы. Жоспарға сәйкес физикалық-географиялық сипаттама беру.
Әдебиеттер: 4(1) – 135-148 б.
СӨЖ. Солтүстік Жер аралына физикалық географиялық сипаттама.
Әдебиеттер: 4(1) – 236-237 б.
3 апта
5 кредит сағат.
№3 дәріс
Дәрістің тақырыбы:ТМД елдері аумағын шайып жатқан теңіздер.
1.Тынық мұхит теңіздері: Беринг, Охот, Жапон теңіздеріне қысқаша сипаттама.
2.Атланнт мұхиты теңіздері: Балтық, Қара, Азов – ішкі теңіздер ретінде.
3.Каспий шкі теңіз-көл.Теңіздердің табиғи ресурстарын игеру және ұтымды пайдалану мен олардың экологиялық проблемалары.
Әдебиеттер: 10 - 26 б. 4(1).
ОЖСӨЖ. Орал таулы аймағы. Жоспарға сәйкес физикалық-географиялық сипаттама беру.
Әдебиеттер: 4(1) – 216-230 б.б.
СӨЖ. Жаңа Сібір аралдарына физикалық-географиялық сипаттама беру.
Әдебиеттер: 4(1) – 238 б.
6 кредит сағат.
№3 лабораториялық сабақ
Тақырып:ТМД елдері аумағын шайып жатқан теңіздер.
Жұмыстың барысы:
1-тапсырма:Теңіз суының тұздылығы неге байланысты екенін көрсету:
2-тапсырма:Солтүстік Мұзды мұхит теңіздерінің мысалы бойынша түрлі мұхиттар бассейндеріне жататын ТМД теңіздерінің табиғатының типтік белгілерін атаңдар.
Солтүстік Мұзды мұхиттың теңіздері
|
Тынық мұхиттың теңіздері
|
Атлант мұхитының теңіздері
|
Ағынсыз бассейннің теңіздері
|
шеткі
тайыз
тұздылығы аз
қыста ұзақ қататын
|
|
|
|
3-тапсырма:Теңіздердің тағыда қандай ресурстарға бай екенін схемадан көрсетіңдер:
теңіздердің ресурстары
транспорт жолдары су толысу энергиясы
4-тапсырма:Баренц теңізі, Арктика бассейнінің теңіздерінің, Қиыр Шығыс теңіздерінің, Қара және Каспий теңіздерінің негізгі және кәсіптік фауналарын жазу.
5-тапсырма:Мұхиттардың органикалық өнімділігінің судың тұздылығы мен температурасына, мұздану режиміне байланысты екенін Баренц, Қара, Каспий теңіздерінің мысалында көрсету.
Әдебиеттер: 10 - 26 б. 4(1).
ОЖСӨЖ. Украина Карпатына физикалық-географиялық сипаттама беру.
Әдебиеттер: 4(1) – 173-183.
СӨЖ. Врангель аралына физикалық-географиялық сипаттама беру.
Әдебиеттер: 4(1) - 239-240 б.б.
4 апта
7 кредит сағат
№4 дәріс
Дәрістің тақырыбы:ТМД жер бедері және геологиялық құрылысы.
1.Достастық елдері аумағының орографиялық ерекшеліктері және олардың тектоникалық тәуелділігі.
2.Ежелгі қатпарлы белдеулер.Фанерозойлық қатпарлы белдеулер.Байкал, каледон, герцин, мезазой және альпі қатпарлықтарына жататын таулы құрылымдар.
3.ТМД елдері аумағына тиесілі қазба байлықтар.
Әдебиеттер: 4(1), 7, 8, 9.
ОЖСӨЖ. Қырым түбегіне физикалық-географиялық сипаттама беру.
Әдебиеттер: 4(1) – 173-183 б.б.
СӨЖ. Картамен жұмыс.
Әдебиеттер: 11.
8 кредит сағат
№4 лабораториялық сабақ
Тақырып: ТМД елдерінің геологиясы, тектоникасы мен макрорельефі.
Жұмыстың барысы:
1-тапсырма:Кескін картаға геохронологиялық ретпен геотектоникалық облыстарды түсіру.
2-тапсырма:Тектоникалық салынған карта – схеманы геологиялық картамен салыстырып, оған әрбір тектоникалық облыс қандай жастағы жыныстардан тұратынын индекстермен көрсету.
3-тапсырма:Кескін картаға жер бедерінің негізгі үлкенформаларын түсті бояулармен түсіру:
Әдебиеттер: 10, 11, 12.
ОЖСӨЖ. Кавказ таулы аймағына физикалық-географиялық сипаттама беру.
Әдебиеттер: 4(1) – 193-208 б.
СӨЖ. Кавказ сырты жазықтарына физикалық-географиялық сипаттама беру.
Әдебиеттер: 4(1) – 208-201 б.
5 апта
9 кредит сағат
№5 дәріс
Дәрістің тақырыбы:ТМД жер бедері және геологиялық құрылысы.
1.Қазіргі жер бедерінің қалыптасуындағы ең жаңа тектоникалық қозғалыстардың ролі.
2.Платформалы және қатпарлыоблыстар шегіндегі морфоқұрылымдардың негізгі типтері.
3.Қазіргі жанартаулық және сейсмикалық аудандар.
Әдебиеттер: 4(1).
ОЖСӨЖ. Джавахет – Армян таулы қыратына физикалық-географиялық сипаттама беру.
Әдебиеттер: 4(1) – 212-216 б.б.
СӨЖ. Кіші Кавказға физикалық-географиялық сипаттама беру.
Әдебиеттер: 4(1) – 210-212 б.б.
10 кредит сағат
№5 лабораториялық сабақ
Тақырып: ТМД территориясының төрттік тарихы мен осы заманғы жер бедері.
Жұмыстың барысы:
1-тапсырма:Ұсынған әдебиеттер мен карталарды пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жауап беру:
2-тапсырма:Кескін картада жаңа тектоникалық қозғалыстардың жоғары және төмен көтерілулерінің аймақтарын штрихтармен көрсету.
3-тапсырма:Төрттік мұз басудың картасын талдау:
4-тапсырма:Геоморфологиялық картаға талдау жасау.
Әдебиеттер: 2 – 62-69 б.б., 71-76 б.б., 90-96 б.б. 7 – 32-33 б.б., 36-41 б.б. 10 – 20-26 б.б. 12.
ОЖСӨЖ. Батыс Сібіржазығына жоспарға сәйкес физикалық-географиялық сипаттама беру.
Әдебиеттер: 4(2) – 4-28 б.б.
СӨЖ. Картамен жұмыс.
Әдебиеттер: 11.
6 апта
11 кредит сағат
№6 дәріс
Дәрістің тақырыбы:ТМД жер бедері және геологиялық құрылысы.
1.Төрттік кезеңнің ең маңызды табиғи құбылыстары–материктік мұз басулармен теңіз трансгрессиялары.
2.Морфо-мүсіннің негізгі типтері, олардың таралу заңдылықтары.
3.Жер бедерін зерттеудің практикалық маңызы.
Әдебиеттер: 4(1). 33-46 б.б., 7, 8, 9.
ОЖСӨЖ. Батыс Сібірдің табиғат байлықтары. Табиғатындағы антропогендік өзгерістер.
Әдебиеттер: 4(2) – 46-52 б.б.
СӨЖ. Картамен жұмыс.
Әдебиеттер: 11.
12 кредит сағат
№6 лабораториялық сабақ
Тақырып:ТМД территориясындағы мәңгі тоңдар.
Жұмыстың барысы:
1-тапсырма:Кескін картаға көпжылдық тоңның таралу шекарасын түсіру.
2-тапсырма:ТМД территориясында көп жылдық тоңның таралуын берілген жоспарға сәйкес талдау:
Әдебиеттер: 1 – 58 бет, 4(1) – 61-65 б.б., 79-81 б.б., 10 – 30-42 б.б., 12 – 79-82-83 б.б.
ОЖСӨЖ. Орта Сібірге жоспарға сәйкес физикалық-географиялық сипаттама беру.
Әдебиеттер: 4(2) – 52-81 б.б.
СӨЖ. Картамен жұмыс.
Әдебиеттер: 11.
7 апта
13 кредит сағат
№7 дәріс
Дәрістің тақырыбы:ТМД климаты.
1.ТМД елдері аумағының климатын қалыптастыратын негізгі факторлар:
а. Жиынтық, маусымдық және жылдық радиация.
б. Ауа массаларының айналымы.
в.Қысым орталықтары мен басым желдердің климаттық жағдайға тигізетін әсері.
Әдебиеттер: 4(1), 9.
ОЖСӨЖ. Орта Сібір табиғат байлықтары. Табиғатындағы антропогендік өзгерістер.
Әдебиеттер: 4(2) – 93-98 б.б.
СӨЖ. Картамен жұмыс.
Әдебиеттер: 11.
14 кредит сағат
№7 лабораториялық сабақ
Тақырып:ТМД-ның климаты және оны қалыптастыратын факторлар.
Жұмыстың барысы:
1-тапсырма:ТМД территориясындағы күн радиациясының таралу схемасына төмендегі сұрақтар бойынша талдау жасау:
2-тапсырма:Дүние жүзінің кескін картасына ТМД климатына әсер ететін қысым орталықтарын түсіру:
3-тапсырма:ТМД территориясындағы негізгі ауа массаларының айналымы схемасын сызу.
4-тапсырма:Бірінші, екінші орындалған жұмысты талдап, жазбаша түрде:
Достарыңызбен бөлісу: |