Мектепке дейінгі білім беру ұйымында негізгі білім беру бағдарламаларының вариативті бөлімі ортаңғы, ересек, мектепалды даярлық топтарында үйірме жұмыстары арқылы жүзеге асырылады.
Балабақшалардағы қызығушылығы бойынша үйірмелер мектепке дейінгі 4-тен 7 жасқа дейінгі балаларға арналып мақсаттарға сәйкес, жылдық міндеттерімен, қажетті материалдық-техникалық жағдайлар және кадрлік қамтамасыз етіліп құрылады.
Үйірмелерді мектепке дейінгі ортаңғы және ересек балалармен жұмыс жасайтын мамандар, тәрбиешілер ұйымдастырады және өткізеді.
Сабақтардың ұзақтығы сәйкес 20 минуттан 30 минутқа дейін, 30 минуттан аспайды.