А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты ӘОЖ



бет34/35
Дата06.02.2022
өлшемі2,2 Mb.
#32412
түріДиссертация
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Вельяминов


«Басқасын білмеймін,ең кенже бала өзімдікі» дегендей, бұрын Вельяминов дегенді дәл орыстың фамилиясы болмаса да, Еуропаның қақ ортасындағы бір ұлттың тіліне қатысы бар шығар дейтінбіз. Тіпті, «л» – дан кейін тұрған «жұмсақ белгінің» өзі (ь) бұл сөздің төркінің бізден аулаққа алып қашып тұр–ау?! Ал шежіре ше? Онда «6535/ 1027 жылы ұлы князь Ярослав Владимировичке, яғни Киевке Варяг өлкесінен Шимон Африкановичпен (кейін Симон аталып кеткен) бірге оның үш мың адамы келген. Сол Симонның Федор Васильевич, Воронец және Юрий Васильевич Грунка деген екі шөбересі болған» (ОГДР, ІІ, 22-б.) деп жазылыпты.
Міне, сол Федор Воронецтен атақты князь Воронцовтың әулеті тараса, Юрийдің Вельямин Андреевич деген немересі болған. Оның ұрпақтары Вильяминовтар Ресей тағына қызмет еткен.
Алайда, енді бір болжамдарға қарағанда (ОГДР, ІV, 26-б., V, 16-б.) Вельяминов фамилиясы Алтын Ордадан шыққан князь Четтің есімімен юайланысты. Ол Вельяминовтардың да, Сабуровтар мен Годуновтардың да арғы атасы болған екен. ВоронцевВильяминовтардың шежіресінде (ОГДР, V, 16-б.) князь Африканың (яғни, Якуп Соқырдың бауырының) ұлы Симон Африкановичтің есімі ұшырасады. Сөйтіп, Вельяминовтардың Варяг өлкесінен гөрі Алтын Ордаға қатысы барлығы сенімдірек болып шығады. Вельяминов деген фамилияның түп – төркіні арабша ВалиИамин, яғни УәлиӘмин сөзінен шыққан. Вали немесе Уәли арабша тума, туысқан деген және қамқоршы, басшы жарылқаушы деген мағына береді. Ал, АминӘмин дегеніміз біріншіден «ант», «серт» дегенді берсе, екіншіден «оң жақтағы», «оң» дегенді анғартады.
Бұл есімнің тағы бір болжамы бар. Ол көне еврей есіміндегі ВеньяминБеньямин дегеннен шыққан болуы да мүмкін. Бұл жағдайда «ben» – ұл дегенді jamin оң қол, яғни оң қолдың ұлы дегенді білдіреді. Бірақ Вельяминов фамилиясы еврейдің ben jamin дегеннен гөрі арабтың wali jamin сөзінен пайда болған деген пікірдің басымдығы молдау. Мысалы, шежіредегі Яқуп Соқыр еврейдің «Яков» – ынан емес, арабтың «Яқуб» – ының соңғы әрпі «п» болып өзгерген түріне көбірек келеді.

Нарышкин



Бұл әулет те орыс шежіресінің жазуына қарағанда «ұлы князь» Иван Васильевичте Қырымнан келген Нарышкодан шығыпты. Нарышкиндер Ресейге наместник, воевода және өзге де қызмет етіп, сый-сияпат алып өмір өткізген екен. Ал осы дворянин, боярин болған Кирил Палеутович Нарышкиннің қызы Наталья Кирилловна Александр Михайлович патшаға тұрмысқа шығып, одан орыстар ұлы патша деп атайтын І Петр дүниеге келген екен. «Ұлы Петр дүниге келгеннен кейін Нарышкиндер әулиеті мәңгілік данққа бөлінеді» деп жазылған шежіреде. (ОГДР. 11.60-бет )
Сонымен Нарышкиндер әулиетнің ата тегі кейбір дереккөздер айтқандай, Сонау Германиядағы Богемиядан емес Қрымнан келген Нарыш-Нарышкадан тарайды екен. Нарышка есімінің немесе лақап есімінің негізінде парсы тілінен ауысқан, қазақ, қарақылпақ, түркімен т.б. тілдері сияқты түркі тілдерінде жиі ұшрастын парсының нар ... сөзі жатқан екен. Н.А.Баскаков бұл жерде бұған қазақтың «жүк ауырын нар көтерер» деген нақылын мысалға келтірді. Екіншіден, «нар», сөзі ержүрек, батыл және нар жігіт, деген мағына береді.
Әдетте қазақ, қарақалпақ, өзбек және басқа да түркі халықтарының бұл есіміне сүйіспеншілік, еркелету сезімдерін аңғартатыны -аш, -еш қосымшалары жалғанады. Сөйтіп, негізгі «нар» түбірінен Нарыш сөзі сәл өзгеріске ұшырап пайда болды. Мысалы, жұма+аш - Жұмаш, ерке+еш - Еркеш, нұр+аш - Нұрыш деген есімдер осындай туынды сөздерге жатады. «Әсіресе, Нұрыш деген есім қазіргі түркі халықтарында өзбек, қазақ, қарақалпақ т.б. жиі ұшырасады да ол орысша Нұрышка, Нарышка болып та айтыла береді», - дейді ғалым.
Сонымен ұлы І Петер патшанаң нағашылары Қырмнан шыққан Нарыш болып шықты.
Черкасский


Шежіренің көрсетуінше, «Черкасскидің князьдерінің ұрпағы» Черкас аймағынан шығып, кейін Мысырда сұлтан болған Индалдан тарайды екен. Иоанн Васильевич Астрахань патша жаулап алғанан кейін Черкасс княздьдері Ресей державасына бағыныпты. Ал жаңағы Иналдың шөбересі Темрюк Идаров деген князь Ресейге берілгендігінің айғағы ретінде патшаға өз ұлы салтман мен ханшайымы Марияны аманатқа тапсырған. Мария сол Иоанн Васильевичтің зайыбы болған» дейді шежіреде (ОГДР,ІІ, 9-б) Египет(Мысыр) сұлтаны болыпты деген сөздігінде Инал деген есім Махмуд Қашқаридің сөздігінде «ақсүйек әйелдің ұлы» деп түсіндіріледі.
Ал, Темрюк түркілердің «темір оқ», «темір жебе» сөзінен шыққан. Сол сияқты Идарыңыз қазақшаға парсы тілінен ауысқан Айдар сөзінен шығыпты, Айдардың екінші мағынасы ұл баланың төбесіне қойылған бір шоқ шаш екені белгілі.
Черкасскийлардың гербінен (таңбасынан) шығыстық белгілерді де айқын аңғартуға болады. Олардың таңбасындағы оң жақтағы қызыл бояулы тұста үстіне алтын ішік, қауырсын қадаған қалпақ киген, алтын әбзелді ақбоз атпен шауып бара жатқан черкес бейнеленген. Таңбаның екінші бөлігінде (көгілдір) алтыбұрышты үш жұлдызшаның арасына қос күміс жебе айқастырылған. Сол сияқты алдыңғы аяғымен жебелі садақ ұстап тұрған арыстан өзінің табиғи түсімен бейнеленген.

Шаховский




Шежіреде Шаховской князьдарының әулеті Ярославль князьдерінен тарайтыны көрсетілген. «Ұлы князь Владимир Всеволодович Мономахтың
Черный деген лақап есімді Федор Ростиславович атты шөбересі болады. Сол қасиетті князь Федорордың немересі Василий Давыдович Ярославльді басқарып тұрған.» Оның ұлы Глеб Васильевичтің үшінші ұлының есімі Констатин Шаховскийдың ұрпақтары Шаховскойлар Ресей тағына әртүрлі жоғары шенді қызметтер көрсетіп, иелікке жер алып отырған».
Шаховской фамилиясының түбір түркілер арқылы ирандықтардың (парсылардың) шах, яғни патша, монарх, билеуші сөзінен алынған (Будагов І, 663-б


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет