А. Б. Медешова қыркүйек 2010ж



бет3/6
Дата22.08.2017
өлшемі1 Mb.
#24006
1   2   3   4   5   6

Бекіту сұрақтары:

1.Физикалық географияның зерттеу объектісі:

2.ТМД территориясының солтүстіктегі шеткі нүктесі қалай аталды, географиялық координаты қандай ?

3. ТМД территориясы қанша сағатты белдеуде орналасқан ?

4.ТМД –ның оңтүстік нүктесі Чильдухтер ауылы орналасқан ендік.

5. ТМД-ның шығыстағы шеткі нүктесі қай түбекте орналасқан?

6. Азияның географиялық орталығы

7. ТМД-ның солтүстік аралдағы шеткі нүктесінен солтүстік полюске дейінгі қашықтықтық.

8.ТМД –ның құрлықтағы ең ұзын шекарасы.
Әдебиеттер: 2, 3, 4(1), 5, 7(1).
Дәріс №2

Дәрістің тақырыбы: ТМД елдері аумағын шайып жатқан теңіздер.

Мақсаты: ТМД елдері аумағын 3 мұхиттың 12 теңізі шайып жатқандығын айтып, соның ішінде Солтүстік Мұзды мұхит теңіздері – материктік және шеткі теңіздер екенін, олардың қалыптасуында ортақ белгілері бар, геологиялық жас теңіздерге жататынын түсіндіріп, ол теңіздердің әр қайсысына белгіленген жоспарға сәйкес сипаттама беру.

Дәрістіңмазмұны:1.СолтүстікМұзды мұхит теңіздерінің табиғат ерекшеліктері.

2.Баренц, Ақ, Кар, Лаптевтер, Шығыс-Сібір және Чукот теңіздерінің табиғаты мен ресурстары және оларды пайдалану.

ТМД территориясын 3 мұхиттың алабына жататын 12 теңіз шайып жатыр. Соның ішінде 6 теңіз Солтүстік Мұзды мұхиттың алабына жатады. Олардың бәрі де терең емес, 200 метрден аспайтын материктік қайраңда орналасқан. Бұл теңіздерге үлкен өзендер құяды. Өзен сулары теңіздердің гидрологиялық режиміне, жағалық бөлігіндегі судың темпиратурасына, биологиялық процестерге әсер етеді. Батыста Баренц теңізі Норвегия теңізімен кең бұғаз арқылы жалғасады. Ол Атлант мұхитымен гидрологиялық, атмосфералық айналымға мүмкіндік береді. Шығыста Солтүстік Мұзды мұхит теңіздері Тынық мұхитымен тар Беринг бұғазы арқылы жалғасады. Сондықтан бұл теңіздерге Тынық мұхитының әсері аз. Солтүстік Мұзды мұхит теңіздері жағалауында фьордтық жағалар кең тараған. Ауа айналымына радиациямен қатар Полярлық және Азиа максимумы мен Исландия және Алеут минимумдары әсер етеді. Ең тайыз теңіз - Шығыс Сібір және Чукот теңіздері. Суларының тайыз және жағалауларының аласа болуы неоген – төрттік дәуірлерде жағалау сызық шекараларының қайта – қайта өзгеруіне себеп болды. Бұл теңіздер геологиялық даму тарихы жас, олар мұз басудан кейінгі антропогенде пайда болған. Ақ теңіздің батыс жағасы кристалды архей жыныстарынан тұрады. Баренц теңізі өзінің жылы ағыстарымен Ақ теңіздің солтүстігіне әсер етеді. Ал Баренц теңізі солтүстік теңіздердегі ең жылысы. Баренц теңізінде балықтың 114 түрі мекендейді. Кар теңізіне Солтүстік Мұзды мұзит суы кедергісіз келеді. Лаптевтер теңізінде балықтың 43 түрі кездеседі. Шығыс Сібір теңізі қыста түгел қатады. Шығыс жағада мұз жыл бойы сақталады.

Бекіту сұрақтары:

1.Солтүстік мұзды мұхит дүние жүзілік мұхиттың

2.Солтүстік мұзды мұхиттың орташа тереңдігі:

3.Солтүстік мұзды мұхиттың ең терең жері

4.ТМД-ның солтүстік жағалауындағы ең жылы теңіз

5.ТМД жағалауындағы ең үлкен және терең теңіз:

6.Толысу құбылысы ең биік (13м) шығанақ:

Әдебиеттер: 2, 3, 4(1), 7, 8.
Дәріс №3

Дәрістің тақырыбы: ТМД елдері аумағын шайып жатқан теңіздер.

Мақсаты: Тынық мұхит теңіздері бұл материктік – мұхиттық шеткі теңіздер. Олардың түбінің генетикалық ұқсастығы туралы айтып, оларға қысқаша сипаттама беріп, Атлант мұхитының теңіздерінің қалыптасуындағы тектоникалық айырмашылықтарын түсіндіру. Каспий теңізінің өзіндік ерекшелігіне тоқталу.

Дәрістің мазмұны:

1.Тынық мұхит теңіздері Беринг, Охот, Жапон теңіздерінесипаттама.

2. Атлант мұхиты теңіздері Балтық, Қара, Азов – ішкі теңіздер ретінде.

3.Каспий ішкі теңіз-көл, теңіздердің табиғи ресурстарын игеру және ұтымды пайдалану мен олардың экологиялық проблемалары.

Тынық мұхит теңіздері Беринг, Охот, Жапон үшеуі мұхит ауданының 3%-н алып жатыр, ол 1млн км2. Үшеуінің ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 5000км. Үш теңіздің қазан шұңқырларының дамуында ортақ белгілер бар. Теңіздер үлкен Евразия материгі мен Тынық мұхиты арасында орналасқан. Сондықтан атмосфера айналымы құрлық пен мұхиттың бір-біріне әсерімен қалыптасады. Теңіздер үстімен муссондық және циклондық айналым басым болып, климат типін анықтайды. ТМД теңіздері ішіндегі Беринг ең терең теңіз, терең жері – 4906 м, орташа тереңдігі – 1547м. Төрттік дәуірде теңіз түбі бірнеше рет көтерілген. Қоңыржай ендіктегі 2 материктің аралығында, суық және жылы мұхиттардың шекарасында орналасқан Беринг теңізінің климаты ерекше. Мұхит суы әсерінен теңіз беті әрқашан ауадан жылырақ. Тынық мұхит теңіздерінің үшеуі де мұхитпен су алмасады және сағат тіліне қарсы бағытта айналмалы ағыны бар, сондықтан жағалауды салқын Курил – Камчатка, Охот, Приморье ағыстары шаяды. Теңіздерге тайфундар, қатты циклондар дауыл әкеледі. Теңіздің бүкіл солтүстік бөлігі 9 ай мұз жамылады, ал оңтүстігінде жыл бойы мұз қатпайды. Теңіздің оңтүстік батысында кит ауланады. Охот теңізінде балықтың 276 түрі бар. Ал Жапон теңізінде 603 түрі бар. Охот, Беринг теңіздерімен салыстырғанда балықтар түрлерінің көптігі теңіздің жатқан орнына байланысты, оған тропикалық түрлер қосылады.

Бекіту сұрақтары:

1. ТМД жағалауындағы басқа теңіздерден басты ерекшелігі тұздылығы барлық жерінде ( 32-34 ‰) біркелкі теңіз:

2.ТМД-дағы суы 30 м-ге дейін өте мөлдір теңіз:

3. ТМД жағалауында кайназой эрасының төрттік дәуірі кезінде түзілген теңіз:

4. ТМД –дағы ең тайыз теңіз:

5. ТМД-дағы 1 гектар ауданға 80 кг балықтан келетін өсімдік, жануарлар дүниесі бай теңіз:

6. ТМД жағалауын 3 мұхиттың алабына жататын неше теңіз шайып жатыр?

Әдебиеттер: 2, 3, 7, 8, 4(1) 10 - 26 б.
Дәріс №4

Дәрістің тақырыбы: ТМД жер бедері және геологиялық құрылысы.

Мақсаты: ТМД территориясындағы жазық – платформалы өңірлер, ежелгі қатпарлы белдеулер, фанерозойлық қатпарлы белдеулер және жас платформалар туралы айтып, ТМД елдеріндегі қазба байлықтардың орналасу ерекшеліктерін түсіндіру.

Дәрістің мазмұны: 1.Достастық елдері аумағының орографиялық ерекшеліктері және олардың тектоникалық тәуелділігі.

2.Ежелгі қатпарлы белдеулер. Фанерозойлық қатпарлы белдеулер. Байкал, каледон, герцин, мезозой және альпі қатпарлықтарына жататын таулы құрылымдар.

3.ТМД елдері аумағына тиесілі қазба байлықтар.

Кембриге дейінгі қатпарлы облыстар (ертедегі платформалар) бұларда геосинклиналдық даму кембрийге дейін аяқталған және қатпардың негізі кембрийге дейінгі жыныстардан құралған, ал платформаның жамылғысы палеозой, мезозой, кайназой жыныстарынан немесе фанерозойлық жыныстардан тұрады. Осы кембрийге дейінгі кезеңде Орыс және Сібір платформалары қалыптасқан. Орыс платформасы территориясы Орыс жазығы мен Кола түбегіне дәл келеді. Оның солтүстік шекарасы Баренц теңізінің суына енеді. Оның шегінде Балтық және Украин қалқандары бөлінеді. Қалқандардың ертедегі кембрийге дейінгі жыныстарында әр түрлі рудалы пайдалы қазба байлықтары бар. Орыс платформасының көпшілік жерін Орыс плитасы алып жатыр. Мұнда Москва, Печора, Каспий маңы синеклизалары бар. Оңтүстік бөлікте жамылғының беткі қабатында үштік, ал оңтүстік - шығысында төрттік дәуір жыныстары басым. Сібір платформасының шекарасы түгелдей Орта Сібір таулы үстіртіне сәйкес келеді. Платформаның солтүстік бөлігінде Анабар, оңтүстік - шығыс бөлігінде Алдан қалқандары бар. Мұнда Вилюй, Тунгус синеклизалары бар. Сібір платформасының Орыс платформасынан айырмашылығы оның жамылғы қабығында траппалардың болуында. Палеозой қатпарлығы каледондық және герциндік. Каледон қатпарлығы кезінде Қазақтың қатпарлы өлкесінің солтүстігі мен батысы, Тьян – Шанның солтүстігі қалыптасса, герцин қатпарлығында Урал тауы, Таймыр түбегі және соллтүстік Сібір ойпатының батыс бөлігі, Қазақтың қатпарлы өлкесінің оңтүстігі мен шығысы Алтай т.б. территориялыр пайда болды.



Бекіту сұрақтары:

1.Платформалар жамылғысы қандай жыныстардан тұрады?

2.Мына таулардың қайсысы Байкал тау жасақтау процесі кезінде пайда болған?

3.Хан тәңірі шыңы қай тауда орналасқан?

4.ТМД территориясының жазықтығы:

5.Бырранга тауы қандай орогенезде пайда болды?

6. Қалқандардың ежелгі кембрийге дейінгі жыныстарында қандай пайдалы қазбалар кездеседі?

Әдебиеттер: 2, 3, 4(1), 7, 8, 9.
Дәріс №5

Дәрістің тақырыбы: ТМД жер бедері және геологиялық құрылысы.

Мақсаты: ТМД аумағындағы жаңа тектоникалық қозғалыстар және платформалар мен қатпарлы облыстар шегіндегі морфо құрылымдар туралы айтып, жер бетінің жанартаулы пішіндеріне тоқталу.

Дәрістіңмазмұны.1.Қазіргі жер бедерінің қалыптасуындағы ең жаңа тектоникалық қозғалыстардың ролі.

2.Платформалы және қатпарлы облыстар шегіндегі морфоқұрылымдардың негізгі типтері.

3.Қазіргі жанартаулық және сейсмикалық аудандар.

ТМД табиғатының көптеген белгілері төрттік дәуірдегі геологиялық жағдайларға байланысты. Төрттік дәуірде қазіргі ландшафт толық қалыптасты. Төрттік дәуірдің ең маңызды оқиғалары – материктік мұз басу, теңіз трансгрессиясы, жаңа тектоникалық қозғалыстар. ТМД территориясының қазіргі жер бедерінің бейнесі ең жаңа неоген – төрттік дәуірдегі тектоникалық қозғалыстардың жемісі. Жоғарғы протерезой, палеозой, мезозой кездерінде пайда болған таулар денудация нәтижесінде бұзылу процесіне ұшырап жазыққа (пенеплен) дейін айналған. Көп уақытқа дейін қазіргі Орта Азия, Алтай, Саян, Байкал сырты таулары қазіргі Қазақтың ұсақ шоқыларының бейнесіндей болған. Неоген – төрттік дәуірде бұзылған таулардың «жасару» кезеңі болды. Бұл жерлерде биікке көтерілу, үлкен тектоникалық жарылыстармен қатар жүріп көтерілген жерлерде биік таулар, арасында қазан шұңқырлар мен ойыстар пайда болған. Төрттік дәуірге дейінгі пенеплендер ауданында Альпі қатпарлығы - жаңа тектоникалық қозғалыстар өте күшті болды. Тьян – Шань тауларында 12 – 15км, Байкал тауларында 6 км дейін болды.

Жер астындағы тектоникалық қозғалыстар мен жер сілкінулер және осы заманғы вулканизм байланысты. Жиі және күшті жер сілкіну оңтүстік және шығыстағы таулы аудандарға тән. Жер сілкіну таулы аудандарда тереңдікте тектоникалық қысым бар екенін көрсетеді. Ол әлсін - әлі жер асты дүмпуі және топырақ тербелісі арқылы қысымды азайтып отырады. Ең күшті сейсмикалық аудан Орта Азияда орналасқан. Қазіргі кезде әрекет етіп тұрған вулкандар Камчатка мен Курил аралдарында бар. Соның ішінде ең әдемісі Камчаткадағы Ключевск шоқысы. Ол теңіз деңгейінен 4750м жоғары орналасқан.

Бекіту сұрақтары:

1.ТМД-ның ең биік нүктесі.Коммунизм шыңын /7495 м/ қай жылы, кімдер ашты?

2.Сихотэ-Алин таулары қандай қатпарлық?

3.Тянь-Шань тауының биік шыңы Жеңіс-7439м қай жылы анықталды?

4.ТМД-дағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 2000-км-ге созылып жатқан тау.

5.Таулы аудандардағы жер сілкіну нені көрсетеді?

6.Ключевскі әрекет етуші жанар тауының биіктігі:

Әдебиеттер: 2, 3, 4(1), 7, 8.
Дәріс №6

Дәрістіңтақырыбы:ТМД–ның жер бедері және геологиялық құрылысы.

Мақсаты: ТМД-ның рельефінің оның территориясындағы болған геологиялық процестерге байланыстылығын көрсету. Рельефтің шағын формаларындағы заңдылықты түсіндіру.

Дәрістің мазмұны:

1.Төрттік кезеңнің ең маңызды табиғи құбылыстары – материктік мұз басулар мен теңіз трансгрессиялары.

2.Морфомүсіннің негізгі типтері, олардың таралу заңдылықтары.

3.Жер бедерін зерттеудің практикалық маңызы.

1.Жердің даму тарихында солтүстік жарты шардың үлкен территориясын мұз алып жатқан кезең болды – оны мұздық дәуір деп атайды. Мұз дәуірінде жер шарының 1/3-н мұздық басқан, мұз дәуірінің басталуы бұдан шамамен 1 млн. жыл бұрын, аяқталуы 8-25 мың жыл бұрын болған. Ең жақсы зерттелгені төрттік мұз дәуірі. Бұл кезде материктік мұз Евразия мен Солтүстік Американың көп жерін басқан. Мұз қалқанының қалыңдығы 2-3 шақырымға жеткен. ТМД территориясында ең көлемді мұз басу кезінде Европалық бөлікте ол 48-50º с.е. дейін келген. Теңіз трансгрессиясынан ТМД территориясында төрттік дәуірдегі шөгінділер теңіздері жағасында қалған. Солтүстік Мұзды мұхит жағалауында ол бориалдық деген атпен белгілі. Хазар трансгрессиясы Жайық өзенінің оң жағасына таралған. Ол кезде Каспий қазіргіден 20-30метр жоғары болған. Хволын трансгрессиясы Жалпы Сырттың етегіне дейін барған. Мұз басу мен теңіз трансгрессиясы жер беті бейнесіне біраз өзгерістер енгізген.

2. ТМД территориясында флювиальды морфомүсін 52,3% территорияда. Осы заманғы және ертедегі мұз басу морфомүсіндері 28,4%, аридті морфомүсіндер 16,2%, креогендік морфомүсіндері 3,1%. Морфомүсіндердің таралуы географиялық зоналылық заңдылығына бағынады. Олар жазықтарды ендік бойымен, тауларда биіктік белдеулермен таралады.

3. Жергілікті жердің рельефі табиғи ортаның басты компоненттерінің бірі. Оны кез-келген территорияны шаруашылық мақсатқа пайдаланғанда ескеруі қажет. Жер бедеріне антропогендік әсерлер қатты күшеюде.

Бекіту сұрақтары:

1.Төрттік дәуірдің ең маңызды табиғи құбылыстарын атаңыз?

2.Мұз дәуірі қашан басталды?

3.Мұз дәуірі қашан аяқталды?

4.Хвалын трансгрессиясы қай жерге дейін келді?

5.Морфомүсіннің түрлерін атаңыз?

6.Жер бедерінің аридтік шағын формасы ТМД-ның қанша территориясына таралған?

Әдебиеттер: 2, 3, 4(1). 33-46 б.б., 7, 8, 9
Дәріс №7

Дәрістің тақырыбы: ТМД климаты.

Мақсаты: ТМД территориясының үлкендігі мен географиялық орнына байланысты климаты күрделі тақырып, оны тек климатын қалыптастыратын факторларды талдау негізінде климаттың негізгі заңдылықтары арқылы түсіндіру.

Дәрістің мазмұны: 1.ТМД елдері аумағының климатын қалыптастыратын негізгі факторлар:

а. Жиынтық, маусымдық және жылдық радиация.

б. Ауа массаларының айналымы.

в.Қысым орталықтары мен басым желдердің климаттық жағдайға тигізетін әсері.

1. а) ТМД климаты оның ауданының үлкендігімен, территориясының көп бөлігінің қоңыржай ендікте орналасуымен, күрделі жер бедерінің өзара әрекеті нәтижесінде қалыптасады. Бұл факторлар әр түрлі климаттың мәнін, оның құрамдас бөліктерінің таралу географиясын, әр түрлі жерлерде климаттың өзгешеліктерінің болуын түсіндіреді. Географиялық орны күн радиациясының жер бетіне келуі күн сәулесінің түсу бұрышына тікелей әсер етеді. ТМД террториясы құрлықта солтүстіктен оңтүстікке қарай 42 градусқа созылып жатыр. Таймыр түбегінде радиация 60 ккал/см2 болса, Орта Азияда 160 ккал/см2.Күннің жазғы тоқырауы кезінде күн нұры оңтүстік шекарада 78градус 28мин бұрыш жасап түседі. Осы кезде Челлюскин мүйісінде күн көкжиектен 35град. 43мин. жоғары көтеріледі. Жазғы айларда солтүстік және оңтүстік аудандарда түсетін күн радиациясының мөлшеріндегі айырмашылық шамалы. Қыста тек оңтүстікте ғана кіріс шығыннан көп. Радиациялық баланстың ең аз мөлшері – 6ккал/см2 шілдеде Солтүстік Мұзды мұхит жағалауында болады. б) Қыс айларында қысымның таралуына сәйкес ауа массаларының қозғалысы болады. Жоғарғы қысым өңірінің бойымен батысқа Азиядан Европаға құрғақ суық ауа өтеді. Бара жатқан жолында ол өз қасиетін өзгертеді. Батыста ауа ағыны Атлант мұхиты жағынан Азор максимумынан келе жатқан ауамен кездесіп бұрылады да, теңіз ауасының өте тұрақты ағысымен бірге қосылып солтүстік шығысқа ТМД-ның европалық бөлігіне жылжиды. в) Қыста азиялық бөлік үстінде жоғарғы қысым облысы (1032мб-ға дейін) орнайды. Бұл Азияның ең жоғарғы қысымы Монғол-Сібірлік орнығады. Оның пайда болу себебі жер беті қатты суынған ауа қабатының салқындап және оның салдарынан жоғарғы қабатқа қосымша ауаның келуі.

Бекіту сұрақтары:

1.ТМД климатын қалыптастыратын басты факторларды атаңыз?

2.ТМД территориясы құрлықта қанша градусқа созылып жатыр?

3.Радиация балансы деген не?

4.ТМД территориясында радиация балансы қандай?

5.ТМД территориясында қандай атмосфералық фронттар қалыптасады?



Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4(1), 7, 8, 9.
Дәріс №8

Дәрістің тақырыбы: ТМД-ның климаты.

Мақсаты: Негізгі климат көрсеткіштерін талдағанда қаңтар мен шілдедегі изотермалардың орнын түсіндіріп, жауын – шашынды айтқанда қар жамылғысының қалыңдығы мен ұзақтығының ТМД территориясындағы әркелкілігін түсіндіру.

Дәрістіңмазмұны:1.Негізгі климат көрсеткіштеріне талдау жасау. ТМД елдері аумағының температуралық режимі.

2.Атмосфералық жауын-шашындар және олардың жыл маусымдарына сәйкес таралу заңдылықтары.

ТМД территориясындағы ауаның температурасы радиация балансы мен ауаның қозғалысына байланысты жыл мезгілдеріне сәйкес қатты өзгеріп отырады. Қыста ТМД территориясында температура негізінен теріс мәнді болады. Қаңтардың орта температурасы 0 гр-тан жоғары тек Қырымның оңтүстік жағалауы мен Кавказ сыртында және Орта Азияның ең оңтүстігінде ғана байқалады. Қаңтар изотермасының таралуы ендікке көп байланысты емес. Қыста солтүстік Атлант жылы ағысынң әсеріне қатты ұшырайды. Нәтижесінде батыс шекарадан Байкалға дейін қаңтар изотермасы солтүстік - батыстан оңтүстік – шығысқа қарай бағытталған. Мурманск жағалауында, Калуга, Волгоград және Қызылордада -10 гр. Орыс жазығының солтүстік шығысында -20 гр. Қаңтар изотермасы пайда болып, ол Сібірде Саян және Алтайға қарай оңтүстікке енеді. Шығыс және Солтүстік – шығыс Сібірде

-35, -40гр қаңтар изотермалары тұйықталған түрге енеді. Шілде изотермасы ендік бойына сәйкес келеді. Евразияның ішкі құрлық аудандарына қарағанда Атлант және Тынық мұхит жағалары салқын, сондықтан шілде изотермасы солтүстікке қарай кішкене ығысқан. Арктикалық аралдарда шілденің орташа температурасы 0 гр-қа жақын. Ең ыстық жер – Орта Азияның оңтүстігі. Мұнда +32гр. Бұл жерде абсолюттік максимум +50 гр.

Атмосфералық жауын – шашын тауларда жазықтарға қарағанда көбірек. Кавказ тауларында жауын – шашын 2500 мм-ден астам. Тау аралық қазан шұңқырлар құрғақтығымен ерекшеленеді. Орыс жазығының батысында 600мм-ден, Шығыс Сібірде 200 мм-ге дейін азаяды. Жауын – шашынның ең көп мөлшері 60 гр с.е. бойында. Ең құрғақ аудан Орта Азия мен Қазақстанның жазық бөліктері. Онда жылына 100-200 мм-ден аз жауын – шашын түседі. Шөлейттер мен шөлдерде жауын – шашын көктемде мол.

Бекіту сұрақтары:

1.Климаттың континенталдылығын басты неден көруге болады?

2.Таулар мен жазықтардың ылғал алуында айырмашылық бар ма?

3.Тау аралық қазан шұңқырлар қандай ылғалдылығымен айрықшаланады?

4.Жауын-шашын Орыс жазығының батысынан Шығыс Сібірге дейін азаюы:

5.ТМД-дағы ең көп жауын-шашын түсетін ендік

6.90см-ге дейін қар жамылғысы қай өзеннің алқабында?

Әдебиеттер: 1, 2, 4(1),
Дәріс №9

Дәрістің тақырыбы: ТМД климаттық аудандастыру.

Мақсаты: ТМД аумағының үлкендігіне байланысты оның территориясында бөлінетін климаттық белдеулер және облыстармен таныстырып, климаттағы өзгерістер және оған адам әрекеті қалай әсер ететінін айту.

Дәрістің мазмұны: 1. ТМД-ның климаттық аудандары мен облыстары.

2.Климаттың адам өміріне тигізетін әсері.

3. Антропогендік факторлардың климатты өзгертуі.

ТМД территориясында 4 климаттық белдеу орналасқан: арктикалық, субарктикалық, қоңыржай және субтропиктік. Бұлай аудандастырудың негізіне радиациялық режим мен атмосфера айналымындағы айырмашылықтар алынған. Топырақ өсімдік жамылғысының типтеріне шекарасы белгіленген. Арктикалық және субарктикалық белдеуге солтүстік мұзды мұхит аралдары мен материктің тундра, орманды тундра орналасқан жағалауы жатады. Тундраның климаты шілденің орта температурасы +4 гр-тан 11 гр-қа жетеді. Жауын – шашын 200-350 мм. Орманды тундрада шілденің температурасы 14гр-қа дейін жоғарылайды. Жауын 200-400 мм. Буланушылықтан әлдеқайда артық, сондықтан орманды тундра ландшафтысы ылғалды. Қоңыржай белдеуде жыл бойы қоңыржай ендіктің ауасы басым. Бірақ кейде арктикалық және тропиктік ауа массалары да келеді. Шілденің орта температурасы 12-29 гр. Қыс нағыз оңтүстіктің өзінде де төмен. Қоңыржай климат белдеуінде 7 климат белдеуі қалыптасқан: 1) тайгалық; 2) аралас орманның климаты; 3) қиыр шығыстың аралас ормандарының муссонды климаты бұл бұлай қарағанда Орыс жазығының аралас ормандарының климатының көшірмесі типтес. Бұл жерде де климаттың қалыптасуына қоңыржай ендіктердің теңіздік ауасы үлкен әсер етеді. Бірақ теңіздік ауаның әсері тек жылы жаз кезімен шектеледі. Жылдың жылы мезгілінде көкек пен қарашада атмосфералық жылдық жауын-шашынның 85-95%-ы келеді; 4) орманды дала климаттық типінде шілденің орта температурасы 19-20гр.; 5) дала климатында шілде 21-23 гр, жауын-шашын 300 мм-ге дейін төмендейді; 6) шөлейт климатында шілде 23-25 гр. Қаңтардың орта температурасы 10-15гр.; 7) шөл климаты күн сәулесінің молдығымен сипатталады, ол субтропиктік климат белдеуіне ауысады.



Бекіту сұрақтары:

1.Белгілі бір табиғи жылылық жағдайында булануы мүмкін ылғалдыңмөлшері?

2.Жауын-шашынның жылдық мөлшерінің нақ осы кезеңдегі буланушылыққа қатынасы

3.Жылдық жауын-шашынның қараша айына 85-95% қандай климат типіне сәйкес келеді?

4.Субтропикалық белдеуде жазда қандай ауа басым болады?

5.Шығыс Еуропа жазығына қай мұхиттан келетін ауа массасы жауын-шашын әкеледі?



Әдебиеттер: 1, 4(1), 7, 8.
Дәріс №10

Дәрістің тақырыбы: ТМД елдерінің ішкі сулары.

Мақсаты: ТМД елдері өзендерінің жылдық су балансы туралы айтып, көлдердің ТМД елдері аумағында таралу заңдылықтары мен көлдердің қазан шұңқырларының генезисіне байланысты негізгі типтерімен таныстыру. ТМД ішкі суларының рекреациялық мүмкіндіктеріне тоқталу.

Дәрістің мазмұны: 1.Өзендері жайлы жалпылама мәліметтер. Өзендер тораптарының жиілігі.

2.Өзендердің қоректену көзі және су режимі бойынша жіктелуі.

3.Гидроресурстар және өзендерді шаруашылықта пайдалану. Көлдер мен бөгендер.

ТМД территориясында 2963398 өзен бар. Олардың жалпы ұзындығы 9647864 км. Олардың көбі ұзындығы 25 км-ге дейінгі өзендер. Ұзындығы 500 км-ден асатын үлкен өзендер - 260. ТМД өзендерінің Солтүстік Мұзды мұхит алабы ауданы 54%, 23% ішкі ағын облысы, 15% - Тынық мұхиты алабы, 8%- Атлант мұхиты алабына жатады. Солтүстік Мұзды мұхит алабының барлық өзендері жер бетінің жалпы еңістігіне сәйкес солтүстікке қарай ағады. Бұл алапта ТМД-ның ең ұзын өзені – Лена (4270 км), ең суы мол өзені Енисей, жылдық ағыны 548 км3 және ауданы ең үлкен өзен – Обь (2930000 км2). Бұл үш өзен жылына мұхитқа бүкіл ағынның 60% береді. Атлант алабына жататын ең ірі өзен – Днепр (2285км), екіншісі Дон (1970 км). Тынық мұхиты алабының ең ұзыны 2850 км, ең суы молы – Амур өзені, оның алабының 48% ТМД-дан тысқары жерде. Ішкі тұйық ағынға – Каспий, Арал, Балқаш жатады. Каспий алабы ішкі ағынның 60%-тен астамын қамтиды. Алаптың 1/3 артығырақ жерінде ағын мүлде жоқ. Ең үлкен өзені – Еділ. Арал алабының өзендері Амудария мен Сырдария. Балқаш алабына құятын ірі өзен – Іле, ұзындығы 1400км, оның ТМД жерімен ағатын жері 740 км. ТМД өзендері негізінен қар суымен, мұздықтармен, муссондық климат аймағында муссон жаңбырларымен, оңтүстік – батыста тасқынды режимді өзендер бар.

ТМД территориясында 2854166 көл бар. Бұлар негізінен ауданы 1 км2-қа жуық кішкене көлдер. Дүние жүзіндегі ауданы 10000 км2-тан асатын 18 көлдің төртеуі ғана ТМД территориясында. ТМД-да ауданы 100км2 болатын 160 көл бар. Көлдер қазан шұңқырының генезисіне байланысты тектоникалық, жанартаулық, тектоникалық-мұздық т.б. болып бөлінеді.

Бекіту сұрақтары:

1. ТМД аумағында қанша өзен бар

2.ТМД-дағы ең ұзын өзен (4 400 шақырым)

3. Амур өзені қандай екі өзеннің қосылуынан басталады?

4.ТМД-дағы су жинаитын алабы ең үлкен өзен (2990 мың шаршы шақырым)

5.Амур өзенінің қоректену көзі;

6.Байкал, Ыстықкөл, Севан-көлдерінің қазан шұңқырлары қандай жолмен

пайда болған?



Әдебиеттер: 1, 4(1), 6.
Дәріс №11

Дәрістің тақырыбы: ТМД жер асты сулары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет