Мырза - деген сөз М.А.Усмановтың айтуынша, «князь» деген мағына береді. Мырза сөзі қазақ, татар, қырым ақсүйектерінің есімдерінде беріледі. Мысалы, Канбар мырза, Шейх Мамай мырза, Алчағыр мырза, Нурадин мырза, Шыгын мырза, Сейд али мырза т.б.
Баһадур сөзі - «батыр», «қаһарман» деген мағынаны береді. Бұл сөз - монғол әскерлердің титулы. Чингиз-ханның туытарының және ұрпақтарының титулының бірі. Қазақ тілінде бұл сөзбен тіркесіп жасалған кісі есімі жоқ, монғол кісі есімдеріне тіркеседі. Мысалы, Таубал баһадур, Йетим баһадур, Бу баһадур, Су бутай баһадур, Йолақ баһадур, Көку баһадур, Мунаду баһадур, Йесуге баһадур т.б.
Беки-бики ірі тайпа басшыларының титулы. Б.Я.Владимирцов беки, бики сөзінің түрікше этимологиясы «крепкий, прочный, твердый, сильный», «қайратты, мықты, күшті». Мысалы, Тукба беки т.б.
Падшаһ сөзі парсы тілінде «елбасшы» деген мағынаны білдіреді. Падшаһ сөзінің эквиваленті хан, орыс тілінде царь. Мысалы, орыс падишаһы Борис т.б.
Тайшы қытай тілінен енген термин. В.В.Бартольд былай деп береді, бахши (саикр, бхикшу) алғашқы мағынасы будда отшельнигі, монғол мемлекеттінде «писец», «чиновник» деп аталады. «Ұлы бахши» титулы қытай терминологиясында тайшы. Чингиз хан дәуірінде тайшы титулы Қытайда монғол әкімшіліктерінде болған. Мысалы, Кидан тайшы, Иэкун тайшы т.б. [109, 35 б.]. Қытай тілінде тайшы сөзі «ұлы ұстаз» деген мағына береді.
Қорыта келгенде хан, султан мырза, бек, баһадур, нойан, падишаһ, герген т.б. сөздер кісі есімдерінің негізгі компоненті болған, қазір де қолданылады. Ескерткіштегі тарихи тұлғалар есімдері тілімізде қазіргі кісі аттарында кездеседі. Мысалы, Булат, Жанибек, Асан, Муса, Хасан, Сабыр, Нойан, Мырза, Чингиз, Егіде, Даулет, Мухаммед, Жанай, Али, Ибраһим, Ораз т.б. Ескерткіштегі хан, султан, мырза, нойан, бек сөздер тарихи қайраткерлердің титулын көрсетсе, ал қазір бұл сөздер кісі аттарының туынды компоненті. Мысалы, Чингизхан, Бексұлтан, Әділбек, Алихан т.б.
Орыс халқының әйгілі тарихи тұлғаларының есімі түркі және басқа тілінен кіргені белгілі. Мысалы орыс халқының ұлы ақыныдары А.С.Пушкинің шыққан тегі араб, ал М.Ю.Лермонтовтың атасы шотландиялық Георге Лермонт екені белгілі. Мұндай антропонимдер орыс әдебиетінде, мәдениетінде, ғылымы мен әскери өнерінің тарихынан көп кездеседі.
Жалпы әр кезеңдегі орыс мемлекетінің, тарихының қалыптасуына, өркендеуіне қазақ жайлап отырған осынау ұлы даланың, дала мәдениетінің, Алтын Орда сияқты, ол ыдырағаннан кейін салтанат құрған Қазан, Астрахан (Хажы Тархан), Қырым, Сібір хандықтарының маңызы, ықпалы болғаны белгілі [125, 428 б.].
Түркітанушы ғалым Н.А.Баскаковтың «Русские фамилии тюрского происхождения» атты кітабы көптеген тұра, орыс және өзеге де славян халықтарының тіліндегі есімдер тюркизмдер берілген. Нақты айтқанда, кітапта негізінен «Временник Императороского Московского общества и древностей российских» деп аталатын жылы шыққан орыстың атақты ақсүйектері мен князьдарының шығу тегі туралы шежіредегі орыс антропонимдері (фамилиялары) талқыланады. Мысалы Тоузак Неклюдовтың атасының есімі түркі тілінде тозаң немесе шағатайша тұзақ сөзінен алынған дейді (Будагов, І. бет) Ал, Щербачевтар тұқымы Алтын Ордадан Ресейге көшіп келген Федор Салтановичтің ұрпақтары екен. Салтан арабтың «султан», қазақтың «сұлтан» сөзі, Тимашев тюркизмдегі «тума, тумасы» деген ұғымдарының этнонимі.
Жұмыста солардың біразы этномәдени сабақтастықтың көрініс ретінде қарастырылды. Атап айтқанда:
Салтыков
Граф Салтыковтар әулеті «ресейлік ақсүйек» байырғы Салтыковтардын тараған. Бұл әулетттің түп-тегі Михаил Салтыковтың ұлы Андрей Салтык 1508 жылы ұлы князь Василий Иванавичтке қару сақтаушы болып қызметке келген. Михаил Салтыковтың кейінгі өзге де тұқымдары Ресей тағына әртүрлі шенді қызметтер атқарған. Осы әулеттен шыққан Параскевиа Федоровна Салтыкова Иоанн Александрович патшаның әйелі болған. (ОГДР,II, 15 б)
Салтыков әулетінің шыққан тегі жайлы кейбір мәліметтер олармен аттас дворяндардың шежірелерінде де келтірген. Бұл шежіреде «Салтыковтар фамилясы ежелгі дегдарлы ата-бабалардан таралған деп басталды да, осы әулеттің ұрпақтары Данилдың ұлы Иван 7076/1568 жылы поместьелерге лақап есімді Tимофей 7184/1676 жылы дворян болып жазылған дейді ( ОГДР,VII,28 б).
Салтыковтар фамилиясы орыстың салтык деген лақап атынан шыққан. Оның, яғни «Салтыковтың» түпкі мәні түркінің saltag-soltag-syltyg сөзінде жатқан сияқты, - дейді Н.А.Баскаков. Бұл қыпшақ тобына жататын қазақ, қырғыз тілінде аздап ақсаңдайтын адамды «солтық», «сылтық», «сылтып басы» дегенге келенкірейді.
Сол сияқты «салтық» сөзі жеке біреудің есімі болып та кездеседі. Мысалы, Эрзерум князі Салтук немесе Сары-Салтық ХVІІ ғ. Рум елінің бактыры.
Дегенмен «Салтық» деген сөзі salt, яғни салт деген сөздің туындысы. Бұл кез-келген түркі халқының тілінде жиі ұшырасады. Әсіресе, қыпшақ тобында бұл сөз үрдіс, тәртіп, салт, дәстүр мағынасына ие. Бұл сөзге орыстың түркілерден ауысқан «салтық» сөзі де мағыналас (Ушаков,ІV, 27б) Мысалы орыстарда «на свой салтык» (Даль,IV,131 б), яғни «на свой лад» деген нақыл сөз бар. Өл біздінше «өз ыңғайына», «өз дәстүріне», «өз салтына бейімеп» дегенді білдіреті және орыстың осы «салтык» сөзі қазақтың saltyg «салттықты сақтау, «адамгершілікті сақтау» дегенді сөзге сәйкес келеді, - дейді ғалым. Қазақта «салт» сөзінің «үрдіс», «дәстүр», «адамшылық» дегеннен өзге де (saln-sana идеология) «салт басты», «салт жолаушы», яғни артулы жүгі жоқ, жеңіл жолаушы дегенді білдіреетін де мағынасы бар (Тіпті, баласыз, қара басы жүрген әйелді «салтаң», «сыбай-салтаң, «салтаң әйел» деп те айта береді.
Сонымен, Салтыков деген фамилия өзіміздің «салт», «салтық», «салттық», «солтық» «сылтық» атауларынан шыққаны белгілі болады. Тіпті И.С.Тургеневте «порядок незнает и все на свой салтык норвит, не так, как отцы» деген сөйлемде де кездеседі (Ушаков,ІV,27б) Ал жоғарыда айтылып кеткен Курган деген лақап есім екібастан түркілердің, яғни өзіміздің қорған, бекініс, қоршау т.б. екені белгілі.
Суворов
Суворов - Римникскийлердің шежіресінде Суворов деген фамилияның ежелгі швед әулеттілерінің атауынан шыққан. Граф Александр Васильевич Суворов Римниксидің ата-бабалары Суворов деп аталған. Олар Михаил Федорович патшалық құрып тұрған шақта жылы Ресейге келіп бодан болған. (ОГДР, ІІ, 7-бет)
Сонымен, Суворовтар фамилиясы, яғни әулеті басқалармен салыстырғанда орыстарда кейінірек шыққан, ол ХVІІ ғасырдың бірінші жартысына жатады. Суворов есімі шведтің syar немістің sehwer, яғни ауыр, салмақты, күшті, қуатты, қатал, қатаң, мазасыз, ашуланшақ сөздерінен шыққаны мүмкін. Бұл талдауда Н.Баскаков oрыстың суровый деген сөзі түркінің сұр, сұрғылт, тұнжыр сөзінен шыққан, «сувор1, «суровый» дегеніміз де сол «суровый»-дың» (сұрдың) өзі. Сонымен орыстың «суровый»дегені де «серый»сөзі де түркілердің сұр, сұп-сұрынан шыққан екен.
Ушаков
Орыстың ең атақты адамдарының ішінде Ушаков деген фамимилия жиі кедесетін енді. Ушаковтардың шежіресі, әсіресе, ататегі Косогский князі Редегиден, яғни толып жатқан орыс фамилияларының аты аңызға айналған Редегиден басталатыны көрініп тұр (ОГД, VІІІ,9-бет) дейді Н.А.Баскаков.
«Князь Каусуйский Орды» Редега ұлы князь Владимир Мстиславовичпен шайқаста қаза тапқан, ал оның екі ұлына шоқынғаннан кейін Юрий князь оған, яғни Роман Редегичке қызын берген. Оның шөпшегі Григорий Слепойдың Ушак деген ұлы болған. Оның ұрпағы Немир Юрий Ушаков 1557 жылы Булзукте воевода болыпты. Ушаковтар фамилиясында түркілердің бірнеше мағыналы сөзі бар. Олар usag~usag, яғни, майда, ұсақ. Екіншіден - кішкене, аласа. Үшіншіден, ұсақ-түйекшіл адам. Төртіншіден - жас, сәби, бала-шаға (Радлов, І.773).
Достарыңызбен бөлісу: |