А. Бауырдың: біріншілік биллиарлы циррозы



Дата07.02.2022
өлшемі27,3 Kb.
#84488
Байланысты:
вариант2


Вариант 2
1.Диагнозды болжаңыз: әйел 56 жаста, тері қышуына, сарғаюға, оң қабырғаастында ауру сезіміне, салмақ жоғалту, жауырынаралықта және иық аймақтарындағы қарадақтарға шағымданып келді. Анамнезінде:7жыл бұрын жауырын аралықтарында, иық аймақтарында пигментация пайда болған. 3-4 жыл ішінде тері қышуы мазалайды.Дерматологта айқын нәтижесіз емделген. Соңғы уақыттарда тері қышуы күшейген және сарғаю пайда болған. Анализінде: тура фракциялы гипербилирубинемия, СФ жоғарылауы, ГГТП , трансаминазалардың аздап жоғарылауы.
А. Бауырдың:біріншілік биллиарлы циррозы
В. Вирусты этиологиялы созылмалы гепатит
С. Вильсон-Коновалова ауруы
Д. Өт- тас ауруы
Е. а1-антитрипсинді жеткіліксіздік
2.Диагнозды болжаңыз: әйел адам 48 жаста, дәрігер ота жасаушы - акушер гинеколог. Аймақтық дәрігерге кенет әлсіздікке, жұмыс қабілетінің төмендеуі, соңғы жылы 5кг-ға салмақ жоғалту, іш кебуге, буындардағы ауруға шағымданып қаралды. Анамнезінде: ота кезінде қолғап жыртылуы, тері кесілу жағдайлары бірнеше рет қайталанған. Қарағанда: тамақтануы қанағаттанарлық, склералардың субиктериясы, тілі аздап сұр жабынмен жабылған. Бауыр қабырға доғасынан 1,5-2см шығыңқы, шеттері ауырсынбайды, дөңгеленген. Көкбауыр пальпацияланбайды. Жүрек және өкпе патологиясыз.
А. Бауыр циррозы
В. Созылмалы панкреатит
С. Ревматоидты артрит
Д. Вирусты гепатит
Е. Аутоиммунды гепатит

3. 52 жастағы әйел ащы, майлы тағам қабылдаған соң оң жақ қабырға астында ауырсыну, жүрек айну, құсу шағымдарымен келді. Обьективті:тері қабаты физиологиялық қызарған, пальпацияда оң жақ қабырға астында ауырсынудың күшеюі, Мерфи симптомы оң. Лабораториялық көрсеткіштерінде қабыну белгілері жоқ. Бауыры өзгеріссіз. УЗИде: өт жолдары үлкеймеген, өт қапшығының ашылу конкренменттері 5-7мм,толтырылу көлемі-1/3. Диагноз қойыңыз және консервативтік терапия негізінде дәрі-дәрмек тағайындаңыз.

А. Өт-тас ауруы, 2 стадия, өт жолдарында тастар, дуоденогастральды және гастроэзофагиальді рефлюкс кезінде-церукал.

В. Өт-тас ауруы, 2 стадия, ауырсыну формасы, өршу фазасы, өт қапшығында тастар, микробқа қарсы- метронидазол

С. Өт-тас ауруы, 2 стадия,бауыр коликасы, өршу фазасы, өт қапшығында тастар, жедел холангит. Май алмасу бұзылысын қалпына келтіру үшін және атеросклерозға қарсы эсері бар-вазилип

Д. Өт-тас ауруы, 2 стадия, ауырсыну формасы, өршу фазасы, өт қапшығында тастар, холецистолитиаз. Өт тастардың еріту және жаңа тастардың түзілуінің алдын алу үшін –урсофальк.


4. Декомпенсирленген бауыр циррозының базисті емінде қолданылатын препарат:

А. Токоферол, эритромицин, С витамині

В. Эссенциале, триампур, В тобындағы витаминдер

С. Пирацетам, гипотиазид, тетрациклин

Д. Ципрофлоксацин, фестал, холестерамин

Е. Верошпирон, лактулоза, урсодезоксихолий қышқылы

5. Диуретик таңдаңыз. Ер адам 54 жаста, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, 2 аптаның ішінде зәрінің болмауы шағымдарымен келді.Об.ті: жағдайы орташа ауырлықта, тамақтануы азайған . Тері мен шырышты кабаты сарғыш. Іші асциттің әсерінен үлкейген. Бауыр қабырға доғасынан 5 см шығыңқы, қатты, спленомегалия


А. верошпирон:
В. арифон
С. маннит
Д. фуросемид
Е. гипотиазид

6. Диагнозды нақтылаңыз: Н. 49 жас. Алкогольді ұзақ уақыттан бері қолданады, созылмалы панкреатитпен ауырады.Учаскелік дәрігерге келесі шағымдармен келді: терісінің және склерасының сарғаюы, зәрдің қараюы, нәжісінің ағаруы.Теріде тырналған іздер, ксантомалар, ксантелазалар. Курлов бойынша бауыр өлшемдері- 12х10х9 см, көкбауыр- 8х6 см. Жалпы билирубин 65 ммоль/лл, тікелей- 43 ммоль/лл, АЛТ 0,76ммоль/л, АСТ 0,45ммоль/л. Сарғаюға алып келген ең жақын себепті таңдаңыз;


А. Өт-тас ауруы
Б. Созылмалы гепатит
С. Ұйқы безінің перидуктальді фиброзы салдарынан туындаған холестаз
Д. Тамырішілік гемолиз
Е. Гемолиз
7.Емдеуді ұйымдастырыңыз. Науқас 38жаста, оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға, мұрыннан қан кетуге шағымданады. Обьективті: көзге көрінетін шырышты қабаттары субиктериялы гепатоспленомегеалия. Жалпы қанда: ЭТЖ-21мм/с, жалпы билирубин-58,8мкмоль/л( тікелей билирубин 22,4ммоль/л), тимол сынамасы -12ед.,АЛТ-6,4ммоль/л,АСТ-5,9 ммоль/л. ПЦР НВV- оң
А. Цитостатиктер
В. Вирустарға қарсы
С. Гепатопротекторы
D. Глюкокортикоиды
E. Aнтиагреганты

8.Дұрыс тұжырымды анықтаңыз. Созылмалы панкреатиттің өршуінде көп жағдайда жетекші клиникалық белгісі болып табылады:



  1. мальабсорбция синдромы

  2. диспепсиялық синдром

  3. астениялық синдром

  4. ауырсыну синдромы

  5. демпинг-синдромы

9. Клиникалық жағдайды бағалаңыз, болжамды ауруды анықтаңыз: клиникаға оң жақ қабырғаастындағы, эпигастрий аумағындағы ауырсынуға, көп ретті құсуға шағымдармен 44 жастағы науқас түсті.Науқас 3 күн бойы алкоголь қабылдаған. Жалпы жағдайы ауыр, терісі бозғылт, құрғақ, дене температурасы 38,6 0 С. Пульс 110 р мин. АҚ 80/40 мм.с. б., Өкпенің төменгі бөліктерінде екі жақтан шамалы әлсіреген везикулярлы тыныс. Тілі құрғақ. Іші кебіңкі, жұмсақ, эпигастрийде ауырсынумен. Кера, Керте, Воскресенский симптомдары оң.



  1. жедел панкреатит

  2. жедел холецистит

  3. жедел гастрит

  4. асқазанның және 12 елі ішектің ойық жара ауруы

  5. бауыр цирроз

10.Диагнозды болжаңыз: 62 жастағы науқаста сарғаю, қатты салмақ тастау, эпигастрийде ауырсыну, құсу және лоқсу байқалады. Қан анализінде ауыр дәрежелі анемия, ЭТЖ-нің 60мм/сағ дейін жоғарылауы анықталған. Байланысқан фракция есебінен гипербилирубинемия. Болжамды ауруды анықтаңыз:



  1. өт жолдарының дискинезиясы

  2. гепатоцеллюлярлы карцинома

  3. холестазбен созылмалы гепатит

  4. псевдотуморозды панкреатит

  5. ұйқы безі басының обыры

11.Дұрыс тұжырымды таңдаңыз: шектен тыс алкогольді қабылдау нәтижесінде пайда болған созылмалы панкреатиттің ақыры:



  1. перитонит

  2. асцит

  3. ұйқы безінің кистасы

д ұйқы безінің экзокринді жетіспеушілігі
е ұйқы безінің эндокринді жетіспеушілігі


12. Дұрыс тұжырымды таңдаңыз: созылмалы панкреатит кезінде нәжіс:

  1. майлы

  2. қара нәжіс

  3. қанды

  4. түссіз

  5. күріш ботқасы тәрізді

13. Дұрыс тұжырымды таңдаңыз. Іш қату кезіндегі Певзнер бойынша диета:



  1. 4

  2. 3

  3. 1

  4. 2

  5. 9



14. Дұрыс тұжырымды таңдаңыз. Іш қату кезінде науқасқа қолдануға кеңес беріледі:

  1. картоп

  2. ақ нан

  3. бұршақ

  4. қызылша

  5. күріш



15.Болжам диагнозды таңдаңыз. 45 жастағы науқасқа қызба ауруына қарсы антибактериалды емді қайта жүргізгеннен 10 күннен кейін, сулы диарея, іштегі толғақ тәрізді ауру сезімі және қызба, ал жалпы қан анализінде лейкоцитоз пайда болды. Ректороманоскопия және сигмоскопия жүргізген кезде қабынған шырышты қабықшада ақ-сары жабындымен жабылған зақымдалу ошақтары анықталды.

  1. ишемиялық колит

  2. жаралы колит

  3. вирусты колит

  4. коллагенді колит

  5. псевдомембранозды колит

16. Дұрыс тұжырымды таңдаңыз. Триада симптомдар- асқазан секрециясының тұрақты жоғарылауы, АІТ жараның пайда болуы, диарея – көрсетеді:



  1. Золлингера-Эллисон синдромы

  2. асқазанда орналасқан ойық жара

  3. жаралы колит

  4. постбульбарлы аймақта орналасқан ойық жара

  5. созылмалы панкреатит

17. Дұрыс тұжырымды таңдаңыз. Склеродермия және ішек ахалазиясы дифференциальды диагностикасында тиімді әдіс:



  1. өңеш биопсиясы

  2. рентгеноскопия

  3. эзофагоскопия

  4. атропинді тест

  5. цитологиялық зерттеу

18.Клиникалық-зертханалық синдромдарды қолдана отырып, дұрыс пікірлерді таңдаңыз: 70 жастағы әйелде 11 жыл бойы АХЖ(МКБ), екінші пиелонефрит, 4 жыл бұрын ота жасалды. Соңғы жылы АҚ 190/100-200/110 мм Сын.бағ. деңгейінде орнатылды. бет ісінуі пайда болды. Нв 110 гл, эр 3,0х10/12л , ТК 0,8; ЭТЖ 20 мм/сағ, креатинин 200,0 мкрмоль/л.


A. жедел интерстициальді нефрит, артериялық гипертензия, ЖБЖ
B. паранефрит, бүйрек маңы клетчаткасының абсцессі, артериялық гипертензия, анемия
C. артериялық гипертензия, бүйрек ісінулері, анемия, гиперкреатининемия, ЖБЖ
D. артериялық гипертензия, бүйрек ісінулері, анемия, гиперкреатининемия, СБЖ
E. созылмалы интерстициальді нефрит, артериялық гипертензия, СБЖ

19. Науқаста жаппай ісіну және протеинурия (6,0 г/тәул.),


гиперхолестеринемия (9,8 ммоль л), гипопротеинемия (50 г/л) және гипоальбуминемия (30%). АҚ 120/80 мм сын. бағ. Осы зертханалық көрсеткіштерге негізделе отырып, қорытынды жасаңыз.
A. нефротикалық синдром
B. созылмалы пиелонефрит, асқыну фазасы
C. жіті пиелонефрит
D. созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, терминалдық сатысы
E. несеп тас ауруы

20. Нефротикалық синдром-бес белгіден тұратын ауыр клиникалық-зертханалық кешен. Нефротикалық синдромға жатпайтын симптомды таңдаңыз.


A. гиперхолестеринемия, липидурия
B. жаппай протеинурия
C. гипопротеинемия
D. гипоонкотикалық жаппай ісіну
E. артериялық гипертензия
21. Дұрыс пікірді таңдаңыз: пациентте протеинурия, эритроцитурия (ұсақталған) және цилиндрурия:
A. зәр тұнбасы патологиялық-нефротикалық синдромға тән

B. зәр тұнбасы патологиялық-дизуриялық синдромға тән


C. нефрогенді ісіну синдромы
D. зәр тұнбасы патологиялық-нефритке тән
E. зәр тұнбасы патологиялық-пиелонефритке тән

22.Жедел бүйрек зақымдалуына жиі алып келетін антибиотиктер тобы:.



  1. пенициллиндер

  2. аминогликозидтер

  3. цефалоспориндер

  4. макролидтер

  5. тетрациклиндер

23.Нефротикалық синдромға тән:


1. массивті протеинурия
2. лейкоцитурия
3. цилиндрурия
4.зәрде эпителиальді жасушалардың болуы
Схеманы пайдаланып дұрыс жауапты таңдаңыз:

  1. 1,3

  2. 1,2,3

  3. 2,4

  4. 4

  5. 1,2,3,4

24Нефротикалық синдром кезінде гепарин мына мақсатта қолданылады:

  1. Тамырішілік коагуляцияны төмендету

  2. Коронарлы тромбоз профилактикасы

  3. Қабынуға қарсы әсер

  4. Гипертромбоцитозды төмендету

Схеманы пайдаланып дұрыс жауапты таңдаңыз:



  1. 2,4

  2. 1,2,3

  3. 1,3

  4. 4

  5. 1,2,3,4

25. Науқас, 26 жаста, ангинамен ауырған, 2 апта өткеннен кейін қабақтарының ісінуі, әлсіздік, жұмыс қабілетінің төмендеуі байқалды. 1,5 айдан кейін бетінің және бел аймағының ісінуі пайда болды. ЖЗА: сал.тығыздығы - 1021, ақуыз 3г/л, эр. 15-20 к/а., гиалинді цилиндрлер к/а. Диагнозды болжаңыз:

  1. ЖБЗ, жедел гломерулонефрит

  2. СБЗ, созыдмалы пиелонефриттің өршуі

  3. СБЗ, созылмалы гломерулонефриттің өршуі

  4. СБА, несеп – тас ауруы

  5. СБА, бүйрек амилоидозы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет