А. Д. Нурахова, Л. Т. Ералиева клиникалық лабараториялық диагностика бойынша ұлттық Әдістеме


Қан сарысуындағы жалпы простатикалық спецификалық антиген



бет164/395
Дата13.09.2020
өлшемі1,76 Mb.
#78486
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   395
Байланысты:
КДЛ бойынша ұлттық әдістеме

Қан сарысуындағы жалпы простатикалық спецификалық антиген

Қан сарысуындағы ПСА референттік шамалары: ерлер 40 жасқа дейін - 2,5 нг/мл дейін, 40 жастан кейін — 4 нг/мл дейін.

ПСА жалпы-қуықасты безі каналдарының эпителий жасушаларымен бөлінетін гликопротеид. ПСА паруретральды бездерде пайда болуына байланысты, тек әйелдерде өте аз мөлшерде пайда болуы мүмкін. Сарысудағы ПСА деңгейінің едәуір артуы кейде қуықасты безінің гипертрофиясы кезінде, сондай-ақ оның қабыну аурулары кезінде анықталады. 10 нг/мл бөлу нүктесінде қуықасты безінің қатерсіз ауруларына қатысты ерекшелік 90% құрайды. Саусақты ректальді зерттеу, цистоскопия, колоноскопия, трансуретральды биопсия, лазерлік терапия, зәрдің тежелуі де ПСА деңгейінің одан да аз айқын және ұзақ көтерілуін тудыруы мүмкін. Бұл емшаралардың ПСА деңгейіне әсері оларды жүргізгеннен кейін келесі күні барынша көрсетілген, бұл ретте простата гипертрофиясы бар науқастарда айтарлықтай байқалады. Мұндай жағдайларда ПСА-ны зерттеуді аталған процедуралар жүргізілгеннен кейін 7 күннен кейін жүргізу ұсынылады.

ПСА концентрациясы жасына қарай ұлғаю үрдісі бар, сондықтан әртүрлі жас топтары үшін "норманың рұқсат етілген жоғарғы шегі" ұғымы әртүрлі (кесте. 39).

39-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   395




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет