А. Б. Медешова қыркүйек 2010ж



бет4/6
Дата22.08.2017
өлшемі1 Mb.
#24006
1   2   3   4   5   6

Мақсаты: Жер асты суларының таралуы да ландшафтының басқа құрамдас бөліктері сияқты зоналылық заңдылығына бағынатынын көрсетіп, таулы аудандарда грунт сулары азональдыға жататынын айтып, артезиан бассейндеріне тоқталу.

Дәрістің мазмұн: 1. Жер асты сулары, олардың қалыптасу жағдайлары.

2. Грунт суларының химиясы. Грунт суларының типтері мен олардың орналасуы.

3.ТМД аумағындағы ең ірі артезиандық алаптар. Минералды және термальды сулар.

4.Батпақтар. Батпақтардың типтері. Батыс Сібірдің батпақтануы-әлемдік табиғи құбылыс. Батпақтарды мелиорациялау.

Жерасты сулары ландшафтының негізгі құрамдас бір бөлігі. Оның таралуы да ландшафтының басқа компоненттері сияқты ендік бойындағы зоналылық заңдылығына бағынады. Зоналық жер асты суларымен қатар зоналық емес таулы аудандарда жер асты сулары бар.

Бұлармен қатар екі су өткізбейтін жер қабаттарының арасында орналасқан қысымды сулар болады, оларды артезиан сулары деп атайды. Оның аты Франциядағы Артуа провинциясының атымен ХII ғасырдан бері қолданылады. Жер асты ыстық сулары да кездеседі, олардың практикалық маңызы зор. Солтүстіктен оңтүстікке қарай жер асты суларының орналасу тереңдігі артады.Батпақтар ТМД территориясының 9,5% алып жатыр. Олар көбінесе жауын-шашын буланудан әлде қайда көп болатын орман және тундра зонасында кең тараған. Солтүстік және орталық Корелияда 40-50%, ал Батыс Сібір тайгасында Восюганскіде 70%-ке дейін жетеді. Орманды далада батпақтар азайып, одан оңтүстікке қарай жоқтың қасында. Украинаның далалық бөлігінде 1,5%-тен, Орынбор облысында 0,03%. Бұлай азаю құрғақ континентальды буланушылық түсетін жауын-шашыннан әлдеқайда климаттың жемісі.

Қоректену және өсімдік жамылғысына қарай 3 түрге бөлінеді:

1.ойпатты батпақтар (эвтрофты);

2.жоғарғы олиготрофты;

3.аралық батпақтар (мезотрофты).

Орман зонасының батпақтары шымтезекке өте бай. ТМД территориясында шымтезектің дүние жүзілік қорының 60% орналасқан. Күлі аз, колориясы көп, сапалы шымтезекті жоғары жатқан батпақтар береді.

Бекіту сұрақтары:

1. Жер асты сулары құрамы солтүстіктен оңтүстікке қарай қалай өзгереді?

2. ТМД территориясында батпақтар қанша жерді алып жатыр?

3. Азональдық грунт сулары қай жерлерде орналасқан?

4. Артезиан сулары дегеніміз не?

5. Қандай үлкен артезиан алаптарын білесіздер?



Әдебиеттер: 4(1), 6, 7, 8, 9.
Дәріс №12

Дәрістің тақырыбы: ТМД аумағынындағы табиғат зоналары.

Мақсаты: Геологиялық процестер тарихының табиғат зоналарына қалыптасуына тигізетін әсері. ТМД территориясындағы тундрадан бастап дала зонасына дейінгі табиғат зоналарының ішкі айырмашылықтары туралы айтып түсіндіру.

Дәрістің мазмұны. Тундра, орманды тундра, тайга, аралас және жалпақ жапырақты орман. Жеке зоналардың географиялық орны, климатының ерекшеліктері. Зоналардың топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі. Зоналардың табиғат ресурстары, оларды қорғау және шаруашылыққа пайдалану.

Арктикалық шөл немесе мұз зонасы. Оған Франц Иосиф архипелагы, Жаңа Жердің солтүстік аралы, Солтүстік Жер аралы жатады. Ерекше белгісі жылдың барлық мезгілінде мұз бен қардың жатуы. Қаңтардың орташа температурасы -28, шілде +1. Өсімдіктері мүктер мен қыналар. Тундра зонасы ТМД-ның қиыр солтүстігінде Солтүстік Мұзды мқхит жағалауын бойлап жатыр. Ямал, Гдан, Таз түбектерімен Енесей арқылы 69 гр.с.е-тен анабар өзенінен 72 гр. с.е-те қиып, Камчатканың Парапол мойнағы аңғарын алып жатыр. Оңтүстігінде шілде +11 гр-тан жоғарламайды, қыста Азия тундрасында аяз -52 гр-қа жетеді. Орманды тундрада орман шекарасынан 150 км солтүстікке қарай жерде шымтезек арасында ағаш түбіртектерінің кездесуі, бүл орман шекарасының қазіргіден гөрі солтүстікте болғандығын көрсетеді. Тайга ол Балтық теңізі жағалауынан шығыста Тынық мұхит жағалауына дейін созылады. Бұл зона қылқан жапырақты тайга, аралас және жалпақ жапырақты болып екі зонаға бөлінеді. Европалық бөліктің жалпақ жапырақты ормандарында емен, жаңғақ, үйеңкі, шетен өседі.Қиыр шығыстың аралас ормандарында май қарағай, жалпақ жапырақтылардан монғол емені, амур жөкесі, манчжур жаңғағы, өсімдік жамылғысынан «тіршілік тамыры» женьщень өседі. Тайгада бөлан, бұлғын, қоңыр аю мекендейді. Орманды дала Карпаттың етегінен Алтай, Салаир бұйраты, Кузнецк Алатауының етегіне дейін. Том өзенінен шығысқа қарай орманды дала ойдым-ойдым болып кездеседі. Орманды дала зонасының оңтүстік шекарасы шартты түрде жүргізіледі. Ол шамамен Орыс жазығында қою қара топырақтың, ал Батыс Сібір жазығында кәдімгі қара топырақтың оңтүстік шекарасына сәйкес келеді. Бұл зона фаунасында эндемиктер жоқ. Өзен жағаларында құндыз мекендеген, қазір Ока, Воронеж өзендері бойындағы қорықтарда мекендейді.



Бекіту сұрақтары:

1.Енисей өзенінен Охот теңізінің жағалауына дейін орман құрайтын негізгі ағаш...

2.Том өзенінен шығысқа қарай орманды дала қалай таралған?

3.Орыс жазығында орманды даланың оңтүстік шекарасы...

4.Батыс Сібір жазығында орманды даланың оңтүстік шекарасы;

5.Орыс жазығы орманды даласы жер беті ерекшелігі қандай?



Әдебиеттер: 4(1), 7, 8, 9.
Дәріс №13

Дәрістің тақырыбы: ТМД аумағынындағы табиғат зоналары.

Мақсаты: ТМД территориясындағы дала зонасын шөлді зонаны қоса табиғат зоналарының ішкі ерекшеліктерін беткі ағын, қазіргі жер бедерін қалыптастырушы процестермен байланыстырып түсіндіру.

Дәрістің мазмұны. 1. Орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналарына сипаттама. Жеке зоналардың географиялық орны. Зоналардың топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі. Зоналардың табиғат ресурстары, оларды қорғау және шаруашылыққа пайдалану.

2. ТМД елдері тау жүйелерінің биіктік белдеулігі. Табиғат зоналарына антропогендік өзгерістер дәрежесі.

Дала зонасы Орыс және Батыс Сібір жазықтарында Карпаттан Алтайға дейін тұтас өңірді алып жатыр. Обь өзенінен әрі қарай дала зонасы тау жоталары арқылы жеке учаскелерге бөлінеді. Алтай тауы етегімен оңтүстікке Семейден жоғарырақ, Ертіс өзенін қиып өтіп Зайсан көліне келіп тіреледі. Дала Орыс жазығында еменді орман мен Батыс Сібір жазығында қайың – теректі орманмен шектелген. Дала зонасы ТМД-ның 4 млн км2 жерін алып жатыр. Ол орманды зонадан 3 есе кіші. Шілденің орташа температурасы +22 +23,5 гр. Қуаңшылық пен аңызақ дала зонасында өте айқын көрінеді. Зонаның солтүстігінде нағыз қара топырақ, кәдімгі қара топырақ және оңтүстік қара топырағы дамыған. Сор және сортаңдар дала зонасында дағдылы құбылыс. Шөлейт зонасы ТМД-да тұтас өңірді алып жатқан жоқ. Бір учаскесі Қырым түбегінде Сиваш маңында, Волга – Дон каналының оңтүстігінде Волга мен Дон аралығында. Үшіншісі Кума – Терек ойпатында орналасқан. Зонаның оңтүстік шекарасы Каспийден шығысқа қарай 48 гр. параллельмен өтеді. Жазы ыстық шілденің орташа температурасы +25 +26гр., қысы суық қаңтардың орташа температурасы -12 -16гр. Шөлейттің тек өзіне тән жануарлар дүниесі болмайды. Шөл Орта Азия жазықтарын және Каспий маңы ойпатының оңтүстік шетін алып жатыр. Зонаның солтүстік шекарасы 48 гр. параллельге сәйкес келеді. Шілденің орташа температурасы +30 гр., қаңтар -23 -25гр. Шөл зонасы жусанды шөлден тұратын солтүстік, сораң шөпті шөлден тұратын оңтүстік аралық зоналарға бөлінеді.

Бекіту сұрақтары:

1.Дала зонасы ТМД-ның қанша пайызын алып жатыр?

2.Шөлейт зонасында жылдық жауын-шашын мөлшері 350-300 мм болса, буланушылық қанша?

3.Дала зонасының солтүстік шекарасы Орыс жазығында еменді орманмен шектессе, ал Батыс Сібірде ...

4.Дала зонасында шілденің орташа температурасы:

5.Қаңтардың орташа температурасы дала зонасындағы Астанада -17,2ºС болса, Украинаның батысында;

6.Дала зонасының басты белгілерінің бірі.

7.ТМД-дағы ең көп жауын-шашын түсетін ендік



Әдебиеттер: 4(1), 7, 8, 9.
Дәріс №14

Дәрістің тақырыбы: Физикалық-географиялық аудандастыру

Мақсаты: Физикалық-географиялық аудандастыру физикалық географияның зерттеу объектісі – географиялық қабықты құрайтын ТТК-ларды жүйелейтіндігін түсіндіріп, оны таксономиялық бірліктерімен таныстыру.

Дәрістің мазмұны: 1. Аудандастыру өте маңызды географиялық проблема.

2 Аудандастырудың әдістемелік негіздері.

3.ТМД кеңістігін аймақтық дифференциациялаудың ең басты бірліктері. Аудандастырудың әр-түрлі схемалары.

4 Физикалық-географиялық аудандастырудың Достастық елдерінде шаруашылық жүргізудегі маңызы.

Физикалық-географиялық аудандастыру физикалық географияның негізгі мәселесі. Аудандастыру дегеніміз – қарастырып отырған жер бетінің бөлігі өзінің территориялық тұтастығымен, тарихи дамуының ортақтығы негізінде ішкі ұқсастығы, географиялық орны, географиялық процестердің біртектілігі, оның жеке құрамдас бөліктерінің ортақ кеңістікте болуы деген анықтаманы Исаченко берген. Физикалық-географиялық аудандастыру міндеті біздің қарастырып отырған территорияда тарихи даму процесінің нәтижесінде біртекті территорияларды анықтау,- дейді М.И.Давыдова. Прокаев «Физикалық-географиялық аудандастыру – белгілі бір территориядағы геокомплекстерді анықтап, оны бір жүйеге келтіру»,- дейді. Физикалық-географиялық аудандастырудың теориялық маңызы ол осы заманғы география ғылымының даму деңгейін көрсетеді. Физикалық-географиялық аудандастырудың практикалық маңызы ол табиғатты тиімді пайдалануға қызмет етеді. Физикалық-географиялық аудандастырудың ең жоғарғы таксономиялық бірлігі - физикалық-географиялық аймақ. Физикалық-географиялық аймақ дегеніміз біріншіден геоқұрылымы ортақ, екіншіден географиялық орны мен атмосфера айналымының ерекшелігіне байланысты макроклиматтық режимімен, үшіншіден ендік және биіктік ландшафты зоналарының айқын көрінетін ұқсастығымен сипатталатын материктің үлкен бөлігі. Жазықтарда екінші таксономиялық бірлік – табиғат зоналары, тауларда физикалық-географиялық облыс. Үшінші таксономиялық бірлік - физикалық-географиялық провинциялар.

Бекіту сұрақтары:

1. Физикалық-географияның аудандастырудың теориялық маңызы:

2. Физикалық-географиялық аудандастыру салаларының сарамандық маңызы:

3. Физикалық-географиялық аудандастырудың жоғарғы жоғарғы таксономиялық бірлігі:

4. Таулы аймақтарды физикалық-географиялық аудандастырудың екінші таксономиялық бірлігі:

5. Аудандастырудың планетарлық деңгейі:



Әдебиеттер: 4(1), 16.
Дәріс №15

Дәрістің тақырыбы: : Физикалық географияның қазіргі міндеттері

Мақсаты: Қазіргі заман табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды қажет етіп отыр, ол үшін табиғат пен оның құрамдас бөлітері олардың арасындағы байланыстардың заңдылықтары туралы терең білімді қажет ететіндігін ұғындыру

Дәрістің мазмұны: 1. Табиғатты ұтымды пайдалану проблемалары.

2. Табиғат пен қоғамның өзара қарым- қатынасының географиялық мәселелерін зерттеу.

Қазіргі заманда география ғылымының дамуында физикалық – географияның дәстүрлі міндеттері өзінің мәнін толық сақтап отыр. Олар елдің барлық жерлерінде табиғатты терең зерттеу, географиялық зерттеулер арқылы болжам жасауға мүмкіндік беретін, территориялардың өзіндік ерекшеліктерін көрсететін – физикалық-географиялық аудандастыру жасау.

ТМД территориясы біркелкі зерттелмеген, қазір әр түрлі мақсаттар үшін жекелеген территориялар тереңірек зерттелуде, ол зерттеу негізінен 2 жолмен: ландшафтылық картографиялау және физикалық-географиялық аудандастыру. Осы бағытта Қазақстанның да ұсақ масштабты картасы жасалды. ТМД-ның 1:4000000 жоғарғы оқу орындарында пайдаланылатын және 2500000-дық геологиялық – барлау мақсатына арналған ландшафтылық картасы бар. Физикалық географияның алдында физикалық-географиялық аудандастырудың әдісін үнемі жетілдіріп, физикалық-географиялық аудандастырудың торын нақтылай түсу міндеті үнемі тұрады. Жалпы ғылыми аудандастырумен қатар, қолданбалы аудандастыру, соның ішінде ауыл шаруашылық мақсат үшін көп жүргізіледі. Бұларға агро-экологиялық, табиғи-аграрлық жатады. Сонымен қатар экономикалық география аудандастыру – ол табиғат ресурстарын пайдалану типіне қарай және физикалық-географиялық аудандастыру – мұнда негізгі бірлікке табиғатты аудандастыру бірліктері алынады да, онда табиғатты шаруашылыққа пайдалану және оған антропогендік әсер қарастырылады. «Қоршаған табиғи орта» - сол физикалық географияның зерттеу объектісі географиялық қабық, онда адамзат қоғамы қалыптасып өмір сүріп жатыр. Оның байлығын адамзат шаруашылық мақсатқа пайдаланады. Адамның іс-әрекеті белгілі-бір территорияға шоғырланған, бұл территориялардың сипаты сол территорияның табиғи байлығына, сол жердің экологиялық жағдайына байланысты.

Кешенді географиялық әдіс пен экологиялық әдістің бірлігінің негізгі бағыттары:


  1. адам әрекетінен қоршаған ортаның өзгеруін бақылау;

  2. адамның шаруашылық әрекетінен қоршаған ортаның өзгерісіне ғылыми – географиялық болжам жасау;

  3. табиғи апаттарды алдын-ала ескерту, азайту және жою;

  4. табиғи техникалық адам жасаған жүйелерді оңтайландыру.

Табиғатты пайдалану (природопользование) - өткен ХХ ғасырдың 70 жылдарында кең тараған ғылыми түсінік. Ол екі өзара байланысты мәселені шешуге бағытталған: біріншіден халық пен шаруашылықтың табиғат ресурстарына деген сұранысын қамтамасыз ету, екіншіден адам өмір сүріп отырған табиғи ортаны жақсартып, оны сақтау. Биосфераның дамуы мен эволюциясын сақтау. Көптеген жылдар бойы табиғат байлығы шексіз сияқты экстенсивті жолмен пайдаланды. Табиғатты тиімді пайдалану – мемлекеттік ең маңызды мәселе деп қаралды. Ал тиімді пайдаланудың негізіне – экологияландыру жатады. ТМД территориясының ертеден пайдаланылып келе жатқан территорияларында бұл мәселе өте өткір. Табиғатты экстенсивті пайдалану тек табиғаттың өзін-өзі қалпына келтіре алу күшіне негізделеді. Интенсивті жолда табиғатты қалпына келтіру үшін бұған қосымша қаражат пен күш жұмсалады. Мысалы суармалы егіншілік, орман, бау шаруашылығы т.б. ТМД табиғатын пайдаланғанда аймақтық және жергілікті мәселелерге көңіл бөлу керек.

Табиғатқа антропогендік өзгерістер – географиялық экологиялық зерттеулердің ең басты мәселесі. Адамның шаруашылық әрекетінен тікелей зардап шегетін өсімдік, жануарлар дүниесі, су режимі мен гидрологиялық тор. Адам әрекетінен дала, орманды дала, өсімдік- жануарлар дүниесі қатты өзгерген. Шөлдерде қолдан суландырған оазистер қалыптасқан. Соңғы кездерде су балансының өзгергені айқын көрінеді, ормандылықтың азаюы, топырақтың құнарсызданып тозуы, су, жел эрозиясы күшеюде.

Табиғатқа антропогендік өзгерістерді зерттеудің бір бағыты инженерлік құлыстарды салып пайдалану. Бұл өзгерістердің бірнеше түрлі әсері болады: 1. Оң әсерге алдын-ала жоспарланған объект сипатына байланысты, мысалы су қоймасын жасау, шабындық үшін орманды кесу, орман алқаптарын жасау т.б. 2. Құтылмайтын теріс әсер, мысалы ашық әдіспен кен өндіргенде жердің бұзылмауы мүмкін емес, бірақ барынша аз жерді бұзуға, сондай-ақ жердің бұзылған уақытынан қалпына келтірілетінге дейінгі уақытты қысқарту керек. 3. Жіберуге болмайтын теріс әсерге мысалы тау-кен өндіруде елді-мекендер маңында опырылудың болмауы, өндірістің улы қалдықтары, су көздерін бүлдіру.

Техниканың табиғатпен байланысын таяу уақыттарға дейін тек олардың табиғат компоненттерінің арасындағы байланысты барынша аз нұқсан келтіру болатын, қазір табиғи-техникалық жүйе тұжырымы ұсынылуда. Оның негізі – техникалық құрылымдар мен табиғат кешендердің арасындағы байланыс немесе оны геотехникалық біртұтас жүйе ретінде қарау. Табиғат ресурстарын интенсивті игеру мен өнеркәсіптің қарқындап өсуі – адамзатты қинап отырған техногендік ластануға әкліп соқтырды. Сондықтан көп бағытта жан-жақты жүргізілетін зерттеулерге арналған бағдарламалар қабылдануда. ЮНЕСКО-ның «Адамзат және биосфера» халықаралық бағдарламасыда «Табиғи ортаның ластануының биосфераға әсерін зерттеу» бөлімі бар. ТТК-дағы өзгерістерді болжау олардың антропогендік өзгерістерге қаншалықты қарсы тұра алатындығын зерттейді. Бұл мәселе өткен ғасырдың 70-80 жылдарында басталды.

Геожүйенің тұрақтылығы – сыртқы орта жағдайы өзгергенде оның өзгеріссіз қалу қабілеті. Геожүйенің тұрақтылығын білу бұл - әр түрлі антропогендік әсер болғанда рұқсат етілетін өзгерістердің мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.

Мониторинг – бұл алдын-ала әзірленген бағдарлама бойынша қоршаған ортаны бір не бірнеше элементтеріне бірнеше қайтара уақыт және кеңістік бойынша бақылау жүргізіледі. Осы мақсатта метеостанция, гидрологиялық станция, бақылау нүктелері құрылды. Мысалы Камчаткадағы, Петропавловскіде жер сілкінуді бақылау сианциясы, Якутияда – мәңгі тоңды бақылау станциясы, Листвянскіде лимнологиялық (Байкалда) станция.

Қазір аэрокосмостық әдіс арқылы аз уақыт ішінде үлкен территория туралы мәлімет алуға болады. Мониторингтің үш деңгейі бар:


  1. ғаламдық (биосфералық, бүкіл географиялық қабықты қамтитын);

  2. аймақтық белгілі-бір зонаға қарасты үлкен территорияны қамтиды;

  3. жергілікті – белгілі бір табиғат объектісіне техногендік әсерді зерттеу. Осы бағыттағы ең маңыздысы биосфералық қорықтар.

Географиялық болжам және экологиялық – географиялық талдау. Бұл ғылыми негізделген табиғаттың - өндірістік – территориялық жүйенің болашақта қалай өзгеретіндігіне жасалатын тұжырым.

Бекіту сұрақтары:

1.Мониторинг дегеніміз...

2.Мониторингтің қандай деңгейлерін білесіңдер?

3.Жергілікті мониторинг бағытындағы зерттеу жүргізуде ең мңызды не?



Әдебиеттер: 4(2) – 288-300 б.б.
6. ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ.



Сабақтың тақырыбы

Сабақтың мазмұыны

апта

әдебиет

1

2

3



4

5


6
7

8

9


10

11


12

13


14


15

ТМД – ның географиялық орны, ауданы, шекарасы.

ТМД елдері аумағын шайып жатқан теңіздер.

ТМД елдері аумағын шайып жатқан теңіздер.


ТМД елдерінің геологиясы, тектоникасы мен макрорельефі.

ТМД территориясының төрттік тарихы мен осы заманғы жер бедері.


ТМД территориясындағы мәңгі тоңдар.

ТМД-ның климаты және оны қалыптастыратын факторлар.


ТМД климаты. Жауын – шашын, булану, буланушылық және ылғалдану.

Климаттық аудандастыру.

ТМД-ның гидрографиялық торы.

ТМД-ның топырақ жамылғысы.


ТМД-ның өсімдік жамылғысы.

ТМД-ның жануарлар дүниесі.

ТМД территориясының табиғат зоналары.
ТМД-ны физикалық – географиялық аудандастыру.


Жұмыстың барысы:

1-тапсырма: Елдің географиялық орнына сипаттама беру жоспарын еске түсіру:

2-тапсырма:а)Челюскин мүйісінен Кушка қаласына дейінгі қашықтықты градус және шақырыммен анықтау;

б) Гданьск қойнауынан Дежнев мүйісіне деінгі қашықтықты градус және шақырыммен анықтау;

3-тапсырма: жергілікті және белдеулік уақыт түсінігін еске түсіріп, Санкт-Петербургтен Алматыға ұшқан жолаушы сағат тілін қай бағытқа қаншаға бұруы керек?

4-тапсырма:ТМД ерриториясының жағалау сызығының ұзындығы мен иректілігін X/S=Z курвиметрмен анықтау.



Жұмыстың барысы:

1-тапсырма:Теңізге сипаттама беру жоспарын еске түсіру:

2-тапсырма:Кескін картаға ТМД - ны қоршап жатқан теңіздерді түсіру.

3-тапсырма:Солтүстік Мұзды мұхит теңіздері түбіне сипаттама беру, оның іргелес жатқан құрлықтың құрылымымен байланысын көрсету.

4-тапсырма:Әдебиеттер мен карталарды пайдаланып, теңіз жағалауларының морфологиясы мен морфометриясын қарастырып, ТМД жағалау сызығының тілімдену дәрежесін көрсетіп, төмендегі сұрақтарға жауап беру:

Жұмыстың барысы:

1-тапсырма:Теңіз суының тұздылығы неге байланысты екенін көрсету:

2-тапсырма:Солтүстік Мұзды мұхит теңіздерінің мысалы бойынша түрлі мұхиттар бассейндеріне жататын ТМД теңіздерінің табиғатының типтік белгілерін атаңдар.

3-тапсырма:Теңіздердің тағыда қандай ресурстарға бай екенін схемадан көрсетіңдер:

4-тапсырма:Баренц теңізі, Арктика бассейнінің теңіздерінің, Қиыр Шығыс теңіздерінің, Қара және Каспий теңіздерінің негізгі және кәсіптік фауналарын жазу.

5-тапсырма:Мұхиттардың органикалық өнімділігінің судың тұздылығы мен температурасына, мұздану режиміне байланысты екенін Баренц, Қара, Каспий теңіздерінің мысалында көрсету.

Жұмыстың барысы:

1-тапсырма:Кескін картаға геохронологиялық ретпен геотектоникалық облыстарды түсіру.

2-тапсырма:Тектоникалық салынған карта – схеманы геологиялық картамен салыстырып, оған әрбір тектоникалық облыс қандай жастағы жыныстардан тұратынын индекстермен көрсету.

3-тапсырма:Кескін картаға жер бедерінің негізгі үлкенформаларын түсті бояулармен түсіру:

Жұмыстың барысы:

1-тапсырма:Ұсынған әдебиеттер мен карталарды пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жауап беру:

2-тапсырма:Кескін картада жаңа тектоникалық қозғалыстардың жоғары және төмен көтерілулерінің аймақтарын штрихтармен көрсету.

3-тапсырма:Төрттік мұз басудың картасын талдау:

4-тапсырма:Геоморфологиялық картаға талдау жасау.

Жұмыстың барысы:

1-тапсырма:Кескін картаға көпжылдық тоңның таралу шекарасын түсіру.

2-тапсырма:ТМД территориясында көп жылдық тоңның таралуын берілген жоспарға сәйкес талдау:

Жұмыстың барысы:

1-тапсырма:ТМД территориясындағы күн радиациясының таралу схемасына төмендегі сұрақтар бойынша талдау жасау:

2-тапсырма:Дүние жүзінің кескін картасына ТМД климатына әсер ететін қысым орталықтарын түсіру:

3-тапсырма:ТМД территориясындағы негізгі ауа массаларының айналымы схемасын сызу.

4-тапсырма:Бірінші, екінші орындалған жұмысты талдап, жазбаша түрде:

Жұмыстың барысы:

1-тапсырма:Кескін картаға ТМД территориясындағы жауын – шашынның таралу схемасын түсіріп, оған талдау жасау арқылы төмендегі сұрақтарға жауап беру:

2-тапсырма:ТМД территориясындағы жауын – шашынның таралуын көрсету. Жауын – шашынның жылдық таралуының типі мен танысып, әр типке сай келетін территорияларды көрсет:

3-тапсырма:ТМД территориясындағы жауын – шашын, булану, буланушылық картасын талдап, бұл көрсеткіштердің өзара және ауа температурасы, жауын-шашын мен салыстырмалы ылғалдылықтың арасындағы байланысты ашу.

Жұмыстың барысы:

1-тапсырма:ТМД территориясына А.И.Воейков, А.А.Борисов, Б.П.Алисов жасаған климаттық аудандастыру схемаларымен танысып, әр қайсысының аудандастырудағы ұстанымына (принципін) көңіл бөліп, оның қаншалықтынақты болғандығын көрсетіп, схемаларды талдау қортындысын жұмыс дәптерге жазу.

2-тапсырма:Кескін картаға ТМД территориясындағы климаттық белдеулер мен облыстардың шекарасын түсіру. Климаттық белдеулерді тұтас қоңыр бояумен, облыстар шекарасын – үзік қоңыр бояумен бояп, климаттық белдеулер мен облыстарды жазу.

3-тапсырма:Екі – үш климаттық облысқа төмендегі жоспар бойынша сипаттама беру:

Жұмыстың барысы:

1-тапсырма:ТМД – ның физикалық картасынан мұхиттық және теңіздік алаптардың суайрықтарын көрсету.

2-тапсырма:Кескін картада мұхиттық алаптарды - қара, теңіздікті – көк сызықпен жүргізу. Алаптар бейнесінің ерекшеліктерін көрсетіп, өзен ағындары бағытын түсіну.

3-тапсырма:Өзендердің қоректену көзіне қарай М.И.Львович жасаған карта схеманы салып, оған төмендегі жоспар бойынша талдау жасау:

Жұмыстың барысы:

1-тапсырма:ТМД – ның топырақ картасын төмендегі схема бойынша талдау:

2-тапсырма:ТМД территориясындағы топырақтың негізгі типтерінің ауданын көрсететін кесте құру.

3-тапсырма:ТМД территориясындағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 45, 100, 130 ш.б. меридианы бойынша химиялық және гидротермикалық режимінің графигін құру.

Жұмыстың барысы:

1-тапсырма:ТМД өсімдік картасына төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы талдау жасау:

2-тапсырма:Өсімдіктердің таралу картасын талдау. Ағаштар таралуының ареалы өтетін жерлерді оның Европалық және Азиялық бөліктерінде айқын көрінуіне назар аудару.

3-тапсырма: 60° және 65° параллельмен өсетін ағаш түрлерін көрсетілгендей кесте толтыру.

4-тапсырма:ТМД өсімдік картасын талдап Карпат, Қырым, Үлкен Кавказ, Тянь-Шань, Конег-Дага, Жоңғар Алатауы және Алтайдың биіктік белдеулерін көрсетіп, таудың етегінен жоғары қарай талдау қортындысын дәптерге түсіру.

Жұмыстың барысы:

1-тапсырма:ТМД – ның зоогеографиялық аудандастыру схемаларын талдау:

2-тапсырма:Кескін картаға, бояулар арқылы ТМД – ның зоогеографиялық аудандастырылуының карта схемасын түсіру.

3-тапсырма:«ТМД – ның негізгі фаунасының таралуы» картасын «ТМД – ның өсімдік» картасымен салыстырып, ТМД территориясының қандай шағын зоогеографиялық зонасы өсімдік зонасын қамтитынын көрсету. Әрбір табиғат зонасына қандай жануарлар сәйкес келеді, олар ол зона жағдайына қалай бейімделген?

4-тапсырма:Кескін картаға ТМД территориясында мекендейтін жануарлар ареалын түсіру. Жануарлар туралы жалпы мәліметтер беру, онда олардың таралу ареалының формасының бұлай болу себебі, олардың осы заманғы таралуы, ТМД – да жануарлар дүниесін қорғауға алынған іс – шаралар.

Жұмыстың барысы:

1-тапсырма:Кескін картаға ТМД табиғат зоналарын түсіріп, оның шекараларының ТМД – ның әр жеріндегі орнын талдау.

2-тапсырма:Жұмыс дәптеріне сұрақтарға жауап беру:

Жұмыстың барысы:

1-тапсырма:Жұмыс дәптеріне төмендегі сұрақтарға жауап беру:

2-тапсырма:ТМД - физикалық – географиялық аудандастыру карта схемаларына талдау жасау:

1

2

3



4

5


6

7

8



9

10

11


12

13



14

15



10

10 - 26 б. 4(1).

10 - 26 б. 4(1).

10, 11, 12.


2 – 62-69 б.б., 71-76 б.б., 90-96 б.б. 7 – 32-33 б.б., 36-41 б.б. 10 – 20-26 б.б. 12.

1 – 58 бет, 4(1) – 61-65 б.б., 79-81 б.б., 10 – 30-42 б.б., 12 – 79-82-83 б.б.
4(1) – 63-64 б.б., 7 – 66-70 б.б. 12, 10 – 43-46 б.б.

7. 56-77 б.б., 10 – 48-49 б.б., 12, 13.

1, 6, 10, 12.

4(1), 10, 12.

10, 12, 17.

10, 12, 17.

2 – 271-284 б.б., 12.

10 – 89-95 б.б., 12 84-85 б.б., 88-89 б.б., 13.


4(1) – 134-145 б.б., 16 -21-53 б.б., 10, 12.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет